Семинар сабақарының Әдістемелік нұСҚаулығы шымкент 2023 семинар сабақТарының тақырыптық жоспарлары №


Өркениет – (лат. сіvіlіs – азаматтық, қоғамдық) – қоғам дамуының материалдық, рухани мәдениетінің даму дәрежесі, баспалдағы. Партия



бет24/25
Дата30.03.2023
өлшемі96.15 Kb.
#471383
түріСеминар
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Қазақстан тарихы пәнінен семинар сабағының әдістемелік нұсқаулығы 2022-2023жж

Өркениет – (лат. сіvіlіs – азаматтық, қоғамдық) – қоғам дамуының материалдық, рухани мәдениетінің даму дәрежесі, баспалдағы.
Партия (фр. partie, лат. partіs – бөлік, топ) – идеялары, көздеген мақсаттарының ортақтығы негізінде біріккен адамдар тобы
Патша самодержавиесі – патшаның шексіз өз бетімен билеушілігі
Реабилитация (лат. rehabilitate – ақтау, ақталу) – орынсыз тағылған айыптан ақтап шығару. Бұл көбінесе негізсіз тағылған айып-кінәні сот арқылы немесе әкімшілік жолмен жоққа шығару, абырой-атақпен хұқықты кайта калпына келтіру жолымен жүзеге асырылды.
Революция (лат. revolutіc – бетбұрыс, төңкеріс) – табиғат, қоғам өміріндегі, білім мен танымдағы сапалы өзгерістер.
Репрессия (лат. repressio – басып-жаншу) – бүтіндей жою, басып- жаншу мақсатында жүргізілетін жазалау шаралары (мысалы, реакциялық тәртіптерді). Үкімет басшыларының заң орындары арқылы өз халқын, оның жекелеген өкілдерін қуғынға ұшыратып, жазалау шаралары.
Республика (лат. respublica – халық игілігі, қоғамдық іс) – мемлекеттік басқару нысаны.
Салық – азаматтардан және заңды тұлғалардан алынатын белгілі бір мөлшерде тұрақтатылған міндетті төлем.
Социал-демократия – саяси бағыт. ХІХ ғасырдың аяғында пайда болды. Ағымның түпкілікті мақсаты – еңбекші бұқараның, алдымен жұмысшы табының хал-ахуалын жақсарту, қанауға қарсы күшін ұйымдастыру, ұйымдасқан жұмысшы табы басқаратын, бүкіл еңбек етуші бұқараның жағдайын ойлайтын социал қоғам орнату.
Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады.
Урбандалу (Урбанизация) (лат. urbs – қала, urbanus – қалалық) – еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерек­шеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс.
Шаруашылық есеп – белгілі бір істі орындауға жұмсалған шығындардың істің нәтижесіне сәйкес болуын және соның арқасында шығынның орны толтырылып, өндірістің тиімділігін қамтамасыз ету әдісі.
Шовинизм (фр. chauvinisme – Наполеон Бонапарттың басқыншылық саясатына табынушы солдат Николя Шовеннің атына байланысты шыққан сөз) – шектен шыққан, жауыққан ұлтшылдық идеологиясы және саясаты, шовинизм фашизм идеялары мен саясатында ашық көрініс тапты, шовинист өз ұлтын, тобын, табын басқалардан артық көріп, асыра бағалайтын адам.
Экономика (гр. Οικονομία – үй шаруашылығын жүргізу өнері) – материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет