СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | 3 деңгейлі СМЖ құжаты | ПОӘК | 042-18-1.1.52/01-2013 | ПОӘК «Геодезия және картография өндірісінің экономикасы және оны ұйымдастыру» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар | № баспасы _____________ |
«ГЕОДЕЗИЯ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯ ӨНДІРІСІНІҢ ЭКОНОМИКАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ»
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
мамандығы 5В071100 «Геодезия және картография» студенттеріне арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей 2013
Мазмұны
-
Дәрістер
-
Практикалық сабақтар
-
Студенттердің өздік жұмысы
1 ДӘРІСТЕР
Тақырып 1. Геодезия мен картография өндірісінің кәсіпорны
Дәріс жоспары:
-
Кәсіпорын түсінігі, негізгі мақсаты және міндеттері
-
Кәсіпорынның ішкі және сыртқы орта элементтері
-
Кәсіпорындардың жіктелуі
-
Кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары
Семинар жоспары (1 сағат)
-
Кәсіпорын дегеніміз не? Оның негізгі міндеттеріне не жатады?
-
Кәсіпорының ішкі ортасына кіретін негізгі құрамдас элементтер?
-
Кәсіпорынның сыртқы ортасы элементтері?
-
Кәсіпорындардың жіктелуін атаңыз.
-
Кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары: серіктестіктер, қоғамдар, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар, кооперативтер, бизнестың басқа формалары
-
Кәсіпорынның заң алдындағы міндеттемелері және құқықтары.
-
Кәсіпорындарды тіркеу тәртібін сипаттаңыз.
Тапсырма
Тақырып бойынша жазбаша бақылау жұмысына дайындалу (бақылау жұмысы 10 сұрақтан тұрады)
Әдебиет
-
ҚР-ның «Кәсіпорындар туралы» заңы:
-
Дәрістер
-
Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 1996 г., 59-71 б
-
Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 5-15, 37-58 б.
-
Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 1999 г., 75-111 б
-
Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 1997 г., 11-35,42-72 бб.
-
7. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 4-12 б
Студенттің өздік жұмысына арналған бақылау тапсырмалар
1. Тесттік сұрақтарға жауап беру
Дәріс:
1. Кәсіпорын – бұл дербес шаруашылық жүргізетін бірлік, меншігінде бар еңбек құралдары көмегімен еңбек заттарын өңдеп, тұтынушыларға қажет дайын өнім шығарып, пайда алу мақсатымен оны өткізетін, кәсіби ұйымдасқан еңбек ұжымы. Әр кәсіпорын заңды тұлға ретінде қарастырылады және кәсіпорынды құру келісім шарты негізінде жұмыс істейді.
Заңды тұлғаның негізгі белгілеріне келесі жатады:
-
Тұлғаның ұйымдық бірлігі болу керек – нақты және толық басқару құрылымы болу керек, кәсіпорын цехтерге, жұмыс орындарға және т.с.с. бөліну керек;
-
Мүліктік дербестік – бухгалтерлік баланс негізінде;
-
Мүліктік жауапкершілік – кәсіпорын барлық қарыздары бойынша барлық өз мүлігімен жауап беруге тиіс.
Барлық кәсіпорындар коммерциялық (пайда алу) және коммерциялық емес (қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру, жарым-жартылай пайда алу.
Әр кәсіпорын өндірістік жүйе ретінде қарастырылады. Жүйе дегеніміз тұтас бірлікті құрайтын элементтердің және олардың арасындағы байланыстардың жиынтығы. Кәсіпорын ашық жүйе ретінде қарастырылу керек.
Кез келген кәсіпорынның өмірлік циклы болады: құрылуы, дамуы, жетілуі, құлдырауы.
Кәсіпорынның негізгі міндеттері:
-
Пайда алу және оны өсіру
-
Жұмыс орындарын және еңбек ақыны қамтамасыз ету
-
Қоршаған ортаны қорғау, ластамау
-
Сапалы өнім шығару
-
Жұмысшыларға қажет жұмыс жағдайларын жасау
-
Өз қызметін дамыту
2. Кәсіпорынның ішкі ортасына кіретін негізгі элементтер:
А) Өндіріс қорлары
Б) Адамдар
В) Ақпарат
Г) Қаржы
Капитал – қосымша құн әкелетін кез келген құндылық.
Кәсіпорын қорлары – экономикалық және экономикалық емес болып бөлінеді.
-
Материалдық қорлар.
-
Капитал, негізгі және айналым.
-
Жер қорлары.
-
Энергетикалық қорлар.
-
Материалдық емес қорлар – өнім өңдіруге қатысатын, бірақ материалдық-заттық формасы жоқ қорлар.
-
Авторлық құқық.
-
Патент.
-
Сауда маркалары.
-
Бағдарламалар, ноу-хау және т.с.с.
-
Еңбек қорлары.
-
Еңбек
-
Кәсіпкерлік қабілет.
-
Қаржы қорлары (экономикалық емес) – кәсіпорында бар ақша:
-
өзіндіке – жарғылық капитал, пайда, амортизациялық қор және т.с.с.
-
келтірілген.
-
қарызды.
-
Басқа түсімдер – сақтық төлемдер, мемлекеттік бюджеттен түскен ақша, дивидендтер және с.с.
Кәсіпорынның сыртқы орта элементтері:
А) Мемлекеттік органдар
Б) Кәсіпорындар – бәсекелестер, әріптестер, серіктестер.
В) Тұтынушылар
Г) Кәсіпорын қасында тұратын халық
Өндірістік жүйенің қызмет ету механизмы.
Бастапқы қаржыландыру
Қарызға алған қаржы ағымдағы қаржыландыру
Салық
3. Кәсіпорындардың жіктелуі
Жіктеу факторлары:
1) Қолданылатын қорларына байланысты кәсіпорындар еңбек сіңіргіштігі жоғары, қор сіңіргіштігі жоғары және материал сіңіргіштігі жоғары болып бөлінеді. Еңбек сіңіргіштігі жоғары кәсіпорындарда, көбінесе еңбек бөлінісі дәрежесі өте жоғары. Бөл бөліністің кемшіліктері еңбекті ізгілендіру, еңбек қызметін қызықтыру және топтарда жұмыс істеу тұжырымдамаларын туғызды.
2) Салаға байланысты кәсіпорындар келесі түрде бөлінеді: кен өңдіру, өнеркәсіптік кәсіпорындар, ауыл шаруашылық, сауда, транспорт, байланыс, құрылыс кәсіпорындары, қаржы мекемелері.
3) Орналасуына қарай. Орналасу жерін таңдау белгілері:
а) материалдар шығындары (транспорттау шығындарын азайту)
б) еңбек шығындары (еңбек қорларының жеткіліктілігі, еңбек күші бағасы)
в) тауарларды сату шығындары және салықтар деңгейі
г) транспорттық құралдар жеткіліктілігі
д) энергия шығындары
е) қоршаған орта жағдайына қарай
ж) тұтынушылар жеткіліктілігіне
з) жергілікті жердің ерекшеліктеріне қарай (ландшафтысы, климаты және с.с.)
и) шетел әріптестерімен байланысуына қарай
4) кәсіпорын өлшеміне қарай ірі, орташа, шағын кәсіпорындар болады. Ол үшін жұмысшылардың саны, жылдық айналымы, негізге қаржы мөлшері, жұмыс орындарының саны, бастапқы материалдардың қолданылуы есебке алынады.
5) меншік формасына қарай жеке, мемлекеттік, ұжымды кәсіпорындар болады.
6) ұйымдастырушылық-құқықтық формасына қарай
4. Кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары.
Достарыңызбен бөлісу: |