Бақылау сұрақтары
1.Халықаралық қаржы-қаражат қатынастары жүйесіне не кіреді
2.Валюта деген не?
3.Қазақстанның ұлттық валютасы
№ 203 -сабақ
Тақырыбы: Халықаралық экономикалық байланыстар
Жоспар:
1.Халықаралық экономикалық байланыстардың негізгі түрлері
2. Сыртқы сауда
Сабақтың мақсаты: Дүниежүзілік шаруашылықта халықаралық экономикалық байланыстардың алатын орнын қарстыру
Теориялық мәлімет:
1.Қазіргі заманғы дүние жүзінде әрбір елдің ілгерілеуі ол материалдық және рухани игіліктердің халықаралық айырбасына қатынаспайынша мүмкін емес. Бүгінде ең дамыған елдердің бірде – біреуі де заманға лайық өнімдердің бәрін бірдей түгел ойдағыдай өндіре алмайды. Ұлттық оқшауланушылық заманы, мемлекеттердің шаруашылық тұрғысынан тұйықталушылығы келмеске кетті. Халықаралық қарым – қатынастарда осы уақытқа дейін суу мен жылыну кезеңдерінің алма – кезек ауысуларына қарамастанғ халықаралық экономикалық байланыстардың үнемі ұлғая түскені әлдеқалай емес. Бұл орайда мұндай байланыстар сол нақты бір елдер үшін экономикалық тұрғыдан тиімді болып қана қоймады, сонымен қатар Жер шарында бейбітшіліктің нығаюына жәрдемдесті.
2.Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуы үшін ақшалардың қолданымдылығы өте маңызды. Қолданымдылық дегеніміз отандық валютаны шетелдік валютаға және керісінше тиянақты курс бойынша айырбас курсының өзгеруі арқылы валюта құнының көтерілуі ревальвация деп, ал құнының төмендеуі девальвация деп аталады.
Халықаралық экономикалық байланыстардың көптеген түрлері бар. Бұлардың бірі сонау ежелгі заманда, капитализмнің орнауынан көп уақыт бұрын пайда болған сыртқы сауда. Алайда ол ежелгі замандарда өндіріс заттық сипатта болды да, мемлекеттің сыртқы саудасының көлемі мардымсыз болды, тек үстем таптардың көбіне жеке бастарының тұтынуына қызмет етті. Сыртқы сауданың өркендегені капитализм дәуірінде ғана, әсіресе ірі машиналы өнеркәсіп кезеңінде.
Бүгінде де сыртқы сауда мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстардың бұрынғысынша жетекші түрлерінің бірі болып отыр.
Капитал шығару да өте маңызды бір түр қалпында қалып келеді. Оның мәнісі мынада: капитал оның иесі тұратын елден пайда түсіру үшін, ондай –ақ саяси мақсат көзделіп басқа елге ауыстырылады. Отаршылдық дәуірде метрополияелдер капиталының ең басты қолданылу өрісі отарлар болды. Ұлыбританияның шетелге салған капиталының басым бөлігі қазір де бұрынғы Британия империясының иеліктерінде тұр. Алайда капитал кемел дамыған елдерге де белсенді түрде шығарылады. Мысалы, АҚШ – тың капитал шығаруының негізгі өрісі Латын Америкасы ғана емес сонымен қатар Канада, батыс Еуропа және т.б. болған күйінде қалып отыр.
ҒТР жағдайында халықаралық эканомикалық байланыстардың бір түрі
ғылыми-техникалық ынтымақ болып келеді; ол ең жаңа техникалық жетістіктердің енгізілуіне, табиғи ресурстардың ұтымды пайдаланылуына
және т.б. жағдай жасайды . Бұл орайда ғылыми –техникалық ақпарат (патенттер мен лицензиялар) саудасы ерекше орын алады.
Соңғы жылдары бірқатар мемлекеттердің эканомикалық байланыстарының маңызды бір түрі компенсациялық мәлімелер деп аталатындар болып отыр. Бұл орайда шетелдік фирмалар қайсыбір елге несие береді, осы несие есебіне бір ірі шаруашылық обьектісі салынады. Ал обьект пайдалануға берілгеннен кейін бұл ел несиені дайын өнім беріп қайтарады.
Халықаралық экономикалық байланыстардың басқа да маңызды- маңызды түрлерінің қатарында несие –қаржы қарым – қатынастары, әр алуан қызмет көрсету, халықаралық туризм бар. Мысалы, көптеген елдерде (Испания, Грекия, Мексика және т.б.) туризмді қызмет түрлерімен қамтамасыз ету халықаралық маманданудың маңызды бір саласына айналды.
Жыл сайын туристік сапарларға Жер шары халқының үштен бірі қатысады. Дүниежүзілік экспорттың жалпы көлемінің 6 пайызы туризмнің үлесіне келеді. Жаңа ғасырдың басында ол дүние жүзінде жетекші экспорттық салаға айналады деген пікір бар.
Дүние жүзінің көптеген елдері үшін сыртқы сауда – сыртқы экономикалық байланыстардың негізгі түрі. Оның көлемі әдетте сыртқы сауда айналымымен, яғни сол елдің құндық формадағы экспорты мен импортының қосындысымен анықталады. Бұл көрсеткіш елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қаншалық қатысып отырғанын көрсетеді.
Елдің сыртқы сауданы реттеп отырудың негізгі екі құралын: кедендік тарифтер мен мөлшерлік шектеулерді қолданады. Кедендік тарифтер импорттық және экспорттық болады. Бірінші жағдайда мемлекет әкелінетін белгілі бір тауарға кедендік салық салып, оны қымбаттатады, демек бәсекеге қабілеттілігін кемітеді, мұның өзі отандық өнеркәсіптің жағдайын қолдауға көмектеседі. Екінші жағдайда отандық өнім қымбаттатылады, осы арқылы оның елден сыртқа тиімсіз шығарылуы тежеледі. Мөлшерлік шектеулер жекелеген тауарлардың әкелінуіне не сыртқа шығарылуына толық тыйым салу болып шығатыны жиі болады.
Дүниежүзілік шаруашылық шеңберінде халықаралық сауданың негізгі бірнеше географиялық бағыты қалыптасқан, бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, көлемі жағынан неғұрлым ірі сауданы Батыстың дамыған елдері мен Жапония өзара жүргізеді, дүниежүзілік тауар айналымында бұлардың үлесі 40 пайызға жуық болып отыр. Олардың өзара тауар айналымының айрықша бір ерекшелігі дайын өнеркәсіп бұйымдарының үлес салмағы жоғары болады. Өнеркәсібінің құрылымы сан салалы елдер- АҚШ пен Германияның импортында дайын бұйымдар үштен біріне жуық болып келеді.
Ресейдің кемел дамыған мемлекеттермен саудасының сипаты біршама басқаша. Бүгінде оған дүниежүзілік сауданың жалпы көлемінің не бары 2 пайызы ғана келеді. Шығыс –Батыс тауар айналымының құрылымы да қолайсыз. Батысқа экспорт отын – шикізат тауарларының шағын тобымен шектелген, бұл тауарлар оның 70 пайызынан астамы, ал Шығысқа экспорт көбіне машиналар мен жабдықтардан тұрады.
Елден шикізат тауарларының экспортқа шығарылуы фактісінің өзінде оғаштық жоқ. АҚШ та, Канада да, Швеция да, басқа индустриялық капиталистік елдер де экспортқа шикізат шығарады. Алайда қай ел болсын экспортта машиналар мен жабдықтардың ұзақ пайдаланылатын еңбек көп жұмсалатын тауарлардың үлес салмағын арттыруды көздеуі қажет.
Халықаралық саудада дамушы елдердің үлестері артып келеді. Мұның өзі бір жағынан шикізат экспортының ұлғаюы, екінші жағынан машиналар мен азық – түлік импортының көбеюі нәтижесінде болып отыр. Сауданың шарттары бұл елдер үшін қолайсыз болып қалыптасқан, өйткені машиналар мен жабдықтардың бағасы шикізаттың бағасына қарағанда шапшаң өсуде. Осыған байланысты егемен жас мемлекеттер үшін өнеркәсібі дамыған мемлекеттерге шикізат беріп тұрушы деген атақтан ұзақ уақыт құтыла алмау қаупі төнеді. Дамушы елдер сыртқы саудасын қайта құрып, өздерінің тауар айырбасының өнеркәсіп тауарларына айырбасының өнеркәсіп тауарларына шикізат беруге тән сипатын өзгертуге бекем кірісіп жатыр.
Дамушы елдердің өздерінің арасындағы сауданың болашағы мол; мұның өзі оларға ірі капиталистік елдердің нарығына шықпай – ақ бәсекеге шыдас беретін тауарлармен алмасуға жағдай жасайды.
Бақылау сұрақтары:
-
Ревальвация дегеніміз не?
-
Девальвация дегеніміз не?
-
Халықаралық саудада дамушы елдердің үлестері
-
Дүниежүзілік шаруашылық шеңберінде халықаралық сауданың негізгі географиялық бағыты
ТМД елдері
№ 204-сабақ
Тақырыбы: ТМД елдерінің ішкі және сыртқы экономикалық байланыстары.
Жоспар:
1. ТМД елдерінің ішкі және сыртқы экономикалық байланыстары.
2. Экономикалық байланыстары
3. Әлеуметтік – мәдени байланыстары
4. ТМД елдері мен Қазақстан арасындағы байланыстар
Сабақтың мақсаты: ТМД елдерінің ішкі және сыртқы экономикалық байланыстарын қарастыру
Теориялық мәлімет:
1.ТМД –Еуразия кеңістігіндегі өзара көмек және ынытмақтастық одағы. ХХ ғ. 90-жылдарындағы басты оқиғаладрың бірі – социялистік жүйенің және оның негізінде құрылған халықаралық экономикалық қатынастардың ыдырауы. Социялистік жүйенің темірқазығы болып саналатын Кеңестер Одағының бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге бөлінуі жаңа мемлекеттік құрылымдардың қалыптасуына, өндірістің қысқаруына, елдердің арасындағы шаруашылық – экономикалық және әлеуметтік-мәдени байланыстардың әлсіреуіне, тіпті үзілуіне апарып соқты.
Кезінде Кеңеңстер Одағы құрамында болған тәуелсіз мемлекеттер өздерінің экономикалық мақсаттары мен басым бағыттарын жүзеге асыра отырып, бұрынғы одақтас республикалар арасында тарихи қалыптасқан еңбек бөлінісі мен өзара ынтымақатстықтың қажеттілігіне көз жеткізді. Сөйтіп,ынтымақтастықты дамыту және одан әрі жетілдіру мақсатында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылды. Жаңа құрылған ТМД елдері экономикалық-әлеуметтік жағдайды орнықтырумен қатар, шекаралық мәселелерді де өз бетінше шешуге мәжбүр болды.
Экономикалық байланыстары. ТМД елдерінің құрылуы жаңа мемлекеттік құрылымдардың қалыптасуымен, өндірі өнімдерінің кенет төмендеуімен, елдер арасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-әлеуметтік байланыстардың қысқаруымен қатар жүрді. ТМД елдеріндегі өндіріс өнімнің жалпы төмендеуін 100% деп есептесек, оның 60%-ы осы шаруашылық байланыстардың үзілуінен төмендеді.
Тәуелсіздік алып, қайта құрылған мемлекеттердің үкіметтері өз мемлекеттерінің мүдделері мен экономикалық басылымдықтарын қалыптастыра отырып, бұрынғы одақтас республикалар арасындағы тарихи қалыптасқан еңбек бөлінісін сақтау қажеттігін түсінді. ТМД елдері арасындағы өзара экономикалық ынтымақтастық 1992 жылдың күзінен басталады. 1993 жылдың қыркүегінде Мәскеуде мелекет пен үкімет басшыларының қол қоюымен ТМД елдерінің экономикалық одағын құру туралы келісімшарт жасалды. Экономикалық одаққа алғашында 8 мемлекет, яғни Армения, Беларусь,Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекістан, Қырғызтан, Молдова кірді. Ал Украина мен Әзербайжан қауымдастықтың мүшелігіне кейінен енді. 2009 жылы 18 тамызда Грузия мемлекеті өз өтініші бойынша ТМД құрамынан ресми түрде шығарылады.
Елдер арасындағы қарым-қатынастар барлық еледр үшін тең мүмкіндіктер мен кепілдіктерді қамтамассыз етуге негізделіп, нарық экономикасы принциптеріне сәйкес құрылады. Бұл ТМД аумағында өзара тиімді, ауқымды экономикалық жобаларды жүзеге асыруға; экологиялық мәселелер мен қиындықтарды шешуге; жұмыс күшімен алмасуға; қаржы- несиелік,сыртқы сауда, кедендік және валюталық саясатты келісуге және сол сияқты мәселелерді бірлесіп шешуге мүмкіндік береді.
1994 ж. 15 сәуірінде қабылданған еркін сауда аймағын (ЕСА) құру туралы келісімге ТМД құрамына енетін барлық 12 мемлекеттің басшылары қол қойды. Еркін сауда аймағы кедендік одақ құрудың өтпелі кезеңі болып табылады.
1995 ж. Қазақстан, Беларусь, Қырғыстан және Ресей кедендік одақ құрды, оған 1998 ж. Тәжікстан қабылданды. Соның нәтижесінде бұл елдер арасында өзара қолайлы еркін сауда тәртібі қалыптасты. Мысалы 1995 ж. Кедендік одақ елдерімен тауар айналамы Беларусьте - 68%, Қазақстанда - 40%, Ресейде – 17% болып, ал ТМД елдеріндегі тауар айналамының жалпы өсімі 7% –ға жетті.
2000 ж . 6 қазанда Астана қаласында өткен кедендік одақ мүщелері - Қазақстан ,Беларусь,Ресей,Қырғыстан және Тәжікстан үкіметі басшыларының кеңесінде жаңа халықаралық ұйым – Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты (ЕЭҚ) құру туралы шешім қабылдады. Жаңа ұйым 2000 ж. 23 мамырдағы Халықаралық мемлекеттік кеңестің шешіміне сәйкес құрылды. Бұл ұйымның басты мақсаты – осы қоғамдастыққа енетін бестіктің шеңберінде біртұтас экономикалық кеңестік қалыптастыру. Бұл ұйым дербес халыаралық құқығы бар ұйым болып саналады. Қоғамдастықтың жоғарғы әкімшілік тұл ғасы 3 жылға сайланатын бас хатшы болып табылады. Жаңа қауымдастықтың құрылуы – ТМД-ның құрамындағы елдердің экономикалық саясатты, оның ішінде микроэкономикалық, валюталық, қаржылық және әлеуметтік салаларды үйлестіруді көздейтін ынтымақтастық аясын кеңейтеді. ТМД елдерінің одағы құрылғалы бері ынтымақтастықты үйлестірудің қандай жолы тиімді деген талас тоқтамай келеді. 1992-1994 жылдары ұзақ мерзімге бағытталған бұрынғыдай біртұтас бір мемлекетті қайта құру туралы да шешімдер қабылданды.
ТМД елдері басшыларының 1995- 1997 жылдары қабылданған шешімдері Ынтымақтасчтық еледрінің құқықтық мүмкіндіктеріне көбірек сәйкес келді. ТМД елдері шеңберіндегі халықаралық экономикалық өзара қатынастар тәжрибесі интеграцияның жеке аймақтардан әртүрлі қарқынмен басталып, біртіндеп басқа аймақтарға көшумен тиімді екендігін көрсетті. Мәселен, ең алдымен, екілік (Ресей мен Беларусь), одан кейін үштік (Орталық Азия мемлекеттер одағы), 1998 ж. Ол Тәжікстанның кіруіне байланысты төрттік одақ болып қайта құрылды. Соның нәтижесінде ТМД-ның барлық елдері (Түркіменстанды қоспағанда) бірнеше аймақтық экономикалық бірлестіктер тобына бөлінді. 2009 ж.27 қарашасында Минск қаласында Ресей, Беларусь және Қазақстан өз аумақтарында біртұтас кедендік кеңестік құру туралы келісімге қол қойды. Бұл келісім 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Бірақ бұл топтар анклав болып саналмайды. Орталық Азия одағына кіретін елдер (Өзбекістаннан басқасы) кедендік одаққа мүше, сол сияқты екілік одақ төрттік одақтың белсенді мүшелері болып табылады. ТМД елдері шеңберіндегі интеграциялық үрдістің дамуы әлі де бастапқы сатыда. Әлемдегі 30-50 жылдан астам қызмет еткен аймақтың интеграциялық топтардың тәжрибесіне көз салсақ, ТМД еледрі толыққанды экономикалық одақ құру үшін қандай қиындықтарға ұшырасатындығын болжау қиын емес. Оған күнделікті өмір шындығында көзіміз жетіп отыр. Бірақ қалай болғанда да біртұтас экономикалық кеңестікті қалпына келетіру ТМД елдеріне әжептәуір экономикалық нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. Мәселен, қосымша ивестиция салмай-ақ негізгі өнім өндіруді 1,5 есе арттыруға болады. Нақты айтсақ электр энергиясын өндіруге кететін жиынтық шығынды 20% -ға, металлургия өнеркәсібінде 15%-ға, машина жасауда 25%- ға төмендетуге мүмкіндік туады. ТМД елдерінің сыртқы экономикалық қызметтерін үйлестіруді жақсарту арқылы жиынтық сыртқы сауда баланысын 15-20 млрд Ақш долларына арттыруға болады.
Ең бастысы, ТМД елдеріндегі нағыз экономикалық интеграция олардың экономикалық жағдайының көтерілуіне қажетті тұрақты жағдай жасайды.
Әлеуметтік – мәдени байланыстары. ТМД құрамына енетін еледр арасындағы әлеуметтік –мәдени байланыстардың ұзақ тарихы бар. Ежелден тарихи көрші болып келген елдер арасындағы байланыстар 70 жылдан астам тарихы бар кеңестік дәуірде одан әрі тереңдеген болатын. Кеңестер Одағы ыдыраған соң, бұл байланыстардың барлығы да туындап отырған әлеуметтік- экономикалық жағдайлар тұрғысынан қайта қаралды. ТМД еледрі құрылып, еледр дербес мемлекет дәрежесінде қатар дамып жатқалы он жылдан астам уақыт өтті. Осы аралықта үзіліп қалған әлеуметтік-мәдени байланыстар қайта қалпына келтірілуде. Осы мақсатта Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде ғылым мен технологияның басты бағыттарын зерттеу және игеру, ұлттық білім беру жүйелерін қалыптастыру , ғылым мен мәдениетті дамыту, әлеуметтік дамудың ең төменгі көрсеткіштерін деңгейлестіру мақсаттарын көздейтін көптеген шаралар жүзеге асырылуда . Қазақстан Президенті Н.Назарбайевтың ұсынысы ббойынша Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа (ЕЭҚ) мүше елдер «Қарапайым халыққы қарай он қадам» деп аталатын, құрамы 10 түрлі келісімдерден тұратын шешім қабылдады. Бұл келісім халықтың білім мен дәрігерлік жәрдем алуын, азаматтық алуын, ғылым мен мәдениет жетістіктеріне қол жеткізуін қамтамассыз ету мақсаттарын көздейді. Қазақстан алғашқылардың бірі болып, осы шешім шеңберіндегі барлық мәселені қамтитын заңды құжаттарды толық тапсырды.
