Семинар сабағы Сарсембаев Р. М. , дәрістер. Мәдениет ұғымы және құрылымы с. Жоспар



бет4/16
Дата07.02.2024
өлшемі137.05 Kb.
#491285
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Дәріс мәтіні 2

Мәдени коммуникация
Негізгі коммуникация (байланыс) құралы тіл болғандықтан, тілге, ауызекі сөзге негізделген салт-дәстүрлер, мифтер, әдет-ғұрыптар немесе, жалпылама айтсақ, фольклор кеңінен дамыды және ұрпақтар мирасқорлығының негізі де сол болып табылды. Тіл- коммуникация құралы ретінде адамның тікелей қатынасуын (айтуын, естуін) қажет ететін болғандықтан да адамдар ұжымы өз ара ұйымшыл, бөлінбес бірлікте болды.
Жазу-сызудың пайда болуы адамзатты естілетін дыбыстық акустикалық кеңістіктен көзге көрінетін визуалды көрнекі кеңістікке итермеледі. Ұрпақтан ұрпаққа ұласқан ақыл- өсиет, даналық ой, жазылған және көзбен көріп оқылатын мәтіндерге айналды.
Әліпбиге дейінгі қауымдық қоғамда адамның өмірге бейімделген негізгі сезім мүшесі құлақ болды. Есту сенумен пара пар болды. Ендігі жеерде негізгі сезім мүшесі болып есту мүшесі құлақ емес, көру мүшесі-көз келді.
Коммуникация құралдыры күрделене келе , тек адамды қоршаған ортаны ғана өзгертіп қоймайды, сонымен бірге адамның өзінің де ойлау жүйесіне, дүниетанымына, іс-әрекетіне, менталитетіне өзгерістер енгізді. Жазу-сызудың пайда болуынан басталған жатсыну, шеттену процестері Еуропадағы тұңғыш баспа станогының дүниеге келуімен одан ары ұлғая түсті. Христиандық Еуропада ХУ ғ. 2-жартысында Иоганн Гуттенберг өзінің тапқан баспа станогын іске қосты. М.Маклюэн айтпақшы ,, Гуттенберг галактикасы,,- баспа ісі- нағыз ақпараттық төңкеріске келіп соқты. «Гуттенберг галактикасыныңң арқасында тұңғыш көпшілік конвейерлік тауар – басылып шыққан кітап дүниеге келді. Ол бұрын болмаған көп мүмкіншіліктерге жол ашты. Жазу-сызуы жоқ уақытта ұрпақтан ұрпаққа ұласқан тәжірибені ру көсемдерінің зердесі сақтап кейінгі ұрпаққа жеткізді.
М.Маклюэннің айтуы бойынша, қатынас құралдарының өзгерісіне байланысты болатын мәдени кезеңдердің біреуінен екіншісіне өту барысында көптеген үйреншікті мәдени элементтердің жоғалды. Аудио-визуалды кеңістік кезеңі жаңа қарым-қатынас құралдарын-телеграфты, радионы, телефонды, теледидарды, компьютерді және т.б. ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін ала келді. Соның нәтижесінде баспа өнімдері және мәдениет институттары дағдарысқа ұшырады. Кітапханадан оқушының, театрдан көрерменнің, әдебиеттен ақын- жазушылардың – күнделік, хат, өмірбаян жазу ісінің қайтқан кезеңі келді. Адамдар менталитеті өзгеріске ұшырады. Біртұтас электрондық байланыс біздің планетаны «үлкен ауылғаң айналдырып отыр.
Тіл - тек коммуникативтік құрал емес, сонымен бірге адам болмысының, оның мәдениетінің көрінісі, өйткені мәдениет таңба, яғни тілден тысқары өмір сүре алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет