Семинар жинағы Шымкент 2023 1-семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі


Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы



бет6/40
Дата09.10.2023
өлшемі431.82 Kb.
#480226
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Психология пәні семинар жинағы

Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы. Кез -келген құбылыс сияқты жеке тұлғаның психикалық өмірі белгілі құрылымнан тұрады. Адамның дара психологиялық ерекшеліктеріне байланысты және жеке тұлғаның өзіне тән құрылымын белгілеуге болады. Жеке тұлғаның құрылымының бірінші бөлігі оның бағыттылығын сипаттайды немесе адамның шындық дүниеге таңдамалы қатынасы. Бағыттылық әртүрлі қасиеттерлің өзара байланысты қажеттіліктер мен қызығулардың, идеялар мен тәжірибелік ұстанымдардың жүйесін қамтиды.
Ондай жағдайда бағыттылық бөліктерінің бірі үстемдік етеді және басты мәнге ие болады, сол уақытта басқалары тірек қызметін атқарады. Үстемдік ететін бағыттылық жеке тұлғаның бүкіл психикалық қызметін анықтайды. Мәселен, танымдық қажеттіліктің үстемдік етуі соған сәйкес еріктік және эмоциялық көңіл-күйдің көтерілуіне алып келеді, ол өз кезегімен интеллектуалдық іс-әрекеттің белсенділігін арттырады. Бір уақытта табиғи қажеттіліктер біршама тежеліп, күнделікті тіршілік күйді кейінге, екінші кезекке ығыстырады.
Жеке тұлға өзінің айналысқан қызығуының мақсаттылығын негіздей бастайды, оған ерекше қоғамдық және жеке мән береді.
Жеке тұлғаның психологиялық құрылымының екінші бөлігі жеке тұлғаның мүмкіншілігін айқындайды және белгілі бір іс-әрекетті нәтижелі қамтамасыз ету үшін қабілеттіктерді қамтиды. Қабілеттіліктер өзара байланысты және бір-бірімен өзара әрекет етеді. Тәртіп бойынша қабілеттіктердің бірі үстемдік етеді, жетекшілік етеді, басқалары оған бағынады. Мәселен, А.С.Пушкинде ақындық өнер үстемдік етті, бірақ ол өзін тарихшы және талантты суретші ретінде де таныта білді. Сол сияқты М.Ю. Лермонтов туралы да айтуға болады. Қабілеттіктердің арақатынасының сипатына бағыттылықтың құрылымы әсер етеді. Өз кезегімен қабілеттіктерді даралау жеке тұлғаның шындыққа қатынасының таңдамалығына әсер етеді.
Жеке тұлганың бағыттылығы. Жеке тұлғаның негізгі сипаты оның бағыттылығы болып табылады. Бағыттылық адам алдына қойған мақсатты анықтайды, сол мақсатын орындауға ұмтылысы тән, түрткілер арқылы адам іс-әрекеттер жасайды, қызығуларды адам іс-әрекетте басшылыққа алады.
Белсенділік — жеке тұлғаның басты жалпы қасиеті, ол іс-әрекетте, қоршаған ортамен қарым-қатынас үрдісінде байқалады. Адамды белгілі бір жағдайда әрекет етуге, алдына, мақсат қоюға және оны орыңдауға итермелейтін не? Осындай итермелейтін себепке қажеттілік жатады. Қажеттілік адам тарапынан белгілі бір затқа мұқтаждық, бір нәрсенің жетіспеуі, белгілі бір нәрсеге қанағаттанбау тұрғысында іске асады, ал жеке тұлғаның белсенділігі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады.
Адам қажеттілігі әртүрлі. Ең алдымен адамның өмір сүруін тікелей қамтамасыз ететін табиғи қажеттіліктерді атап өтуге болады: тамаққа, ұйқыға, киімге, суықтан және ыстықтан сақтау құралы ретінде тұрғын үйге қажеттілік. Бұл негізінен биологиялық қажеттіліктер, сонымен қатар олар
жануарлардың қажеттіліктерінен түбірлі айырмашылықтары бар. Оның ішінде, біз оны қанағаттаңдырудың әлеуметтік сипаты туралы айтып отырмыз.
Адамда табиғи қажеттіліктермен қатар таза адами, рухани немесе әлеуметтік қажеттіліктер болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет