Семинар жинағы Шымкент 2023 1-семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі



бет3/40
Дата09.10.2023
өлшемі449.03 Kb.
#480164
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Психология пәні семинар жинағы

Психиканың өзінің даму сатыларына келсек:
- біріншісі қарапайым сенсорлық (сезімдік) психика сатысы
- келесі даму сатысы - перцептиптік психика сатысы.
- психиканың дамуының ең жоғарғы сатысы – интеллект сатысы.
Эволюциялық дамуда психиканың бір орында тұрмайтындығын, оның өсіп, дамып отыратындығы ғылымға ерте кезден-ақ мәлім. Әсіресе, бұл жөнінде Дарвиннің эволюциялық теориясы көп жаңалықтар қосумен бірге бұл мәселені анықтап шешуге жаңа тұжырымдар енгізді. Психиканың өсіп дамуына эволюциялық теорияның көзқарасы бойынша өсіп-даму, жай ғана көбею немесе азаюды қайталаумен ғана пара-пар
Даму– сапалық даму емес, жалғыз ғана сапалық даму. Ескі сапалар құрып, олардың дамуына жаңа сапалар пайда болмайды, даму - бір қалыпта, біркелкі жайбарақат қана дамып отырады. Психиканың дамуын жалғыз ғана сыртқы өзгеріс емес - психиканың мазмұнымен байланысты ішкі сапалы даму.
Психика-жүйке саласының қасиеті.
Психика дегеніміз- обективті дүниені субективті бейнелендіру болып табылады. Психикалық бейнелену - ақиқаттың шынайы және дұрыс бейнеленуі. Ақиқаты бейнелендірудің дұрыстығы адам заттың қоғамдық тарихи практикасымен тексеріледі.
2. Психикалық дамудың алғашқы қарапайым формалары: тітіркенгіштік, сезгіштік, инстинкт, интеллект.
Психиканың пайда болуы, яғни генезисі және оның дамуы туралы проблемалар өзара тығыз байланысты. Сондықтан да психика дамуы туралы жалпы көзқарас психиканың туындауы жөніндегі мәселенің теориялық ерекшеліктерімен сипатталады.
Аталған проблема бойынша ғылымда бірнеше теориялық бағыг қалыптасқан. Ең алдымен бұлар арасыңда философиялық ой-пікір тарихыңда Р. Декарт есімімен байланысты ғылыми елеуге тұрарлық «ангропопсихизм» бағдары. Оның мәні: — психиканың пайда болуы адамның келіп шығуымен байланысты. Психика тек адамға тән қасиет. Осылай пайымдаудан адам психикасының біз білетін тарихтан бұрынғы болмысы түгелдей жоққа шығарылды. Мұндай пікір қазіргі күнде де өз қолдауын табуда. Бұған қарама-қарсы, екінші теория «панпсихизм», яғни бүкіл табиғаттың жан-рухи қасиетке иелігі жөніндегі үғым. Бұл біріне бірі қайшы екі көзқарастың аралығында кеңірек өріс алған «биопсихизм»теориясы бар. Биопсихизмшілдердің пікірі -психика жалпы материяның қасиеті емес, ал оның тек жанды бөлігіне ғана тән нәрсе. Қойылғанпроблеманың шешіміне орай өрістеген және бір көзқарас: психика барша жанды материяның қасиеті емес, ал олардың арасындағы жүйке жүйесіне (нервная система) ие болғандарына ғана тән құбылыс. Мұңдай тұжырым «нейропсихизм» деп аталған.
Ғылыми психологая аталған тұжырымдардың бірде-бірін толығымен құптай алмайды. Оның дөлелдері басқаша: психологияньщ туындауы жөніңдегі мәселенің шешімін өмірдің өте күрделі формасы — психиканың туындауына себепші болған жағдайларды зерттеп танумең байланыстырады. Тіршілік пайда болуының негізгі шарты -қоршаған ортамен тұрақты зат алмасуға икемделген күрделі ақуызды (белокгы) молекулалардың түзілуі. Өздерінің тіршілік қалпын сақтап қалу үшін олар қоршаған ортадан қорек заттарды сіңіріп, сонымен бірге қалыпты өміріне зиянды қорытылған қорек қалдықтарын сыртқа шығарьш отырады. Ассимиляция және диссимиляция деп аталған бұл екі процесс зат айналымының құрамды бөлектері болумен күрделі ақуызды түзілімдердің негізгі жасау шарты болып табылады.
Бұл өте күрделі ақуызды молекулалар, каоцерваттар, пайдалы қоректер мен оларды қорытуға немесе өміріне қауіп туғызатын не зиянды әсерлерге жауап бергізетін ерекше қасиеттерге ие. Мысалы, мұңдай молекулалар тек қөректік заттарға ғана емес, сол заттарды қорытуға себін тигізетін жарық пен жылуға да үнавды әрекетпен жауап береді. Ал шектен артық — механикалық не химиялық — қалыпты жасауына кедергі болатын әсер-лерге қарсылық білдіреді. Зат алмасу процесіне қатысы жоқ, бейтарап өсерді тіпті елемейді.
Каоцерватгардьщ иңциферент (қатысы жоқ) әсерлер-ді елемей, зат алмасу процесіне себепші өсерлерді сезу қасиеті тітіркену деп аталады, ал бүл тітіркену қүбылысы органикалық емес материяның органикалық жағдайға ауысқанында көрінеді. Тіршілікке маңызды өсерлерге болған тітіркену процестері, тітіркенудің жоғары мамаңданған формала-рының қалыптасуы жөне олардың ұрпақтан урпаққа бері-ліп отыруы дүниесідепаталғанөміркезеңініңсипатына айналады. Мысалы, күн жарығына орай өсімдік тамырының терендеуі, дарақ діңінің қисық болуы, өсім-діктің күн сөулесін бағуы сияқты қүбылыстар — бөрі осы биотикалық өсерлерден болған тітіркенудің нәтижесі. Өсіңдік өмірі үшін мәнді және бір жағдай бар. Биотика-лық әсерге қарқынды зат алмасумен жауап беруші өсім-діктер нақты зат алмасу кезівде өзге өсерлерді «байқа-майды». Олар қоршаған ортада белсеңці (актив) бағыт-бағдар таңцай алмайды. Мысалы, адым жерде күн сәуле-сі жарқырап түсіп түрғанымен, өзі тасада қалған өсімдік жасай алмайды.
Мұндай өмір сүрудің енжар (пассив) формасынан тіршілік эволюциясының келесі кезеңі — жәндік-жаңуар-лар дүниесі — айрықша сипатқа ие. Бүл кезевдегі жал-пы, ең қарапайым тіршіліктің даму барысьшда пайда болған бейнелеудің бастапқы формасы — сезу (чувствитель-ность) екені жөніңце ғылымдық болжам бар (А. Н. Леонтьев). Бүл болжам бойынша, ең қарапайьщцарынан бас-тап әрбір тірі организге төн қүбылыс — жануардың тек зат алмасуға қатысты биологиялық өсерлерге жауап беріп қоймастан, биологаялық мәнсіз не «бейтарап» өсерлерге де, егер олардьщ өмірлік қажеттілігі жөніңде хабар түссе, жауап бере алуы. Басқаша айтсақ, жануарлар, тіпті ең қарапайымдары да, қоршаган ортада белсеңді түрде бағыт-бағдар іздестіреді, өмірлік маңызды жағдайларды қарастырады, төңірекгегі барша өзгерісгерді байқастырады. Мүвдай алғаш биологиялық маңызсыз, ал соң өмір қажеттілігіне айналған әсерлерді бақылау қабілеті — сезу деп аталады. Сезу қүбылысы психиканың туывдауында объектив биологиялық белгі қызметін атқарады.
Тіршілікке қажет әсерлер туралы хабар (сигнал-дар) тиісті мүшеге түсуімен бейтарап тітіркендіргіштерді де қабылдай алатьш сезу қасиеті өмір (тіршілік) формасыиа түпкілікті өзгерістер енгізді. Ең бастысы, тіршілік иесі қор-шаған ортада бағдарлау қабілетіне ие болып, онда болып жатқан әртүрлі өзгерістерге белсенді қатьшас жасай отырып, өсімдіктерге тән емес, әрекет-қылықтың (поведение) жеке-дара өзгермелі формаларын қалыптастыра бастады.
3. Адам психикасының жануарлар психикасынан сапалық айырмашылығы бар. Адам психиканың ең жоғарғы түрі-сананың болуымен ерекшеленеді. Адам саналы құбылыс болып табылады. Сана адамның мақсатты еңбек қызметінде, іс-әрекеті мен мінез-құлқында аңғарылады. Адам белгілі бір іс-әрекетті орындамастан бұрын, оны ой елегінен өткізеді, алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен тәсілдерін жоспарлайды.
Психикалық өмірдің құбылыстары жан-жақты, бірақ олар бір-бірінен томаға тұйық өмір сүрмейді, бір-бірімен байланысты.
Психология ғылымының ең негізгі міндеттерінің бірі -барлық психикалық құбылыстарды зерттеу және түсіндіру болып табылады, демек, олардың пайда болу, қалыптасу және даму негізіне жататын объективтік заңдылықтарды ашып көрсету. Психикалық өмірдің заңдылықтарын білу, оны оқыту және тәрбие тәжірибесінде пайдалану үшін қажет. Тек қана психикалық үрдістер мен құбылыстардың заңдылықтарын білу және оларға арқа сүйеу, белгілі-бір шәкірттің дара психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту және тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыруға болады.
4.Дүниеде ең ғажап керемет құбылыс – адамның рухани дүниесі, сана, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін,әдебиет, философия, ғылым осыларың бәрі сол сананың құдіреті. Обьективтік дүниеде саның баламасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сондықтан қашан да сананы болмыстан жоғары қоятын ұғым туып оны бастапқы деп санаған. Сана мисыз өмір сүре алмайды, ал біздің түйсіктерімізге әсер ететін сыртқы дүние. Сол әсерлер орталық жүйке жүйелері арқылы адам миына жетеді. Ми оларды қорытады,шешім жасайды. Әрине адам ми арқылы ойлайды, бірақ оның мәні сыртқы дүниеде, соны бейнелеуінде. Ми ең алдымен обьективті ақиқатты дәл, былайша айтқанда сыртқы дүниені дұрыс бейнелейтін орган. Бірақ сана мен обьективті ақиқат ешқашан дәлме дәл келмейді. Сана оның идеалдық бейнесі. Ұны гегельде мойындаған. Бұл дәлдік пен айырмашылық диалектикасы. Сананың мәнінде білім жатыр. Ал оны туғызатын танымдық ізденіс. Әр нәрсені білуге, ұғынуға талпыныс, ізденіс ізденіс сайып келгенде сананы құрастырады. Сана материядан мүлде өзгеше сапа, рухани құбылыс.
Сана адам миы жұмысының нәтижесінде іске асса бейсаналық мидың қатысынсыз іске асады. Яғни адам кейбір істерде үйренген әлісімен ойланбай ақ дұрыс жасай алады, бұл құбылыстарды философтар бейсаналық деп түсіндіреді. Айталық, музыкалық аспаптардың клавиштерін, пернесін ойланбай ақ дәл басады. Көшеде келе жатқан адам нешетүрлі ой ойлайды, соған қарамастан, таныс кісінің сәлеміне жауап береді, көшедегі жол сілтегішті байқайды. Осындай сан қилы жағдайлар өмірде болып жатады. Адам оның бәріе санамен ойлап жатпайды. Көп нәрсе жаттықан, дағдыланған түрде жасалады.
Адамның саналы тұлға ретінде қалыптасуында еңбектің рөлі зор. «Адамды адам еткен – еңбек» деген тұжырым соны толық аңғартады. Адамның пайда болуының өзі тікелей еңбек етуге үйренуімен байланысты. Еңбек әрекеттері арқылы ми мен сезім мүшелерінің кызметі жетіле түсті. Соның нәтижесінде, адамның таным кабілеттері де дамыды. Еңбек етіп, бірімен-бірі қарым-қатынас жасауының арқасын-да сөз пайда болды. Айқын сөз негізгі қарым-қатынас құралына айналып, қоғамның қалыптасуына мүмкіндік туғызды. Адамның қалыптасуында жеке адамдардан отбасы құралды. Туыстық жақын отбасылар бірігіп үлкен әулет құрады. Еңбек ету, қарым-қатынас барысында ұжымдар пайда болды. Ұжымдардан бірте-бірте коғам қалыптасты. Әрбір саналы адам — өзі өмір сүрген қоғамның толық мүшесі болып саналады. Қазіргі кезде өмір сүріп жатқан адамдардың дене бітімі, санасы толық қалыптасқан. Қазіргі кезде қалыпты анатомия ғылымында кемел адам (нормальный человек) деген ұғым бар. Дені сау адам қоғамдағы жауапкершілікті жақсы сезінеді.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Тәжібаев Т.Т. Жалпы психология. Алматы: «Қазақ университеті», 1993. 2. Аймауытов Ж. Психология, 1995.
3. Жарықбаев Қ.Б. Психология. Алматы, Білім, 2005.
4. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы: «Эверо», 2005.
5. Джакупов С.М. Психология позновательной деятельности. Алматы, 1992.
7.Жақыпов С., Бердібаева С.Психологиялық зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу тәсілдері. Алматы, 1998.
8. Алдамұратов Ә. Қызықты психология. Алматы, 1992.
9. Сейтәлиев Қ. Жалпы психология. Алматы, Білім, 2007.
10. Бап-Баба С. Жантану негіздері. Алматы, 2001.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет