Семинар сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау Студенттің оқытушымен жүргізетін өздік


Антимонополнялық қызметті басқару органдары



бет8/10
Дата14.06.2016
өлшемі0.85 Mb.
#135943
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

3. Антимонополнялық қызметті басқару органдары.

Антимонополиялық қызмет басқармасы өзінің маңызы жағынан салааралықбасқаруға қатысы бар. Салааралықбасқарманың субъектілері болып, салалық қызметке және салааралық функцияларды орындауға маманданбаған органдар жатады. Бұндай басқарудың шарты болып салааралық сипат және сыртқы салалық маңызы бар маманданған функциялар жатады. Салааралық маманданған функцияларды орындайтын органдар министрлік, мемлекеттік комитеттер және ведомствалар нысанында құрылады. Негізінен олар өз өкілеттігін өздеріне тәуелсіз атқарушы органдармен шаруашылықтанған субъектілерге жүргізеді. Салааралықбасқарудың субъектілері салааралықсипаттағы ведомствалық өкілеттіктерге ие. Олардың бірнеше салаларға немесе нақты бір салага және басқа да салаарлық басқарма субъектілеріне өз әсерін тигізуі мүмкін.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудағы антимонополиялық қызмет функциялары антимонополиялық органдарға жүктелген. 1997 жылғы 10 қазанда қабылданған «Қазақстан Республикасында мемлекетгік басқарудың тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Презвдентінің Жарлығына сәйкес, ол мемлекеттік бағаны басқарып, жүзеге асыратын салааралық реттеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы орталық атқару органы мен стратегиялық жоспарлау Агенттігіне берілген. Агенттік жүйесінде антимонополиялық органдар бірыңғай басқару құрылымын құрады. Аумақтықбеліністер өз қызметін, яғни өкілеттігін Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалау жөніндегі Агенттікте қарастырған, яғни белгілі бір

функцияны орындайтын Агенттік өзіне есеп беретін белгіленген аумақта жүргізіледі.



Антимонополиялық саясат және бага жөніндегі Департаменттің аумақтық бөлімдері, оның құрылымдық бөлімдері бо табылады және олар занды тұлганың құқығын да иеленеді. Департамент бөлімінің басшыларын министр қызметке тағайындайды және оларды кызметтен босатады. Бага және антимонополиялық саясат жөніндегі Департамент және оның аумақтық бөлімдері келесі функцияларды жүзеге асырады;

  • бірыңғай мемлекеттік саясатты қапыптастыру және оны жүзеге асыру, яғни бәсекені қалыптастыра отырып ша-руашылықтандыру, бағаны қалыптастыру және тұгынушылардың құқығын қоргау;

  • қаржылы және тауарлы нарық жағдайындағы шаруашылықтанған субъектілерді монополизацияламау;

  • бәсекені дамытып-қалыптастыру үшін, монополистік қызметті білу және бұлтартпау;

  • мемлекетгік баганы, антимонополиялық зандылықты және осы салалардағы тұтынушыларға бақылау жасау. Департаменттің бағаны қалыптастыруда монополиза-цияламауды, сондай-ақ антимонополиялық зандылық бойынша әкімшілік құқық бүзушылықта ерекше өкілеттігі бар.

Сонымен қатар Департаменттің баға қалыптастыру саласындағы жүзеге асыратыны:

  • баға мен тарифтерді бекіту және қолдануда әдістемелі)к басшылық жасайды және бағаны қалыптастыру тәртібін белгілейдІ, мемлекеттік бақылау органдары атқаратын баға мен тарифтің бағамын мақұлдайды.

  • Департамент шаруашылықтанган субъектілерге, табиғи монополистерге, олардың жогарғы табыстарына бақылау жүргізеді.

  • Монополизацияламау саласында Департамент шаруа-шылықтанған субъектілердің монополизацияламау бағдарламасын қолдайды, шаруашылықтанған субъектілерді мемлекеттік тіркеуге алады, егер субъектілер қайта ұйымдасса құжәттарын қайта тіркейді, ол құжат мемлёкеттік реестрде айқындалады, реестрде айқындалған шаруашылықтанған субъектілердің акция пакеттерін шетелдік инвесторларға қолдануға береді.

  • Департаменттің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау үшін биліктік өкілеттігі бар: |

  • антимонополиялық заңдарды және баға тәртібі туралы құқық бұзушылықтарға тергеу жүргізеді, әкімшілік комиссия құра алады, азаматтарға және лауазымды түлғаларға, егер олар құқық бүзса| айыппүл салады немесе айыппүл жөнінде іс қозғайды;

  • антимонополиялық заңды және баға тәртібін бұзғаны үшін, Қазақстан Республикасы азаматтарынан, шетел азаматтарынан, азаматтығы жоқ тұлғалардан өзіне керекті ақпарат немесе қүжаттар көшірмелерін талап ете алады;

  • басқарма және билік органдары шаруашылықтанған субъектілердің және лауазымды түлғалардыңұсыныстарын қарайды және оларға ескерту жасайды;

  • билік және басқару органдарының қабылдаган актілерін, сондай-ақ шаруашылықганған субъектілердің монополиялық қүқық бұзушылығын толық немесе ішінара тоқгата тұрады;

  • антимонополиялық заңды және баға тәртібін шаруашылықтанған субъектілер бұзғаны үшін, алынған бюджеттік кірісті алып тастауға шешім шығара алады.

Антимонополиялық саясат және баға'жөніндегі Департамент қабылдаған шешімін барлық мемлекеттік басқару органдарында, ведомстваларда, жергілікті атқарушы органдарда орындау міндетті болып табылады. Департамент, сондай-ақ, министрліктің, мемлекеттік комитеттердің, ведомства және т. б. мемлекетгік басқару органдары актілерінің күшін жоя алады, сонымен қатар, антимонополиялық заңға қайшы келетін басқару органдарының меншіктің кез келген нысаны туралы шығарған шешімінің кушін жояды.

Үкіметпен осы антимонополиялық саясат саласында оның дамуы үшін үлкен жүмыстар атқарылуда. 1994 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде антимонополиялық саясат туралы келісім-шарт бекітілді. Аталған шартқа қатысушы республикалар: Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия; Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Украина және Ресей Федерациясы. Аталған келісім-шарттың міндеттері:



  • нашар бәсеке мен монополистік қызметті шектеуге өзара
    әрекет жасау;

  • келісім-шартқа қатысушы елдердің антимонополиялық
    заңдарын бір-біріне жақындату;

  • бәсекенің дамуына тул^ынушылар құқығы мен тауарлы нарыққа гиімді жағдай жасау.

Аталған келісім-шартты жүзеге асыру үшін, қатысушы елдер, антимонополиялық саясат жөнінде мемлекетаралық Кеңес құрды. Бұл Кеңестің басты міндеті елдер арасындағы антимонополиялық саясаттың барлық мәселелерін келісе отырып шешу және келеңсіз жағдайларды, яғни, құқық бұзушылықтарды болдьгрмау болып табылады.

Құрылысты және т^рғын үй коммунадды шаруашылықты басқару

Мемлекеттің тиімді әкономикалык дамуы, өндірістік және әлеуметтік аясы да ең бірінші осы құрыпыс және түргын-үй коммуналдык шаруашылықпен қамтамасыз етілуімен де анықталады.

Меншік нысанының (формасының) өзгеруі де қүрылыс саласы мен тұрғын үй коммуналды шаруашылықты басқаруда да көптеген өзгерістер әкелді. Түрғын уйге жеке меншіктің қалыптасуына байланысты, түрғын үй құрылысын басқаруға қатысатын субъектілерінің өкілеттіктерінің де өзгеруіне әкеліп соқты.

Қазақстан Республикасы Президенті тұрғын-үй саясаты даму бағдарламасын (стратегиясын) айқындайды. Оған мысал ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің «жаңа түрғын-үй саясаты гуралы» 1993 жылғы 6 қыркүйектегі Жарлығы және 1993 жылғы Түрғын үй саясаты және оны жүзеге асыру механизмі туралы Мемлекеттік бағдарламасын айтып өтуімізге болады. Қазақстан Республикасы Президенті Түрғын үй процесін қамтамасыз ететін орталық және жергілікті атқару органдарының құрылымын айқындайды.

Қазақстан Республикасы Парламенті - Түрғын үйге меншік қүқыгының пайда болуы мен тоқтатылуына байланысты қатынастарды реттейтін занды актілерді қабылдайды және осы мәселеге байланысты олардың пайдалану қүқығын, түрғындарға қойылатын талаптарды, сонымен қатар Қазақстан Республикасы тұрғын үй қорын басқаруға байланысты басқа да қатынастар туралы заңды актілер қабылдайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметі - түрғын үй қүрылыстарына басшылық жасайтын мелекеттік атқару органдар жүйесіне басшылық жасайды:


  • тұрғын үй қорын пайдалану және тұрғын үй аясында азаматтардың қүқықтарының сақгалуына мемлекетгік органдардың бақылау жасауын қамтамасыз етеді;

  • мемлекеттік тұрғын үй алуға құқығы бар азаматтар категориясын айқындайды;

  • Қазақстан Республикасы тұрғын үй қорын басқаруды ұйымдастырады.

Құрылысты мемлекеттік басқару органдары. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 4 наурыздағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдар жүйесж реформалаудың кезекті шаралары» атты Жарлығымен Қазақстан Республикасы аумағындағы түрғын үй, қүрылыс министрлігі гаратылып, оның функциялары, мүлкін басқару өкілеттіктері мен қызметі әкономика және еауда министрлігіне берілген болатын, оның ішінде оның қүрамына кіретін құрылыс және архитектура қала қүрылысын басқару агенттігіне берілді Бүл Агенттік – құрылыс аумағы бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ететін атқару билігінің республикалық органы болып табылады.

Агентттік тұрғын үй қу-рылысы аясында мемлекеттік саясатты жүзеге асырумен қатар:

  • Архитектура - қала құрылысы қызметіне болжамдар және ғылыми зерттеулер жүргізу мен мемлекеттік бағдарламаларды талқылау мен жүзеге асыруды ұйымдастырады.

  • Архитектура - қала құрылысы қызметі аясына қатысты жұмыстарын жүргізетін мемлекеттік лицензияларды береді, тоқтатады немесе олардың күшін жояды.

  • Қазақстан Республикасы аумагы (территориясы) бойынша қала құрылыс қадастрын жүргізеді.

  • Архитектура және қала құрылысы жергілікті органдардың өклеттілігін анықтайды.

Заңдарда қарастырылған басқа да әрекеггерді атқарады.

  1. Архитектура - қала құрылысы тұрғын үй саясаты және коммуналдық шаруашылықтары бойынша заңдарды талқылауға қатысады, басқа да заң актілерін және заңға тәуелді нормативтік актілерді қабылдауға ат салысады.

  2. Өз құзіреті бойынша заңға тәуелді нормативтік-құқықгық актілерді шығарады.

  3. Қазақстан Республикасы құрылыс саласындағы техникалық нормалар жөніндегі барлық субъектілердің жұмысын үйлестіру.

Мемлекеттік түрғын уй қолдану және олармен қамтамасыз ету құқығы.

1997 жылы 16 сәуірде «тұрғын үй қатынастары» туралы Қазақстан Республикасы заңына сәйкес, тұрғын үйді тегін алатын азаматтар тәртібі белгіленеді. Бұндай азаматтар тізімі заң бойынша жұмыс орындарына беріледі. Мысалы бұрынғы берілетін тізімде келе жатқандардың ішінен Ұлы Отан согысына қатысушылары мен мүгедектері және тағы басқа түлғалар.

Жаңа түрғын үй саясатына байланысты тұрғын үйді бөлу оның атқарып жатқан айлық еңбек ақысына көбірек тәуелді болып отыр. Олай дейтініміз, осы заң бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үйлер жекешелендіруге жатады. 1995 жылы қаңтардан бастап жаңадан салынған тұрғын уй қорлары тек қана жалға немесе арендаға беріледі, азаматтарга осы пәтерді бірте-бірте сатып алу қүдығы берілген. Осындай азаматтар тізімін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындап оны бекітеді:

I) азаматтардын әлеуметтік қорғану мәртебесі;

2)әскери қалашық мәртебесі, шекара заставалары және жабық объектілер;

3)мемлекеттік кәсіпорындарға берілетін қызметтік үйлер. Әлеуметтік аз қорғалған азаматтар тізімі Қазақстан Республикасы заңдары бойынша белгіленіп, жалға беріледі. Ал мемлекеттік тұрғын үй қорындагы жатақханалар:

а)шұғыл еңбек келісімі бойынша жұмыс жасайтындар (контракт бойынша);

б)студенттер (курсанттар) оқу кезеңінде, олардың жатақханалармен қамтамасыз етілуін ұйымның әкімшілігі шешеді. Жатақханалардан шығару заңды негіздер бойынша атқарылады. Шұғыл еңбек келісімі бойынша, көрсетілген мерзімнің аяқгалуы себеп болады, сонымен қатар еңбек қатынастары аяқгалғанда немесе оқу орнын бітіргені себепті.

Тұрғын үй әл-ауқаттың өлшемі, әлеуметтік жағдайдың белгісі екендігі көпке мәлім. Үлттық сипат алған осы әлеуметтік-тұрмыстық ахуалды оңтайлы шешудің бір жолы - мемлекет тарапынан қолдау көрсету. 2000 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құ-рылысы жинақ ақшасы туралы» Заңның негізгі мақсаты осы мәселелерді шешуге бағытталган. Осы заң еліміздегі тұрғын уй құрылысыжинақақшасыжүйесініңбасты қағидалары мен шарттарын, мүмкіндіктерін айқыңдап берді. Халықтыңагтауқшын көтеругеарналған заң актілерінің ішінде бұл құжаттың орны да, маңызы да ерекше. Сол себепті өткен жылдыңсәуір айында Қазақстанныңтұрғын үй қүрылыс жинақбанкі құрылды. Үкіметқаулысымен қүрылған акционерлік қоғам нысанындағы банктің жарғылық капиталы да түгелдей мемлекетгің қамтамасыз етуімен жасаісгалды. Қазақстанның тұрғын үй қүрылыс жинақ банкінің ең басты ерекшелігі клиенттерге тұрғын үйін жақсарту үшін ұтымды жағдайда несие беру болып табылады. Яғни, тұтынушыларға 15 жылға дейінгі мерзімге 3,5 пайыздан 6,5 пайызға дейінгі пайыздық ставкамен несие бере алады. Ондай несие юіинетке өзі таңдаған мерзім ішінде банктегі жинақтау шотында ақшалай қаражатты алдын ала жинақтаған жағдайда беріледі. Оның үстіне Қазақстан азаматтарының тұрғын үй қүрылыс жинақ банкіне салынган сол мақсатты ақшалай салымдары арнайы мемлекеттік сыйақылармен үстемеленіп ынталандырылады.

Заңдарда белгіленген шарттарға сәйкес тұрғын уй заемын жеңілдік белгіленген проценттік ставкалар бойынша алу үшін түлынушы тұрғын үй-жайын жақсартуға қажетті соманың жартысын жинақтауы тиіс. Ол жалпы сома мөлшері клиенттің жинақтаған салымынан, банктің сцйақысынан және мемлекеттің сыйлықақысынан құралады.



Талқылау сұрақтары:

  1. Әкімшілік жазалаудың себептері қандай?

  2. Әкімшілік жазалаудың түрлерін атаңыз?

  3. Әкімшілік жазаладың қолдану аясы қандай?

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. Академиялық курс. Алматы, «КазГУ Баспа үйі» ЖШС,-2003,-284бет.

  2. Бахрах Д.Н. Административное право.М.:БЕК,»1993.

  3. Таранов А.А. Коментарий к Кодексу об административных правонарушениях, в двух книгах. Алматы. Норма-К.2002.

  4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.: 1998.

  5. Канаров С.А. Общая теория государства и права. М.: 1997.


ДӘРІС 15

КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯНЫ БАСҚАРУ

Мақсаты: Көлік және коммуникацияны басқару туралы толық мағлұмат беру.

Жоспар:

  1. Көліктік коммуникация кешені жүйесінің түсінігі.

  2. Көлік және коммуникацияны басқаруды ұйымдастыру.

  3. Көлік және коммуникацияны басқарудағы аумақтық аспектілер.


1.Көліктік-коммуникациялық кешен - инфраструктурамен қамтамасыз етілген әкономика секторы, оның объектісі болып тасымалдаудағы, инфөрмация берудегі және «хабарламалар өндірісін» дүрыс жағдайда үстаудағы қызметтер танылады. Кейбір келік түрлерінің жүйесі өте күрделі. Оның қүрамына өндірістік-гехникалық, шаруашылық және қызметтің басқа объектілері кіре алады. Мысалы, темір жол көліктеріне жолдар, станциялар, разъездер, локомотивті, вагондық шаруашылық енеді. Осыған байланысты басқару органының алдында бірнеше мәселелер туындайды.

  • көліктік-тасымалдау процесіне қатысушылардыңжұмысын үйлестіру (координациялау);

  • тасымалдауды ұйымдастыру;

  • көлік түрлері қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

-көліктің белгілі бір саласында (мысалы, автомобиль, темір жол, әуе жолы, су құбырлар) басқа мемлекетпен жұмыс істеу.

Көлік және коммуникацияны басқаруды ұйымдастыру Үкіметпен және транспорттық мекемелермен іске асырылады. Біріншіден, Үкімет ұжымдық (коллегиялык) орган ретінде өз бастамасы бойынша транспорттық-коммуникация кешені аясында нормативті қаулылар қабылдай алады, мысалы, темір жолдардың уақытша Жаргысы (Уставы), автомобиль жолдарын қолдану ережелері, ашу, жобалау, құрылыс (установка) тәртібінің ережесі, Қазақстан Республикасы территориясында әксплуатация және шет елден радиоәлектронды заттар мен жоғарғы дәрежелік құрылымдарды енгізу. Одан басқа, заңдылық актілерімен кейбір жеке мәселелерге байланысты шығарылған Үкімет қаулылары бар; мысалы, су жолдарын кемр жүруші жолдарға жатқызу ережелері, әуе жолдарын қолдану ережелерін атап өтуімізге болады. Екіцшіден. Үкімет мемлекеттік басқару органының үйымдастырушылық формасын тандайды: 1) орталық мемлекеттік басқару органдарының ішінде сол органның құқықтық мәртебесін; 2) транспоттық-коммуникациялық кешенде мемлекеттік органдарға арналған заң акгілеріне сәйкес құзіреті мен өкілеттілігін анықтайды.

Қазақстан Республикасының практикасында көліктік-коммуникациялық кешенінің басқаруында орталық мемлекеттік орган қу-рылымдардың екі варианты белгілі. Еңапдымен олар өзінше орталық атқарушы байланыс, транспорт, транспорттық құрылыс, аетомобильдік транспорт органдары болған, кейін Үкімет құрамына кіретін, транспорт пен коммуникацияны басқаратын біріңғай, орталық атқарушы орган болып құрылды. Ол органның құрамында транспортқа, байланысқа, жол шаруашылығына байланысты, бақылау функцияларын атқаратын мекемелер құрылды.

Көліктік-коммуникациялық кешеннің дамуы кейіннен мемлекеттік басқару құрылымына өзгерістер енгізуі мүмкін. Үшіншіден, Үкімет транспорттық- коммуникациялық кешенде мемлекет саясатының әлеуметтік-әкономикалық негізгі мәселелерін іске асырады. Бүл өкілеттіліктер Үкімет қаулысымен бекітілген құзіреттер негізінде орталықатқарушы органдармен іске асырылады. Қазақстан Республикасының заң актілері барлық көлік пен байланыстыңбарлықтүрлерініңарақатынасын қамтамасызету үшін және жол шаруашылығын дамыту, бәсе;селестікті қолдауды, транспорт пен байланыс қызметіне азаматтар мен ұйымдарға бірдей құқықтық тұргыдан рұқсат беруді, мемлекеттік қажеттілікті қамтамасыз етуді, қызмет дәрежесін қамтамасыз ету үшін келесі әкімшілік-құқықтық нормаларды орнатады. Ол орталық атқарушы органдарға және Үкімет пен мекемелердің құрамына кірмейтін үйымдарға байланысты:



  • нормативтік актілерді шығару (құқықтық тұрғыдан
    қамтамасыз ету);

  • лицензиялау;

  • мемлкеттік кәсіпорындарды, мекемелерді, мемлекеттік жеке
    меншікобъектілерін, шаруашылықсеріктестіктегі мемлекеттік үлесін басқару;

  • мемлекеттің меншігіндегі объектілерді жекешелендіруге
    қатысу (приватизация);

  • мемлекеттік сатып алулар, контракт;

  • антимонополиялық реттеу және баға құрылымы;

  • республикалық жол қорын (фондын) басқару;

  • бақылау және қарау;

  • халықаралық ынтымақтастық.

Құқықтық қамтамасыз етуге нормативтік актілерді қарастыру, стандарттарды, техникалық шарттарды бекіту, сонымен бірге басқа орталық мемлекеттік басқару органдарымен тасымалдау мәселелері бойынша, сонымен бірге қозғалыс қауіпсіздігі, транспортты әкологиялық норма бойынша әксплуатациялау, транспорт пен коммуникация инфраструктурасындағы объектілерді құру және іске қосу, транспорт техникасы байланыс шаралары бойынша келісуге азамат құқықтарына қатысты нормативтікактілер, өз күшіне енгенше Әділет органдарындатіркелу керек. Кейбір мәселелерге байланысты жергілікті атқарушы органдарға өзгерту мен толықтыруға мүмкіндіктер беру керек. Қазақстан Республикасы Президентінің «лицензиялау» туралы заң күші бар Жарлығы бойынша транспорттық-коммуникациялық кешенде мемлекеттік органдар транспорт пен байланыста кәсіпкерлікпен айналысу үшін лицензия бере алады. Лицензия беретін орган, Үкіметпен анықталады.

Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерді, мемлекеттік жеке меншік объектілерді басқару өзіне:

1.мемлекеттік кәсіпорындарга, транспортқа, байланысқа,автомобиль жолдарына, мемлекеттік меншікке жататын, 1996 жылгы25 шілдедегі № 790 «мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Үкіметтің қаулысына байланыстЪІ мемлекеттік меншік субъект құқығының функцияларын іске асырады.

2. Шаруашылық серіктестіктердегі бақылаушы кеңесінің комиссиясына мемлекеттің қатысуымен өкілеттіліктеріне рұқсат ету.

3.ортақ қолданыстағы республикалық автомобильдік жолдардың тізімін Үкіметтің бекітуіне беру. Транспорттың бөлек түрлерін басқаруда, транспорттық ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі сызбалар (схемалар) бойынша жүзеге асырылады.

Автомобиль транспортын басқару. Автомобиль көлігін басқару үш буындық (звенолық) жүйе бойынша іске асырылады: көлік және коммуникация министрлігі (оның территориялық органдары) - мемлекеттік басқарудағы жергілікті органдар -автокөліктік ұйымдар. Автомобиль көлігін басқару ү_йымдастырушылық занды және басқа жағдайларды қарастырады, ол тасымалдау мен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Автотасымалдаушыларға негізгі қойылатын нормативтік талап, ол жол қозғалысының ережелерін және жолаушылар мен жүкті тасымалдауды білу.

Темір жол көлігі. Оны көлік және коммуникация министрлігі басқарады. Ол мынадай сызба (схема) бойынша іске асады: Министрлік - темір жол басқармасы - темір жол бөлімі - жол бойы ұйымдардың әкімшілігі. Қозғалыс қауіпсіздігі мен темір жолдың техникалықдұрыс қолдануын қамтамасыз ету үшін Министрліктемір жолдың уақытша Жарғысын (Уставын) бекітеді, сол арқылы темір жолдың қолдануы мен техникалық жағдайына үлкен көңіл бөлетіндігін көрсетеді.

Су транспортын басқару. Ол мынадай сызба (схема) бойынша іске асырылады: орталық атқарушы орган - пароходтану - порт -кеме капитаны. Әрбір буын (звено) ез есептерін орындап, оны іске асыруды қамтамасыз етеді. Су тасымалдауды қадагалаудағы қүқықтық режимнің көзқарасы бойынша территория мен порттық акваториясы шегіндегі ережелердің маңызы зор.

Әуе көлігі (азаматтық авиация). Мынадай сызба (схема) бойынша іске асады: Орталық атқарушы орган - авиоотряд немесе компания - әуе кемесінің командирі. Әуе тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде басты рольді: а) новигация мен кемені қолданудың ережелері; б) бақылау ережелері (жолаушыларды қарау);

в) ұшуды қамтамасыз ету ережелері;



Құбырлар көліктің ерекше түрі ретінде, көбінесе мұнай, мұнай өнімдерін және газды тасымалдауға қолданылады, мұндай әдіспен мұнай мен газды магистральді құбырлар арқылы өндірістік, тұрмыстық қолдануға тапсырыс берушілерге бөлінеді.

Жол шаруашылығынын тек қана әкономикалық смес, сонымен қатар мәдени немесе қорғаныс саласында да маңызы ерекше. Жол шаруашылығын басқару процесінде жолдар сетінің, реконструкциясыныңжәнежол жөндеулерініңдамуыжүреді. Осылар арқылы жолмен жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Осы бағыттарды қамтамасыз ету үшін Үкіметпенжол қорлары (фондтары) бекітіледі.

Байланысты басқару - ол ортақ және осы қызметке байланысты басқару ерекшеліктеріне негізделеді. Осы себеп бойынша орталық атқарушы органдар байланыс жұмысын жақсарту үшін техника саясатының жүзеге асырылуын, ал арнайы орталық атқарушы орган көлік пен коммуникацияны басқаруды әкімшілік бақылауды қамтамасыз етеді. Көліктегі бақылаудың формасының ерекшеліктері Үкіметпен және орталықатқарушы органдармен іске асырылады. Қазақстан Республикасының әкімшілік тәжірибесі (практикасы) көліктердің, байланыс құралының жағдайына қарайтын бірнеше ұйымдастырушылық-қүқықтық формаларды айқындайды. Олар мемлекеттік ұйымдар болуы мүмкін (аәропорт, әуе жолдары, әуе кемелерінің реестрін жүргізетін мемлекеттікавиациялық регистр; өзендік және теңіздік регистр), республикалық мемлекеттік кәсіпорындар (әлектробайланыс инспекциясы, мемлекеттік, темір жол басқармасы, автомобильді жолдардың кәсіпорыны). Көліктік-коммуникациялық кешенде мемлекеттік органдар арасындағы бақылау өкілеттігі Үкіметпен бөлінеді. Бөлінген лицензиялардың шарттарын азаматтар мен ұйымдардың қадағалауы, көліісгің барлық гүрлерін қолдануда қауіпсіздік ережелері мен әкологиялық міндеттерді орындауды радиоәлектронды және жоғары вольтті заттарды қолдану ережелері, автомобиль жолдарын пайдалану ережелері, мұның бәрі бақылаудың бір бөлігі және ол көліктік-коммуникациялық кешендегі мемлекеттік органдардағы лауазымды тұлғалардың қолында болады.

Көлік пен коммуникацияны басқарудың аумақтық аспектілері

Жергілікті мемлекеттік басқарудағы ұйымдардың жұмысы болып аудан, облыстардын сұраныстарын көлік пен байланыс мәселелері бойынша қамтамасыз ету, сонымен бірге орталық атқарушы органдармен қарым-қатынас орнату. Осы мәселелер жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен әкімшілік өкілеттілік арқылы іске асырылады, ол Қазақстан Республикасы заң актілерімен, Президент Жарлықтары, Үкімет қаулыларымен бекітілген. Жергілікті атқарушы органдар (акиматтар, облыстардың, аудандардьщ, қалалардың) келесі әкімшілікуәкілеттіліктерді орындайды; темір жол көлік аясында:



  • көлік және коммуникация мәселелері бойынша мәселелерді орталық атқарушы органмен келісіп жасау;

  • негізгі өндірістегі республикалық кәсіпорындар жұмысын қамтамасыз ету үшін коммуналды ұйымдарды құру;

  • жер учаскелерін беру;

  • темір жол көлігіндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысындағы әкологиялық бақылау;

  • поезд жолаушыларының жол жүру тарифін бекіту.

- темір жол станциялары территориясына подъездер жасау; Су көлігі аясында:

  • көлік және коммуникация мәселелері бойынша мәселелерді орталық атқаруш^І органмен келісіп жасау, республикалық мемлекеттік кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру және оның басшыларын тағайындау;

  • жер учаскелерін беру;

- Қазақстан Республикасының су ресурстарын бақылау органымен келісе отырып пайдалануға су қоймаларын беру;

- белгілі бір орталық артқарушы органмен келісе отырып, судың жағдайына әсер ететін, ұйымдарды, объектілерді жасау және су қоймаларында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының шарттарын қарастыру;



  • су транспортындағы жұмыс істеп жатқан ұлтгық және шет елдің занды және жекетұлғалардың жұмысына әкологиялық бақылау;

  • су транспортындағы қызметке тарифтердің орнықтырылуы;

  • мемлекеттікемес ұйымдардың азаматтарға қызмет көрсетуіне
    баулу.

Әуе көлігі аясында:

- көлік және коммуникация мәселелері бойынша орталық органмен келісіп қызмет жасау; республикалық мемлекеттік кәсіпорын әуе көлігіне байланысты басшыларды қызметке тагайындайды.

- әуе жағдайына байланысты республикалық комиссия құруга әсер ету;

- жергілікті; республикалық және халықаралық әуе тасымалдауда қызмет көрсету үшін коммуналды ұйымдарды құру; жер ресурстарын беру;



  • азаматтық авиация ұйымының жұмысына әкологиялық бақылау орнату;

  • аэропорт пен аәровокзалдар акционерлер кеңесіне бақылау жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет