Шетел кәсіпорындарында пайданың қалыптасуы.
—
=
—
=
Ақша
Өткізуден түскен табыс
Тұрақты
шығындар
Өзгермелі
шығындар
Сату көлемі
Бұл көрсеткіштер өндіріс нәтижелігін (табыстылығын) немесе осы не басқа өнім түрін өңдіру нәтижелігін сипаттайды. Рентабельділік түрлері:
-
Өндіріс рентабельділігі:
АҚ – айналым қаржының орташа қалдық құны.
Кнег – негізгі қорлар құны.
-
Бұйым рентабельділігі:
-
Айналым рентабельділігі:
Vр – айналым (сату көлемі).
-
Капитал рентабельділігі:
3. Шаруашылық қызмет нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер, оларды талдау әдістемелері
Барлық көрсеткіштер келесі түрде бөлінеді
1. Фирманың экономикалық потенциалын сипаттайтын көрсеткіштер. Олар фирманың масштабтарын, ұлттық және халықаралық деңгейдегі орнын көрсету үшін қажет.
Активтер, фирманың иелегінде болатын, өткен мерзімдерде алынған және фирманың болашақ түсімдерін қамтамасыз ететін құралдардың, қаржының құрамын және орналасуын сипаттайды.
Негізгі капитал, фирманың өндірістік қуаттарын сипаттайды (ғимараттар, құрлыстар, жабдықтар).
Шығарылған өнімнің көлемі мен құны – жалпы фирма және жеке өнім түрлері бойынша анықталады. Оны есептеу арқылы фирманың ұлттық және халықаралық нарықтағы үлесін және орнын, өндіріс құрылымын анықтауға болады.
Фирманың өндіріс және өткізу кәсіпорындарының саны және орналасуы - өз елінде және шетелдегі мөлшері анықталады.
Фирма инфрақұрылымы:
-
өз транспорты, қоймалары, техникалық қызмет көрсету орталықтары;
-
өзіндік шикізат базалары және энергия көздері.
Фирманың тура күрделі шығындарының мөлшері мен орналыстырылуы - өз еліндегі және шетелдегі кәсіпорындарға.
Фирманың ғылыми-зерттеу потенциалы:
-
ғылыми-зерттеу жұмыстарына кеткен шығындар мөлшері;
-
зерттеу орталықтар мен лабораториялардың саны, орналасуы;
-
онда жұмыс істейтін зерттеушілер саны;
-
ғылыми жұмыстардың негізгі және артықшылығы бар бағыттары;
-
фирмада бар патенттер саны және олардың қолданылуы.
2. Фирманың жалпы шаруашылық қызмет нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер (есепті көрсеткіштер)
Жалпы шығындар көрсеткіштері (General expenses) жыл басында жаңа нарыққа ену үшін (enter new markets):
-
маркетингілік қызметке (Marketing);
-
зерттеулерге және дамытуға (Research and development);
-
үстеме шығындар (Overhead);
-
әкімшілік шығындар (Department overhead);
-
рентаны төлеу (Rental costs);
-
өнімді жетілдіру шығындары (Product changeover);
-
өнімді жіберуге кеткен шығындар (Factory fees).
Түсімдерді сипаттайтын көрсеткіштер: таза пайда; амортизациялық төлемдер; активтерді сатудан түскен ақша; субсидиялар, дотациялар; ұзақмерзімдік қарызды өсіру; акциялар эмиссиясы; қысқа мерзімдік борышты өсіру.
Қаржыны жұмсау көрсеткіштері: дивиденд төлеу; ұйымдастырушылық шығын; акциялар эмиссиясын жасау шығыны; күрделі шығындар; басқа айналымнан тыс активтерге салымдар; ұзақмерзімдік борышты қайтару; тез өткізілетін бағалы қағаздарды сатып алу; банктегі шоттағы ақшаны өсіру.
3. Фирманың қызмет ету нәтижелігін сипаттайтын көрсетікштер
Пайда. Өндіріс нәтижелігін анықтау үшін қажет көрсеткіштерді алған пайдамен салыстырады. Олар абсолютты және салыстырмалы болып бөлінеді.
Абсолютті көрсеткіштер:
-
жалпы пайда салықтарды төлеуге дейін анықталады;
-
таза пайда салықтарды, пайыздарды төлегеннен кейін кәсіпорында қалатын пайда;
Салыстырмалы көрсеткіштер:
-
пайданың сату көлеміне қатынасы (Profit margin);
-
пайданың активтерге қатынасы (Profit to total assets);
-
пайданың нақты негізгі капиталға қатынасы (Profit to fixed assets);
-
пайданың өзіндік капиталға қатынасы (Profit to net worth);
-
пайданың өзіндік және ұзақмерзімді несиелі капиталға қатынасы (Profit to capital employed) ұзақ мерзімде жалпы инвестерлінген капиталдың тиімділігін сипаттайды.
Өткізілген өнім құны немесе сатулар көрсеткішін де басқа көрсеткіштермен салыстырады:
-
сатулардың жалпы құнының активтерге қатынасы (Sales to total assets);
-
сатулардың жалпы құнының нақты негізгі капиталға қатынасы (Sales to fixed assets);
-
айналым капиталына қатынасы (Sales to current assets);
-
материалдық-өндірістік қорлар құнына қатынасы (Sales to inventory).
Өндіріс шығындары көрсеткіші -өте маңызды көрсеткіштің бірі.
Жалпы шығындардың сатулар құнына қатынасы. ТӨ 1 теңгесіне шаққандағы шығындар.
Негізгі капиталдың айналымдылығы және капиталмен қарулану деңгейі:
-
негізгі капитал айналымдылығы сатулар көлемін жұмыс істейтіндерге қатынасы;
-
капиталмен қарулану деңгейі – негізгі капиталдың баланстық құнын жұмыс істейтіндерге қатынасы (Fixed assets to number of employees).
4. Фирманың қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер
Фирманың қаржыландыру көздеріне тәуелділігі және төлем қабілеттілігі анықталады.
Өзіндік капитал құрылымы: акционерлік капитал; эмиссияланған табыс; капиталға айналдырылған пайда.
Өзіндік капиталдың активтердің баланстық құнына қатынасы (Stockholder's equity to total assets) фирманың сыртқы қаржы көздеріне тәуелділігін сипаттайды. Бұл шама 50% артық болу керек.
Борыштың жалпы сомасының өзіндік капиталға қатынасы (Total debt to stockholder's equity) сыртқы және өзіндік қаржы көздерінің қатынасы. Борыш өзіндік капиталдан жоғары болмау керек. Талдау үшін борыштың құрылымы (қысқа мерзімді борыштың үлесі) және салықтарды, еңбек ақыны, басқа төлемдерді жасау бойынша борыш көлемі анықталады:
Өзіндік капиталдың нақты негізгі капиталға қатынасы инвестірленген капиталдың қай бөлігі өзіндік капиталдан жасалғанын сипаттайды.
Ұзақмерзімді борыштың өзіндік капиталға қатынасы фирманың қызметі қанша мөлшерде ұзақмерзімді несиелер арқылы қаржыландырылатынын сипаттайды
Ақшаның түсімдері (кассалық және банкідегі ақша) (Cash flow) өнім үшін төлемдердің жасалуына тәуелді болады және дебиторлық борышты қайтаруға негізделген.
Түскен ақшаның ағымдағы жылда жасалынған күрделі шығындарға қатынасы (Cash flow to capital expenditures) инвестициялардың қай бөлігі ағымдағы ақша арқылы жасалынатынын көрсетеді. Оны өзін-өзі қаржыландыру коэффициенті деп атайды.
Айналым активтерінің қысқа мерзімдік борышқа қатынасы (Current assets to current liabilities) Ол 1-ден кем болмау керек..
Ақшаның және тез сатылатын бағалы қағаздар құнының ағымдағы айналым активтеріне қатынасы (Cash and marketable securities to current assets) Оны ликвидтілік коэффициенті деп атайды.
Ликвидті қаржының қысқа мерзімдік борышқа қатынасы. Ол төлем қабілеттілігін сипаттайды.
Айналым активтерінің жалпы несиелі капиталға қатынасы (Current assets to total debt).
Талдау жасалғанда көрсеткіштер кестелерге енгізіледі, бірнеше мерзімге. Талдау мақсаты – ағымдағы өзгерістерді анықтау және кемшіліктерді табу,нәтижесінде басқарушылық шешім құралады.
Тақырып 8. Сапа, бәсекелестік қабілет, стандарттау және сертификаттау
Дәріс жоспары:
-
Өнім сапасы түсінігі
-
Өнім сапасын сипаттайтын көрсеткіштер
-
Өнім сапасын бақылау және басқару
Семинар
Семинар сұрақтары:
-
Өнім сапасы туралы түсінік беру
-
Өнім сапасы көрсеткіштері
-
Өнім сапасын бақылау әдістері
-
Стандарттау, сертификаттау жүйелері
-
Халықаралық стандарттар жүйесі
-
Тұтынушылардың құқықтары және оларды қорғау ерекшеліктері
Әдебиет
1. Дәрістер
2. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 106-134 б.
-
3. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 54-68 б
Студенттің өздік жұмысына арналған тапсырма
Студенттер берілген тақырыпқа арналған өздік жұмыс орындау қажет. Өздік жұмыс тақырыбын студент оқытушымен ақылдасып, өзі таңдайды. (7-8 бет).
Дәріс.
1. Өнім сапасы түсінігі
Өнім сапасы – өнімнің қолдану мақсатына сәйкес қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған қасиеттерінің жиынтығы.
Кәсіпорынның негізгі міндеттерінің бірі ретінде халық сұранысын жоғары сапалы өніммен қамтамасыз ету болып табылады.
Өнім сапасы оны құрастыру кезеңінен басталады, жасау кезеңінде қамтамасыз етіледі, айналыста болу және өткізу кезеңдерінде сақталынады және қолдану кезеңінде қажет деңгейде ұстауға күш сіңіріледі.
Қазіргі заманғы нарықтық экономика өнім сапасына мүлдем басқа талаптар қояды. Кез келген фирманың нарықтағы орнын сақтау және тұрақты етіп жасау үшін оның бәсекелестік қабілетін өсіру қажет. Ал фирманың бәсекелестік қабілеті екі көрсеткішпен байланысты болады — баға деңгейі және өнім сапасы. Аталған екінші фактордың дәрежесі бірінші орынға шықты. Тіпті еңбек өнімділігін өсіру, қорларды үнемдеу шараларының маңызы өнім сапасын өсіру жұмысынан төмен болып қалды.
Сапа — бұл фирма беделі, пайданың, дамудың қайнар көзі, барлық дерлік персоналға ең негізгі көрсеткішке айналды. Өнім сапасының өсу процесі кәсіпорынның нарық жағдайларында өз орнын сақтау қабілетін қамтамасыз етуге, ғылыми-техникалық прогрес қарқынын өсіруге, өндіріс нәтижелігін өсіруге негіз болады.
Бәсекелестік қабілет факторы ретінде болатын өнім сапасы бүкіл ұлттық экономикаға әсер етеді.
Өнім сапасының деңгейін төмендетудің негізгі салдары:
-
Экономикалық
1.1. Сапасы төмен өнімді шығаруға, тасымалдауға, сақтауға кеткен материалдық, еңбек шығындары.
1.2. Өндірістік инфрақұрылымдағы жоғалтулар.
1.3. Жөндеуге кеткен қосымша шығындар.
1.4. Халықтың жөндеуге кеткен қосымша уақыт шығындары.
1.5. Табиғи қорларды алу үшін қолданылатын төмен сапалы техниканы қолдану нәтижесінде осы табиғи қорлардың жоғалтулары.
1.6. Экспорттың төмен үлесіне байланысты алынбай қалған валюталық табыс.
1.7. Импорттауға байланысты қосымша валютаның шығындалуы.
1.8. Сапаны техникалық бақылау органдарының қосымша материалдық және еңбек шығындары.
2.Әлеуметтік
2.1. Отандық өнімнің дефициттілігі.
2.2. Ұлттық кәсіпорындарында шығарылатын өнім беделінің төмендеуі.
2.3. Қажеттіліктерді толық көлемде қанағаттандырмау.
2.4. Халықтың тұрмыстық жағдайының төмендеуі.
2.5. Халықтың тауар жасау дефектілерін жоюға байланысты өз бос уақытын тиімсіз жұмсау.
2.6. Ұжымдағы моральдық климаттың нашарлауы.
2.7. Кәсіпорын пайдасының азаюы.
3. Экологиялық
3.1. Ауа, су бассейндерін, жерді тазартуға кеткен қосымша шығындар.
3.2. Халық денсаулығын қалпына келтіруге байланысты қосымша шығындар.
3.3. Нашар экологияға байланысты ауыл шаруашылық өнімдерінің шығарылу көлемдерінің азаюы.
3.4. Ауаның нашар сапасына байланысты ғимараттар мен транспортты қосымша жөндеуге кеткен және тездетілген амортизация шығындары.
2. Өнім сапасын сипаттайтын көрсеткіштер
Өнімнің қасиеттері оның сапа көрсеткіштерінде айқындалады. Көрсеткіштердің келесі топтары бар.
Қолдану көрсеткіштері өнімді қолданудан болатын пайдалы эффектіні сипаттайды және қолдану шектерін көрсетеді. (мысалы машина өнімділігі)
Сенімділік көрсеткіштері өнімнің бұзылмаушылығын, сақталу дәрежесін (өз көрсеткіштерін сақтау қабілеті), қолдану мерзімін (өнімді қажет деңгейде сақтау үшін кеткен шығындар).
Технологиялылық көрсеткіштері өнімді шығарғанда немесе жөндегенде жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ету үшін конструкторлық-технологиялық шешімдердің нәтижелігін сипаттайды..
Стандарттау және унификациялау көрсеткіштері — өнім құрамында стандартты, унификацияланған және бірегей құрамдас бөліктердің үлесін көрсетеді және басқа өнімдерге қарағанда унификация деңгейін сипаттайды.
Эргономиялық көрсеткіштер адамның өніммен әрекеттесуін сипаттайды (гигиениналық, антропометриялық, физиологиялық және психологиялық қасиеттер).
Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің ақпараттық көркемділігін, форманың тиімділігін, тұтастығын сипаттайды.
Тасымалдау көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға бейімділігін сипаттайды.
Патенттік-құқықтық көрсеткіштер өнімнің патентпен қорғалуын, патенттік тазалығын сипаттайды.
Экологиялық көрсеткіштер — өнімді қолдану, сақтау, тасымалдау нәтижесінде қоршаған ортаға кері әсер ету қасиеттері.
Қауіпсіздік көрсеткіштері сатып алушыға және қызмет көрсетуші персоналға қауіпсіздігін сипаттайды. Сонымен қатар, өнімнің бағасы да өте маңызды көрсеткіштің бірі болып табылады.. Баға көрсеткішіне байланысты экономикалық тұрғыдан оңтайлы сапа мәселесі туындайды. Сатып алушы өнімді алғанда оның қасиеттері оның бағасын қайтаруға жеткілікті ме деген сұраққа жауап беруге тырысады. Бағамен қоса өнімнің эксплуатациялық сипаттамалары да маңызды орын алады, өйткені олар осы өнімді қолдануға және жөндеуге кеткен шығындарды айқындайды.
Экономикалық тұрғыдан оңтайлы сапа деп сапаның шығындарға қатынасын атайды:
-
мұндағы Копт – экономикалық тұрғыдан оңтайлы сапа;
Q – өнім сапасы;
C∑ - өнімді шығаруға және қолдануға кеткен шығындар, теңге.
Осы формуланың алымын анықтау үшін квалиметрия ғылымы қолданылады. Бұл ғылым өнім сапасына сандық баға беру үшін қажет әдістер құрастырды.
3. Өнім сапасын бақылау, басқару
Қазіргі уақытқа дейін қолданылған сапаны бақылау жүйелері:
1. Саратов жүйесі (бірінші тапсырудан қабылдау)
2. Львов жүйесі (еңбекке қатысу коэффициенті)
3. Сапаға кешенді басқару жүйесі
4. Мемлекеттік қабылдау
Өнім сапасын жақсарту бағыттарына келесілер жатады.
1. Өнім сапасын бақылау деңгейін көтеру
Сапаны басқару мақсаты ретінде өнім сапасының белгіленген деңгейін қамтамасыз ету болады, сапасыз өнімнің алдын алу, нашар сапалы өнім шығаруды болдырмау. Өнім сапасына жауапкершілік барлық персонал алу қажет. Өнім сапасын бақылау органдарының саны және жұмыскерлер саны кәсіпорын өлшеміне және олардың орындайтын міндеттемелеріне тәуелді болады.
Сапаны бақылау құралдарына бақылау-өлшеу аспаптары, құрал-саймандар және автоматтандырылған бақылау құрылғылар кіреді. Әсіресе, технологиялық жабдыққа орнатылған автоматты бақылау құралдары үлкен нәтиже береді, өйткені нақты өндірістік процесті бақылайды.
Сапаны бақылау түрлері:
а) топтық — бөлшекті толық және жарым-жартылай өңдеумен байланысты шектес операциялар тобы бойынша;
б) операция бойынша - өте күрделі немесе дәлдікті талап ететін технологиялық процестерде қолданылады;
в) таңдамалы— жалпы көлемнен бірнеше өнім бірлігі таңдалады және бақылауға жіберіледі;
г) жалпылама— әр өнімге жасалынады.
д) қабылдау және аралық бақылау
е) соңғы бақылау.
ж) инспекциялық
з) өзін-өзі бақылау
и) жедел
Өнім сапасын бақылау әдістері: сыртқы қарау (бақылау), өлшемдерін тексеру, механикалық, физикалық қасиеттерін тексеру, экологиялық тазалықты тексеру. Жеке әдіс ретінде сапаға техникалық бақылаудың статистикалық әдісін атауға болады. Бұл әдістің математикалық негізі ретінде ықтималдылық теориясы қолданылады. Сонымен қатар эксперттік әдістер қолданылу мүмкін. Олар мамандардың жалпы тәжірибесіне, интуициясына негізделеді. Оларды басқа әдістерді қолдану мүмкіндігі жоқ болған кезде пайдаланады.
Соңғы жылдары әлемдік тәжірибеде сапаға тотальды бақылау жүргізу жүйесі кең өріс алды (TQC). Оның негізгі ерекшеліктері.
1. Сапаны басқару өкілеттілігі жоғарғы басқару бөлімінен төменгіге түсіріледі.
2. Шағын ұжымдар шектерінде «сапа кружоктары» сияқты қызметтің дамуы.
3. Клиент талаптарына артық қарау негізінде нарықта беделге ие болуға тырысу.
4. Өткен тәжірибені зерттеу арқылы тұрақты даму.
2. Өнім сапасын басқару
Сапаны басқару – өнімнің сапасын анықтау, қамтамасыз ету және сақтау мақсатында осы өнімді шығарғанда, қолданғанда немесе тұтынғанда жасалынатын іс-әрекеттер.
Сапаға әсер ететін факторлар:
-
Жұмыскерлердің кәсіби білімі, дағдылары, тәжірибесі, денсаулығы.
Сапаны қамтамасыз ету шарттары:
өндірістік процесс сипаты, оның қарқындылығы, ырғақтылығы, ұзақтығы;
қоршаған ортаның климаттық жағдайы;
интерьер және өндірістік дизайн;
материалдық және моральдық стимулдар сипаты;
ұжымдағы моральды–психологиялық климат;
ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру формалары мен жұмыс орындардың жабдықталу деңгейі;
жұмыскерлердің әлеуметтік-материалдық жағдайы.
Сапа бойынша тиімді және үнемді жұмысты ұйымдастыру үшін адамдар келесі схема бойынша іс-әрекет жасайды:
-
Қажеттілікті анықтау және өнім сапасына талаптарды белгілеу (жоспар, сапа бағдарламасы);
-
Бастапқы материалға қажет қасиеттер беру (жоспарды орындау);
-
Шыққан сапаның қойылған талаптарға сәйкестігін тексеру (ауытқуларды анықтау);
-
Ауытқуларды жоюға бағыталған әсер жасау (кері байланыс). Деминг циклы
Өнім сапасының берілген параметрлерден ауытқуы, көбінесе теріс жаққа болады және оның жалпы және жеке көріністері болуы мүмкін.
Жалпыға өнімнің моральдық тозуы, табиғи және моральдық ескіруі жатады, яғни өнімді қолданғанда және сақтағанда тұтынушылық қасиеттерінің жоғалуы.
Кейде жеке ауытқулар да болады. Олар алуан түрлі болуы мүмкін және олардың табиғаты экономикалық және техникалық сипатта болмайды, көбінесе сыртқы сипатта болатын шарттармен анықталады: қолдану ережесін және шарттарын бұзу, құрастырушылар мен жасаушылардың қателері, тәртіпті бұзуға, жабдықтардың бұзылуына және т.б. байланысты болады. Жеке ауытқулар кездейсоқ сипатта болады. Олардың пайда болуын белгілі бір ықтималдықпен анықтауға болады.
Сонымен қатар, өнім сапасына баға бергенде тұтынушылар талаптарының өзгеруін де есебке алу қажет.
3. Өнім сапасын өсіруді ынталандыру.
Ынталандыруды екі жақтан қарастыру керек: объектіні ынталандыру (кәсіпорынды) және субъектіні ынталандыру (жұмыскерді).
Жұмыскерлерді үш бағытта ынталандыруға болады: материалдық, моральдық және ұйымдастырушылық-техникалық.
4. Өнімді стандарттау және сертификаттау.
Стандарттаудың басты міндеті — әртүрлі қажеттерге керек өнімге прогрессивті талаптарды айқындайтын нормативтік-техникалық құжаттар жүйесін жасау және оның дұрыс қолданылуын бақылау.
ҚР стандарттау жүйесі келесі міндеттерді атқарады:
• тұтынушылардың, мемлекеттің сапа және өнім номенклатурасы бойынша мүддесін қорғау;
• ғылым және техниканың, халық қажеттіліктерінің дамуына сәйкес өнім сапасын үнемі өсіру;
• өнімнің өзара сәйкестігі мен өзара ауыстырғыштық қасиеттерін қамтамасыз ету;
• адам және материал қорларының үнемделуін қамтамасыз ету, экономикалық көрсеткіштерді өсіру;
• әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар және жобалардың нормативтік-техникалық базасын құру;
• өндірісте және саудада техникалық кедергілерді жою, отандық өнімнің бәсекелестік қабілетін өсіру;
• әртүрлі апаттардың болу тәуекелін есебке алып шаруашылық объектілердің қауіпсіздігін өсіру;
• елдің қорғаныс қабілетін өсіру.
Жоғары сапалы өнімді шығару кепілі ретінде оны сертификаттау жүйесі болады.
Сертификаттау — өнімнің іс жүзіндегі қасиеттерінің халықаралық, отандық стандарттарға сәйкестігін күәландыратын шаралар мен іс-әрекеттер жиынтығы, яғни әр кәсіпкер өз өнімін үнемі жаңартып тұруға тырысады . Сыртқы экономикалық қызметтің дамуы фирмаларды халық аралық талаптарға сәйкес сертификаттау жұмыстарын қарқынды жүргізуге мәжбүр етеді.
Міндетті сертификаттауға адамға немесе қоршаған ортаға теріс әсер жасай алатын өнімдер және сапа көрсеткіштері жіберіледі және үкіметтің арнайы актілерінде келтірілген басқа көрсеткіштер мен сипаттамалар (мысалы азық-түлік өнімдері).
Сертификаттау өнімге толық және дәл талап қоятын нормативтік құжаттардың болуын, өнім сапасын бақылаудың жоғарғы деңгейін, өңдірушінің толық жауапкершілігін және өңдірушінің сынау әдістері жөнінде ақпарат алуын көздейді.
Тақырып 9. Топографиялы-геодезиялық және картографиялық өндірістегі еңбекті ұйымдастыру және нормалау
Дәріс жоспары:
1. Еңбекті төлеу жүйелері және формалары
2. Еңбекті нормалау әдістері
3. Уақыт шығындарын зерттеу әдістері
Семинар
Семинар сұрақтары:
-
Уақыт нормасы
-
Нормалау әдістері
-
Еңбек шығындарын анықтау әдістері
-
Еңбекті төлеуді ұйымдастыру
-
Жұмыс орындарын ұйымдастыру
-
Еңбек жағдайларын оңтайландыру
Әдебиет
1. Дәрістер
2. Брыкин П.А. Экономика, организация и планирование топографо – геодезического производства: 3-е изд., перераб и доп. – М.: 1988..
Студенттің өздік жұмысына арналған тапсырма
Студенттер берілген тақырыпқа арналған өздік жұмыс орындау қажет. Өздік жұмыс тақырыбын студент оқытушымен ақылдасып, өзі таңдайды.
1. Еңбек ақы түрлері, еңбекті төлеу формалары, жүйелері
Еңбек ақыны тарифтік және тарифсіз жүйелер бойынша ұйымдастыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |