Семинар сабағы Құдайбергенов С. Е. , дәрістер. Мәдениет ұғымы және құрылымы с. Жоспар


дәріс. Мәдениеттің кеңістігі мен формалары – 2 с



бет9/16
Дата27.10.2022
өлшемі186.19 Kb.
#463480
түріСеминар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Дәріс мәтіні

5 дәріс. Мәдениеттің кеңістігі мен формалары – 2 с.
Біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырдың 40-жылдар аяғында грек тарихшысы Геродоттың «Тарихң деп аталатын еңбегінде және басқа қол жазбаларда біздің заманымыздан бұрынғы І мың жылдың орта шенінде Орта Азия мен Қазақстан жерінде сақ деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар массагеттер, каспийшілер, есседондар, кейініректе алаңдар, сарматтардан тұрған.
Геродоттың айтуынша: Сақтар скиф тайпалары, бастарына тік тұратын төбесі шошақ тығыз киізден істелінген бөрік және шалбар киген. Олар садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған тамаша атқыш жауынгерлер.
Сақтардың мал шаруашылығының негізгі бағыты қой шаруашылығы еді. Оның еті мен сүті ғана емес, сонымен бірге киіз басу, арқан есу үшін жүні де іске асты. Сақтардың тұрмысында жылқы да үлкен рөль атқарады. Өйткені ол мінсе көлік, жесе тамақ, ішсе сүті сусын қымыз. Б.з.б. І мың жылдықтың орта шенінде, яғни сақ заманында өндірістің мамандырылған түрлері болды. Бұлар руданы өндіру және өңдеу, темір ұсталығы, темірді құю және зергерлік істер еді. Сақтар темірден үзеңгі, ауыздық жасауды үйреніп, соғыс құралдарын, қару-жарақтарды, жебенің ұштарын, қысқа семсерлер-ақинақ, қанжар, ұзын семсерлер, найза, түрлі балталар жасады. Металл өңдеумен бірге қолөнердің тұрмыстық ыдыс-аяқ жасау, тас қашау, сүйек ою, тері илеу, жіп иіру және тоқымашылықтың түрлері де болды. Темірден пышақ, металдан ыдыс, балта, темір ілгектер, шоттар, қашаулар т.б. заттар жасалынды.
Сармат тайпаларының басты кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды. Сарматтар көбінесе жылқы мен қой өсірген. Ғұндардың басты шаруашылығы мал өсіру, соның ішінде жылқы және қой бағу. Оларда сонымен қатар отырықшылық пен егін шаруашылығы да болған, қолөнері де дамыған. Тұрмыста қажетті бұйымдарды металдан, тастан, ағаштан, сүйектен, мүйізден, балшықтан жасаған. Керамика ісі өркендеген. Олар Қытай және т.б. елдермен сауда жүргізген. V ғасырға қарай Солтүстік Моңғолиядан Орта Азиядағы Әмудария өзенінің бойына дейін созылған кең байтақ жердің бәрін тирек (телэ) деген атпен бірнеше тайпалар мекен етті. Солардың бірі-түрік тайпасы. Түрік деген ат алғаш рет 542-жылы аталады. Қытайдың солтүстік батысында орналасқан Вэй князьдігіне түріктер (туцюе) жыл сайын шабуыл жасап, ойрандап отырғандығы жөнінде айтылады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған.
V ғасырға қарай Солтүстік Моңғолиядан Орта Азиядағы Әмудария өзенінің бойына дейін созылған кең байтақ жердің бәрін тирек (телэ) деген атпен бірнеше тайпалар мекен етті. Солардың бірі-түрік тайпасы. Түрік деген ат алғаш рет 542-жылы аталады. Қытайдың солтүстік батысында орналасқан Вэй князьдігіне түріктер (туцюе) жыл сайын шабуыл жасап, ойрандап отырғандығы жөнінде айтылады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған. Қазақстан жерінде VІ-Х11 ғ. өмір сүрген түрік тайпалары өздеріне тән үлкен материалдық мәдениет қалдырған. Олардың қалдықтары, әсіресе, соңғы жылдары жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде белгілі болып отыр. Түркі дәуіріндегі материалдық мәдениет қалдықтарының түрлері негізінен адамдардың шұғылданған шаруашылықтарымен байланысты болған. Оған археологиялық қазба зерттеулері нәтижесінде табылған заттар толық дәлел бола алады. Мәселен, түркі дәуірі кезіндегі обалардан көбірек кездесетін заттар: қол диірмендер, үккіштер, темір орақ т.б. құрал-жабдықтар. Бұлар ол кездегі халықтардың егін шаруашылығымен айналысқан жағдайын байқатады. Ал түркі тайпаларының мал шаруашылығымен кеңінен айналысқандығын археологиялық қазбалардың барысында молырақ кездесетін темірден жасалған ат әбзелдері (ауыздықтар, олардың әшекейлері, үзеңгілер) құрал-сайман, қару-жарақтар, әсіресе, темір семсерлер, найзалар, олардың ұштары т.б. көрсетеді. Олардың барлығы сол кездегі түркі тайпаларының темір қорытуды жақсы меңгергендігін дәлелдейді. Сондай-ақ, ғылыми қазба жұмыстары кезінде түркілердің зираттарынан құрал-саймандар, қару жарақтармен қатар қолөнер бұйымдары, әшекейлік заттар өте көп кездеседі. Олардың ішінде: кіселер, белдіктер, омырауға тағатын алқалар т.б. бар. Кіселер алтын, күміс және қымбат бағалы тастармен безендіріліп отырған. Түркілер тамаша етікшілер болған. Табылған аяқ киімдердің ішінде өкшесі биік емес, қайқы бас етіктер және кебіс қалдықтары кездеседі.
Түркі халықтарының материалдық мәдениеті жөнінде айтқанда, әсіресе, зираттардың басына тастан жасалған мүсіндердің көптеп қойылғандығы көңіл аударады. Олар: балбал тастар, тас келіншектер т.б. Бұл тас мүсіндер Қазақстанның барлық аймақтарында көптеп кездеседі. Олар түркі тайпаларының ішінде қол өнерінің, әсіресе, тас қашайтын шеберлердің болғандығын көрсетеді.
Қыпшақ тайпаларының көшіп-қону аймағы кейде мыңнан астам шақырым жерді қамтыған. Негізгі жайылымдардың орны мен көшу жолдары және осы бағыттағы жинақталған сан ғасырлық тәжірибе ұрпақтан-ұрпаққа көшіп отырды. Көшу жолдары мен жайылымдарды бөлу қоғамның қалыпты тіршілігін қамтамасыз еткен жайылымдық-көшпелі жүйенің негізгі шарты болды. Қыпшақтардың басты шаруашылығы мал өсіру болды. Олар жылқы, қой, сиыр, өгіз, түйе өсірді. Қыпшақтар малының құрамында қыс кезінде тебіндеп жаюға неғұрлым бейімделген жылқы мен қой басым болған. Өйткені жылқы басты көлік құралы және қыпшақтар сиыр мен қой етінен жылқы етін артық көрді. Бие сүтінен тамаша, шипалы сусын қымыз, ал қойдың жүні мен терісінен жылы киім дайындалды. Қыпшақтар қой, жылқы шаруашылығымен қатар ірі қара өсірумен де айналысты. Бірақ саны жағынан ол әлде қайда аз болды. Өйткені сиырлар мен өгіздер көшкен кезде алыс қашықтыққа көп жүрісті көтере алмайтын еді. Сондықтан ірі қара өсірумен жартылай көшпелі, тұрақты қыстаулары бар қыпшақ кедей топтары айналысқан. Өгіздер көбіне арбаларға жегуге пайдаланылған. Батыс Қазақстан аймақтарында қыпшақтардың жекеленген топтары түйе шаруашылығымен де шұғылданған. Түйе құмды, топырағы ащы, тұзды және шөпсіз жерлерде ең пайдалы да қолайлы үй жануары болды.
Қыпшақтар аңшылықпен де айналысқан. Олар аң аулағанда садақ пен жебеден басқа лашын, бүркіт сияқты құстарды, жүйрік тазыларды пайдаланған. Бағалы аң терілерін қыпшақтар басқа елдерге шығарып, сауда қатынасын жүргізген.
Қыпшақ қоғамында малсыз кедейлер егіншілікпен, соның ішінде өзен бойларында суармалы егіншілікпен айналысқан. Оны Ұлытау және Торғай аймақтарындағы суландыру жүйелерінің, көптеген бөгеттердің, құдықтар мен тоғандардың қалдық орындары көрсетеді. Қыпшақтарда үй кәсібі, қолөнер жақсы дамыған.
Қыпшақтар аңшылықпен де айналысқан. Олар аң аулағанда садақ пен жебеден басқа лашын, бүркіт сияқты құстарды, жүйрік тазыларды пайдаланған. Бағалы аң терілерін қыпшақтар басқа елдерге шығарып, сауда қатынасын жүргізген.
Қыпшақ қоғамында малсыз кедейлер егіншілікпен, соның ішінде өзен бойларында суармалы егіншілікпен айналысқан. Оны Ұлытау және Торғай аймақтарындағы суландыру жүйелерінің, көптеген бөгеттердің, құдықтар мен тоғандардың қалдық орындары көрсетеді. Қыпшақтарда үй кәсібі, қолөнер жақсы дамыған.
Орталық Қазақстанда қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. X-VІІІ ғасырлар) Андронов мәдениетімен салыстырғанда анағұрлым жоғары Дәндібай-Беғазы мәдениеті болғанын білеміз. Ол Қарағанды қаласы маңындағы Дәндібай ауылында және Балқаштың солтүстік төңірегіндегі Беғазы қойнауында қола ескерткіштерінің алғашқы қазылған жеріне қарай аталған. Дәндібай-Беғазы мәдениеті Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ даладан табылған көптеген ескерткіштерімен сипатталынады. Олардың қатарына Ақсу-Аюлы-2, Ортау-2, Байбала-2, Бесоба, Бұғылы-3 кешендері жатады. Бұл ескерткіштерге тән нәрсе, бір жағынан Андроновтық дәстүрлердің сақталуы, екінші жағынан, мәдениеттің жаңа элементтерінің,тұрпаты ерекше бейіттік тамдардың, жатаған, домалақ ыдыстардың пайда болуы. Жерлеу ғұрпы да Андронов мәдениетіне тән емес. Әдеттегі бүктелген қаңқалармен қатар аяқтарын созып, шалқасынан жатқызылған қаңқалар да кездеседі. Мұндай жерлеу ғұрпы кейінгі ерте темір дәуірінде Қазақстан жерінде тұрған малшы тайпаларда кеңінен тараған.
Беғазы мәдениеті дәуірінде жерленгендерден мүлік теңсіздігінің болғанын да байқаймыз. Басына обалар жасалып, оның айналасы ірі гранит тақталармен белдеуленген молалар да кездеседі. Бұл патриархаттық-рулық қоғамның көрнекті мүшелерінің қабырлары. Тағы малдарды, жануарларды қолға үйрету көшпелілер қоғамы дамуының заңды кезеңі.
Қазақстан жерінде мал шаруашылығымен қатар неолит дәуірінен бастап егіншілік дамыған. Мәселен, Усь-Нарым қонысында (Шығыс Қазақстан) табылған қыстырма орақтар егіншіліктің болғанын көрсетеді. Тастан астық үгетін құралдар: астық түйгіштер, тоқпашалар, келілер, келсаптар жасалған. Егін жинауда алғашқы кезде пышақ пайдаланылған болса, соңғы қола дәуірінде әр түрлі қола және мыс орақ, шалғы қолданылады. Алқаптарда негізінен бидай, қарабидай, тары егілген.
Қола дәуірінде адам қоғамының өндіргіш күштерінің дамуына мал өсіру және егін егумен қатар әр түрлі рудаларды өндіру, тас пен сүйекті пайдалану аса маңызды роль атқарған. Оған Қазақстан жеріндегі мыстың, қалайының және алтынның бай кендерінің болуы қолайлы жағдай жасаған.
Қола дәуірінде Қазақстан жерінде мекен еткен тайпалардың қоныс жайларын анықтау мақсатында бірнеше қазба жұмыстары жүргізілді. Солардың нәтижесі көрсеткеніндей, әдетте қоныс өзендердің жағасында, жайылы- мы мол мүйісте, көлдің маңына орналасқан. Қоныстар 6-10 үйден, үлкендері 20 үйден тұрды. Өзен жағасында олар бір немесе екі қатар болып тізілген. Мүйістегі үйлердің ортасынан кең алаң-қотан қалдырылған. Тұрғын үйлердің аумағы кең 100 шаршы метрден 300-400 метрге дейін жеткен.
Қола дәуірінде Қазақстан жеріндегі тайпалардың өмірге керекті және үй тұрмысына қажетті заттарды істеп шығара бастағанын байқаймыз. Мал шаруашылығы адамдарды тек тамақтандырып қана қойған жоқ, сонымен қатар киім-кешекпен және аяқ киіммен де қамтамасыз етті. Сойған малдың жүнін түтіп, оны иіріп киім етіп қию үшін жаңадан ұршық және қарапайым тоқыма станогі пайда болды. Бұлар бірнеше қазбалардан табылды. Мұның өзі сол тұста қазақ даласындағы үлкен жетістік еді. Адамдар малдың терісін өңдеп, үстіне тон, басына тымақ, аяғына киім етіп киетін болды. Жүн киімдер қойдың биязы жүні мен ешкінің түбітінен тоқылды.
Қоныстарды мекендеушілерде керамика ыдыстарын жасау кеңінен дамыған. Оның бәрі шаруашылық пен тұрмыста пайдалануға арналды. Бұл тұстағы құмыра жасаушылардың көбі әйелдер болды. Күйдірген балшықтан ыдыс-аяқтардың бірнеше түрі жасалған. Ыдыстарға әшекейлеп өрнек салын- ған. Соңғы қола дәуіріндегі құмыралардың дені иіні дөңгелек, бүйірі шығыңқы болып жасалынды.
Қола дәуіріндегі тайпалар жауынгерлік қару жасап, оларды үнемі жетілдіріп отырған. Ол кездегі негізгі қарулар найза, күрзі, дүмі шығыңқы балта, шот болды. Кейбір жауынгелердің қанжарлары болған.
Рулық құрылыстың ыдырағанын және мүлік теңсіздігінің шыққанын қорымдардың қалдықтарынан да көруге болады. Кедейлердің қабірлері қарапайым және саймандары да қарапайым. Ал байлардың қабірлерінен алтын және қола заттар мен шебер өрнектелген балшық ыдыстары табылған. Отбасы иесінің, ру мен тайпа көсемдерінің молалары үстіне биік етіп топырақ оба үйілген немесе үлкен-үлкен гранит тастардан қоршау жасалынған.
Қола дәуіріндегі тайпалардың діни нанымдары мен сенімдеріне келетін болсақ, ол тұстағы адамдардың тұрмысы мен әл-ауқаты түгелдей табиғатқа тәуелді болғандықтан, олар табиғат күшін киелі рух деп білген. Бұл күштер ең алдымен су, күн, от, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі еді. Күн мен от жарық жылылықты береді, мұның бәрі қайырымды құдіретті рухтармен байланыстырылды. Адам мен жануарларға сусыз өмір жоқ, сондықтан суға да, сол сияқты, ай мен жұлдызға да табыну сияқты наным күшті болды.
Қола дәуірінің тайпалары ата-бабаларына сыйынған және о дүниеге сенген. Ауру адамдарды емдеу және оларды өлімнен сақтап қалу әрекеттері де болып отырған. Ол әрекеттер нәтиже бермеген жағдайда өлген адамды о дүниеге қажет деп санаушылық, о дүниеде тамақ керек деп, тамақ пен киіммен, құралдарымен қару-жарағымен, сәндік заттарымен барынша жақсылап көму – қола дәуіріндегілерге тән рәсім.
Қола дәуірінде күнге, отқа, суға, айға, жұлдыздарға және қорғаушы рухтарға арнап құрбан шалу ғадеті де болған. Кейін келе адамның ой-өрісінің өсуі нәтижесінде, оның өзі туралы және табиғат жөнінде ұғымы күрделілене түсті, сөйтіп, діни дүниетаным келіп шықты. Қорытып айтқанда, қола дәуірінің соңғы кезінде өндірістік жабдықтарға және өндіріс өніміне ортақ меншіктің пайда болуына байланысты қоғамда қауымдық құрылыс ыдырап, отбасылық меншік пайда болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет