Семей мемлекеттік педагогикалық институты


Сол жандар әсер берген соң, Жаралды сансыз тән



бет6/13
Дата08.06.2016
өлшемі0.85 Mb.
#122900
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Сол жандар әсер берген соң,

Жаралды сансыз тән дейміз.

Жанына қарай тән болар ,–

деп жоғарыда айтылған ойын осы өлең жолдары арқылы айғақтай түседі.

ІҮ

Жанның өлмеу, жоғалмау себебін іздеген Шәкәрім өзгелер айта алмаған соны пікір желісін тартатыны бар.



Хақиқат жан нұрына қанса біреу,

Оның жаны өлмейді балталаса (1.309), –

деп ой толғауына қарағанда, жанның өлмеуінде екі түрлі себеп жатқан тәрізді: біріншісі – сопылық поэзиядағы «ашық-машұғ» ұғымындағы перделеп бейнелеп берілетін сопылық өлең табиғатына көңіл бөлген Шәкәрім:

«Менің жарым қыз емес,

Хақиқаттың шын нұры», –

деп жазуында ең өзекті мәселенің астарлы мағынасы жатыр. «Хақиқаттың шын нұры» деп отырғаны – түп иені танып білу арқылы шындыққа көз жеткізу.

Екіншіден, Шәкәрімнің «Ғылымда не бар болса, бәрі жанда» (1.125) деп жатуына себебі де бар сияқты. Дене (тән) мың құбылып өзгерсе де, оның ескі жаны өзгермейді. Дене киген киім сияқты ескіріп тозып қала береді, бірақ жан (ескі жан) өзгермейді, өлмейді. Осы себепті Шәкәрім «жан менің айтқанымдай баста бар болса, тұрған денесі орын болуға жарамаған соң, денеден шыққанда біржола жоғалып кетпейді, құр ғана өзгеретін болса, бұрыннан бар жанның жоғалуына түк дәлел жоқ» («Үш анық», Алматы, 1991, 29 бет), – деп ой байламын жасайды. Жан әр түрге түседі, мысалы, инстинкті – сезімді жан, сознание – аңғарарлық жан, мысль – ойлайтын жан, ум – ақылды жан. Сезімді жан (инстинкт) – өсімдіктер жанына тән құбылыс. Аңғарарлық жан (сознание) – жануарлар әлеміне тән қүбылыс. Мысль (ум) – толық, терең ақыл адамзатқа ғана тән құбылыс болып саналады. Адамның хайуанаттан артықшылығы да осында, ақылында, алды-артын болжай алу қабілетінде жатса керек. Өйткені:

Тән – терезе, ой – қожасы,

Ойлап анық байқасаң,

Бар ғылымның түп атасы

Таза ақылмен ойлану, –

деп адамға тән ой мен ақылға, оның дамыған түрі таза ақылға мән береді де, «толық терең ақыл адамнан шығады» («Үш анық», 29 бет) деген байламға келуі жай нәрсе емес, ұзақ жылдар бойы ізденістің жемісі.


Бекіту сұрақтары:

  1. Абай әкелген жаңалықтар

  2. Абайдың қандай өлеңдерінде философиялық сарын басым?

  3. Абай Алланы тануда қандай үш мәселеге тоқталған?


Әдебиеттер тізімі:

1. Абай Құнанбаев: Библиографиялық көрсеткіш (екі тілде). - Алматы: ҚР-ның Ұлттық кітапханасы, 1995. - 302 б.


2. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны // Абай. - 1992. - №3. - 23 - 28 б.
Әуезов М. Абайдың лирикасы // Сөзстан. 7 - кітап - Алматы, 1996. - 39-58 б.
3. Әуезов М. О. Абайдың туысы мен өмірі // Абай. - 2003. - №3. – 28 - 34 б.
4. Бэйхай Су Қазақтың ұлы ақыны – Абай // Абай. - 2003. - №1. - 1 - 4 б.
5. Борбасов С., Ізтілеуова С. Ұлы ақын тәлімі және ұлттық рухани келбеті // Семей таңы. - 1994. - 4 қазан.
6. Құнантаева К., Халитова И. Абайдың қара сөздеріндегі педагогикалық ой-пікірлер // Ақиқат. - 1994. - №4. - 70 - 73 б.
7. Сұлтанбеков М. Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?: Абайдың Зұлқарнайы туралы поэмасы хақында // Семей таңы. - 1990. - 16 қазан. - 4 б.

5. дәріс Абай өз заманының жыршысы



Сабақтың мақсаты: Ғалымдардың зерттеуіндегі ең өзекті тақырып – Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы білім беру. Жай ғана білім беру емес кеңейтілген, дамытылған жүйедегі Абай шығармашылығын зерттеген тұңғыш еңбектің мән-жайын ашып түсіндіру.

Тірек сөздер: Абай сыны, мақала, ақиқат, дөрекі социализм, көркемдік әдіс

Сабақтың жоспары:

  1. Абайдың кемеңгер өнерпаздығының зерттелуі

  2. Абай шығармашылығы сын обьектісі ретінде

Ең алдымен 1909 жылы Петербугте басылып шыққан «Қазақ ақыны Ибраhим Құнанбай ұлының өлеңдері» жинағына және Кәкітай Ысқақұлының «Абай (Ибраhим) Құнанбайұлының өмірі» атты мақаласына айрықша тоқтау қажет.

1909 жылғы жиақ Абай өнерінің бүкіл Қазақстан көлеміне жайылуына жағдай жасаса, 1933 жылы М.Әуезов құрастырған бір томдық Абайдың өнерпаздық өсу жолын аңғартуға, ғылыми жүйемен зерттеуге негіз болды.

Абайдың өмірі мен творчествосының қыры мен сыры түгел аян. Зерттеу еңбектері, әсіресе, кемеңгер жазушы М.Әуезовтің «Абай жолы» эпоеясы ұлы дарынның қадір – қасиетін қалың жұртшылыққа әбден танытты. Біз осы ұлы істің ең арғы бастауын сөз қылған уақытта кейбір қайталауға тура келетінін сезсек те, қазақ әдебиет сынының туу мәселесі тұрғысынан кейбір мәселелерді айтпай өту мүмкін еместігін ескердік. Өйткені Кәкітайдың мақаласы Абай өмірі мен творчествосының қазіргі уақытта кеңейтіле, дамытыла айтылып жүретін жайларын едәуір қамтыған тұңғыш еңбек екенін айрықша ескерту қажет.

Бұл жөнінде М.Әуезов Абай шығармаларының 1909 жылдан кейінгі (1933 жылға дейінгі) баспаларының қате – кемшілігін сынай келіп, «соңғы баспалар Абайдың өмірбаянына да Кәкітай жазған сөз, деректерден басқа ешбір тың жаңалықтар қосқан жоқ-ты. Сондықтан Абайдың баспаға шығуында тарихтық, бірінші зор еңбек етуші Кәкітай» деп баға берген болатын. Кәкітайдың осы еңбегін С.Мұқанов та зор ілтипатпен айтады.

Кәкітай Ысқақов өзінің осы мақаласында негізінен үш мәселені баяндауды мақсат еткен. Бірінші – Абайдың ата-тегі және оның Абайдың ақындық өнеріне жасаған әсері, екінші – Абайдың әлеуметтік өмірі, үшінші – кемеңгер ақын творчествосының негізгі идеялық – эстетикалық арнасы. Бұлармен қатар сөз арасында естелік сипатында айтылатын деректер де бірқыдыру.

Абай 15 жасынан бастап әкесіне үлкен қолғабыс тигізе бастаған.

20 жасында Абай халық ортасында маңдай, бас шешен болды... халық жайынан бұрынғы әдетті, ғұрыпты, ескі белгілі билердің қилы іс туралы қылатұғын биліктерін көп білген. Өзінің зейіні артық болған соң кәрі мақалаларды, неше түрлі қазақтың білімділері мысал үшін айтқан әңгімелерді бірін ұмытпай біліп алған. Қазақтың ескі заманы болса бұрынғы қазақтың атақты биінің бірі болмағы анық еді.

Кәкітай мақаласының шоқтығын көтеретін мәселелер – Абайдың қоғамдық өмірі мен өнерпаздығына объективті талдау жасауға талаптанған бөлімдері.

Кәкітай мақаласында Абайдың 1845 жылы туып, 1904 жылы 23 маусымда дүние салуын, Ахмет Риза медресесінде жүргенде Приходская школада 3 ай орысша оқып, 15 жасынан ел ісіне араласуын, қысқасы бүгінде бүкіл халыққа бүге – шігесіне дейін белгілі Абай өмірінің белеңді – белеңді кезеңдерін баяндауы тарих үшін айрықша бағалы деректер болады. «Бұл жөнінде қазақ мәдениет тарихында, Абай мұрасына ерекше еңбек сіңірген, Абай өзі тәрбиелеп баулыған, жас жұртшылықтың көрнекті өкілі болған – Кәкітай Ысқақұлының еңбегін айрықша айту керек» (20-том, 16) деген М.Әуезов пікіріне қосылмасқа болмайды.

Абайдың жер аударылып келген Е.П.Михаэлис, С.Гросспен таныс болғандығына айрықша мән береді. Егер олармен таныспаса «Абай әлде бойына біткен өнерін жарыққа шығарып білдірмей кетуге де болатұғын еді» дей келіп, олардан алған үлгі - өнегенің арнасын баяндайды. «Абайдың ғылымға бетін түзеп жібермекке осы кісілер үлкен себеп болған. Абайды орыстың белгілі жазушылары Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Толстой, Тургенев, Салтыков, Достоевский, Белинский, Добролюбов, Писарев деген кісілердің шығарған кітаптарымен таныс қылған. Абай өле - өлгенше: менің Әкемнен артық жанашырлық қылып, дүниеге көзімді ашқан Михаэлис деп атап отырушы еді.

Кәкітайдың мақаласы Абай жинағында 1909 жылы жарияланса да, одан әлдеқайда ерте жазылған. Абай дүние салғаннан кейін Кәкітай Абайдың өлеңін жинап, кітап етіп бастыру қамына кіріседі. Мақала 1904 жылдң екінші жартысы мен 1905 жылдың алғашқы айларында жазылып, даяр болғаны күмән тудырмайды. Өйткені бұл мақала 1905 жылы 27 тамызда Орыстың императорлық география қоғамының Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесіне келіп түскен. («Записки...» 1907, 4 және 9-бет). Оны орыс тіліне Ә.Бөкейханов аударып, «Абай (Ибраhим) Құнанбаев (некролог)» деп өзінің атынан 1905 жылы «Семипалатинский листок» газетінде, содан кейін «Запискийдің» 1907 жылғы басылымында жарияланған. Мақаланынң ең соңында Абайдың өміріне байланысты деректерді Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаевтан алдым деп ескерту жасалған.

Біз осы мақаланың авторы орысша және қазақша текстерін салыстырған уақытта болмашы ғана өзгерістері барын көрдік. Орысшасы қазақшасынан бұрын шыққан. Демек, бұл мақаланың авторы кім деген мәселе жауапсыз қалмауға тиіс. Мүмкін, Кәкітай орысшадан аударып алған шығар, әлде Бөкейханов Абайдың өмірбаянының деректерін Кәкітай берді дегенді айтып, өзі жазған болар, не Кәкітай мақаласын аударып қана шыққаны автор болуға негіз деп есептеген шығар. Қалай болғанда бүкіл қазақ әдебиеттануында, әсіресе Абайтануда сүбелі орын бар дүниенің ақиқатына жетуге тиіспіз. Өйткені Қазан төңкерісіне дейін Абай жайында жарияланған орысша, қазақша мақалалардың бәрінде де осы «Запискиде» шыққан мақалаға меңзеу жасалады. Соңғы кезде, яғни «Жұлдыз» журналының 1991 жылғы 9 санында орысшадан аударылып жарияланды. Сонда мақаланың шын авторы кім? Деген сауал өзінен - өзі туындайды.

Культ заманында жазылған еңбектердің бірде – бірінде бұл мақаланың атын атамақ түгіл, шын сырын анықтауға ешбір зерттеуші назар аудармады. Қ.Жұмалиев «1907 – 1909 жылдар Кәкітай Ысқақұлының әуелі орысша, артынан қазақшаға «Абай Құнанбайұлының өлеңдері» деген кітапта Абайдың өмірбаяны басылды» деп хабарлағанына қарағанда бір шикіліктің барлығын сезгенде де, Әлихан атымен жүрген мақаланың мән – жайын айқындауға жүрегі дауаламаған. Ол кезде осылай етуге мәжбүр еткені белгілі, алайда Абайдың кеңес заманына дейін танылуы, даңқы жайылуы, насихатталуы жайындағы мәселені енді айқындау шарт. Кеңес заманында қалыптасқан орынсыз қауіптену мен күдіктенушіліктің зияны қаншама мол болғандығы осы мақаланың авторын айқындау барысында айқынырақ көрінуге тиіс.

«Семипалатинский листок» пен «Запискиде» жарияланған мақаланы қазақшаға Т.Жұртбаев аударып, «Жұлдыз» журналының 1991 жылғы 9 санында жариялады, авторы - Ә.Бөкейханов.

«Сын сапары» (1971) монографияда және жоғарғыдағы талдауларда мақаланың авторы Кәкітай Ысқақұлы екеніне шүбә келтірмедік. Оны дәлелдер материалдарды түгел есепке алу керек.

1903 жылы П.П.Семенов пен В.И.Ламанскийдің басқаруымен «Россия. Полное географическое описание нашего отечества. Настольная и дорожная книга для русских людей» деген жалпы атаумен шыққан еңбектің 18 томы түгелдей қазақ өлкесіне арналды. Оның «халқы» дейтін екінші бөлімінің төртінші тарауы «Историческая судьба Киргизского края и культурные его успехи» деп аталады. Бұл тараудың авторлары – А.Н.Седельников, А.Н.Бөкейханов пен С.Д.Чазов. Ал бесінші – «распределение население Киргизского по территории, его этнографический состав, быт и культура» деген тараудың авторы жалғыз А.Н.Седельников. Әдебиетке, әсіресе Абайға байланысты пікір осы тарауда айтылғандықтан Ә.Бөкейхановтың қатынасы болуы қай дәрежеде екенін аңғаруға тиіспіз.

1909 жылы Уфа қаласындағы «Шарық» баспасында Омбы қазағы Зейнелғабиден бин Ялкаж Мұқмырак Әлжауари құрастырған «Насихат қазақия» атты кітаптың «Әдебиет қазақия, яки қазақтың тіл өнері» деген бөлімінде «сөзге ұсталық әр халықта мақтаулы болған сықылды, өлеңшілік те құрметсіз, қадірсіз емес. Ғараптардың Лібиі, русларының Пушкині қияметкеше халық тілінде сөйленіп, тарихта жазылды... Басқа халықта болған сықылды қазақтарда да бар...

Осы ретте, татар, башқұрт ақын – жазушыларының Абай жайында айтқан пікірлерін зор ілтипатпен атау парыз. Татар ғалымы, Филология ғылымының докторы Хатип Усманов өзінің «Егіз жырлар» атты мақаласында башқұрт ақыны Шаихзада Бабич 1913 «Мен Құнанбаев жырларын керім әсемдікті, абзал сұлулықты көрем де, рақат сезімге бөленем, мен оның орнын татар ақыны Тоқай мен араб ақыны Имраилькаис тұрған биікке апарып қойдым» деп жазған екен.

Абай өнерпаздығының танылуы мен даңқының жайылуында айрықша атап өтетін жыл – 1914 жыл. Данышпан ақынның тұңғыш жинағының қазақ еліне кең таралуына және дүние салғанына 10 жыл толуына байланысты газет – журналдарда бірқыдыру мақалалар жарияланды.

Сөйтіп Абай творчествосы және оның өнегелі өмірі қазан төңкерісіне дейін орыс, қазақ тілінде жарияланған арнайы мақалалар мен еңбектер арқылы қазақ еліне жария болды. Осы негізгі арнаға жанама сопақтар - әлеуметтік, қоғамдық, шаруашылық, оқу – ағарту мәселелеріне арналған еңбектерде Абай өлеңдерін цитатқа алу және ұлы ақынға арнап өлең шығару жолдары да тоғысып жатты.
Бекіту сұрақтары:


  1. Абайдың кемеңгер өнерпаздығының зерттелуі.

  2. Абай өнері - өсер сынға өрелі өрнек.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Дәрімбетов Б. Тазару: Әдеби сын. – Алматы: Жазушы. 1991- 160 бет.

  2. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Алматы. Санат. 1994.

  3. Кәкішев Т. Дәстүр суреттері. Алматы. 1981.

  4. Күмісбаев Ө. Ортақ арна: Әдеби сын мақалалар. Алматы,1985. 232 б.

6 дәріс Абай шығармашылығындағы адамгершілік тақырыбы



Сабақтың мақсаты:

Тірек сөздер:

Сабақтың жоспары:

7 дәріс Абай мұрасындағы табиғат



Сабақтың мақсаты: Абайдың табиғат тақырыбына арналған өлеңдерінің мәнін ашып, мазмұнын түсіну. Өлеңдері арқылы Абайдың қазақ поэзиясына әкелген жаңалықтарын талдау.

Тірек сөздер: жаз, қыс, күз, жазғытұры

Сабақтың жоспары:

  1. Абайдың жыл мезгілдеріне арналған өлеңдеріндегі қазақ ауылының көрінісі.

  2. Көшпелі елдің табиғатқа тәуелділігі

Абайдың табиғат лирикасы үлгісіндегі өлеңдерінде ақынның ой-сезімі де жан-дүниесі де терең ашылған. Ол өзінің шығармаларында жыл маусымдарын: қысты, күзді, көктем мен жаздың қайталанбас, соны бояуларымен бейнелеп берді. Туған ел табиғатын сипаттауда оның суреткерлік шеберлігі айқын аңғарылады. Абай пейзажды адамның тұрмыс кешетін табиғи ортасы, мекен-жайы ретінде ала отырып, әлеуметтік өмірі мен қазақ халқының көшпелі тұрымысмен тығыз байланыстыра көрсетеді.



«Күз» атты өлеңінде ақын жылдың төрт мезгілін суреттейтін басқа өлеңдеріндегідей үлкен суреткерлік шеберлік таныта отырып, табиғат көріністеріне жанастыра ауылдың күнделікті машықты өмір тұрмысын мейлінше қарапайым нақтылы түрде, ешқандай көрікте, әдейі әсірелеусіз сипаттайды. Аспанды қаптаған сұр бұлтты, жерді басқан дымқыл тұманды, жапырағы түскен ағашты, сарғайып тозған күзеуді суреттеу арқылы көшпелі ауыл тіршілік ететін табиғи ортаны, айналаны нақтылы қалпында айқын көзге елестетеді. Ойнақтаған жылқылар, үйірінен қашып, оқшауланған биелер, жарыса шапқылаған тайлар – бұлар да мал баққан елдің өмір-тұрмысының айнымас, әрқашанда қосақталып жүретін белгі нышандары десек болады. Өлеңді түгелдей алып қарасақ, онда табиғат көріністерін гөрі көшпелі елдің тұрмысын тіршілік әрекетін бейнелеу жағы басымырақ екенін мойындауға тура келеді.

Дәл тауып айтпай берілген нақтылы күнкөріс әрекеттері-қазақтардың теріні малмаға салып, иін қандырып алып илейтіні, қыс бойы қорек ететін астықты күзде түйемен барып басқа жақтан әкелетіні, киіз үйдің іші ыс болады деп күзгі суықта от жақпай отыратыны, әйелдердің түйенің шудасынан жіп иіріп жыртылған жерін жамайтыны бәрі де көшпелі елдің дағдылы тіршілігін, тұрмыс-жағдайын, әдет-салтын анық аңдатады. Мал бағумен күн көрген елдің өмірге бейімділігі тіршілікке икемділігі, ептілігі де байқалмай қалмайды.

Қара суыққа тоңып дірдектеген балалар мен кемпір-шалдар сиқы күзгі табиғаттың жабырқаңқы түріне толық сәйкес келеді. Ақынның «Жазғытұры» дейтін өлеңіндегі шұғылалы сәулесін шашқан күнді жарық айда жымыңдасқан жұлдыздарды қызықтау, шат жарқын көңілді адамдар бейнесін алға тарту, табиғатты көтеріңкі леппен суреттеуі мұнда жоқ. Бұл өлеңде:

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш-қурай,- деп ағаш пен қурайдың кемпір-шалмен салыстыратыны көңіл қоярлық. Бұл ббүрісп үриген кемпір-шалдың мүшкіл халіне оқырманның аяныштылық сезімін күшейте түседі. Өлеңде тек кедей, жоқ-жітік адамдардың хал-жайы айтылатыны тегін емес. Ол көшпелі елдің тұрмыс-тіршілігі күз түскенде қиындайтынын нанымды етіп көрсету үшін қажет. Өлеңнің осындай мазмұны оның сарынаына әсер ететінін мойындасақ иа, бірақ бұдан ақынның көңіл күйі де сондай жабыңқы демесек керек.

«Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай» өлеңінде табиғат көрінісі жоққа тән, ақын жылдың осы мерзімі мал баққан елдің тұрмысына, әсіресе кедейлердің өміріне қаншалық ауыртпалық әкелетінін сипаттап береді:



Кедейдің өзі жүрер малды бағып,

Отыруға отын жоқ үзбей жағып.

Тоңған иін жылытып, тонын илеп,

Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып.
Жас балаға от та жоқ тұрған маздап,

Талтайып қақтана алмай, өле жаздап,

Кемпір – шалы бар болса, қандай қиын,

Бір жағынан қысқанда жел де аздап.
Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі,

Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі?

Қара қидан қап ұрыспай берсе,

Ол да қылған кедейге үлкен сыйы.

Көшпелі елдің тіршілігін, күн көрінісін айрықша жан ашырлық сезіммен суреттеген осы өлең шумақтарында сирек кездесетін байқағыштық, шыншылдық бар екенін қанша айтса да артық емес. Сонымен қатар, кедейдің тұрмысының ауыр екенін жас балалардың аянышты халін бейнелеу арқылы кқрсетуі ерекше әсерлі.



«Қыс» атты өлеңінде Абай жылдың осы мезгілін мейірімсіз, түсі сұсты, қатал, кәрі құданың кейпінде сипаттайды.

Бұл тәсіл ақынға қыстың көшпелі тұрмыс кешкен қазақ елінің өміріндегі ең бір ауыр, жайсыз кез болғанын неғұрлым айқындап, әсерлі етіп көрсетуге мүмкіндік береді.



Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр-мылқай танымас тірі жанды.

Үсті-басы – ақ қырау, түсі суық.

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып, ажарланды.

Бұлттай қасы жауып екі көзін,

Басын сілкісе, қар жауып, мазаңды алды.

Қысты осылай кәрі шалдың кейпінде бейнелеу қазақ поэзиясында бұрын болмаған мүлде тың, жаңа көркемдік тәсіл. Орыс мәдениетінің ықпалымен қазақ өміріне кейін кірген жаңа жылда келетін Аяз атадан Абайдың кәрі құдасы басқарақ. Өйткені ол –қаһарлы кәрі шал.

Қыстың бар ызғарын бойына жиып алғандай осы кәрі құданың бейнесі көркемдік қиялдың жемісі десек те, оның қыс мезгілін көзге айқын елестетерлік мәні де зор екенін мойындаған жөн.

«Жазғытұры» өлеңінде негізгі сарын – сахара табиғатының көркін сипаттай отырып, қазақ халқының көшпелі өмір тұрмысын реалистік шынайылықпен нақтылы бейнелеу. Сонымен қатар бұл өлеңде табиғат көрікн, сұлулығын асқақ шабытты суреткердің көзімен қарап тамашалау, тамсану пафосы да ерекше күшті.

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Осы бастапқы шумақтан-ақ ақын адам өмірі мен табиғат құбылыстарының арасындағы жалғастық – үндестікті бар жанымен сезінетінін айқын аңғаруға болады. Мал баққан елдің қаркетін, тұрмыс-жайын, жазды жадырап, қуана қарсы алғанын көрсететін нақтылы суреттемелерде табиғат көркін, малды, құсты мейлінше шынайы бейнелеген тұстарда өлеңнің жаңағы айтылған өзгешелігі бірте-бірте толығып, табиғат аясында отырған елдің тұтас бір өмір көрінісі алдымызға тартылғандай болады.



Күн – күйеу, жер – қалыңдық сағынысты,

Құмары екеуінің сондай күшті.

Күн күйеуін жер көксеп ала қыстай,

Біреуіне біреуі қосылыспай.

Көңілі күн лебіне тойғаннан соң,

Жер толықсып түрленер тоты құстай.

Мұндағы күннің балама бейнесі қазақ қауымында әбден қалыптасқан қалыңдығын айттырып қойып, арада бірнеше ай өткізіп, сағындырып келетін күйеудің тұлғасын айқын елестетеді. Жұлдыз бен айың бейнелері де қыз айттыру, келін түсіру ғұрпына орайлас беріледі. Жылы жел де күйеу мен қалыңдықтың үйлену тойы болатынын айтып, ауыл-ауылды аралап, шапқылап жүрген хабаршы бейнесінде көрінеді. Осының бәрі қазақ елінің өмір салты, әдет-ғұрпына жанасымды жасалған көркемдік салыстырулар.



«Жаз»- бұл шығарманың көркемдік сапасын өте жоғары бағалаған Ілияс Жансүгіров от туралы айта келіп, былай деп жазды: «Абайдың жыры ырғақ, музыка, дыбыс құрылысы жағынан төгіліп кетеді.

Абайдың бұл өлеңіндегі бұл өлеңіндегі бір ақындық өзгешелігі – ол өлең ұйқасындағы етістіктердің сайдың тасындай ірі, қимылды,қозғалысты көрсетуге жандылығы».

Өлеңнің бастапқы жолдарында ауылдың жаңа қонысқа, ажзғы жайлауға көшіп келгені айтылады. Бұл өлеңнің бастамасы, кіріспесі ған болса да, ақын тек ауылдың орнаған мекен- жайын ғана баяндап отырса да, мұнда да қимыл-әрекет жоқ емес. Ауылдың көшуін болған, аяқталған оқиға деп санасақ, өзенді күркіреп жатқан деп бейнелуі бұл толассыз тынымыз болып жатқан қимыл-әрекетті көрсетеді.

Жаздыгүнгі жайлаудағы қазақ өмір-тұрмысын суреттегенде Абай жаздың келуі мал бағумен күнелткен «жаз-жазыл, қыс –қысыл» дейтін көшпелі елге көп жеңілдік, қуаныш-қызық әкелгендей көрінетінін байқатады. Ақынның әр сөзі, сипаттамасы дала жазының осындай көркем бейнесін көрсетуге лайық, орайлы алынған. Ұзарып өсіп, толған жасыл шөп, бәйшешек гүлдер де, күркіреп жатқан өзен де осы тұрғыдан қарағанда бірден-бір қажетті белгілер.

Бекіту сұрақтары:


  1. Абайдың табиғат тақырыбына жазған өлеңдерінің мәні неде?

  2. Өлеңдерінде қазақ ауылының көрінісі қалай берілген?

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. З.Ахметов «Абайдың ақындық әлемі» Алматы: Ана тілі 1995ж

  2. Абай энциклопедиясы.- Алматы. Атамұра, 1995 ж

Дәріс № 8 Абай поэзиясындағы махаббат тақырыбы
Сабақтың мақсаты: махаббат лирикасын оқыта отырып жастарды адал сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Тірек сөздер: махаббат,жан, жар етпес қара көңлім не қылса да, ғашықтық, құштарлық.

Сабақтың жоспары:

  1. Абайдың махаббат лириксы

  2. Қазақ жастарын адал сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелейтін Абайдың махаббат лирикасының ұлттық поэзиямызда алатын орны.

Махаббат лирикасына жататын өлеңдері тақырыбы жағынан, көркемдік сипат өзгешелігі жағынан да сан алуан. «Жарқ етпес қара көңлім не қылса да», «Ғашықтық құмарлықпен ол екі жол» таза махаббат сезімдерін қастерлейтін өлеңдер болса, «Мен сәлем жазамын»- ғашығына деген сағыныш сезіміне толы мұңды өлең. Ал «Қор болды жаным» тіпті сағынышты, зарлы өлеңдеуге де лайық, бірақ қайғы мен үміт аралас келеді. Мұны өлеңнің соңғы шумағынан әсіресе айқын байқаймыз:



Бұл қылған зарым

Барса жардың маңына,

Ол - қылған дәрім

Ғашығымның жанына,

Ойландырып ойды,

Түзетпейме бойды?

Мұңды сарынды мазмұн-мағынасы да, құрылыс-қалпы да айрықша күрделі өлеңінен- «Сен мені не етесің?». Ол ғашық жарға арналып айтылған, сезім иірімдері мол, нағыз психологиялық монолог түрінде құрылған. өлеңде ғашығын сарғая күткен жігіттің аласұрған жүрегінің толқыны, сүйгеніне жалынып-жалбыранған, күдіктенген, күдер үзген сезім күйі - әр сөздің айтылуынан да өлең тармақтарының құбылмалы өрнекті ырғағынан да сезіліп тұрғандай.

Абай «Ғашықтық, құштарлық пен – ол екі жол» деген өлеңінде:

Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,

Мен не болсам болайын сен аман бол,- десе «Сен мені не етесің » деген өлеңінде:

Серт бұзғанның,біл, орны – шоқ,-дейді. Алдыңғы өлеңінде мейірімділік, кешірімділік сарыны басым келсе, екінші өлеңінде сөзінде тұрмаған жар жазалы болады, о дүниеде қасірет шегеді дейді. Мұны ақынның екі өлеңіндегі екі түрлі көркемдік шешім тапқаны лайық. Біріншісінде ақын адал сезім білдіргендей болса, екінші өлеңінде ғашық жігіттің сүйгеніне мені тастап мүлде кетер болсаң, кейін осындайға душар боласың деп айтқаны байқалады.

«Сен мені не етесің» өлеңіндегі әр шумағы ұзынды-қысқалы 14 тармақтан құралатын бұл өлшемді Абай өзі де басқа өлеңдерінде қолданбайды.

Жастардың көпшіліктің айтуына лайықтап, жазған өлеңдерін ақын кең тараған 7-8 буынды, немесе 6 буынды өлшеммен шығарған. Олар - әнге салып айтылатын «Айттым сәлем, қаламқас», «Көзімнің қарасы» өлеңдері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет