Алпыс бір жас – адамның даналығы артып, өзінен туған балаға сын көзбен қарап,
басқан ізін аңдып, жаман-жақсысын ажыратып, өзі де тәрбиеге келетін кезеңі.
Жетпіс үш жас – бұл кәріліктің мойынға мініп, аяғын тұсап, отырса тұруы, тұрса отыруы
мұң,
жатса ұйқы жоқ, адамның діңкесі құрып, "ай хай, жас кезім-ай" деп көкірегі қарс
айырыла күрсініп, дөңбекшіп барып ұйықтайтын кез.
Сексен бес жас – бұл мүшелде адамның айдай басы қатып, өзінен кейінгілермен бала
құсап ұрсысып, жеген тамағын жеген жоқпын деп, өкпелейтін кезеңі.
Жеті мүшелден кейін "сарқыншақ", "таусыншақ" деп сұрауы жоқ мүшелге теңейді.
Достарыңызбен бөлісу: