Семинар сабақарының Әдістемелік нұСҚаулығы шымкент 2023 семинар сабақТарының тақырыптық жоспарлары №



бет16/25
Дата30.03.2023
өлшемі96.15 Kb.
#471383
түріСеминар
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
Қазақстан тарихы пәнінен семинар сабағының әдістемелік нұсқаулығы 2022-2023жж

Семинар сабағының жоспары:
1. М.С.Горбачев және оның реформалары. Жаңару курсы, негізгі даму тенденциялары.
2. Одақтық республикалардағы ашықтық пен демократиялық шиеленіс.
3. Д.А.Қонаевтың қызметі және оның Қазақстан тарихындағы рөлі.
4. 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасының сипаты мен нәтижелері.
5. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі.Қоғамдық ұйымдар мен партиялардың құрылуы.
6. КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) құрылуы.


Сабақтың мақсаты:Әкімшіл-әміршіл жүйенің ескі әдістерімен әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірдің мәселелерін шешу әрекетінің мәні мен мазмұнын жаңа тарихи-сараптамалық зерттеулер негізінде ашу. Экоономиканы басқарудағы өзгерістерді көрсетіңіз. Сондай-ақ, «Қайта құру» жылдарында Қазақстандағы қоғам өміріндегі орын алған өзгерістердің мазмұнын ашып, ұлттық өзіндік сананың өсуіне және ұлттық сананы қалыптастыру мен демократиялық құқықтық мемлекет құруға әкелген жүйелі дағдарыстың салдарларын көрсету.
Әдістемелік нұсқаулар:Сұрақтарға дайындалу кезінде осы тақырыптың құжаттық базасын (1985) ж. КОКП ОК-нің сәуір Пленумының, КОКП XXVII съезінің материалдары (1986) зерделеу қажет. Д.А.Қонаевтың қызметіне баға беру.Экономиканы басқарудағы өзгерістерді көрсету, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының себептері мен салдарын ашу.1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы мен ұлттық саясат саласындағы өзгерістерге әкелген шараларды талдау бағытында Қазақ халқының тәуелсіздікке ұмтылысын көрсету.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Д.А.Қонаевтың орнына Қазақстан Компартиясы ОК-нің төрағасы болып кім сайланды?
2.Алматыда студенттердің қанша пайызы жатақанамен қамтылды?
3.Желтоқсан оқиғасына қатысқан жастарға қандай айып тағылды?
4.Желтоқсан оқиғасының қазақ тарихында орны қандай?

ОН ҮШІНШІ ТАҚЫРЫП: Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі


Сабақтың мазмұны: Экономикалық реформаларды жүзеге асыруда Қазақстан үлкен қиыншылықтарға кездесті. Экономиканы күштеп басқарудан нарықтық жүйеге көшу аса қиын әрі күрделі болып шықты. Бұрыннан қалыптасқан шаруашылық байланыстарының үзілуі, келісім тәртібінің нашарлауы салдарынан көптеген кәсіпорындардың жұмысы тоқтап қалды. Жағдайды Қазақстанның 1992 жылға дейін Ресеймен бір экономикалық кеңістікте болғаны қиындата түсті.
Тұтынушылық рынок мәселесі барынша шиеленісті, азық-түлік, киім жетіспеді, алыпсатарлық пен жемқорлық өрістеді. Ұ.Қарамановтың орнына сайланған республиканың жаңа премьер-миниистрі С.А.Терещенко Жоғарғы кеңес сессиясында: «Тапшылық тұрғындардың барлық топтарын дерлік жайлады», - деп мойындауға мәжбүр болды.
Тәуелсіздігін баянды етуге ұмтылған кез келген мемлекеттің ішкі саясатындағы маңызды мәселе – меншік түрлеріне қатысты мәселені дұрыс шешу болып табылады. Сондықтан Қазақстанда нарықтық құрылымның дамуын жеделтету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру бағдарламасы жасалды. Экономика саласын реформалаудың алғашқы жылдарында республикадағы негізгі қордың 80%-ы мемлекеттік меншік үлесіне тиісті болды. Ең бірінші кезекте өзін-өзі ақтамаған мемлекеттік секторларды жекешелендіру міндеті қойылды.
Қазақстандағы жекешелендіру 4 кезеңде өтті. 1995 жылдың ішінде жұмыспен қамту қызметтері 153 мың жұмыссызды ресми түрде тіркеді, бұл 1994 жылмен салыстырғанда 1,9 есе көп еді. Жұмыссыздықтың жалпы көлемі 643 мың адамды құрады. Өндірістің толық тоқтауынан 192 мың адам еріксіз еңбек демалысында жүрді, өндірістің жартылай жұмыс істеуі салдарынан 451 мың адам толық емес жұмыс күнінде еңбек етті.
Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиыншылықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалта бастады. Алайда тәуелсіздік шежіресін парақтасақ, күйреген кеңестер империясының орнына жаңа мемлекет орнату оңайға түспегені белгілі. Қазақстанның тоталитарлық жүйенің күйреуінен кейінгі экономикалық саланы қайта құру тәжірибесі бұл қиындықтарды да жеңіп шығады деген сенім ұялатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет