Семинар сабақ тапсырмалары №1 семинар



Pdf көрінісі
бет13/24
Дата23.02.2022
өлшемі1.19 Mb.
#455698
түріСеминар
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
Семинар саба тапсырмалары №1 семинар

 
 
Оқылымға арналған тапсырма: 
 Музыка мен мінез 
Ғалымдар бізді таң қалдырудан шаршамайды. Ендігі жаңалықтары: сүйіп 
тыңдайтын музыка түрі интеллектің дәрежесі мен адам мінезіне тікелей әсер 
етеді екен. Нәтижелер бойынша хип-хоп пен r’n’b стилін сүйіп тыңдайтын 


адамдардың ойлау дәрежесі ең төмен болып шықты. Тест ретінде дәстүрлі IQ-
мен қатар, мектепт бағдарламасы бойынша сұрақтар болды. Жоғары 
көрсеткішке классикалық музыкаға құмар жандар ие болды. Көпшілік ата-
аналардың өкінішіне орай, ауыр рок тыңдайтындар да алдыңғы қатарда. 36 мың 
адаммен болған сұхбат нәтижесінде алынған көрсеткіштер мынадай 
жаңалықтарды көрсетті.
Классикалық музыкаға құмар жандар ұялшақ, ал ауыр рок ұнататындар 
мейірімді болады екен. Бір қарағанда ылғи мұңайып жүретін рок сүйгіш жандар 
зерттеу нәтижесінде ең мейірімді мен ақылды адамдар қатарында болды. 
•Блюзді өзіне сенімді, өнер сүйгіш, жұмсақ, сабырлы, көңілді адамдар 
тыңдайды. 
Джаз музыкасын сенімді, шығармашылыққа құмар, батыл, достары көп
байсалды адамдар, интровертер тыңдайды. 
Классикалық музыканы жоғары талғамды, өзіне сенімді, өнер сүйгіш, 
тыныш, кейде тұйық адамдар, интровертер тыңдайды. 
•Рэп - қарым-қатынасқа оңай түсе алатын, көңілді адамның сүйікті музыка түрі. 
•Опера жоғары талғамды, жұмсақ, шығармашыл адамдардың көңілінен 
шығады.
Кантри және вестерн музыка түрін еңбексүйгіш, көңілді жандар ұнатады. 
Би музыкасын сүйіп тыңдап, арасында билеп те кететін жандар 
шығармашыл, басқалармен тез тіл табысады. 
Рок музыкасын өзіне онша сенімді емес, шығармашыл, көпшіліктен гөрі 
жалғыздықты таңдайтын, жұмсақ, сабырлы адамдар тыңдайды. 
Поп музыкасын еңбекқор, көңілді, жұмсақ, сенімді адам таңдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет