Ғылыми-техникалық әзірлемелерге бар білімге негізделген, зерттеулер мен практикалық тәжірибе нәтижесінде алынған және жаңа материалдарды, өнімдерді, процестерді, құрылғыларды, қызмет көрсетуді, жүйелерді немесе әдістерді құруға бағытталған жүйелік жұмыстар жатады. Бұл жұмыстар сондай-ақ бар объектілерді елеулі жетілдіруге бағытталуы мүмкін.
Зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған шығындар – ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің орындалуына жұмсалған ақшалай түрдегі нақты шығыстар.
Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған шығындар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі шығындар есепті жыл ішінде кәсіпорындардың өз күшімен орындалады, олардың құрамында ағымдағы және күрделі шығындар болып бөлінеді. Жұмыс түрлері бойынша іргелі, қолданбалы зерттеулер, әзірлемелер болып табылады.
Сыртқы шығындар – есеп берген ұйымдардың шарттары бойынша тараптық ұйымдар орындаған ғылыми зерттейлер мен әзірлемелердің құны.
Инновациялық қызмет – нарықта енгізілген жаңа немесе жетілдірілген өнімге ойларды ауыстурымен байланысты қызмет; тәжірибелік қызметте қолданылып жүрген жана немесе жетілдірілген технологиялық жүйе; түбінде инновацияға алып келетін ғылыми-техникалық, ұйымдық, қаржылық және коммерциялық іс-шаралар жүйесін ұсынатын әлеуметтік қызметке жаңа тәсіл.
Инновация – экономикалық тиімділікті арттыру мақсатында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер, техникалық, өндірістік, әкімшілік, коммерциялық сипаттағы ұйымдастырушылық шешімдер, сондай-ақ өзге де пайдасы бар нәтиже түрінде іс жүзінде асырылған жеке және (немесе) заңды тұлғалар қызметінің нәтижесі.
Инновациялық белсенді кәсіпорындар – жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді, технологиялық процестерді және өзге де инновациялық қызмет түрлерін әзірлеуді және енгізуді жүзеге асыратын кәсіпорындар.
Инвестициялар
Достарыңызбен бөлісу: |