ТМД елдері мен Қазақстан арасындағы байланыстар. Қазақстан мен ТМД елдері арасындағықарым-қатынастың ең айқын көрінісі - сыртқы сауда айналымы. 2008 жылғы Қазақстанның ТМД елдерімен сыртқы сауда айналымы 28,5 млрд АҚШ долларын құрайды, оның 11 миллиарды импорттың, ал 17,5 миллиарды экспорттың үлесіне тиесілі. Қазақстаннан ТМД елдеріне кететін эксортқұрамы мыналар: астық,бидай және қарабидай ұны, темір кені, таскөмір, мұнай және газ конденсаты, алюминий, қара металл прокаты, әртүрлі құрал- жабдықтар, тыңайтқыштар. Олардың ішінен энергетикалық ресурстар жалпы өнімнің 54% -ын құрайды, тамақ өнімдері – 22% , ал химия өнімдері 12%-ын құрайды.ТМД елдерінен қазақстанға келетін импорт құрамы өсіидік майынан, кокс және мұнай өнімдерінен, табиғи газ, электр энергисы, жарылғыш заттар, дөңғгелектер, теміржол тетіктері, құбырлар, машина және оның жабдықтары, жеңіл және ауыр автокөліктер, карбонат өнімдерінен тұрады. Оның ішінде машина жабдықтары мен приборлар -29%, электр энергиясы – 29%, металлугрия өнімдері – 12%, химия өнімдері – 16%-ды құрайды.
Сонымен қатар ТМД елдері мен Қазақстан арасын жалғастырып жатқан ортақ теміржол желілері мен автомагистральдар елдер арасындағы тату көршілік пен тұрақты экономикалық, саяси - әлеуметтік байланыстарды одан әрі нығайту мен дамытуды қажет етеді.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ.
1.ТМД елдері қандай принцип негізінде бірікті және қандай даму бағытын ұстанып отыр?
2.Шанхай келісім ұйымы қашан құрылды? Оның құрамына қандай елдер кіреді?
3.ТМД елдері деңгейінде құрылған қандай бірлестіктерді білесіңдер?
4.Еуразиялық экономикалық қауымдастық дегеніміз не? Ол қандай мақсат көздейді?
№ 205 -сабақ
Тақырыбы: Ресей Федерациясы. Ресейдің экономикалық –географиялық жағдайы. Мемлекеттің қалыптасу тарихы.
Жоспар:
-
Экономикалық –географиялық жағдайы
-
Мемлекеттің қалыптасу тарихы
-
Әкімшілік- аумақтық құрылымы
Сабақтың мақсаты: Ресей Федерациясы. Ресейдің экономикалық –географиялық жағдайын. Мемлекеттің қалыптасу тарихын қарастыру
Теориялық мәлімет:
1.Экономикалық –географиялық жағдайы. Ресей Федерациясы (РФ) – Еуразияның солтүстік-шығысында орналасқан, аумағы жалпы құрлықтың 1/8 бөлігін қамтитын, жерінің ауданы жөнінен дүниежүзіңнде бірінші орын алатын аса ірі мемлекет. Ресей жері батыстан шығысқа қарай 9 мың км-ге (Калиниград обылысын есептемегенде), солтүстіктен оңтүскіке қарай 4 мың км-ге созылып жатыр. Ел аумағы 11 сағаттық белдеуді қамтиды.
Рсей аумағының 1/4 Еуропада, 3/4 –і Азияда орналасқан. Оның жағалауларын үш мұхиттың суы шайып жатыр. Ресей Федерациясының шекарасының жалпы ұзындығы 58,3 мың км, соның ішінде теңіздік шекара 38 мың км-ді құрайды.
Ресейдің әлемдегі ең ірі материкте орналасу оның экономикалық –географиялық жағдайының қолайлы жағы болып табылады. Өйткені Еуразияда дүнеи жүзі мемлекеттерінің 40%-дан астамы, халықтың басым көпшілігі орналасқан. Жалпы алғанда, Ресейдің 12 мемлекетпен теңіздік шекарасы бар, ал 14 мемлекетпен құрлық арқылы байланысқан. Ресей құрамына енетін Калиниград обылысы анклав болып табылады, өйткені оның елдің негізгі бөлігімен ортақ шекарасы жоқ.
Көршілес мемлекеттердің көп болуы, олардың көпшілігінің неғұрлым дамыған батыс бөлікте орналасу елдің сыртқы байланыстарына қолайлы ықпал етеді.
Дегенімен Ресейдің өзінің көпшілік жағдайының қолайлы тұстарын әлі де болса толығымен пайдаланбай келеді. Ресейдің Географиялық орны әлемдік экономикалық орталықтарға қатысты алғагнда, қолайсыз болып табылады. Өйткені ол Батыс Еуропаның дамыған елдерімен, АҚШ жіне Жапониямен тікелей құрлық арқылы шектеспейді, аса маңызды теңіздік сауда жолдарынан алыста орналасқан. Алайда ел аумағының Еуропаны Шығыс және Оңтүстік -Шығыс Азия елдерімен теміржол арқылы байланыстырып жатуы, Солтүстік теңіз жолын игеруі Солтүстік Еуропа, Оңтүстік- Шығыс Азия елдерімен байланысты жақсартуға оң ықпал етеді. Қиыр Шығыстың айрықша орны әлемдегі үш ірі мемлекеттің (Ресей, Қытай,Жапония) тоғысында жатуымен анықталады. Реейдің тынықмұхиттық жағалауы Азия –Тынықмұхит аймағындағы елдердің барлығымен де теңіз арқылы байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
2.Мемлекеттің қалыптасу тарихы. Ресей – сан ғасырлық тарихы бар ежелгі мемлекеттердің бірі. Орыс мемлекеті айқын ажыратылатын табиғи шептері жоқ аумақта қалыптасты. Сондықтан орыс жері талай рет сыртқы жаудың шапқыншылығына ұшырады, Бытыраңқы орыс жерлерінің Мәсеку айналасында бірігу XIV-XVғасырларда жүрді. XV ғасырдың 80 –жылдарына қарай татар- моңғол болашақтағы күшті Орыс мелекетінің негізі қаланды.
Кейінгі ғасырда Орыс мемлекеті көршілес аумақтарды басып алып, өзінің құрамына қосу саясатын жүргізді. Солтүстік- батысындағы, шығысындағы , оңтүстік-шығысындағы аумақтарды күшпен бағындырған Ресейдің XVІ ғасырда Батыс Сібір халықтарын қосып алу мақсатында көршілес елдермен,соның ішінде құдіретті Осман империясымен ұзаққа созылған соғыс жүргізуге мәжбүр болды. Нәтижесінде Киев бағындырылып, Ресей Азов теңізіне шығуға мүмкіндік алды.
XVІІІ ғасырда шведтермен болған соғыс нәтижесінде Ресейдің географиялық шекаралары одан әрі кеңейіп, Балтық теңізіне шықты. Ең бастысы Ресей Батыс Еуропа елдерімен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік алды. І Петр патшалық еткен кезеңде «Еуропаға терезе ашылуы» және түбегейлі қайта құрылудың жүргізілуі Ресей геосаясаты бағытының Шығыстан Батысқа бет бұрғанының белгісі еді. Осы кезден бастап елдің сыртқы ғана емес, ішкі жағдайына да өзгерістер енді.
1991 жд. Ішкі қайшылықтар мен сыртықы жағдайлардың ықпалымен ыдыраған Кеңес Одағының басты мұрагері ретінде Рсей Федерациясы жаңа геосаяси күйзелісті басынан кешірді. Біртұтастывғы бұзылған кеңістікте экономикалық байланыстар әлсіреумен қатар, Ресей мемлекетіне онша қолайды емес геосаяси жағдай қалыптасты.
НАТО елдрімен, оның ішінде АҚШ-пен ұзаққа созылған экономикалық бәсекелестік пен жаппай қарулану, «қырғиқабақ соғыс» саясатының аяқталуы Ресейдің сыртқы саясатына бетбұрыс кезең болды. Ендігі жерде Ресйдің белгілі бір елднр тобына бағдарланған саясат жүргізуге қарағанда, өзінің экономикалық, саяси мүдделеріне сай келетін мемлекеттердің барлығымен өзара тиімді байланыстар орнатуға көшті. Геосаяси тұрғыдан алғанда, Ресей нағыз ашық мемлекетке айналды. Дегенімен НАТО елдері шекарасының Шығыс Еуропа мемлекеттері есебінен кеңейіп, құбылыс ретінде бағаланбайды.
Ресей геосаяси тұрғыдан ТМД елдерімен, Еуропалық Одақпен, Азиялық Тынықмұхитпен аймақ елдерімен жан-жақты байланыстар орнатуға мүдделі. Әсіресе, АҚШ, әлемдік экономика мен саясаттың жаңа орталықтары болып табылатын Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия және Үндістанмен қарым- қатынастарды жаңа деңгейге көтеру елдің геосаяси жағдайын нығайтуға түспекші.
3.Әкімшілік- аумақтық құрылымы. Ресей Федерациясы құрамына тең құқықты федерациялық бірліктер: 21 республика, 4 дербес округ, 1 дербес обылыс, 9 өлке,46 обылыс,2 федерациялық деңгейдегі қала (Мәскеу және Санк-Петербург) енеді. Әрбір федерациялық бірліктің заң шығару , сот және басқа органдары бар. Сонымен қатар Рсей Федерациясы аумағында мемлекеттік биліктің біріңғай органдары қызмет етеді, жалпыға ортақ Конституция, бірегей азаматтық, ортақ ақша бірлігі және т.б. тағайындалған.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ.
-
Ресейдің экономикалық-географиялық басты ерекшеліктері қандай?
-
Елдің экономикалық-географиялық жағдайы оның экономикасына қалай әсер етеді?
3. Ресей мемлекетінің тарихында оның геосаяси жағдайы қандай өзгерістерге түсті?
№ 206 -сабақ
Тақырып. Табиғат жағдайлары және табиғат ресурстары.
Жоспар.
-
Табиғат жағдайлары.
-
Табиғат ресурстары.
Сабақтың мақсаты: Табиғат жағдайлары және табиғат ресурстарын қарастыру
Теориялық мәлімет:
1.Табиғат жағдайлары. Ресейдің табиғат жағдайы алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Ол, ең алдымен, алып жатқан аумағының өте үлкен болуымен байланысты. Ресейдің жерінің көпшілік бөлігін жазықтар (70%-ға жуығын) мен 1000м биіктікке дейінгі таулы үстірттер алып жатыр. Олардың ауданы жағынан ең ірілері: Шығыс Еуропа жазығы, Батыс Сібір ойпаты мен Орта Сібір таулы үстірті. Олардың оңтүстігі мен шығысын таулар қоршай орналасқан. Жер бедерінің құрылымы шаруашылық әрекеттерді жүргізуге қолайлы болып келеді. Солтүстікке қарай ендік бағыттағы тау жоталарының болмауы арктикалық ауа массаларын оңтүстіктегі тау белдеулеріне дейін еркін қозғалуға мүмкіндік бересе, керісінше Қиыр Шығыстағы тау жоталары Тынық мұхит үстінен келетін ылғалды ауа массаларының тереңдеп енуіне кедергі жасайды.
Географиялық орны, жер бедерімен климаттық жағдайдың арақатынасы Ресей жерінде мынадай табиғат зоналарын қалыптастырады; тундра, орманды тундра, ормандар ( тайга, аралас және жалпақ жапырақты ормандар), орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары. Таулы аудандарда биіктік белдеулер тән. Осындай табиғат жағдайы ауыл шаруашылығының мамандануына, халықтың орналасуы мен тығыздығына, өнеркәсіппен құрылыс кешендерінің қалыптасуына өзіндік ықпалын тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |