3. Тасмола мәдениеті ескерткіштерінің басты ерекшелігі?
4. Орталық Қазақстанның «мұртты» обалардың неше түрі кездеседі?
5. Тасмола мәдениетінің бірінші кезеңі?
-
Тасмола мәдениетінің екінші кезеңі?
-
Тасмола мәдениетінің үшінші кезеңі?
Ұлыбай-Тасмола мәдениетінің үш кезеңі?
Дәріс №11
Тақырыптың атауы: Сақ-сармат дәуіріндегі Қазақстан.
Дәрістің мақсаты:Студенттерге сармат тайпасының саяси тарихы, шаруашылығ, мәдениеті, үш кезеңнен тұратын археологиялық ескерткіштері туралы мәліметтер беру.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1.Сақ-сармат дәуіріндегі тайпалардың шаруашылығы, мәдениеті, өнері мен діни сенімдері. 2. Сарматтардың археологиялық ескерткіштері.
Сарматтар деген халықтың аты б.з.б. ІІІ ғасырдан бері белгілі. Сол кездері сарматтардың скифтерді жаулап алуы басталады. Олар Скифияның едәуір бөлігін басып алып, жеңілгендердің бірінде қалдырмай қырып-жойған. Сөйтіп елдің басым бөлігін шөлге айналдырған. Сарматтардың басты бір тайпасы роксоландар б.з. І ғасырында Мидияның шекарасына жетіп, Риммен соғысқан. Олардың ізімен аландар жүріп отырған.
Сарматтар өздері басып алған жерлердегі халықтарының саяси өміріне белсене қатысқан. Мысалы, б.з.б. ІІ-ші ғасырдың соңғы кезінде Понтия патшасы Митридатпен болған соғыста роксоландар скифтерге қосылады. Б.з.б. І ғасырда Митридат Римге қарсы күрескенде сарматтар оның жағында болған. Б.з.б. 49-шы жылы римдіктер мен сарматтар тайпасы бірлесіп, Боспор патшасының одақтастары сирактарды жеңеді. Басқа тайпаларға қарағанда жорыққа кешірек шыққан аландар Қара теңіздің солтүстік өңіріне дейін жетеді. Кейінірек олар ғұндарға қосылып, Испаниядан барып шығады. Жалпы атауы сарматтар деп аталатын қандас-туыс бұл тайпалар одағы Оралдың оңтүстік өңірінен шыққан болатын.
Б.з.б. ІҮ ғасырдың бас кезінде сарматтар Доннан Ембіге дейінгі жерлерді алып жатқан. Осынау уақытта бұл жерде мәдениеттің екі басты бағыты құрылып қалыптасты, олар:Батыс Болғар мәдениеті және Шығыс Орал мәдениеті.
Сармат тайпалары(Прохров мәдениеті) өлген кісілерін әдетте топырақ үйінділерінің астына қойған. Олар қабірдің үстін немесе айналасын балшықпен сылап, қабірдің ішін ағашпен, кесінділермен не қабықпен көмкереді екен. Өлген кісіні басын түскейге қаратып, шаласынан жатқызып қою Прохров мәдениетіне тән сипат болып келеді.
Екінші кезеңде (Суслов мәдениеті) б.з.б. ІІ-ғасырдың аяғынан б.з.б. І ғасырының басына дейін қабір құрылысының түрлері өзгермей, бұрынғы күйінде қала береді. Бірақ бұл кезде ішкі көмкермелі молалар саны күрт кеміп, жасанды үңгірлер мүлде жоғалады. Кемері кертпелі лақатты тепкішекті молалар түрі сақталып қалады.
Кейінгі сарматтар Орал өңірі мен Еділ бойын, Дон өңірі аймақтарын қамтып, Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне дейінгі аралыққа түгел тарайды. Уақыты жағынан бұл б.з. ІІ-ІҮғ. кезеңі.
Кейінгі сарматтар көптеген салт-дәстүрлерді сақтап, жалғастыра түседі. Өлген кісілердің қалың көпшілігі іші көмкерілетін тар қабырларға жерленетін болған.
Сармат тайпаларының басты кәсібі-көшпелі мал шаруашылығы. Сарматтар көбінесе жылқы мен қой өсірген. Климаты аса қатал континенталды келетін аймақтың қысқы күндерінде малшылар малға табиғи панасы бар, жері ойлы-қырлы аудандарға көшіп отырған. Батыс Қазақстандағы мұндай жерлер оңтүстік пен батыс беттегі ағынсыз өзендері мол шағылды аймақтар, жалпы сырт сілемдері мен үлкен өзендер алқабы болып табылады. Көшпелілер әдетте ағашы мен бұтасы қалың тоғайлы, қопалы жерлерді таңдап алған. Көктем шығысымен қысқы қоныс өрістерін тастап кетіп отырған. Олар от пен судың, мал азығы қорының қалпына келуіне, сөйтіп ел-жұрттың қайта оралып қыстауына жағдай жасаған. Жалпы алғанда сарматтар шөбі тапталғаннан кейін, жаңа жайылымға көшетін болған. Осының нәтижесінде су көздерінен алыс жатқан жалпақ жазықтағы кең жайылымдар, мал айдап көшіп өткенде ғана болмаса, өте аз пайдаланылған.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.Сармат – савромат дәуірінің бірінші кезеңі?
2.Сармат – савромат дәуірінің екінші кезеңі?
3.Сармат – савромат дәуірінің үшінші кезеңі?
4.Прохор мәдениетінің ерекшелігі?
5.Суслов мәдениетінің ерекшелігі?
6.Сармат тайпаларының археологиялық тұрғыдан маңызды және бай ескерткіштері қай жерден табылды?
7.Сақ қоғамы қандай үш топқа бөлінді?
8.Сақтар өздерінің ат мифологиясын немен байланыстырады?
9.Сақ тайпаларының шаруашылық өмірінде андроновтықтарға қарағанда қандай өзгешіліктер болды?
Дәріс №12
Тақырып:Азия мен Еуропадағы хундар империясы және үйсін, қаңлы мемлекеттері
Дәрістің мазмұны Ежелгі хундар туралы тарихи деректер және хундардың шығу тегі -
Хундар мекендеген аумақ
-
Азиядағы хундар құрған мемлекет
-
Шығыс Еуропадағы хундар империясы
-
Үйсіндер құрған мемлекет
-
Қаңлылар құрған мемлекет
1. Ежелгі хундар туралы ең алғашқы жазғандар қытайдың әйгілі үш тарихшысы еді. Олар: біріншісі – Қытай тарихшыларының атасы деп саналатын Сыма Цянь (б.з.б. 135-67 жж.). Оның еңбегі «Ши-цзи» («Тарихи жазбалар») 130 бөлімнен тұрады. Соңғы бөлімінде Сыма Цянь хундар, Орта Азия халықтары, оғыздар, қаңлылар, үйсіндер, қырғыздар және басқалары туралы да жазыпты. Хундар туралы ол келтіретін мәліметтердің бәрі өте қысқа – үзінде түрінде.
Екінші тарихшы – Бань гу. Ол жазған еңбек «Цянь Ханьшу» («Батыс Хань мемлекетінің құжаттары») д.а. Бұл еңбек б.з.б. 206 жылдан басталып, б.з. 25 жылына дейінгі оқиғаны қамтиды.
Үшінші тарихшы – Фай Е-нің «Хоу Хань-Шу» («Шығыс Хань мемлекетінің құжаттары») – жоғарыда аталған екі тарихшының ізімен жазылған аса құнды еңбек. Бір артықшылығы – түркі халықтары туралы арнайы тарауы бар. Олар «Чжоу-Шу» («Чжоу ұлысының құжаттары»), «Бэйши» («Алдыңғы ұлыстар тарихы»), «Түн-дянь» («Бөгде тайпалар жылнамасы»), «Тайпин хуан-юи» («Көне тарих туралы дерек») т.б.
Еуропа тарихшыларынан хундар туралы жазған Аммиан Марцелиан – б.з. ІҮ ғасырындағы Рим тарихшысы. Ол б.з. І ғасырынан Ү ғасырына дейінгі хундар туралы маңызды деректер қалдырған. Оның еңбегі «Іс қимылдар» деп аталатын 31 кітаптан тұратын шығарма. Ал Гот тарихшысы, б.з. Ү ғасырында өмір сүрген Иордан хундар көсемі Ругила, Аттила басқарған мемлекеттер туралы және Аттиланың Римге жорығы туралы, соғыстың жеңістері жөнінде өте бағалы мәліметтер келтірген.
«Хун» монғолдардың ежелгі халықтық атауы. Қытайлықтардың тілінде бұл сөз екі буыннан тұрған: хун – жауыз, ну – құл немесе кекшіл құл дегенді білдіреді. Хунну транскрипция бойынша сюнну деп ажыратылады. Олар ғұндар атағын Шығыс Еуропаға кірген кезде ІҮ ғасырда алған.
Хундардың шығу тегі туралы тарихшылардың зерттеулеріне сүйенсек, б.з.б. ІІІ ғасырда хундар түрікше сөйлеген және олар қаңлы, үйсін, қырғыз т.б. 20-дан астам түркі тайпаларымен бірге өмір сүрген. Хундар өздерін әр түрлі атаған: моңғолмыз, түрікпіз, славянбыз, неміспіз, иранбыз деген және басқа да халықтарды айтқан.
Хундар түркі тайпасының арғы атасы екенін қытай тарихынан келістіре аударған жүйрік ғалымның бірі Абел Ремюза: «Хун-гун екеуі бір сөз, ескі дәуірдегі ғұндардың аты, олар тегісімен түріктер».
2. Түркі тілінде сөйлеген хундар ортасы Ішкі Моңғолияда, Байкалда, Ордостан (Қытайдағы өзен) Алтай, Тарбағатай, Жетісуға дейінгі жерлерді мекендеген.
3. Хундар – ертеде Қытай жер інде, яғни Шығыс Түркістанда пайда болды. Шығыстағы хун қоғамының пайда болуы б.з.д. ІІІ ғасырдың басында. Хун ордасының ең күшейген уақыты – б.з.д. ІІІ ғасырдың аяғы Тұман мен он баласт Модэнің басшылық құрған уақыты. Б.з.д. 209 жылы Тұман өлгенде он баласт Модэ (шамамен б.з.б. 230-174 жж. өмір сүрген) әкесінің орнына таққа отырған. Б.з.б. 203-202 жылдары Модэ Саян, Алтай және жоғарғы Енисей тайпаларын бағындырып, өз мемлекетінің солтүстік шекарасын түбегейлі орнықтырды. Бірақ әлі де ең басты екі қарсыласы – Қытай мен юэчжилер (иран тілес ұлы жүздер) қалып еді.
Б.з.б. 202 жылы Қытайда азамат соғысы аяқталды. Ел басына Хань династиясы келді. Оның негізін қалаушы Лю-Бан (імператор Гао-ди) мемлекет шекарасын қауіпсіздендіруге тырысып, б.з.б. 202 жылдың қысында хундарға қарсы әскер шығара бастады. Бірінші қақтығыстан соң-ақ Модэ кейін шегінді, ал олардың соңынан жүріп отырған Хань әскері өзінің негізгі күшінен бөлініп, көз жазып қалды. Әскерімен бірге императордың өзі де бар еді. Мұны байқаған Хундар шегіністі бір ден тоқтатып, төрт атты корпусымен императорды Байдан тауының маңында қоршауға алды.
Императорға хундармен туыстыққа негізделген бейбіт келісім шартын жасауға уәде беру ден басқа жол қалмады, яғни императорға Модэге үйіндегі ханшайымды беруге және салық төлеп тұруына тура келді. Хундар мен Хань арасындағы бейбіт қатынас б.з.б. 166-163 жылдарға дейін созылды.
Модэнің мұрагері Лаошаньнің ең қатал соғысты ұлы жүздермен (юэчжилермен) жүргізуіне тура келді. Күрес ширек ғасырға созылды және б.з.б. 174-167 жылдары хундар үйсіндермен одақта болудың нәтижесінде қатты шиелініскен соғыста жеңіске жетті. Ұлы жүздер хундардан жеңілген соң Ферғанадан өтіп, Бактрияға шабуыл жасап, оларды бағындырып, өз ордаларын құрған. Дегенмен б.з.д. І ғасырдың аяғында Қытай империясы батыстағы үйсіндердің, шығыстағы дунхулардың және солтүстіктегі Енисей динмендіктерінің көмегімен Хун ордасын талқандаған. Сол себепті хундар екіге бөлініп бірі Қытай империясының құрамында қалып, ал екіншісі қазіргі Алтай мен Қазақстан жеріне, батысқа қарай жылжыған (одақтас қаңлы елінің жеріне). Солтүстік хундарды ұлы қолбасшы ЧжиЧжи қайта күшейтті. Б.з.д. Іғ. Солтүстік хун ордасына Алтай, Жетісу, Орталық Қазақстан және Орта Азияда мекендеген көптеген тайпалар бірікті. Оның негізгі мақсаты Қытай экспанциясына қарсы тұру болды. Көп ұзамай ол ордасының астанасы етіп Талас қаласын салдырды. Б.з.д. 36 жылы Қытай мемлекеті Жетісу мен батысты түгел бағындыру үшін әскер шығарды. Себебі қаңлылармен бірігіп Шығыс Түркістандағы билікке қауіп төндіреді деп есептеді. Олар хун астанасы Талас қаласына дейін келді. Осы жерде үлкен шайқас болды. Қытайлықтар қаланы қиратып Чжичжидің басын императорға апарады. Л.Гумилев хундар қытайлықтардан жеңілген соң төрт тармаққа ыдырайды: біріншісі, қазіргі Қазақстан территориясы Еділ мен Жайық аралығында; екіншісі, Тарбағатайға; үшіншісі, Отанында қалып, қытайлықтар құрамында қалды; төртіншісі, Ұлы қорғанның екі жағына Шаньси , Ордос және Алашанда орнығады.
4. Хундардың бір бөлігінен ІІ ғасырда Батыс Қазақстан жерінде жаңа орда пайда болды. Оның ең күшейген кезі Еділ Мұндзукұлының тұсы (Үғ.) еді. Олар ІҮ ғасырда Шығыс Еуропаға қарай жылжыды. ІҮ ғ. 70-жылдарының аяғында хундар Қаратеңіз өңірінде пайда бола бастады. Олардан алғаш соққыны Азов теңізін мекендеген аландар (осетиндер) алды. Олар мың жылдан аса (қазіргі Керчь бұғазы мен Қырымда орналасқан) өмір сүрген Боспор патшалығын жойды. Батыс және солтүстік батыста орналасқан сармат-алан және Готтар немесе швед тайпасына беттеді. Вестоготтар (Батыс Готтар) Дунайға қашты, Остоготтар (Шығыс Готтар) талқандалды. 395 жылы Закавказье мен Месопотамия аймағына шабуыл жасады. Ү ғасырдың басында олар Дунай жерін басып алады. Поннонияны басып алып, хун державасын құрды. Орталығы қазіргі Венгрияның жері болды. 433 жылы қартайған хун патшасы өзінің билігін немерелері – Бледе мен Аттилаға береді. Олар 12 жыл патшалықты бірге басқарып, герман тайпаларын бағындырды. Олар бірігіп Рейн бойындағы бургун корольдігін талқандайды. 445 жылы Аттила ағасын өлтіріп, елді жеке өзі билейді. 450 жылы ол Рим империясының шекарасын кесіп өтуге дайындалады. Рим императоры Валентино ІІІ-ден қарындасы Гонорияны өзіне әйелдікке (бұл оған Римдік патшаның мұрагері болуға мүмкіндік беретін еді) және Рим мемлекетінің байлығы мен билігінің біраз бөлігін беруді талап етеді. Римдіктер Гонорияны қамауға алған соң, Аттила өзінің тәуелді тайпаларынан Римге қарсы жорыққа шығуға әскер жинай бастайды. Аттила алғашқы соғысын сәтті бастап, Шығыс Рим империясының Дунайға дейінгі қалаларын бірінен соң бірін қиратып, Балканға келе жатып жол бойындағы барлық бекіністердің бәрін қиратады. 451 жылы Аттила алып державаның әміршісі болды. Оған Днестрден Римге дейінгі, Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі жерлер бағынды, бағынбаған Рим ғана қалды. 451 жылы 15 маусымда Тура қаласының жанындағы жазықта Аттила әскері мен рим жасаған басқарған Аэции (жас кезінде хундардың тұтқыны болған, Аттиламен сол жерде кездескен, хундар әлемін жетік білген адам) арасында шешуші шайқас болды. Алғашқы шайқас Аттиланың жеңілісімен аяқталды (166 мың адам өлген). Дегенмен де римдіктер құрған одақтар арасында алауыздық туындап Аттила өз әскерін ертіп аман-есен кері қайтты. Көп ұзамай ол өзінің әскер қатарын толықтырып, Италияның оңтүстігіне – Римге қарай бет алды. Ол көптеген қалаларды: аквилея, Верона, Монтуя және Бергамоны басып алды. Милан қаласы Аттилаға өз еркімен берілді. Ендігі кезек Римдікі еді. Мәңгілік қаладан Лев І Рим папасы Аттиладан қайырымдылық сұрау үшін елші жібереді. Елшілер көп тарту жасайды. Күтпеген жерден Аттила келісім берді. Себебі, хун елінде оба ауруы басталған еді. Хун патшасы Поннонияға кетпекші болды. Бірақ римдіктер Гонорияны бермесе әйелдікке бермесе, келесі жылы келіп қаланы шабамын деп қорқытты. Аттила қайтып келмеді. Ол өз сарайына әйелдікке бургун елінің (немістің) сұлу қызы Ильдиконы алды. Неке түні белгісіз себептен Аттила өледі.
Ол өлген соң Хун Ордасы ыдырайды. Екі жыл өктен соң Римді Вандалдар басып алып, екі апта бойы тонады. Ал содан 21 жыл өткеннен кейін Батыс Рим империясы мәңгі жойылады.
5. Усунь – «ah – smәn» деген белгілердің қазіргі кездегі дыбысталуы. Асман – иран тілінде «аспан» дегенді білдіреді. Жылнамада сақталған және бұл терминнің қытай аудармасы да сақталған. Б.з.д. 107 жылы Хань императоры Усунь еліне усунь билеушісіне әйелдікке қызын жібереді. Ол өте жас болған, ал билеуші қарт еді. Олар жылына бір-екі рет қана көріскен, ханшайым еріккеннен өлең шығарған. Өлең сөзі: «Мені туыстарым Аспан еліне тұрмысқа берді» деп басталған (Бань гу, 96б. тарауы, 1167 бет). Сонымен қатар үйсін аттарын Қытайда аспан аттары деп атауы да тегін емес (тянь ма) (Сыма Цянь, 123 тарау, 1142 бет).
П.Даффина «у-сунь» иероглифтік этимологиясы «Қарға ұрпақтары» дегенді білдіреді деген. Бұл жерде қарға өте маңызды кейіпкер, мифологиялық тұрғыдан. Ежелгі Үндістанда Қарға Гаруд-Қыранның үлкен ағасы есептелген. Оның тарихы былайша өрбіген. Құдайдың (аты әр түрлі аталады) құрсағында екі балапан құс дамып жатты. Ол кезде мәңгілік түн болды, ал күн енді ғана қалыптаспақшы еді. Екі балапан құстың бірі құдайдан оның құрсағынан шыққан кезде маған күн сәулесінің арайын көруді бұйыртшы деп қатты өттінді және дүниеге келуіне әлі де мың жыл қалсада құрсақтан тез шығаруын өтінді. Құдай оның өтінішін орындады. Шала дамыған балапан құс құрсақтан ұшып шыққан кезде жаңа ғана атқан күннің арайы оның көлеңкесінен қызыл болып шағылысты. Оны осылайша атады: Аруна, бұл Қызыл дегенді білдіреді. Бұл қарға еді. Ол таңғы арайдың нышаны, белгісі болды. Мың жылдан соң келесі балапан құс дүниеге келді. Ол бірден қанды ас іздеуге шықты. Ол қыран болды, оған Гаруда деген ат берді. Ол барлық құстардың патшасы болды.
Ежелгі Қытайда У немесе Чи-у Қарғасы («Қызыл Қарға») күннің туындысы еді. Ежелгі мифке сәйкес бір кездері аспанда он күн болған, және жерде қатты ыстық болған. Одан құтылу үшін Аңшыны шақырады. Аңшы Хоу-и алаңға шығып, садақты тартып аспанға қарай атады. Кенет отты шар жарылып. айналасына алтын қауырсындарды шаша отырып жерге қарай құлады. Жарқыраған бір нәрсе жерге құлады. Адамдар жақындап келсе жебе кірген Алып Қарғаны көреді. Бұл күннің бірі еді.
Һұн тәңірқұты үйсін күнмуы Нәнді бидің ұлы Елжау биді асырап, ер жеткізіп, үйсін халқын оның өз билігіне беріп, әкесінің тағына отырғызды. Әкесінің кегін қайтармақ мақсатпен Елжау би (һұн тәңірқұты Модэнің ұлы Лаужаң кезінде) Іле өзенін мекен еткен иозылерге қарсы соғысқа аттанып, жеңіске жетеді. Іле өзені бойындағы ұлы иозылердің бір бөлігі батысқа қарай ығысып, Бактрия жеріне қоныс аударады. Енді бір бөлігі өз орынына, Іле алқабында қалып, үйсін ұлысына қосылып кетеді. Ұлы иозылерді жеңіп, Іле алқабы мен Ыстықкөл айналысындағы шұрайлы да құнарлы қонысты жаулап алудың және бұл өңірде қалған сақ тайпалары мен Ұлы иозы тайпаларын қосып алудың зор жеңісі үйсін елінің күш-қуаты мен мемлекеттік беделін мейлінше арттырады. Осы кезде һұндардың Лаушаң тәңірқұты қаза болып, һұн билеушілері арасында алауыздық туып, өзара қырқысады. Бұл орайды пайдаланған үйсін күнмуы һұндардың ордасына бағынышты болудан бас тартады. Һұн билеушліреі әскер тартып үйсіндерге шабуыл жасайды. Олар жеңіске жете алмай, бойын аулақ салуға мәжбүр болады.
Үйсін ұлысы Іле өзені өңіріне келіп орныққан соң, өркен жайып гүлденеді де, қуатты мемлекет құрайды. Территориясы: батыста Шу, Талас өзендеріне, шығыста Тянь-Шань тауларының шығыс сілеміне, солтүстікте Балқаш көлінен бастап, оңтүстікте Ыстық көлдің оңтүстік жағалауына дейінгі ұлан-байтақ өңірді қамтиды. Осы территориядағы үйсін елі шығыста һұндармен, солтүстікте қаңлылармен, батыста дауандармен, оңтүстікте Тарым ойпатындағы қалалармен шекаралас болады. Астанасы Чигучен (Іле алқабындағы Қызылаңғар) қаласы. Ең жоғарғы билеушісі күнму (күнби) д.а. Күнби өзі тағайындаған әскери-әкімшілік ұлықтар арқылы бүкіл мемлекетті меңгеріп отырады. Сонымен қатар дулы үйсін елінің әкімшілік бастығы, оңқа (оңқы) ел ішіндегі ру-тайпа басшысы, елдегі қарулы күшті меңгерген қолбасы, қолбасшының көмекшісі дарту т.б. секілді лауазымдар болған. Үйсін мемлекетінде 120 мың түтін, 630 мың адам, 188 мың сайлауыт әскер болды.
Б.з.б. 53 жылдары үйсін тайпасы ішінде үлкен алауыздықтар мен таққа таласу басталады. Күнбидің қытай әйелінен туған балалары мен хун әйелінен туған балалары арасында жаулық өршіп, өзді-өзі соғысады. Соның салдарынан үйсін тайпасының оңтүстігі өңірлері қытай әйелінен туған балаларының билігіне, ал терістігі хун әйелінен туған балаларының билігіне өтеді. Б.з.б. 44 жылдың екінші жартысында жасаған шабуылында хундар мен қаңлы тайпалары үйсіндердің астанасы болған Цегу қаласын басып алады. Халқын тонап, малын олжалайды. Сонымен үйсіндердің батыстағы мың шақырымдай жер құлазып бос қалады.
6. Қаңлы халқының этникалық сипати жөніндегі мәселе күрделі де қиын. Қаңлылардың қай тіл де сөйлегені жөнінде де бірыңғай піків жоқ. А.М. Бернштамның пікірінше, қаңлылар түрік тілі халық болван. Басқа зерттеушілер қаңлылар Солтүстік Иранның мал өсіруші тайпалары қатарына жатады, олар б.з. І-ші мыңжылдығы ортасында Сырдария бойына түрік тайпаларының қоныс аударуына байланысты өзінің этникалық бейнесі мен тілін өзгерткен деп болжам жасайды. Б.А. Литвинский қаңлылар иран тілді сақтардың ұрпағы деп есептейді.
«Қаңлы» деген ат б.з.б. дін кітабы «Авеста» деректері мен үнді халқының эпосы «Махабхарата» қолжазбаларының мәліметтерінде белгілі болған. «Қаңлы» сөзі «қараулы, жақсы, жайсаң ұлықтар» мағынасын береді деген пікір М. Қашғаридің еңбегінде мақұлданады. Б.А. Литвинский «қаңлы» атын сақ тайпаларының бірі «былғары киімді әлде (сауытты) адамдар» д.а.
Қаңлылар б.з.б. ІІІ ғасырдан бастап осы заманға дейін Сырдария алқабы мен Жетісу өңірін мекен етіп келген ежелгі ел болып есептелінеді. Қаңлылар күшейіп гүлденген кезде, олардың қарамағына Ташкенттен Хорезмге дейінгі өлкелер енген. Б.з.б. І ғасырда қаңлы елінің аумағы Ферғана, Соғды өлкелеріне дейін кеңейген. Қаңлы елінің ең жоғарғы билеушісі хан болған. Елдің астанасы Битен қаласы болды. Жапон ғалымы Сиратори ол қаланы қазіргі Түркістан қаласының маңы деп есептейді.
Қазақстан археологы К.Ақышев бастаған экспедициясының анықтауы бойынша қаңлылардың І ғасырдағы саяси орталығы Отырар (Фараб) яғни Орхон ескерткіштеріндегі Қаңғу-Тарбан болып есептелінеді. Ежелгі қаңлы елі ұлан байтақ өңірге жайылған. Олардың ата қонысы Қаратау алқаптары мен Сырдарияның орта шенінен бастап, Шаш (Ташкент) өлкесінің ойпаттарына дейін созылған. Олар қыста Сырдарияның төменгі ағысындағы қыстауларды мекендесе, жазда Шу, Талас, Арыс өзендерінің алқаптарындағы жайылымдарға көшіп барған. Қаңлы тайпасының негізгі кәсібі көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Егіншілікпен және бау-бақша шаруашылығымен айналысты.
ҮІ-ҮІІІ ғасырларда қаңлылар Батыс Түрік қағандығының қол астына қарайды. ХІІ-ХІІІ ғасырларда қаңлылар Жетісудағы ең мықты ұлыс болып, бұл өлкені Алмалықта отырып билеген. Қарақытайлардың шабуылы кезінде қаңлылар қарлұқ елімен бірігіп, Баласағұн қаласын қорғауға қатысады. Ежелгі қаңлылардың бір бөлігі түрік, әзірбайжан, түркімен, қазақ, өзбек, қырғыз, қарақалпақ т.б. халықтардың құрамына енген.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
-
“Хунну”, “сюнну”, “усун” ұғымдарына түсінік беріңіз?
-
Б.з.б. ІІІ ғ. үйсіндер мекен еткен территория?
-
Үйсіндердің жоғарғы билеушісінің лауазымы?
-
Үйсіндердің астанасы?
-
Ғұндар Қазақстан жеріне қай жерден және қашан келді?
-
Ғұн билеушісі Модэ батыста кімдерге қарсы жорық жасады?
-
Ғұндардың Қазақстан жеріне екінші рет қоныс аударуы қай жылы басталды?
-
Қай ғасырда ғұндар Еуропа жеріне қоныстанды?
-
Ғұндар мен үйсіндердің негізгі шаруашылығы?
-
Ғұндар мен үйсіндердің қоғамдық құрылысы?
-
Ғұндар мен үйсіндердің рухани және материалдық мәдениеті?
Достарыңызбен бөлісу: |