Семинар жинағы Шымкент 2023 1-семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі


Естің негізгі механизмдері мен процестері



бет15/40
Дата09.10.2023
өлшемі449.03 Kb.
#480164
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   40
Психология пәні семинар жинағы

Естің негізгі механизмдері мен процестері
Ес механизмі туралы нейрофизиологиялық болжам ми нейтрондары бойларынан нервтік импульс өтетін жабық тізбектер құрайды, онда миға келіп түскен және онда өңделуден өткен ақпарат сақталады. Нервтік импульстің қайталап өтуі синапстардың (екі нерв клеткасының немесе олардың тармақтарының түйіскен жері) құрылымын өзгеріске ұшыратады. Нерв импульстерінің тасқыны қайталанса, процесс әлдеқайда жеңіл болады. Импульс қызметі ұзаққа созылғанда синапстар қызметі күшейе түседі, бұл олардың құрылымына әсер етеді. Оқыту процесі ми қыртысының физикалық және химиялық күйіне әсер етеді, ол іздердің ми қыртысында бірлесіп нығаюына алып келеді.
Жүйке процесінің уақытша байланыстары негізінде бұрынғы қабылданғандар еске түседі. Естің бұл күйі қайта жаңғырту делінеді.
Қайта жаңғыртуда тану мен еске түсіру қызметі бірін-бірі толықтырып отырады. Қабылданған нәрселердің есте қалғаны естің материалы делінсе, ал есте, сақталып, қайта жаңғырғаны естің мазмұны болып сақталады. Адам өзінің, басқалардың ойы мен бастан кешкен сезімдерін, іс-әрекеттерін сөз арқылы қайта жаңғыртады.
Есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану ес процестері болып саналады. Ес адам тіршілігінде маңызды орын алады. Есте қалдыру адамның өмір тәжірибесін байытады. Адамның есі үнемі дамып, жетіліп отырмаса, онда ол жаңа туған нәресте дәрежесінде қалып қояр еді. Өмір тіршілігіне қажетті нәрселердің бәрінің ес процесінсіз болуы мүмкін емес. Ес осы заманғы психология ғылымының даму сатысында өзекті мәселенің бірі болып саналуымен қатар, техникалық ғылымдар саласында да ерекше маңызды. Есті осы заманғы психология ғылымы тұрғысынан зерттеуде негізгі әрі жанды болып отырған — есте қалдырудың механизімі туралы мәселелер.
Қазіргі кезде ес туралы түрлі анықтамалар мен теориялық болжамдар бар. Алайда, тұрақты түрде тұжырымдалып, бір жүйеге түскен теория жоқ. Бұл жайт ес процесінің осы кезге дейін әр тарапты қызу зерттелгендігін, ол жөнінде бірнеше ғылыми жорамалдар мен концепциялар және әрқилы модельдер бар екендігін көрсетеді. Соңғы жылдары ес психологиядан басқа ғылым салалары арқылы да қарастырылуда. Осы орайда, бүгін де естің механизмі мен оның заңдылықтары жайында қалыптасқан психологиялық және нейропсихологиялық бұрынғы бағыттарға қосымша үшінші бағыт — биохимиялық тұрғыдан іздестіру қосылып отыр. Сондай-ақ есті бұлармен қатар кабернетика ғылымы тұрғысынан зерттеуде де едәуір қалыптасқан жүйелер бар.
Естің психологиялық теориясы ес механизмін зерттеудің ең бастапқы бағыты болып есептеледі де, осы тұрғыдағы зерттейлер мен көзқарастар көптеген бағыттарға және теорияларға тарамдалады. Осындай тарамдалудың негізі ретінде естің дамуындағы адамның белсенділік әрекеті алынады. Ал ес жайындағы бір сыпыра теориялар (бұлар өзгелерінен гөрі басымырақ) басты мәселе етіп сол күйінде объектіні («материалды») немесе «таза» сананың белсенділігін (субъектіні) алады. Бұл бағыт адам іс-әрекетінің материалға қатысы жоқ деп санайды. Мұндай көзқарастың сыңаржақты, үстірт пікірді білдіретіндегі анық.
Психологиялық тұрғыдағы көзқарастар тобы – ассоцияциялық (байланысты) бағыт делінсе де, оның негізгі мәселесі мен өзекті ұғымы – ассоцияциялық байланыстар. Осы байланыстар психикалық міндетті түрде жасалу принцпі болып саналады. Сөйтіп, екі түрлі елес пен әсерлену санада бір мезгілде бой көрсетеді. Осыған орай есте әр түрлі сыртқы жағдайларға байланысты пайда болып отыратын мынадай үш типке бөлінеді: а) әсерленген объектінің кеңістік пен уақытқа орай араласып келуі; ә) өзара ұқсастығы; б) бір-бірінен айырмашылығы мен қарама – қарсылығы. Сыртқы дүние құбылыстарының өзара қатынасынан ассоцияциялардың мынадай үш түрі жасалады: 1) Аралас не іргелес ассоциациялар ( мысалы: түс (реңк) – сары). 2. ұқсастық ассоциациялар (қарындаш, дәптер). 3. қарама-қарсылық ассоциациялар (ақ – қара; ұзын – қысқа т.б.). Мұндай ассоциациялық принцптерді тұңғыш рет зерттеп, оларды тұжырымдаған – ертедегі грек философы Аристотель (б. З. Д. 384-322жж.). Атақты физиолог ғалым И.П. Павлов ассоциацияларды шартты рефлекс теориясымен түсіндіріп, ми қабығында екі екі қозу процесінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет қайталау нәтижесінде бекітіп отыратын уақытша байланыстар деп анықтайды. Бұл ілім естің физиологиялық теориясы деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет