3.Ауыл шаруашылығы. Мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құны жөнінен егіншілікке қарағанда аздап басымдылық көрсетеді. Беларусь аумағында ауыл шаруашылығына жарамды жерлер ауданы 10 млн га-ға жуық, оның 40 %-ға жуығын шабындықтар мен жайылымдар алып жатыр. Ірі қара мал басы 1990 жылмен салыстырғанда 30%-ға жуық қысқарғанымен, бұл көрсеткіш бойынша Беларусь ТМД елдері арасында алдыңғы орындардың бірін алады.
Егістік алқаптары негізінен, елдің орталық бөлігінде орналасқан, мұнда жердің 60-80%-ға жуығы жыртылған. Полесье аумағында егістік көлемі құрғатылған батпақтар есебіненде ұлғайтылған. Егін шауашыоығында дәнді дақылдар басты орын алады, олар елдің барлық жерігнде өсіріледі. Техникалық дақылдар арасында зығыр айрықша орын алады. Зығыр көбінесе елдің солтүстігімен солтүстік батысында, қант қызылшасы орталық және батыс аудандарда, ал картоп елдің барлық бөліктерінде өндіріледі.
4.Көлік. Беларусь Республикасы тоғыз жолдың торабындағы орны көлік жүйесінің күшті дамуына себепші болды. Беларусь аумағы арқылы Шығыс Еуропа елдері мен РЕсейді, Ресей мен Украйнаны Балтық бойы елдерімен жалғастыратын құрлақтағы күре жолдар өтеді. Елдегі теміржолдың жалпы ұзындығы 5,5 мың км –ден асады. Беларусь теміржолдары Ресейдің Еуропа елдерімен байланысында шешуші рөл атқарады. Халықаралық маңызы бар басты тасжолдар ( Мәскеу – Минск, Мәскеу – Варшава, Киев – Санкпетербург) Беларусь жері арқылы өтеді. Тасжолдардың жиілігі 1км-ге 350 шамасында болады. Елдегі құбыр жолдары жүйесі кеңес дәуірінде қалыптасты. Беларусь аумағы арқылы өтетін «Достық» мұнай құбыры Мозырь қаласы м екі тармаққа ажырайды Ресей жерінен баталып, Еуропаға бағытталған газ құбырлары жергілікті құбыр жүйелерімен бірге Республиканы табиғи газбен қамтамасыз етеді.
5.Сыртқы экономикалық байланыстары. Географиялық орнының ерекшеліктеріне байланысты Беларусь Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарына Еуропа елдерімен Ре сей басты орын алады. Әсіресе соңғы жылдары Ресей мен одақ құруы және кедендік бөгеттердің жойылуы екі ел арасындағы байланыстарды нығайта түсті. Беларусь Ресейден жасанды каучук, мұнай мен газ, көмір, электр энергиясын және қара металлургия өнемдерін, өсімдік майын сатып алады. Беларусь экспортында Германия мен Польшаныңда үлесі жоғары. Беларусь шетке машина жасау және химия өнеркәсібінің өнімдерін, көлік құрал жабдығын, Жеңіл және тамақ өнеркәсібі өнімдерін сатады.
Елде 1,5 мыңға жуық бірлескен, 500-дей шетел кәсіпорындары жұмыс істейді. Бұл істе әсіресе Польша, Германия, италия және АҚШ фирмалары белсенділік көрсеткен. Беларусь экономикасында дүниежүзінің 66 елінің инвистициялары тартылған, қаржы көлемі жөнінен АҚШ пен Германия жетекші орын алады.
Бақылау сұрақтары:
1.Елде қандай өнеркәсіп салалары жетекші рөл атқарады?
2. Ауыл шаруашылығында мал шаруашылығының басым болуы неліктен?
3. Көлік жүйесі мен сыртқы экономикалық байланыстарына елдің географиялық орны қалай әсер еткен?
№ 213 -сабақ
Тақырыбы: Украина
• Жерінің ауданы — 603,7 мың км2.
• Халқы — 47,3 млн адам (2004 ж.).
• Астанасы — Киев.
• Мемлекеттік кұрылымы — республика.
• Мемлекет басшысы — президент.
• Үкімет басшысы — премьер-министр.
• Заң шығарушы органы — Жоғарғы Рада.
• Мемлекеттік тілі — украин тілі.
• Ұлттық валютасы — гривна.
Жоспар:
1. Географиялық орны
2. Аумағының қалыптасу тарихы.
3. Табиғаты және табиғат ресурстары
4. Халқы.
Сабақтың мақсаты: Украинаның физикалық –географиялық орны мен табиғат жағдайларын қарастыру
Теориялық мәлімет:
1.Географиялық орны. Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік-батысында орналасқан Украина оңтүстігінде Азов және Қара теңізбен ұласады. Қара теңізбен шекарасының жалпы ұзындьны —1500 км-ге жетеді. Шығысы мен солтүстігінде Ресей Федерациясымен, солтүстік-батысында Беларусь Республикасымен, ал батысында Польша, Словакия, Венгрия, Румыния және Молдовамен шектеседі (25-суретті караңдар). Өткен ғасырларда табиғи шекаралық шептері болмаған Украина көршілес мемлекеттердің басқыншылық әрекетіне көп ұшыраған болатын. XX ғасырда елдің геосаяси жағдайының нығаюына көрші елдермен ынтымақтас болуы (Шығыс Еуропа елдері, Ресей жөне Беларусь) әсер етті.
2.Аумағының қалыптасу тарихы. Қазіргі Украина мемлекетінің аумағы ұзақ тарихи кезенде қалыптасты. IX ғасырда Киев қаласының айналасыңда Киев Русі деп аталатын ежелгі славян мемлекеті пайда болды. Кейінгі ғасырларда бытыраңқы жеке князьдіктерге (Киев, Переяслав, Чернигов, Волынь және т.б.) ыдырап кеткен бұл мемлекет монғол-татар шапқыншылығына ұшырап, көпшілік бөлігі XIV ғасырда Литва және Польшаның карамағына енді. Украин халқының тарихи калыптасуы XIV—XV ғасырларға сөйкес келеді.
1922 жылдан 1991 жылға дейін Кеңес Одағының кұрамында болған Украина 1991 жылдың 24 тамызында тәуелсіздігін жариялады. Бұл күн Украинаның ұлттық мерекесі — тәуелсіздік күні болып табылады. Украина мемлекеттік құрылысы жөнінен республика деп жарияланды. Әкімшілік жағынан ел 24 облыстан, Қырым автономиялық республикасынан тұрады.
3.Табиғаты және табиғат ресурстары. Украина аумағы ежелгі платформа негізінде калыптасқан дүние жүзіңдегі ірі жазықтардың бірі Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік-батысында орналасқан. Батысқа қарай жер бедері көтеріңкі сипат алып, Подольск және Днепр маңы қыраттарына ауысады. Солтүстігінде Украина Полесьесі деп аталатын ойпатты жазық жатыр. Оңтүстігінде Шығыс Еуропа жазығы біртіндеп төмендеп, Азов және Қара теңіздердің ойпатты жағалауларына ұласады. Елдің шығысында Днепр және Солтүстік Донец өзендерінің аралығын Азов маңы қыраты мен Донецк бүйраты алып жатыр. Қырым түбегінің оңтүстігінде Қырым таулары, ал елдің қиыр батысында Карпаттың қатпарлы құрылымдары орналасқан, олар альпілік катпарлық нәтижесінде қалыптасқан. Украина аумағының ең биік нүктесі — Карпаттағы Говерла шыңы (2061 м). Жер бедерінің, негізінен, жазық болып келуі шаруашылық әрекетке қолайлы өсер етеді.
Ел аумағында аса маңызды минералдық шикізат түрлері бар. Әсіресе көмір қоры 240 млрд т-ға жететін Донецк (Донбасс) көмір алабының ел экономикасындағы орны ерекше. Бүл байырғы алапта аса сапалы кокстелетін көмір өндіріледі. Сонымен катар Львов-Волынь көмір алабында тас көмірдің едәуір мол қоры бар, ал Днепр алабындағы қоңыр көмір қоры әлі онша игерілмей келе жатыр. Ел мұнай мен газ қорына онша бай емес, олардың шағын кен орындары Карпат алды иінінде таралған. Украин қалқанында темір мен марганец кендері шоғырланған, темір кені Керчь түбегінде де бар. Әсіресе дүние жүзіне әйгілі Кривой Рог темір кені алабы айрықша маңызға ие. Украина жерінде ас тұзы мен калий тұздарының едәуір қоры бар, олар Донецк маңы мен Карпат алдында шоғырланған. Ел аумағында титан, никель, хром және сынаптың шағын кен орындары бар.
Географиялық орнының ерекшеліктері мен алып жаткдн ауданына байла-нысты Украина жерінің климат жагдайлары алуан түрлі болады. Құрлықтың ішкергі бөлігіне қарай орналасқан солтүстік-шығыс аудандарда қаңтардың орташа температурасы -8°С шамасында болса, солтүстігі таулармен қоршалған Қырымның оңтүстігінде бұл көрсеткіш +4°С-қа жетеді. Жауың-шашын мөлшері солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа және оңтүстікке қарай азаяды. Карпатта жауын-шашынның жылдық көрсеткіші 1500 мм-ге жетсе, Қырымның батысы мен Днепр сағасында оның мелшері 300 мм-ден де аз. Украинаның климат жағдайлары, жалпы алғанда, ауыл шаруашылығы үшін қолайлы болып табылады. Оңтүстік аудандарда жауын-шашынның тапшылығы егістіктерді қолдан суаруды қажет етеді.
Ел аумағында өзенторы жиі, өзендер мен бұлақтардың жалпы саны 70 мың-нан асады. Өзендердің барлығы дерлік Қара және Азов теңіздерінің алаптарына жатады. Тек қиыр батыстағы Буг өзені мен оның салалары Балтық теңізіне құяды. Елдегі ең ірі өзендер қатарына Днепр (Украина аумағындағы ұзындығы 981 км), Днестр, Оңтүстік Буг жатады (оларды атластан табындар). Өзендердің көпшілігі кеме қатынасына жарамсыз және су энергиясына онша бай емес. Днепр өзенінде ірі бөгендер (Киев, Канев, Кременчуг, Кахов) салынған.
Украина жерінде орман, орманды дала және дала зоналары таралған. Елдің солтүстігіндегі ауыл шаруашылығына жарамсыз батпақты Полесье жерінде қарағайлы ормандар өседі. Карпаттың орман қорының шаруашылық маңызы бар. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығына жарамды жердің барлығы дерлік жыртылған, аралас және жалпақ жапырақты ормандар тек таулы аудандарда сақталып қалған. Жалпы алғанда, ормандар Украина аумағының 15%-ын ғана алып жатыр. Орманның сұр топырағы, қара және күрең топырақтар тараған алқаптарды егістіктер мен бау-бақшалар алып жатыр. Батпақты жерлерді ауыл шаруашылық мақсатта игеру қолға алынған, қазіргі кезде құрғатылған жерлер ауданы 2 млн га-дан асады. Украина жерін мекендейтін жануарлар мен құстардың көптеген түрлерінің кәсіптік маңызы зор. Олардың арасында бұлан, елік, қабан, түлкі мен күзен, қырғауыл, сұр құр бар.
Ел рекреациялық ресурстарга да бай. Сауықтыру-демалыс орындары, негізінен, Қара теңіз жағалауы бойында, Карпатта орналасқан. Әсіресе, табиғи-климаттық жағдайлары қолайлы ұштасқан Қырым курорттары (Ялта, Евпатория) айрықша көзге түседі. Қырымдағы Алупка және Мисхор табиғи саябақтарында өсімдіктердің чили араукариясы, ливан самырсыны, мексика қарағайы, магнолия тәрізді ерекше түрлері әседі. Ал Никита бағында Жер шарының түкпір-түкпірінен әкелінген сан алуан тропиктік және субтропиктік өсімдіктер өседі. Адам қолымен жасалынған бұл табиғат бұрыштары туристер назарын өзіне аударады. Карпатқа тау шаңғысымен айналысатын демалушылар көп барады, ал Карпат алдындағы Трускавец курортындағы табиғи минералды су емдік мақсатта пайдаланылады.
1986 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль атом электр станциясында болған апатты адамзат тарихындағы ірі экологиялық апаттардың бірі деуге болады. Соның салдарынан Украинаның ғана емес, көршілес елдердің табиғатына да елеулі зиян келді.
4.Халқы. Украина халқының жалпы саны 2004 жылдың соңына карай шамамен 47,3 млн адам болды. Елде халық санының табиғи өсуі соңғы онжылдықтарда күрт қысқарды, ал 2000 жылы ол тіпті — 0,6%-ды құрады. Туу коеффициенті (1000 адамға шаққанда) — 8°/00, өлім коэффициенті — 14°/0. Адамның өмір жасының орташа ұзақтығы — 68 жыл.
1990 жылдардың орта шенінен бастап, Украинадан басқа елдерге қоныс аударатындар саны көшіп келетіндер санынан асып түсетін болды. Қоныс аударғандардың басым көпшілігін өздерінің байырғы отандарына (Германия, Израиль) оралғандар құрады.
Ел халқының ұлттық құрамы күрделі болғанымен, басты ұлттар: украиндар (73%) мен орыстар (22%). Украиндар саны жөнінен славян халықтары арасында орыстардан кейін 2-орын алады. Олар, негізінен, батыс, орталық және солтүстік аудандарда тұрады.
Украиңдардың үлесі оңтүстікке қарай азая береді. Мысалы, украиндар Донецк және Одесса облыстары тұрғындарының жартысын ғана құрайды, Қырымда олардың үлесі 25% ғана. Олардан басқа ел аумағында беларустар, еврейлер, молдавандар, поляктар мен болгарлар және т.б. ұлт өкілдері түрады. Татарлар Қырымда, гректер Азов теңізі жағалауында, ал румындар мен словактар Карпат сыртыңда шоғырлана орналасқан. Карпатта тау халықтары—гуцулдар, бойкалар мен лемкалар тұрады. Гуцулдар — шығу тегі әлі белгісіз халықтардың бірі, олар, негізінен, мал шаруашылығымен және ағаш дайындаумен айналысады. Гуцулдар арасыңда ағаштан түйін түйетін шеберлер, саз балшықтан құмыра жасаушылар, кілем тоқушылар да көп.
Діни құрамы жағынан христиан дінінің православие тармағы басым, бұдан басқа христиан дінінің басқа тармақтары мен ағымдары, сондай-ақ ислам, иудаизм дініндегілер бар.
Республика бойынша халықтың орташа тыгыздыгы 1 км2-ге шаққанда 78,6 адамды құрайды. Ел аумағында халық біркелкі орналаспаған; шығыстағы өнеркөсіпті-ауыл шаруашылықты аудандарда, батыстағы Львов облысында 1 км2-ге 100—200 адамнан келеді. Полесье аумағында орналасқан Чернигов, Волынь, Житомир облыстарында, сондай-ақ далалы Херсон облысында бұл көрсеткіш 40—50 адамды ғана қүрайды.
Украинада ірілі-ұсақты 415 қала бар. Қала халқының үлесі — 68%. Батыс Украинада урбандалу деңгейі төмен, Закарпат облысында қала халқының үлесі бар болғаны 41% ғана. Мұнда шағын және орташа қалалар басым. Донецк алабында қала халқының үлесі өте жоғары (90%), мұнда ТМД бойынша ірі қала шоғырларының бірі — Донецк агломерациясы қалыптасқан. Жалпы, елде 5 ірі миллионер қала бар: Киев (2,7 млн адам), Харьков (1,7 млн), Донецк (1,2 млн), Одесса (1,1 млн), Днепропетровск (1,1 млн).
Ел астанасы Киев — ТМД аумағындағы ежелгі қалалардың бірі. Мұнда қазіргі кезде 3 млн-ға жуық адам тұрады. Тарихи деректер бойынша қаланың негізі V ғасырда қаланған. Орыс жылнамаларында қала аты 860 жылдан бері аталады. Өз тарихында бірнеше жойқын соғыс пен басқыншылықты басынан кешіргеніне қарамастан, Киев тарихи ескерткіштерімен әйгілі. Мұнда XI—XX ғасырлар аралығындағы сәулет өнерінің үлгілері бар. Қалада 18 жоғары оқу орны, Украинаның Ғылым академиясы, 15 театр және 30-дан астам мұражай орналасқан. 1960 жылы Киев метрополитені іске қосылған.
Ел халқының 54%-ын экоюмикалық белсенді халық (ЭБХ) құрайды, бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады. ЭБХ-тың жалпы саны 2004 жылы 27 млн адам болды, бұл көрсеткіш бойынша Украина Еуропадағы ірі елдерге (Франция, ұлыбритания) жақындайды. Соңғы жылдары жұмыссыздық артуда, оның ресми тіркелген деңгейі 2004 жылы ЭБХ-тың 3,6%-да құрады. Басқа елдермен салыстырғаңда Украинада жұмыссыздық деңгейі ресми есептерде төмен болғанымен, іс жүзінде («жасырын жұмыссыздық») бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары. Әсіресе, дағдарысқа ұшырап отырған ауыр өнеркөсіп пен қорғаныс көсіпорындарында жұмыс істейтіндер арасында қызметтен босап қалу қаупі жоғары.
Бақылау сұрақтары.
1 Украинаның географиялық орнының ерекшеліктерін Ресейдің, Қазақстанның географиялық орнымен салыстырыңдар.
2. Украина аумағының қалыптасу кезеңдерін атаңдар.
3. Украина жерінде табиғат ресурстарының кандай түрлері бар? Олардың шаруашыльқ мамандануына әсері бар ма?
№ 214 -сабақ
Тақырыбы: Шаруашылығы. Ішкі айырмашылықтары
Жоспар:
1. Өнеркәсібі.
2. Ауыл шаруашылығы
3. Көлік қатынасы
4.Сыртқы экономикалық байланыстары
5.Ішкі айырмашылықтары
Сабақтың мақсаты: Украинаның шаруашылығы мен ішкі айырмашылықтарын қарастыру
Теориялық мәлімет:
1.Украина — индустриялық-аграрлық ел. Оның жиынтық ішкі өнімінің салалық құрылымында өнеркөсіп үлесі 38% болса, ауыл шаруашылығы 16%, ал қызмет көрсету саласы 46%-ды құрайды. Жалпы ішкі өнімнің көлемі 109 млрд АҚШ доллары шамасында, оның көлемі жөнінен ТМД елдері арасында Ресейден кейін 2-орын алады. ЖІӨ-нің жан басына шаққаңдағы мөлшері 1040 доллар, бұл көрсеткіш бойынша ТМД арасында Ресей, Беларусь, Қазақстаннан кейін 4-орыңды алады.
Жалпы, ел шаруашылығына өнеркөсіптің жоғары деңгейде шоғырлануы мен ауыр өнеркәсіп салаларының басымдылығы тән болады. Өнеркөсіп өндірісінің 2/3-сі ауыр өнеркөсіп салаларының үлесіне тиетін Украина мұнай мен газды, ағаш сүрегін сырттан сатып алуға мәжбүр болып отыр. Мысалы, елдегі мұнай өндірісі мұнайға сұраныстың 12%-ын ғана қамтамасыз етеді.
Өнеркәсібі. Украина өнеркөсібінің басты саласы — отын-энергетика кешені, оның үлесіне өнеркәсіп өндірісінің 1/4-іне жуығы тиесілі. Соған қарамастан бұл сала соңғы онжылдықта күшті күйзелуге ұшырады. Кеңес Одағының құрамыңда болған кезде Украина мұнай мен газды арзан бағамен көршілес Ресейден сатып алатын. Кейінгі жылдары елдің сыртқы экономикалық байланыстарының әлсіреуі энергияны көп қажет ететін өнеркәсібі бар Украина үшін аса қолайсыз болып отыр. Сонымен қатар елдің өзінде бар мұнай мен газды өндіру көлемі де қысқарды. Мысалы, 1991 жылы Украина мүнайшылары 4,9 млн т мұнай өндірсе, 2004 жылы бұл көрсеткіш тек 4,2 млн т болды. Аталған кезеңде табиғи газ өндірісі 24,3 млрд м3-ден 20 млрд м3-ге дейін азайды. Украинаның сырттан сатып алатын мұнайының 85%-ы, газының 95%-ы Ресейдің үлесіне тиеді. Соңғы онжылдықта мүнай мен газды тұтыну азайғанымен, шикізат тапшылығы айқын байқалуда. Сондықтан сырттан әкелінетін мұнай негізінде жұмыс істейтін елдегі 6 мұнай өңдеу зауыты толық қуатында жұмыс істемейді.
Көмір өндіру көлемі де екі есеге қысқарған. Елдегі ең ірі әрі ең ежелгі (1721 жылы ашылған) Донецк алабында жоғары калориялы, кокстелетін көмір өндіріледі. Жалпы, ел бойынша көмір өңдірісінде 1 млн-ға жуық адам жұмыспен қамтылған. Жүздеген метр тереңдікте орналасқан шахталардағы жұмысшылардың ауыр еңбегі үкімет тарапынан ұдайы әлеуметтік-экономикалық қолдауды қажет етеді.
Өндірілетін электр энергиясының 40%-ға жуығын елде жұмыс істейтін 5 АЭС береді. Сонымен қатар жергілікті көмір қорына негізделген ірі жылу электр станциялары (Углегор, Запорожье, Кривой Рог және т.б.) жұмыс істейді. Елде 1991 жылы 298 млрд кВт/сағ электр энергиясы өндірілсе, 2004 жылы бұл көрсеткіш 181 млрд кВт/сағ шамасында ғана болды.
ТМД елдерінің аумақтық еңбек бөлінісінде Украина кара металлургия саласымен көзге түседі. Бүл сала жалпы өнеркөсіп өнімінің 1/5-нен астамын береді. Украина жыл сайын 50 млн т-дан астам темір кенін өндіреді, оның 20 млн т-ға жуығы экспортқа жөнелтіледі. Мұндағы Кривой Рог темір кені алабы өзінің қоры жөнінен ТМД елдері бойынша тек Ресейдегі Курск магнит аномалиясына (КМА) ғана жол береді. Қара металлургияның байырғы орталықтары (Кривой Рог, Мариуполь, Днепропетровск, Запорожье, Донецк) кокстелетін көмір өндіретін Донецк алабына жақын орналасқан (25-сурет).
Украинаның байырғы маманданған саласының бірі—маишна жасау өнеркәсібі. Соңғы онжылдықта өңдірістік байланыстардың үзілуі, қаржылық жетіспеушілігі бұл саланың да дамуын тежеп отыр. Әсіресе ауыл шаруашылығы машиналарын, соның ішіңде трактор жасау 5 есеге дейін қысқарды. Өнеркәсіптік күрделі техника, электрондық есептегіш құралдар өндірісі мүлде тоқтап қалған. Жеңіл автокөлік жасау кәсіпорындары да дағдарысқа ұшыраған. Машина жасаудың орталықтары: Харьков, Киев, Донецк, Львов, Запорожье (автомобиль жасау), Днепропетровск, Луганск (теміржол және ауыр машиналар жасау), Николаев, Керчь, Херсон (кеме жасау).
Украина өнеркөсібінің маңызды саласының бірі болып табылатын химия өнеркәсібінің дамуы, ең алдымен, шикізат көзіне байланысты болады. Бұл сала көсіпорындары шикізат ретіңде қара металлургия мен кокстеу қалдықтарын, жергілікті тұздар мен сырттан әкелінетін табиғи газ бен мұнайды пайдалана отырып, көптеген өнімдер шығарады.
Әсіресе минералды тыңайтқыштар (Одесса, Винница, Горловка), күкірт қышқылы, сода, пластмасса мен химиялық талшықтар (Киев), резеңке бұйымдарын өндіру маңызды орын алады.
2.Ауыл шаруашылығы. Елдің ауыл шаруашылық құрылымында өнім көлемі жөнінен егіншілік пен мал шаруашылығы бірдей дерлік орын алады. Дегенмен соңғы жылдары мал шаруашылығының өнім көлемі қысқарып келеді.
Украинаға ауыл шаруашылығы мамандануының зоналық сипаты тән.
Өсімдік шаруашылығы дәнді және техникалық дақылдарды өсіруге маманданған. Өсімдік шаруашылығының дамуына ел аумағында дала және орманды дала зоналарының басымдығы алғышарт болады. Елдегі жыртылған жерлердің жалпы ауданы — 33 млн 291 мың га. Астықты алқаптар жалпы егістік көлемінің жартысын алып жатыр. Бидайдың түсімділігі жөнінен Украина ТМД елдері арасында жетекші орындардың бірін алады, жергілікті диқандар әр гектардан орташа есеппен 30 ц-ден өнім жинайды. Соған қарамастан Украина 1994 жылдан бері астық сатып алатын болды. Бидайдан басқа жүгері, арпа, тары, қарақұмық өсіріледі. Оңтүстіктегі суармалы алқаптарда күріш күтіп-бапталады. Техникалық дақылдар арасында қант қызылшасының орны ерекше, ол, негізінен, орманды далада өсіріледі (қосымшадағы 11 -кестені қарандар). Жергілікті шикізат негізінде жұмыс істейтін қант зауыттары, негізінен, орталық аудандарда орналасқан. Картоп республиканың барлық аудандарында өсіріледі. Дала зонасында — күнбағыс, Полесье мен Батыс Украинада — зығыр, ал оңтүстікке қарай құлмак, темекі алқаптары орналасқан. Жеміс-жидек өсіретін шаруашылықтар барлық дерлік аудандарда бар. Кекөніс өсіру әсіресе ірі қалалар мен өнеркөсіп орталықтары маңында шоғырланған. Карпат сырты мен Қара теңіз жағалауы, Карпат сырты жүзімдіктерімен әйгілі. Қырымда хош иісті эфир майларын алатын лаванда, раушан гүлдері өсіріледі (25-суретке қараңдар).
Мал шаруашылыгы елдің барлық аудандарында дамыған, бірақ олардыц мал түрлеріне байланысты мамандануы айқын байқалады. Шошқа шаруашылығы, дала және орманды дала зонасында, қой шаруашылығы орманды дала зонасында және Карпат пен Полесьеде дамыған. Ірі қара мал басы соңғы онжылдықта 2 есеге дейін азайды, бірақ ТМД елдері арасында оның саны (7,2 млн) бойынша Ресейден кейінгі 2-орынды алады (қосымшадағы 12-кестені қараңдар). Ірі қара мал мен құс шаруашылықтары, негізінен, ірі қалалар мен өнеркөсіп орталықтарының маңында шоғырланған. Жалпы алғанда, елдегі жайылымдар мен шабындықтар ауданы — 7 млн 504 мың га.
Украинада экономиканың басқа салаларымен салыстырганда ауыл шаруашылыгы өндірісінің қарқыны онша төмендеген жоқ. Дегенмен ТМД елдеріарасында экономикалық байланыстардың үзілуі, ел бойынша ауыл шаруашылық мамандануының аудандық сипатының өзгеруі, ауыл шаруашылық нарығы ауқымының тарылуы бұл саланың дамуына кедергі келтіріп отыр.
3.Көлік қатынасы. Республиканың көлік жүйесі көліктің барлық түрлерін біріктіреді. Украина аумағы арқылы Ресей мен Орта Азиядан Еуропаға қарай тауарлар тасымалданады, сондықтан елдің көлік жүйесінде транзиттік қатынастар басты орын алады.
Көлік түрлері арасында теміржол көлігінің маңызы ерекше. Жалпы, теміржолдардың ұзындығы 23 мың км-ге жетеді, теміржолдардың жиілігі (1000 км2-ге 38 км) жөнінен көптеген елдерден алда тұр. Теміржол көлігінің үлесіне жалпы жолаушы тасымалының 64%-ы тиесілі.
Маңыздылығы жөнінен 2-орынды автомобиль көлігі алады, оның жолаушы айналымындағы үлесі 34%-ға тең. Жалпы ұзындығы 100 мың км-ге жететін тас жолдар барлық дерлік елді мекендерді бір-бірімен байланыстырады. Әуе және теңіз көлігінің сыртқы экономикалық байланыстарда маңызы зор.
Әуе және теңіз порттары арқылы Украина 80-нен астам елдермен байланысады. Ірі теңіз және өзен порттары: Одесса, Ильичевск, Измаил, Херсон, Керчь және Мариуполь. Құбыр көлігінің жергілікті ғана емес, халықаралық та маңызы бар. Украина аумағы арқылы Ресейден Еуропа елдеріне бағытталған «Достық« мұнай құбыры мен «Одақ» газ құбыры өтеді.
4.Сыртқы экономикалық байланыстары. Украинаның ТМД елдерімен саудасында импорт экспорттан артық, ал алыс шетелдермен сауда қатынас-тарында экспорт импорттан басым. Бұл — елдің сыртқы саудасына тән басты белгі. Жалпы алғанда, республиканың сыртқы сауда балансы теріс мәнге ие. Украина импортының құрылымында 1-орында мұнай мен газ тұр; ел сырттан түсті металдар, синтетикалық каучук, ағаш сүрегі, жеңіл өнеркәсіпке қажетті шикізатты да сатып алады. Экспортка — қара металл прокаты, құбырлар, ферроқорытпалар, машина жасау өнімдері, халық тұтынатын тауарлар, химикаттар шығарылады.
Украинаның Қазақстанмен экономикалық байланыстары жедел қарқынмен дамып келеді. Қазақстанда 50-ден астам украиналық және бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. 2004 жылы Украинаның Қазақстан экспортындағы үлесі 1,4%-ды, ал импортындағы үлесі 5,7%-ды құрады. Қазақстанның 2004 жылы Украинаға экспортының жалпы көлемі шамамен 278 млн АҚШ долларын құраса, осы жылы Украинадан 722 млн-дай АҚШ долларына әр түрлі тауарлар сатып алды.
5.Ішкі айырмашылықтары. Украина аумағын шаруашылығының мамандану сипатына, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктеріне қарай бірнеше ауданға: Донецк-Днепр бойы, Оңтүстік және Оңтүстік-Батысқа бөледі.
Донецк-Днепр бойы ауданы жергілікті табиғат ресурстары (көмір мен темір кені) негізінде дамыған ауыр өнеркәсіп салаларына маманданған. Ауданда ел экономикасында маңызды рөл атқаратын өнеркөсіп орталықтары: Харьков, Донецк, Запорожье мен Днепропетровск орналасқан. Харьков халық саны жөнінен елдегі екінші ірі қала, мұнда шамамен 1,7 млн адам тұрады. Негізі 1655 жылы қаланған бұл қала аса ірі теміржол торабы және машина жасау орталығы болып табылады.
Донецк алабы аумағында шахталардан шығарылған бос жыныстар, тау тәрізді үйінділер террикондарды құрайды. Құнарлы ауыл шаруашылық жерлерін алып жатумен қатар, террикондар түтіндеу арқылы қоршаған ортаға үлкен зиян келтіруде. Қара металлургия мен кокс химиясы кәсіпорындары да қоршаған ортаны ластауда.
Оңтүстік аудан шаруашылықтың теңізбен байланысты салаларының күшті дамуымен ерекшеленеді. Маманданған салалары — кеме және порт жасау, кемежай, химия өнеркәсібі. Оңтүстік Украинаның егіс алқаптарында дәнді дақылдар, көкөніс және бақша дақылдары, күнбағыс өсіріледі. Жеміс бақтары мен жүзімдіктер де едәуір алқапты алып жатыр. Жергілікті рекреациялық ресурстар негізінде қалыптасқан емдеу-сауықтыру орындары да баршылық. Ірі қалалары — Одесса, Николаев, Херсон, Керчь.
Оңтүстік-Батыс аудан агроклиматтық және су ресурстарына бай, яғни ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдайлар бар. Елдің басқа аудандарына қарағанда еңбек ресурстарымен де жеткілікті қамтамасыз етілген. Минералдық шикізаттың мол қоры болмағанымен, жоғарыда аталған ресурс түрлері шаруашылықтың мамандану сипатын айқындайды. Ауданда маңызды ауыл шаруашылық өнімдері — қант қызылшасы, астық, көкөніс және сүт өндіріледі. Ірі қалаларда машина жасау кәсіпорындары орналасқан.
Аудандағы ең ірі қала — ел астанасы Киев, халқының саны жөнінен ТМД бойынша тек Мәскеу, Санкт-Петербургқа ғана жол береді. Қала ежелден-ақ шығыс славяндар мен көшпенділер аралығында орналасуына және Днепр өзені бойындағы маңызды орнына байланысты астаналық қызмет атқарған. Қазіргі кезде Киев елдің әкімшілік-саяси, экономикалық орталығы болумен қатар, славян мәдениетінің тарихи мұралары сақталған орын ретінде де айрықша бағаланады. Аудандағы екінші ірі қала Львов — негізі XIII ғасырда қаланған ежелгі калалардың бірі, оның ресми символы арыстан болып табылады. Қала орталығында өткен ғасырлардың сәулет ғимараттары сақталып қалған. Украинадағы ең ескі университет осы қалада орналасқан. Львов кәсіпорын-дарында автобус, тұрмыстық электроника, құрал-жабдықтар жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |