Семинар сабағы Сарсембаев Р. М. , дәрістер. Мәдениет ұғымы және құрылымы с. Жоспар


,7 дәрістер. Номадалардың ежелгі мәдениеті. Қазақстанның номадтық мәдениеті – 4 с



бет10/16
Дата07.02.2024
өлшемі137.05 Kb.
#491285
түріСеминар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Дәріс мәтіні 2

6,7 дәрістер. Номадалардың ежелгі мәдениеті. Қазақстанның номадтық мәдениеті – 4 с.
Алғашқы қоғамдық қүрылыс мәдениеті қашан және қай жерде пайда болды? Бүл сүрақтың жауабы өте тереңде жақандығы соншалықты, себебі адамның қалыптасу процесінің тарихы сонау заманда жатқандығы бәрімізг белгілі. Ғалымдардың айтуынша алғашқы қауымдық қүрылыс уш дәуірге бөлінеді: олар тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі. Кейінгі палеолит дәуіріні үңгір суретшілерінің аң бейнелерін нанымды етіп салғаны соншалық, ола көрген адамға атылуға дайын түрған тірі аңдардай әсер қалдырған.
Магияның негізінде көне заманғы діни наным-сенім тотемизі қалыптасты. Тотемизм - адамдардың өздерінің ата тегін жануарлармен жануарлар дүниесімен тығыз байланысты. Австралия - тотемизм меі сиқырлаудың классикалық елі.
Көшпелілер арасында ислам діні жансарлау болды. Отырықшы қалалар мен енгіншілік аудандардағыдай терең тамыр тартып кете алмады. Көшпелі аудандарда қалалалардағыдай мешіт, медреселер болмады. Номинализм (лат. - есім, атау) - үғымды тек жекеленген заттардың атауы ғана деп есептейтін орта ғасырлық философиялық бағыт. «Номадтықң термині адал топтарыныц кеңістіктегі орналасуын білдіреді. «Номадтықң терминінен және осы атаудың түп төркінінен қарым-қатынастың кешендігін бірақ экологиялық, экономикалъқ және әлеуметтік күштердің бүтін бірлік күрайтынын көруге болады.
Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпенділер мәдениеті мен өнері Біздің заманымызға дейінгі бір мыңыншы жылдары бүкіл Евразия даласында скиф-сақ тайпалар одағы өмір сүрді. ¥шы-қиыры жоқ кең даланы игеріп, әртүрлі патшалықтар бірлестіктерін қүрып, күшті жауынгер елге айналды. Оларды батыстағылар (гректер) скифтер десе, парсылықтар (Иран, парсы патшалықтары) сақтар деп атады. Бірақ та осы екі атау да Евразия даласын жайлаған халықтардың ортақ аты еді. Скиф, сақ тарихын тілге тиек етіп, тереңірек үңілетін болсақ, оларды қүрайтын бірнеше тайпалар көне жазба шежірелерде жиі кездесетінін көреміз,. сарматтар, дайлар, аландар, массагеттер, үйсіндер. Кезінде осы тайпалар бірлестіктері қазақстан территориясын жайлаған, қазақ хаөқының арғы ата-бабалары болып табылады. Бүлардың ішінде, эсіресе, массагеттер, аландар, үйсіндер туралы тарихи деректер көбінесе Иран, парсы, грек жазбаларында біршама кездеседі. Ал аландар туралы көне қытай жылнамаларында дэйекті де айшықты жазылған. Ең бір көне деректер ежёлгі парсылардың діни кітабы -Авестада көрініс береді.
Сонымен бірге дайлармен бірге Иранның шығысында орын тепкеғ көшпелі. тайпа "тұрларды" да атап өтеді. Ал осы "турларды" ежелгі гректер массагеттер деп атағанын айтсақ, кітаптан түрік тектес халықтардың, дэлірек негіздесек қазақ халқының арғы ата-бабаларының географиялық жайлап жатқан аймағын танып білеміз. Массагеттер мен турлардың (түріктердің) туысқан бір тайпа бірлестіктерінен түратынын тарихтың атасы атанған Геродот та жазып кеткен.
Ежелгі дәуірде Орта Азия мен Қазақстан жерінде тайпа бірлестіктерінің ең күштісі массагеттер, аландар болды. Олар әрдайым көрші патшалықтармен қарым-қатынаста болып, жауласқанмен жағаласып, тойласқанымен табысып отырды. Көшпенді де еркін, ержурек халықты табанына таптау үшін талай рет парсы, грек, қытай патшалары жорық жасаған. Жаулардың ешқайсысына да берілмей қайта оздеріне айықпас соққы беріп отырған. Скифтердің эйелдері де батыр, қайсарлықтарымен тарихта өз аттарын қалдырып отырды.
Соның бірі, әйгілі әйел патша -Томирис. Массагеттер патшасы Томирис өз кезегінде ешкім тоқтата алмаған парсы патшасы Кирге қатты соққы беріп, әскерін талқандап, өзін қолға түсіріп басын алады. Уақиға туралы Геродот өзінің эйгілі "Тарих" шығармасында (б.э.д. 440-43Ож.ж.) мынандай дәйекті келтіреді: "Парсыларды женгеннен кейін массагеттер падишасы Томирис торсыққа толтырып қан құйғызып: "Сен қанға қүмартып едің, енді шөлің қансын!"- деп, оған Кирдің басын салдырған.
Әлемнің жартысын жаулап алып, төрткүл дүниеге қаталдығымен, жойқын жаугершілігімен Мәшһүр болған Кир және одан кейінгі "жеңілмес" патшалар: Дарий, Ескендір Зүлқайнар массагеттер даласына келгенде таулары шағылып, кері қайтып отырған. Қайсар-батырлықтың арқасында сақ-скиф, массагеттер кең байтақ Евразия даласын ешкімге бермей жайлап жатты. Көшпенділер мәдениеті мен онері өзінің жаулары мен жақтастарын таңдандырып, қүндылыгымен жарты элемге мәшһүр болды. Сақ-скифтер қолынан туындаған өнердің ықпалы ежелгі шығысқа да, батысқа да үлкен эсер етті. Әсіресе "аң бейнелі" әдіспен әсемделіп соғылған нәзік те нақышты дүниелері басқа елдердің қүрметпен қарауына мойын үсынылды. Ертедегі эллиндік және қытай шеберлері көшпенділер онеріне тәнті болып, оны өз байларына сіңіруге тырысты.
Кошпенділер өнерінде алтыннан' түйін түю, қола қүйма эдістері ең жоғарғы жетістікке жетті. Оған археологйялық қазбалардан табылған асыл заттар куә. Соның бірі -Украин археологтары талқан скиф қорғанының эр түрлі алтын эщекей заттары. Заттар "толстая магила" қорғанынан шыққан, ішіндегі ең бір қүндысы -"пектораль"- алқа. Пектораль оте нақышты, нәзік соғылған әшекей бейнелер скифтердің ғарыштық ой жүйесінің тақырыбына қүрылған. Алтын әшекейдің томенгі бөлігінде о дүниені, олім табиғатын, оның қасіретін бедерленген, ал жоғарғы жағында адамдар омірінен сыр шерткен. Екінші бір айта кетерлік дүние - Қырымдағы Күл-Оба қорғанынан табылған алтын қүмыра. Тек саф алтыннан, күмістен қүтылар, онша таралмаған. Қүмырада скиф жауынгер батырларының бейнесі аса бір ынталықпен бедерленіп, өрнектелген.
Бүкіл Евразияның байтақ даласын күн шуақты - алтынды "аң тәсілді' өнерімен көмкерген ата-бабаларымыз кейінгі үрпағы мақтанарлықтай өлмес мүралар қалдырды. Соның бірі элемдегі өнер сүйер қауымды елең еткізген, біртума ескерткіш Есік қорғанынан табылған "Алтын адам" кейіпі жерленген мэйіттің басынан аяғына дейін алтынмен апталған киім киісіне қарағанда, оның анау-мынау адам емес, иатша сарайы қызметшісі немесе бір тайпа елдің көсемі екеніне шүбә келтірмейсіз. Алтын адам киімі - сирек кездесетін ғажайып өнер туындысы. Бүл тек қүнды археологиялық олжа ғана емес, ата-бабамыздың жоғары мәдениеті, тарихы, біздің тарихымыз, мәдениетіміздің алтын түғыры. Төрт мыңнан астам алтын пластинкалардан қүрылған қапсағай сауьп, қанатты түлпар (пырақ) мен архар бейнесі қондырылып, алтын жебелермен көмкерілген шошақ бөрік және басқа да эшекейлер - озық ойлы, талантты шебердің қолынан шыққан қүдіретті туынды. Әлем мәдениетіне қайталанбас, эстетикалық талғамы зор өнер стилін әкелген сақ-скиф тайпа бірлестіктері басқа елдердің өнерінің дамуына игі ықпалын тигізді. Көшпенділер өнерінің іиуағы бір шеті Қытайға, екінші шеті ертедегі Иберияға (Испания) дейін жетті. Сол дәуірде скиф-сақ тайпалар бірлестіктерінің ішіндегі аландар, совраматтар, сарматтар ежелгі грек, Римге дейінгі жерді жайлап, тіпті кейде сол өңірге өз үстемдіктерін жүргізіп те отырған.
Кейіннен сақтарды безендіру ағымының ықпалынан полихромдық өнер ағымы пайда болды. Полихромдық ағымда негізінен екі бағыт қатты дамыды; оның біріншісі - дәнекерлеп жасаған үяларға түрлі-түсті тастар орнатылады, сонымен бірге әсем түйіршіктер мен жылтырлаған сымнан өрнектер жасалды, екініш бағыттағыларда фон (түс-қабыршык) болмайды дэнекерленіп жасалған қоршауларға асыл тастар орнатылады. Осы екі бағытта жасалған әшекей заттар Қазақстанның кең байтақ даласында көптеп табылуда. Көбінесе, солардың ішінде;,сэукеле, шекелік, жүзік, сырға белдік, қын, қылыштың сабы т.б. заттар кездеседі.
Әр халықтың ғасырлар бойы жинақтап қалыптастырған мәдениеті мен өнері сол елдің өзіндік паспорты (қүжаты) сияқты. Соған қарап-ақ ол халықтың қаншалықты дамыған өркениетті ел екенін, тарихын топшылап, көңіл сарайында таразылап білуге болады.
Жалпы адамзат тарихына көз жіберсек, "көшпенділер" деген атпен эйгіленген сақ-скиф тайпа бірлестіктеріне кіретін халықтар өмірі мен мәдениеті еске түседі. Тақырыбымыздың басында атап өткеніміздей, міне осы көшпенді бабаларымыз кезінде бір шеті Қытай, екінші шеті Солтустік мүзды мүхит бір жағы батыс Европаны басып өтіп, Мысырға дейін көшіп-қонып, эр дәуірде билік қүрып, үстемдік еткен. Олардың сол кезеңдерде түрлі елдің мәдениетіне, өнеріне тигізген эсері үшан-теңіз. Бүкіл әлем халықтарының өнерінде, әсіресе сәулет саласында тайға таңба басқандай көшпенділер ықпалының табы, стилі ■ сезіледі. Көшпенділердің сол мәдени ықпалын қаншама жылдар бойы ұлы державалар саясат жасырып-жауып айтпай келді, тек соңғы кездерде ғана сең сөгілгендей болды. Тарих шындықты қалай да бүрмалап, бүркемеленгенмен, бэрібір түнекті жарыі шығып, өз орнын табады, солай болды да.
Қазақ халқының аруақтары, оның киесі туралы діни нанымдарының түп тамыры өте көне замандарда жатыр. Алғашқы рулық қауымдарды эр ру тайпалар өздерін белгілі бір аңнан, күстан жаралғанбыз деп түсіп, өзінің тег саналатын хайуанатқа табынған. Алғашқы қауым заманындағы адамдардьп бүл көне діни нанымын, «тотемизмң деп, ал, ру-тайпалардың тегі саналғаі хайуанаттарды «тотемң деп атайды /10; 51-82/. Көне түркілердің өздерін көі бөрінің үрпағымыз деуі және т.б. мысалдар осы коне тотемдік нанымдардыі-дәлелі. ,
Көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіштерін сөз етуден бүрып беретін келе қазақ халқын қүраған тайпалық бірлестіктерінің түрмыс-тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайында бірер сөз айта кеткен дүрыс. Өйткені "Өз өміріндегі қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің дегендеріне қарамайтын. белгілі бір, қажетті қатынастарда - ондірістік қатынастарда болады, бүл қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамнын экономикалық қүрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдық және саяси қондырма орнайды және бүған қоғамдық сананың белгілі бір формалары сай келеді. Материалдық өмірдің ондіріс эдісі жалпы өмірдегі әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызады. Адамдардың санасы олардың болмысын бейленейді, қайта керісінше, олардың болмасы олардың санасын билейді.
Орта Азия мен қазіргі Қазақстанның кең байтақ даласын алғашқы қауымдық қүрылыс түсында-ақ аңшылық, егіншілік және мал шаруашылығымен айналысатын түрлі тайпалар мекен еткен. Бүл өлкенің табиғаты, ауа-райы, кен байлығы ежелгі адамның тіршілігіне қолайлы болған. Сонау қола дэуірінің озінде түрлі тайпаларынан мал өсірушілеодің болініп шығуын Ф.Энгельс қоғамдық алғашқы ірі еңбек бөлінісі деп атады. Біздің заманымыздан бүрынғы 1-мың жылдықтың бас кезінде-ақ қазіргі Қазақстан жерінің оңтүстік және шығыс аймақтарын мекендеген, тарихта сақтардеген атпен белгілі тайпалар өздерінің қоғамдық даму дэрежесі жағынан мемлекеттік қүрылыс сатысына таяп қалған еді. Оларды мал өсіру және егіншілікпен қатар темір қорыту біршама дамыған болатын. Сол кезде-ақ қызыл - қоңыр және магнитті темір рудасын кеңінен пайдаланған сақтар қола мен темірден түрлі қару-жарақ (ңайза, семсер, айбалта, садақ жебелері, дулыға т.б), үй шаруашылығыңа қажетті және зергерлік бүйымдар жасаған. Соңғы жылдары Есік маңынан (Алматы облысы) табылған сақ кәсемінің киіміндегі алтын әрнектер, сақтардың "Алтын обасынан" (Шымкент облысы) шыққан әшекей-сэндік бүйымдар, Таңбалы тас (Қаратау) мен Саймалташ (Қырғызстан) жартастарына ойып салынған орасан үлкен суреттер сақтардың көркемдік талғамы, бейнелеу өнері, металды өңдеу тэсілі жоғары болғ,анын Сақтарда бүгы, арқар, арыстан, самүрық қүс суретін салу мен олардың бейнесін алтыннан қүйып жасау стилінің өзіндік ерекшеліктері бар. Жоғарыда айтылған "Алтын обадан" табылған зергелік-әшекей бүйымдардың кейбір бөлшектері мен суреттерінің өте кіші эрі нэзік етіп жасалғаны сондай, оны тек үлкейткіш шыны арқылы ғана айқын көруге болады. Қазіргі Қазақстан жерінде сақтардан кейін жасаған ежелгі алғашқы тайпалық бірлестіктер - үйсіндер мен қаңылылар деуге болады. Олардың шекарасы батысында Шу мен Талас өзендері, шығысында Тянь-Шянь таулары, солтүстігінде Балқаш көлінен бастап, Ыстық көлінен бастап, Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына дейІнгі өлкені алып жатты. Үйсіндер негізінен Іле алқабын жайлағанымен, ордасы "Қызыл алқап" қаласы Ыстықкөл маңында болды.
Қаңлылар - Қаратау өңірі мен Сырдарияның орта саласын мекен етті. Ежелгі саяхатшылар Қаңлы тайпалық бірлестігін көшпелі ел эрі қалалары бар үлкен мемлекет ретінде сипаттап жазады. Сыр өзенінің орта ағысы (Шаш, Отырар, Қаратау) аймағын мекендеген қаңлылардың мәдениеті тарихи эдебиеттерде Жетісай, Қауыншы, Отырар, ал кейін Қаратау мәдениеті деп аталады. Атақты тарихшы С.П.Толетов кезінде археологиялық және жазба деректерге сүйене отырып, бүл өңірдің материалдық және рухани мәдениеті сол кез үшін өте жоғары болғанын ерекше атап көрсетті. Қазіргі Қазақстан территориясында эуелгі топтық қоғамдардың қалыптасуына европалықтарға "ғүндар" деген атпен мэлім көшпелі тайпалар бірлестігінің ықпалы да күшті болды. Біздің заманымыздың бірінші ғасырында ғүндар Арал теңізі мен Каспий маңына шығып, ондағы аландар мен асаларды батысқа қарай ығыстырып жіберді. Кейінірек олар Шығыс және Орталық Европаға басып кірді.
Сөйтіп, "халықтардың үлы қоныс аударуы" Қазақстанның, Орта және Алдыңғы Азияның, сондай-ақ Европаның этникалық және саяси картасын едәуір дэрежеде өзгертті. Қазақстан территориясында жергілікті түрғындардың антропологиялық типіне монғол типтес элементтердің жайылуының алғашқы күшті толқындарының бірі және өлкенің бүкіл территориясында түркі тілдерінің кеңінен таралуы ғүндардың қысымымен болған шығыс тайпаларының миграциясымен байланысты болса керек.
Орта Азия мен Қазақстан территориясында бірте-бірте патриархалды -феодалдық қатынастар қалыптасып, ежелгі феодалдық мемлекеттер қүрыла бастады. Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардан бірігіп пайда болған осындай ежелгі феодалдық Мемлекеттердің бірі. Түрік қағандығы (552-745 жылдар) еді. Бүл қағандыққа енген тайпалар алғашында Алтай мен Жетісудың бір бөлігін мекендеді. "Түрік" деген термин түңғыш рет 542 жылы аталады.
"Түрік" этнонимі алғашқы кезде белгілі бір адамның ата-тегі шонжар топтағы немесе әскери ақсүйектерден шыққанын білдірген. Кейінірек бүл сөздің семантикасы бірте-бірте үлғайып, билік жүргізуші, үстемдік етуші, яғни "патша" шыққан тайпаның символы болған. Бептін келе сол билік етуші тайпаға бағынышты болып қалған тайпаларды да көршілері түріктер деп атаі кеткен.
Түрік қағандығының әлеуметтік, саяси және қоғамдық өмірінде әскері істер аса маңызды орын алып, үлкен роль ойнағаны тарихтан жақсы мәлім Түріктердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болды. Оның биліь жүргізген кезінде көптеген көрші елдер түрік өкіметіне бағынды. Қағандықтың ордасы Орхон өзенінің (Монғолия) жоғарғы сағасында болды. Бумынның інісі қаған ҮІ ғасырдың орта кезінде Орта Азиядағы эфталиттер мемлекетін күйрете жеңді. Түрік қағанатының территориясы бүрынгыдан да үлғайып, эскери қуаты арта түсті.
Бірақ бүл үзаққа созылған жоқ. Түрік аристократиясы жаулап алған өлкелерді әрқайсысы жеке-жеке бөліп алып, дербес басқаруға тырысты. Осыдан саяси дағдарыс туып, билікке таласқан өзара қырқыс соғыстар басталды. Ақыры Түрік қағандығы бір-бірімен жауласқан екі қағандыққа бөлініп кетті: Бірі-Шығыс түрік қағандығы (Орталық Азия), ал екіншісі -Батыс түрік қағандығы (Орта Азия, Жетісу, Шығыс Түркістан). Батыс түрік қағандығы яки қағанаты - Түрік қағандығының негізінде 603 жылы қүрылған ертедегі феодалдық мемлекет. Бүл қағанаттың территориясы Жетісу мен Шығыс Түркістанды, Тянь-Шаньның батыс беткейі мен Орта Азияны алып жатты. Қағанаттың орталығы Шу өзені алқабындағы Суяб қаласы еді. Қағанаттың бірінші басшысы■'- қаған, жоғарғы әміршісі эрі эскер басы болды.
Батыс түрік қағанатының негізін қалаған Бумын қағанның інісі Істемі-қаған болды. Түріктер 558 жылы аварларды Батысқа ығыстырып, Еділ мен Жайық бойын өзіне қаратып алды. Білге қаған мен оның інісі Күлтегін осы үлан-ғайыр қағанаттың тәуелсіздігін тан империясынан қорғау үшін күрескен. кезшде ьатыс түрік қағандығын қүраған түрлі таипалар кешннен қазақ халқының қүрамына еніп кеткені мәлім.
Батыс түрік қағандығынан кейін Жетісу өңірінде қүрылған феодалдық мемлекет - Түркеш қағанаты (704-766 ж.ж.) болды. Ал бүдан кейін Қарлүқ қағанаты (766-940 ж.ж.) өмірге келді. Ол Жетісу мен Қашғардан бастап, Ферғана мен Сырдың орта ағысына дейінгі өңірге билік жүргізді. Сырдарияның орта және төменгі ағысында және соған жақын жатқан батыс Қазақстан жерінде түркі халықтарының арғы аталарының бірі - оғыз тайпалары бірлестігі - Оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ ғасыр) болды. Оғыз мемлекетінің астанасы Сыр бойындағы Янгикент қаласы еді. Бүлар негізінен көшелі тайпалар саналған, сондай-ақ отырықшы оғыздар да болды. Олар Сыр өзені алқабындағы Сүткент, Сығанақ, Қарнақ сияқты қалаларды мекен етті. Кейінірек қыпшақтардың қысымына шыдай алмаған ғыздардың көпшілігі Шығыс Европа мен Кіші Азияға ығысып көпшілігі Шығыс Европа мен Кіші Азияға ығысып кетті. Түрік мүсылмандарының алғашқы феодалдық мемлекеті - Қарахан мемлекеті (940-1212 ж.ж.) болды. Қарахан эулеті батысында Амудария мен Сырдарияның , төменгі ағысынан бастап, шығысында Жетісу мен Қашқарға дейінгі өлкеде екі ғасыр бойы билік жұргізді. Астанасы – Баласағұн қаласы.
Шығыс Ренессансының талай елдерді қамтыған және 500 жылдан артық өркендеген типі мұсылмандық мәдени өрлеу дәуірі екендігі белгілі. Оның әл-Кинди, әл-Фараби, ибн-Сина, Фирдауси, Ж.Баласағұн, Қожа Ахмет Иассауи, Омар Хайям сияқты өкілдерінің рухани мұрасын меңгермей қазір мәдениетті адам деп есептелу қиын. Бұл жерде осы ұлы құбылыстың мұсылмандықпен қатысы қанша деген заңды сұрақ туады. Оның негізі де бар.
Әл-Фарабидің мәдениет туралы пікірлері негізінен араб мәдениетінің мына 4 тармағына байланысты: 1. Хақиқат (бір Алланың ақиқаттығын дәлелдеу). 2. Шариғат (мұсылмандық тұрмыс-салт заңдары). 3. Тарихат (Аллаға қызмет еткен әулиелер өмірі). 4. Марифат (білімділік, парасаттылық идеялары).
Шығыс Ренессансы туралы сөз еткенде оның тағы бір бастауы сопылық бағыт (суфизм) жөнінде айтпай кетуге болмайды. Қазақстан жеріндегі ұлы ғұламалар Жүсіп Баласағұн, Сүлеймен Бақырғани, әсіресе, Қожа Ахмет Иассауи шығармашылығында сопылық сарын үлкен орын алған. Онан соң Ренессанс идеясын тек Платон мен Аристотельдің шығыстық ізбасарлары қолдады деу де сыңаржақтылық.
Сопылық бағыт ислам әлемінде о баста ресми дінге қарсы оппозициялық қозғалыс ретінде туады. “Суфь” термині арабтың “жүн шекпен” деген сөзіне орайластырып алынған. Сопылар – киім талғамайтын, бар ойы руханилық төңірегіндегі тақуа адамдар.
Қалалардың өсіп өркендеуі, сауданың дамуы, ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымды арттырған. Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болады. Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егіншілік көбінесе суармалы негізде дамыды.
V1-XІІ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой көтерді.
Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты ірі қалалардың бірі-Исфиджаб (қазіргі Сайрам) болды. X-XІІ ғасырларда тікелей сауда орталығы ретінде мәлім болған Исфиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды.
Қазақстанның Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі-Отырар. Араб-парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан (Трабан) деп те аталған. ІX ғасырдың бас кезінде арабтар Фадл-ибн Сахлдың басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлұқ жабғуының ұлдарын қолға түсірді деп хабарлайды деректемелер. VІІ-VІІІ ғасырларда Отырар шахристаны мұнаралары бар дуалдармен қоршалған. Отырар өмірі X-XІІ ғасырдан кейін де жалғасып, оның орта Сырдария өңірінің экономикасы мен мәдениетіне ықпалы күшті болған.
Қазақстанға белгілі болған орта ғасырлық қаланың бірі – Тараз. Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры Юстинианның елшісі Земарх Килликискийдің Батыс түрік қағаны Дизабұлға берген есебінде Тараздың да аты аталған. Шамамен 630 жылы қытай саяхатшысы Сюань Цзан Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге (4-4,5 км) жеткен маңызды сауда орталығы деп сипаттайды. VІІ ғасырда Тараз «Ұлы Жібек жолындағың ірі мекенге айналды. X-XІІ ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған. Оған жақын жерде Айша бибінің күмбезі көтерілген. Тараз жеріндегі ортағасырлық сәулет өнерінің тағы бір ескерткіші Қарахан күмбезі.
Тараз Жетісудың саяси, экономикалық және мәдени өмірінің ірі орталығы болды. Оның төңірегіндегі Талас, Хамукент, Жікіл, Адахкент, Ден, Нуджикент, Құлан, Мерке, Аспар, Жұл, Баласағұн, Барсхан қалалары мен қоныстары бір-біріне тізбектеліп жалғасып жатты. Сондай-ақ, Іле өзенінің алқабында Қойлық, Талхиз, Екі-Оғыз сияқты басқа да қалалар орналасқан.
XІ ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мұнда XІІ ғасырдың аяғында Ахмет Иассауи күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналды.
Сырдариядағы ірі қала Сығанақ еді. Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-шығысына баратын керуен жолдарының қиылысында орналасқан ол XІІ ғасырда қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазір Сығанақтың орнында Сунақ-ата жұрты бар
X-XІІ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда жоғарыда айтылған кенттерден басқа жаңа қалалар – Қарашоқы, Қарнақ, Ашнас, Баршынкент, т.б. пайда болды. Олардың алып жатқан жер көлемі ұлғайып, сауда шаруашылық орталығы – Шахристаннан рабадқа ауысқан.
Қазақстан жеріндегі халықтардың экономикалық өмірінде сауда орасан зор рөл атқарды. Жазба деректемелер Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда қатынасы болғанын дәлелдейді. VІ-X ғасырлардағы халықаралық саудада “Ұлы Жібек жолының” зор маңызы болды. Бұл жол Шаштан (Ташкент) Газгирдке, одан Исфиджабқа жетті, одан әрі керуендер Тараз қаласына беттеген. Исфиджаб пен Тараз арасында бірнеше шағын қалалар мен керуендер аялдайтын сарайлар болды. “Жібек жолы” Тараздан терістікке қимақтарға қарай Адахкент, Дех-Нуджикент қалаларын басып өтті. Тараздан “Жібек жолымен” Төменгі Барысханға, Құланға (Луговое қаласы), одан әрі Меркеге және Аспараға қарай шұбыра жолшыбай бірнеше қалаларға соғып, Бедел мен Ақсудан асқан керуендер Шығыс Түркістанға барып жетеді екен.
Қалалардың өсіп өркендеуі, сауданың дамуы, ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымды арттырған. Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылы- ғының дамуына себепкер болады. Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егіншілік көбінесе суармалы негізде дамыды.
Ортағасырлық Қазақстанның материалдық мәдениетінің басты бір саласы – архитектуралық құрылыс өнері. Оның даму барысында қалаларда қоғамдық ғимараттар, тұрғын үйлер тұрғызу, ислам және басқа да діни кешендерін салу ісі өрістеді. Бұлардың архитектуралық сыртқы көрінісі жинақы, қаланың орталық алаңдарында орналасқан іргелі құрылыстардан тұрған. Мешіт құрылысында, оның зәулім биік мұнарасын тұрғызуда сәулет өнерінің сол кездегі жетістіктері пайдаланылған. Ол кездегі монументальдық архитектуралық құрылыстар қатарына Тараз қаласынан 18 шақырым жердегі Бабаджа –Хатун және Айша-Бибі кесенелері жатады. Бұл құрылыстар тек архитектуралық әсемдік жағынан ғана емес, сонымен қатар оның безендірілуі, ондағы ою-өрнектер халқымыздың материалдық асыл мұралары қатарынан жоғары орын алады. Материалдық мәдениет жүйесінде, осы заманға дейін жеткен шығыс моншасының құрылыстары мен оларға тартылған су құбырларының маңызы ерекше. Мұндай құрылыстар Оңтүстік қазақстандағы қазба жұмысымен жүргізілген Отырардан, Түркістаннан, тараз, Ақтөбе, Талғар т.б. қалалардан табылды. Қала тұрғындары тұрмысында монша алдыңғы кезектегі рөлдердің бірін атқарды. Монша мешіттен кейінгі адамдар ең көп баратын орын болды.
Қазақтар – Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдегі жалпы саны 13 млн-нан асады, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы мұсылман суниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының қыпшақ топтамасына жатады. Бұл мәдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік өрісі мен уақыт ағымында қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін анықтайық. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалық (көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен бастайық.
Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті – оның тылсымдық сипаты. Мысалы, “ата қоныс” ұғымы көшпелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтытдығын мойындайды. Қауымдық қатынас мекендер егемендігінен туады. Ата қоныстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен-көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға мұра ретінде қалдырылған.
Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғары қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікте үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың арасында “қытай қорғаны” тұрған жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті (гармонияны) білдіретін дәнекер қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде экололгиялық мәселе әдептіліктік жүйесіндігі обал және сауап деген ұғымдармен тікелей байланыстырылды.
Табиғат аясындағы мәдениетті қатып-семіп қалған, өзгеріссіз әлем дейтін пікірлер де әдебиетте жиі кездеседі. Алайда, бұл осы мәдениетке тынымсыз қозғалыс тән екендігін аңғармаудан туады. Шексіз далада бір орында тоқталып қалу көшпелілік тіршілікке сәйкес келмейді. Ол мезгілдік, вегитациялық заңдылықтарға бағынып, қозғалыс шеңберінен шықпайды. Әрине бұл қозғалыс негізінен қайталанбалы, тұрақты сипатта болады. Қуаң даланы игеру табиғатты өзгертуге емес, қайта оның ажырамас бір бөлігіне айналуға бағытталған. Яғни, адам табиғат құбылыстарына тәуелді болып қалады.
Шексіз даланы игеру оны жай ғана кеңістік, жазықтық деп түсінбей, осы даланы тұтас бір континуим ретінде бағалаумен қатысты. XX ғ. қалыптасқан этникалық аумақтар мен жағрафиялық ұғымдардың және көшпелілер өркениеті шарықтап тұрған кездегі ата-мекен түсінігінің арасында үлкен айырмашылық бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет