Семинар жинағы Шымкент 2023 1-семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі



бет24/40
Дата09.10.2023
өлшемі449.03 Kb.
#480164
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40
Психология пәні семинар жинағы

Бақылау сұрақтары:

  1. Қиял дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

  2. Қиял түрлерін сипаттаңыз және олардың адамның практикалық іс-әрекетіндегі маңызын дәлелденіз.

  3. Түс көру деген не?

  4. Ойлаудың негізгі түрлері мен формаларын атаңыз.

  5. Жасанды интеллект ұғымын қалай түсінесіз?



Әдебиеттер:

  1. Тәжібаев Г. Жалпы психология. 206-212 беттер.

  2. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993. 178-194 беттер.

  3. Рубинштейн Л. С. Основы общей психологии. 295-309 беттер.

  4. Гамезо М. В. Атлас по психологии. М., 1997. 175-193 беттер.

  5. Столяренко Л. Д. Основы психологии. М., 1997. 43-57 беттер.

  6. Аймауытұлы Ж. Псиқология –А., 1995. –167-172 беттер.

  7. Nurzhanbaeva ZH.O., Aidarbekova G.S., Erkinbekova A.S., Nigmatullina Sh. Sh. Psychology and Cultural Studies. Teaching guide 2019

  8. Сабирова Р.Ш., Жансерикова Д.А., Лазарева Е.А. Психология және адам дамуы. Сызбалар. Оқу құралы. 2019

  9. Лазарева Е.А., Сабирова Р.Ш., Жансерикова Д.А. Психология и развитие человека. Схемы. Учебное пособие. 2019

  10. Арнайы психология негіздері (Арнайы психологияның жалпы мәселелері, Даму бұзылуы бар балаларды зерттеу қарастырылған) / Тебенова К.С, Рымханова А.Р. - АҚНҰР, 2019

9-семинар
Cеминар сабағының тақырыбы: : Сөйлеу
Сабақ жоспары:

  1. Сөйлеу туралы жалпы ұғым.

  2. Сөйлеудің түрлері мен қызметтері

  3. Сөйлеу процестерінің 4 түрі: айту, тыңдау, оқу, жазу.



Сабақ мақсаты: Сөйлеудің түрлері және формалары туралы түсінік беру.


Сөйлеу және тіл. Сөз және оның мазмұны. Сөйлеудің түрлері және формалары.
Сөйлеу— адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамның психикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызша не жазбаша айту, диалог түрінде айту, көпшілік алдында айту, тындаушының білім дәрежесін, жас мөлшерін ескеру т. б.) сай түрліше құрылады. Сондықтан Сөйлеудің коммуникативтік жағдайға сай стилі қалыптасады. Сөйлеу мен тіл бір емес. Егер тіл қарым-қатынас құралы болып табылса, Сөйлеу сол құралдын нақты қолданыста көрінетін түрі болып табылады. Сөйлеуге тән қасиеттер: дауысталу, тембрлік сипат, артикуляциялық анықтық, темп, акцент т. б.
Сөйлеу актісі (лат. actus) орыс. акт речи — белгілі қоғамдық ортада қалыптасқан сөйлеу принциптері мен ережелеріне сай, арнайы мақсатта жүзете асырылатын сөйлеу әрекеті. Сөйлеу актісінің негізгі белгілері: белгілі бір мақсат көзделетіндігі; қалыптасқан дәстүрге сай шарттылық сипат болатындығы
Сөйлеудің адамның өмірінде, іс-әрекетінде, қарым-қатынасында маңыздылығы. Сөйлеудің физиологиялық негізі: перифериялық және орталық. Вернике және Брока орталықтары. Сөйлеу және ойлаудың байланысы. Филогенез және онтогенез барысында сөйлеудің дамуы.
Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болады. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалады. Осының арасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән- мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болады.
Тіл, сөйлеу- ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой санасын дамытып жетілдіруге аса маңызды роль атқарады. Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сөйлеу –пікір алмасу процесінде жеке адамның белгілі тілдің пайдалануы. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі сөздерді сыртқа білдіре аламыз. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланыста. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды.
Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт. Бұларсыз сөйлеу өзінің қызметін дұрыстап атұқара алмайды. Мұның біріншісі- сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі, оның мәнерлігі.
Сөздің мазмұндылығы дегеніміз- екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындығы. Сөздің мәнерлігі дегеніміз- адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сөзімен айта алуы. Мысалы, біреуге сөзді нақты, түсінікті етіп айтса, ол сөзді түсінеді. Мәнерлі сөйлей білудің мұғалімдік мамандық үшін маңызы зор. Сөйлеу әрекеті тиісті анатомияның аппараттардың (тіл, ерін, таңдай, ауыз қуысының бұлшық еттері т.б.) дұрыс қызмет істеу қажет етеді.
Сөйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік, синтездік қызметінің нәтижесі. Бұл біріншіден, сөйлеу органдарындағы қозғалыстарды, жазылған әріптердің түрлерін, тілдегі дыбыстарды нәзік таңдаудан; екіншіден, сөздік сигналдарының бөлшектенген элементтерін байланыстырудан көрінеді. Физиологиялық тұрғыдан сөздің мәнін И.П. Павлов былай түсіндіреді: «Егер айналадағы дүниеден алынатын біздің түйсіктерімізбен елестеріміз шындықтың бірінші сигналдары болып табылатын болса, онда тіл ең әуелі сөйлеу органдарынан ми қабығына баратын кинестезиялық тітіркенулер екінші сигналдар- сигналдардың сигналы болып табылады. Олар шындықтан дерексіздену болып табылады да, жалпылауға мүмкіншілік береді, ал бұл соңғы бізге ғана тән ең жоғары ойлауды құрайды».
Француз ғылымы Брокка «адамдардың ми сыңарларының сол жақ бөлігінде (маңдай қыртысының төменгі жағында) адамның дыбыстап сөйлей алуын басқарып тұратын нерв орталығы бар, ал сөзді қабылдау көптеген анализаторлардың (көру, есту, қозғалыс т.б. ) бірлескен қызметін қажет етеді» дейді.
Сөзді қабылдау, оның мәнісіне түснуде мидың есту, көру, сипау, сипай-сезу, қозғалыс зоналарының бірлескен қызметін реттеп отыратын сол жақ ми сыңарының төбе, самай, желке бөліктерінің қызметі де ерекше.
«Сөйлеу», «тіл», «қарым-қатынас» ұғымдарының мән – мағынасы жақын болғанымен, ғылыми тұрғыдан олар бір- бірінен ажыратылады. Адам сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасамайды. Ол айналасындағылармен түрлі ым, жест, белгі, таңба арқылы бір-біріне ақпарат бере алады.
«Тіл» ұғымының да (дыбысты тіл) ауқымы кең, ол көбінесе қоғамдық ғылымдарда (тарих, социология, этика, педагогика және т.б.) жиі қолданылады. Тіл – жеке адамның еңшісі ғана емес, ол бүкіл адамзатқа ортақ қоғамдық құбылыс.
«Сөз» сөйлеу жеке адамның өзіндік ерекшелігі. Ол жас балада, ересек, не қарт адамдарда көрінеді.
Сөйлеу бірнеше түрлерге бөлінеді. Алдымен сыртқы және ішкі сөйлеу болып үлкен екі топқа бөлінеді.
Сыртқы сөйлеу ауызша (бұл тілдің ең көп және кең тараған түрі) және жазбаша сөйлеу болып, ал ауызша сөйлеудің өзі диалог және монолог болып екіге бөлінеді.
Ауызша сөйлеу- сөйлеудің негізгі түрі болғандықтан оның қалған түрлері де соның төңірегіне құрылады.
Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі - диалогтық сөйлеу. Диалогтық сөйлеу дегеніміз екі немесе бірнеше адамның тілдесуі.
Монологтық сөйлеу дегеніміз бір адамның сөзі яғни баяндаманың лектордың сөздері.
Сөйлеудің ерекше бір түрі - жазбаша сөйлеу. Жазбаша сөйлеу арнаулы әдістер арқылы меңгерілетін сөйлеудің түрі. Жазбаша сөйлеу адам баласы хат танырлықтай дәрежеге жеткенде, ауызша сөйлеудің біршама дамыған кезінде ғана пайда бола бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет