Семинар сабақтары 22,5 сағат



Дата09.07.2016
өлшемі320.64 Kb.
#188155

Ф СО ПГУ 7.18.4/19

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

География және туризм кафедрасы


СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН

ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Туризмнің белсенді түрлерінің техника мен тактикасы



Павлодар, 2013 ж.




Пән бағдарламасын бекіту парағы (Syllabus)





Форма

Ф СО ПГУ 7.18.4/19



БЕКІТЕМІН

ХТжЖФ деканы

_______ Қ.Қ. Ахметов

«___»_____________20 ж.

Құрастырушы: аға-оқытушы Л.Ж. Ерубаева _______________
География және туризм кафедрасы
ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
Туризмнің белсенді түрлерінің техника мен тактикасыпәні бойынша
5В090200-Туризм мамандығының студенттері үшін
Бағдарлама «____» ___________20 ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды
«___» __________ 20 ж. Хаттама № __ кафедра мәжілісінде ұсынылды
Кафедра меңгерушісі____________________ Д.Д. Есімова

Химиялық технология және жаратылыстану факультетінің оқу-

әдістемелік кеңесімен мақұлданды
«___» ________20 ж. Хаттама № _______
ОӘК төрайымы__________________Ю.М. Каниболоцкая


  1. Оқу пәнінің паспорты


Туризмнің белсенді түрлерінің техника мен тактикасы

Пән элективті пәндер каталогынан



Кредиттер саны мен оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 3

Семестр: 2



Аудиториялық сабақтар, барлығы – 45 сағат

Дәріс – 22,5 сағат

Тәжірибелік /семинар сабақтары – 22,5 сағат

СӨЖ – 90 сағат

Соның ішінде СОӨЖ – 22,5 сағат

Жалпы еңбек сыйымдылығы – 135 сағат



Бақылау формасы

Емтихан – 2 семестр


Пререквизиттер: туризмология негіздері

Постреквизиттер: экскурсиятану, халықаралық туризмнің географиясы

2. Оқытушы жөнінде ақпарат:


Жаратылыстану ғылымдарының магистрі, аға оқытушы

Ерубаева Ләззат Жәнібекқызы


География және туризм кафедрасы

Тел. (ішкі 1277)

Қабылдау уақыты: жұма – 1000-ден 1200-ге дейін, ауд. № 313а



3. Пәннің мақсаты мен міндеттері
Пәнді оқытудың мақсаты – Қазақстан Республикасының аймағында белсенді жорық тәсілі бойынша туристік-экскурсиялық менеджерлерді даярлау. Белсенді саяхат түрлерінің материялдық-тәсілдік тұрғыдан қамтамасыз етілуі, саяхаттың осы түрлерін басты технологиялық жұмыстарын анықтау болып табылады.

Пәнді оқытудың міндеттері:

- Қазақстанда туристік жүйесінде белсенді жорық ұйымдастыру;

- Қазақстанның географиялық жағдайына орай, аталған пән таулы және судағы жорыққа арналғанын білу;



  • - Туризмнің әр түрлі саласында белсенді жорықты ұйымдастыра білу.


4. Біліктілік, дағды, икемділік және құзыреттіліктерге арналған талаптар

Студент білу керек:

- белсенді туризмнің техникасы мен тактикасының жалпы ұғымын;



  • белсенді туризм түрлерінің отандық және шетелдік классификациясын.

Студент істей білу керек:

- дербес туристік өнім ретінде белсенді жорық бағдарламасының тиімді нұсқаларын құруды;

- қызмет көрететін мамандарды ұйымдастыру және жетілдіруді;

- туризмнің әр түрлі саласында белсенді жорықты ұйымдастыра білу керек.

5. Пәннің тақырыптық жоспары


р/с

Тақырыптың атауы


Сабақ түрлері бойынша аудиториялық сағаттар саны

СӨЖ

Дәріс

Тәж.

Жалпы


соның ішінде СОӨЖ

1

Кіріспе. Туризмнің белсенді түрінің негізгі әдіс-тәсілдері

2

3

10

2

2

Белсенді туристік саяхаттың отандық және шетелдік жүйеленуі

2

3

10

2

3

Белсенді саяхат түрлерінде тәсілдік өңдеуді құрудың тәсілі мен мазмұны

2

5

20


4

4

Белсенді туристік саяхатта дұрыс тамақтануды ұйымдастыру

2

4

10


4

5

Белсенді саяхат қызметінде физикалық дайындық

2

4

10

4


6

Белсенді туристік саяхатқа арналған құрал-жабдықтардың жалпы анықтамасы

2

4

10

2


7

Саяхатпен шұғылданудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

2

4

10

2,5


8

Белсенді туризм саяхаттың медициналық және профилактикалық тұрғыдан қамтамасыз етілуі

1

3

10


2





БАРЛЫҒЫ:

15

30

90

22,5




Пән бойынша барлығы

135

6. Дәріс сабақтарының мазмұны


1 Тақырып Кіріспе. Туризмнің белсенді түрінің негізгі әдіс-тәсілдері

Жоспар

1. Ұғымның басты түсініктемелері, туристік саяхат тәсілі және туристік саяхат әдістемелері анықтамалары.

2. Туристік мекемелерде қызмет жасайтын мамандарын даярлаудың негізгі әдс-тәсілдері

Белсенді туризм – көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Белсенді туризм түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі. Көптен көп адамдар таулардың сұлулығын, шығанақтарды, сарқырамаларды көргісі келеді, таулы өзендерде жүзгісі келеді, тау шаңғысымен немесе жылқымен жүргісі келеді және осы арқылы белсенді туризмге туристер үйрене бастайды. Көп уақытта белсенді туризм табиғатқа немесе спортқа тікелей қатысты болып келеді. Белсенді туризм және табиғатта демалу – табиғатқа жақын белсенді туризмнің түрі – қазіргі уақытта танымал экологиялық туризмімен ортақ жақтары бар. Себебі, жайлылықтан бас тартады және табиғатта көлікті қолданудан. Белсенді туризм бұл шаңғы, ат, велосипедті пайдалану арқылы пайда болған туризм түрі болып табылады. Жалпы алғанда белсенді туризмнің екі негізгі түрі бар: активті дәне пассивті белсенді туризм. Бұлай болып бөлінуі саяхаттау жәе демалу барысында қолданылатын құралдардың түріне, олардың болу-болмауына байланысты болып келеді.



Жорыққа шығар алдында топ мүшелері көптеген жағдайларды білуі қажет. Осылардың ең қарапайымы: тауға шығу дегеніміз не?, жорыққа шыққанда қалай тамақтану керек?, кездейсоқ жағдайларда, алғашқы көмекті қалай көрсету керек? деген сұрақтарға жауап іздеуден басталады
Әдебиеттер тізімі: (1,2,3, 4.)
2 Тақырып Белсенді туристік саяхаттың отандық және шетелдік жүйеленуі

Жоспар

  1. Туристік саяхаттың жүйеленуі деген ұғымның анықтамасы

  2. Туристік саяхат жүйесі тіралы ұғымның туристік жүйе ұйымдастыру кезіндегі тигізер көмегі.

  3. Отандық белсенді саяхат түрінің дамуы мен қалыптасуы

Туризмді түрлеріне байланысты жіктеуге мүмкіндік беретін белгілері ретінде саяхаттанудың мотивациялық факторларын қарастыруға болады. Мұндай жіктелуде саяхатқа адамды аттандырған негізгі себептерді анықтау қажет.


Себептік мотивациялық жіктелу туризмнің 6 түрін анықтап береді.
1. Демалу мақсатындағы туризм. Мұндай туризмнің түрі қысқа мерзімге немесе едәуір ұзақ уақытқа организмді физикалық немесе психологиялық тұрғыдан қалпына келтіру мақсатында жүзеге асырылады. Бұл топқа сонымен қатар емделу немесе әл-ауқатын қалпына келтіруге климат, теңіз суы секілді табиғи құбылыстар пайдаланылатын курорттық демалысты да жатқызуға болады.
2. Мәдениетті зерттеу мақсатындағы туризм. Бұл туризмнің түрі өзге елдің рухани құндылықтарын, мәдениетін, тарихын зерттеп, білуге бағытталған және ол танымдық және діни табынушылық болып бөлінеді. Танымдық туризм тарихи, мәдени және географиялық құндылықтарды зерттеу, көру мәселелерін қамтиды. Бұл мақсаттағы саяхаттанушылар көбінесе өздері саяхаттанған елдің әлеуметтік, экономикалық қатынастарына қызығушылық білдіреді. Табынушылық мақсаттағы туризм ерекше діне мәні бар жерлерді көру арқылы орындалады.
3. Қоғамдық туризм. Қоғамдық туризм ретінде саяхаттанушы өзінің туысқандарын, таныстарын, достарын көру, қонақ болу мен түсіндіріледі. (халықаралық терминологияда visiting friends and relatives – деген атпен таныс). Сондай ақ клубтық туризмді де жатқызуға болады. Клубтық туризмнің ерекшелігі саяхаттанушы саналы түрде арнайы бір топпен ғана демалуды мақсат етеді.
4. Спорттық туризм. Спорттық туризм белгілі бір спорттық іс шараға белсенді қатысуға бағытталған жолсапар, сондай ақ пассивті немесе белсенді емес сипаттағы спорттық жарыстарға қатысу мақсатындағы жол сапар болып табылады. Белсенді түрде спорттық жарысқа қатысу, мысалы, П атты азамат шаңғыдан халықраралық жарысқа қатысу үшін Карпат еліне аттануы мүмкін, ал пассивті қатыс футбол жанкүйері өз футбол клубының ірі ойынына қатысып, қолдау көрсету үшін ойын өтетін елге сапар шегуі мүмкін.
5. Экономикалық туризм — бұл кәсіптік және коммерциялық мақсатта жүзеге асырылатын жол сапар болып табылады. Мысалы халықаралық биржа, көрме, жәрмеңке және тағы басқа іс шараларға қатысу.
6.Конгресстік (саяси) туризм. Бұл туризм түрі дипломатиялық және саяси іс-шаралармен байланысты туризм болып 2 бөлінеді. Дипломатиялық туризм белгілі бір елдегі экономикалық, әлеуметтік жағдайларға талдау жасау, баға беру немесе өз пікірін білдіру мақсатында жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Москваға Халықаралық Парламент отырысына қатысуы үшін баруы мүмкін. Саяси туризм белгілі бір елдегі, аймақтағы мемлекеттік маңызы бар саяси-қоғамдық шараларды ұйымдастыру, талдау жасау, саяси баға беру мақсатында жүзеге асырылады.
Әдебиеттер тізімі: (12,3, 4.)
3 Тақырып Белсенді саяхат түрлерінде тәсілдік өңдеуді құрудың тәсілі мен мазмұны

Жоспар

1 Белсенді саяхат түрлерінде желіні тәсілдік өңдеудің белсенді саяхат түрлерінің коммерциялық түрінде алатын рөлі


Қазіргі кезде туризм индустиясы халықаралық қызмет саласының бірі. Оның кеңеюі мен дамуының маңызы саланың басқа экспорттық салалардан артықшылығымен күшейеді.

Туризм, бәрінен бұрын, қалпына келмейтін ресурстарды шетелге шығарумен байланысты емес, ал белсенді туризмнің дамуы шетел валютасының құйылуын және төлем балансын жақсартады. Қазіргі туризм-бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17.5 доллар жұмсайды. Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту - ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.

Туристік бизнесте капиталдың тез айналымы байқалады және де ең маңыздысы, туризм қосымша салалардың дамуына әсерін тигізеді.

Соңғы жиырма жылда әлемдегі шетел туристерінің келу санының орташа жылдық өсу қарқыны 5.1%, ал валютаның келуі 14%-ды құрады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның мәліметтері бойынша әлемде 714.6 млн туристік келулер тіркеліп, халықаралық туризмнен түсім  481 млрд долларға жеткен. Жалпы алғанда туризмнен валюталық түсім көлемі.

Мамандардың болжамы бойынша халықаралық туризмнің дамуы әрі қарай жалғасын табады.

Қазақстанда, ТМД ның басқа мемлекеттеріндегідей, туризм жеке сала ретінде пайда болғанына көп уақыт болған жоқ. Еліміздің нарықтық экономикаға көшуімен байланысты пайда болған саяси және әлеумметік өзгерістер туризмнің дамуына әсерін тигізді. Туристік әрекеттің стратегиясы мен тактикасы түбірімен өзгерді, туризм түрлері мен формасының жаңартылуы саланың алдына қойған мақсаттарының өзгеруіне әкелді. Осы аспектілердің барлығы Ұлттық экономикаға үлкен әсерін тигізеді.




Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)
4 Тақырып Белсенді туристік саяхатта дұрыс тамақтануды ұйымдастыру.

Жоспар

1. Адамның дұрыс тамақтануы туралы ғылыми негіздер мен олардың мағынасы.

2. Дене – күш жүктемесі кезіндегі Адам ағзасының қалыпты энергиялық шығыны.

3. Белсенді туристік саяхат кезінде дұрыс тамақтануды ұйымдастыру негіздері.


Белсенді туристік саяхатта тамақтануды дұрыс ұйымдастыру.Туристік саяхатты табысты өткізудің маңызды мәселесі – ол туристердің дұрыс әрі қауіпсіз тамақтануы. Тамақ дене ауыртпалығымен болған күшінінің орнын толтыру үшін қажет. Тамақтануды ұйымдастыру оны есептеуден, сатып алудан, салудан және дұрыс бөлуден тұрады.

Азық-түлікке қойылатын ең басты талаптар: жоғары калориялық, салмағының жеңілдігі, ұзақ сақталу мен суланбауға шыдамдылығы.

Азық-түлікке қажеттілікті анықтау туристік топтың тәжірибесіне, материалдық және көліктік мүмкіндіктеріне қарай есептелінеді. Тағамдар құндылығы оның калориялығымен таңдалады.

Тамақ калориялылықпен қатар, тамақ құрамындағы негізгі компоненттерінің дұрыс қатынасымен де сипатталады. Саяхатқа алынған тағамдар ішінде құрамында көміртегі бар азық-түліктер болуы тиіс. Адамға орташа бұндай өнімдерден 500-800г қажет етіледі.

Тағамның келесі энергетикалық көзі – бұл майлар. Салмағына қарай олар көп калориялы болып келеді. Адамға күніне 70-100г әртүрлі майлар қажет. Қатты ыстық кездерде ағзаның көміртекке қажеттілігі төмендейді және калория жетіспеушілігінің орнын майлар толтырады. Майлы, құнды тамақтарды қыс уақытында көп қолданады. Көміртек пен майлар қандай да бір деңгейде бір-бірінің орнын толтыра алады.

Ақуыздар (балық, жұмыртқа, сүт өнімдері) негізінен ағза жасушаларын орнына келтіру, гармондар мен ферменттердің жасалуы үшін қажет. Адамға күніне 70-100г ақуызды өнімдер қажет, оның айтарлықтай бөлігі сүт ақуыздарынан болуы тиіс.

Тамақ ағзаны әртүрлі витаминдермен қамтамасыз ету керек. барлық витаминдер ағза үшін жеткілікті түрде жеміс-жидектер құрамында болады.

Минералды тұздарды ағза көкөністерімен және ішетін сумен бірге алады.

Ас тұзы ағза үшін жеткілікті нан құрамында болады. Тағамдарды тұздауға кеткен тұз мөлшерін есепке алсақ адам күніне 20-30г тұз қолданады. Ыстық күндері бұл мөлшер 40г-ға дейін өседі.

Су туристік саяхат кезінде өте маңызды орын алады. Тамақтан қарағанда судың жетіспеушілігі ағзаны тез әрі қатты әлсіретеді. Туристке күніне 3л су қажет болады.

Асқазанды ауруға шалдықтырмас үшін суды қайнатып ішу керек. Судың құрамы нашар болса, оны қайнатар алдында марганцовкамен тазалау процедурасын жүргізу керек. Суды жағалауда кішірек шұңқыр қазып, сонда тұңдырып алуға болады.

Ыстық күндері суды жиі ішпеген жөн.Себебі, денеден термен қоса ағзаға қажетті тұзды алып кетеді. Ағза тұздық тепе-теңдігін орнына келтіру үшін суға қажеттілік білдіреді. Сол үшін туристік жорықтар кезінде  суды таңертең ішіп алып, ал түскі аста 0,5л сұйықтыққа есептеген дұрыс болады. Жол үстінде су ішпеген жөн, ыстық болған жағдайда 1-2 рет қана аздап ішу керек.

Күн тәртібі үш уақытты ыстық асты қарастыруы тиіс. Құрғақ тамақтануға болмайды. Бұл ас қорыту жүйесінің бұзылуына, асқазан ауруына әкеліп, адамның жұмысқа қабілетін төмендетеді. Жорықтар кезінде азық-түліктер тез ластанады, яғни ағзаға инфекция түсіруі мүмкін.

Ыстық кездерде саяхаттарда тамақтану үлесі бойынша түскі ас – 40%, таңғы ас – 35%, кешкі ас – 25% құрайды.

Ал қысқы мезгілдерде таңғы және кешкі ас құндылы болып, ал түсте жеңіл тамақ ішкен жөн.

Жорықтар кезінде ішімдік қабылдамау керек. ішімдік адамды әлсіретіп, жұмысқа қабілеттілігін төмендетеді. Ол уақытша қоздырып, артынша күшін азайтады. Қысты күні тонған кезде бір стақан шайға бір шай қасық арақ қоысп берсе, ол адамды жылытады.

Жорық үшін азық-түліктерді алған кезде баратын алуға болатын өнімдер алмай-ақ қойса да болады. Ол үшін алдымен жорық жерден нелерді алуға болатынын біліп алу қажет. Әдетте маршрутта болатын өнімдер болмай қалуы да мүмкін. Азық-түліктер мөлшерін сол жердегі аң, балық, саңырауқұлақ, жеміс-жидек сияқтыларға есептеп азайтуға болмайды. Әр жылы өнімділік әр қалай болады.

Саяхат алдында барлық азық-түліктерді жинап пакеттерге дұрыстап салу қажет. Азық-түліктер суланбауы үшін оларды судан қорғайтын орамаларға салу керек. жаяу турист үшін әдетте үлкен бір мықты су өткізбейтін астары бар рюкзак болғаны жөн. Бұндай рюкзакқа азық-түліктерді жай орамалармен салуға болады. Байдаркалармен болатын саяхаттарда азық-түліктерді жеке су өткізбейтін пакеттерге салу ұсынылады



Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 4.)

5 Тақырып Белсенді саяхат қызметінде физикалық дайындық


Жоспар

  1. Ерекше қозғалу мүмкіндіктері туристерді саяхатқа дайындаудың маңызы.

  2. Туристік физикалық тұрғыда әзірлеудің энциклапедиялық ұғымының басты ерекшелігі

  3. Жалпы және арнайы физикалық даярлаудың негізгі әдіс-тәсілдері, принциптері, басты мақсаты


Туризм техникасы дегеніміз – туристік маршрутта кездесетін кедергілерден өту әдістерінің жиынтығы және осыларға сәйкес құрал-жабдықтарды, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолдана білу.

  • Әртүрлі табиғи кедергілерді өту кезіндегі туристер білу қажет:

1. Сол бара жатқан маршруттың ерекшелігін білу.

2. Кедергілерді өту кезіндегі әдістерді жатқа білу.

3. Сол маршруттағы қажет болатын жабдықтарды толықтыру.

Туризм тактикасы дегеніміз – қойылған мақсатқа адам күшін, қаржысын, жабдықтарын, уақытын, мүмкіндігінше аз мөлшерде жұмсап және қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз етіп, шаралар мен әрекеттер жиынтығын қолдану. Сонымен қатар, тактика – маршрут жолымен өту үшін қажетті құралдармен әрекеттер жиынтығы.


  • Тактика 2 кезеңнен тұрады:

1-кезең. Жорық алдындағы тактикалық іс-әрекеттер:

- Маршрутты таңдау;

- Жорыққа қажетті жоспарлы кестені құру;

- Жорыққа қажетті құрал-жабдықтар мен азық-түлікпен қамтамасыз ету;

- Жорыққа бара жатқан топтың деңгейін білу.

Жорықтың жалпы жүріп өту жоспарын, кестесін құру;

- Рельефке қатысты жүру жолдарын таңдау;

- Маршруттағы кездесетін кедергілердің техникалық жолдары.



Тактика қателерінің нәтижесінде жарақаттану, мақсатқа жетпеуі, қаржыны, адамдар күшін, құрал-жабдықтарды артық жұмсау сияқты теріс салдарлар болуы мүмкін.

Тактикалық мәселелерді шешудің, оларды қиындататын әр түрлі факторлар болады:

1) Ауа райының шұғыл өзгеруі;

2) Табиғи апаттар;

3) Жарақаттар мен сырқаттар;

4) Топтың нашар хал-күйі және т.б.



2-кезең. Жорық барысындағы тактикалық әрекеттер:

Жорықтың жалпы жүріп өту жоспарын, кестесін құру;

- Рельефке қатысты жүру жолдарын таңдау;

- Маршруттағы кездесетін кедергілердің техникалық жолдары.



Тактика қателерінің нәтижесінде жарақаттану, мақсатқа жетпеуі, қаржыны, адамдар күшін, құрал-жабдықтарды артық жұмсау сияқты теріс салдарлар болуы мүмкін.

Тактикалық мәселелерді шешудің, оларды қиындататын әр түрлі факторлар болады:

1) Ауа райының шұғыл өзгеруі;

2) Табиғи апаттар;

3) Жарақаттар мен сырқаттар;

4) Топтың нашар хал-күйі және т.б.



  • Асулардан өту ерекшеліктері

1. Жолдың қиын бөліктерінің сипаттамасы

2. Асулардан өтуге қажетті техникалық,тактикалық және демалуға қажетті орындарды айқындау.

3. Маршруттық сандық сипаттамалары. Сақтандыру нүктелерінің саны.

4. Жорыққа қажетті арнайы жабдықтары



  • Қиындық категорияларды анықтауда 3 классификациялық сипаттама:

1. Маршруттың техникалық қиындығы.

2. Жорықтың ұзақтылығы ( уақытпен )

3. Ара – қашықтық (км)

- 5-ші категория үшін ара- қашықтық 10-20 күн.

- 4- ші категорияға 7-8 күн беріледі.

- 3-ші категорияға 4-5 күн.

- 2-ші категорияға 2-3 күн.

Әдебиеттер тізімі: (1,2,3,4.)
6 Тақырып Белсенді туристік саяхатқа арналған құрал-жабдықтардың жалпы анықтамасы
Жоспар


  1. Туристік құрал-жабдық анықтамасының басты белгілері және оларға қойылатын талаптар.

  2. Жеке құрал-жабдық және оның түрлері.

  3. Таулы саяхатқа арналған жеке құрал-жабдықтар.

  4. Жаяу және сулы саяхатқа арналған жеке құрал-жабдықтардың ерекшелігі.

  5. Шаңғымен саяхат жасау барысындағы жеке құрал-жабдықтардың ерекшелігі.

Белсенді туризмнің тактикалық зерттелуі – жорық кезіндегі мақсаттағы қолданылатын қаражат одан басқа туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрал-жабдықтар жазған құжат.

І бөлімінде Маршрутты таңдап алу себептері, маршрутқа қойылатын критериялар:

1. Қауіпсіздік;

2. Маршруттың танымдылығы;

3. Маршруттың қиындылығы;

4. Ұзақтылығы.

ІІ бөлімінде Маршруттың жібі (ниткасы) қарастырылады. Жүріс графигінің 2 түрі болады:

1. Жоспарланған жүріс графигі;

2. Түрі тындырымды жүріс графигінде маршруттың ара қашықтығы, уақыты, жолдың мінездемесі және қауіпті жерлердің сипаттамасы беріледі.

ІІІ бөлімінде Маршруттың ара қашықтығы мен уақытына толық сипаттама беріледі.

ІҮ бөлімінде Маршруттың қосымша нұсқасы. Қосымша нұсқа негізгі бөлімнен жеңіл болуы керек.

Ү бөлімінде Маршрутта бара жатқан туристердің саны.

ҮІ бөлімінде Туристерге қызмет көрсететін топтың мінездемесі. Туристік топтың санды және сапалық құрамы келесі шарттарға байланысты болады:

1. Туризмнің түрі;

2. Маршрут қиындығы;

3. Аумақтың ерекшеліктері;

4. Туристердің саны.

Туристерге қызмет көрсететін топқа кіретін адамдар: гид, инструктор, сирдар, аспазшы, медбике.

ҮІІ бөлімінде Азық-түлік.

ҮІІІ бөлімінде Топтық құрал-жабдықтың сипаттамасы
Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 4.)
7 Тақырып Саяхатпен шұғылданудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Жоспар

1. Саяхатпен шұғылдану кезіндегі қауіпсіздік туралы жалпы ұғым.

2. Маршруттық қиындығына байланысты және туризнің түрлеріне орай қайғылы жағдайлардың орын алу себептері

Жорыққа қатысушылардың міндеттері және құқығы.

- жорық жетекшісінің тапсырмаларын кезінде орындауға;

- жорық басталғанға дейін жан-жақты әзірліктен ӛтуге;

- табиғатты қорғау заңдарын, өрт ережесін, дене жарақатының, үсіктің алдын алу және дәрігерге дейінгі көмек тәсілдерін біліп және талаптарын анықтауға;

- IV-VI күрделі категориялық жорыққа денешынықтыру диспансерінен медициналық байқаудан немесе бақылау бӛлімінен, ал I-III күрделі категориялық жорыққа емхана немесе


медициналық мекемеден өтуге;

- табиғатқа, тарихи және мәдени пайдалы қызметке ұқыпты қатысуға;

- денсаулық жағдайының нашарлауын және жарақаттанғанын кезінде жорық жетекшісіне хабарлауға;

- жорықтық әзірлікке және құрастыруға белсенді қатысуға;

Жорыққа қатысушылардың құқығы бар.

- туристік жарақтар және спорттық табылатын дене тәрбиесі ұжымынан пайдалануға;

- жорық жетекшісін сайлауға;

- маршрутты таңдауға және әзірлеуге қатысуға;

- жорық біткен соң топ қатысушылардың әрекеттерін талқылауға, ал олардың

жағдайда, олардың шешіміне назарлық білдіруге;


топтың және оның жетекшілерінің әрекеттерін талқылауға қатысуға.
Дайындық кезеңінде жорыққа қатысушыларға мынандай міндеттер бӛлініп беріледі.

Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 4.)

8 Тақырып Белсенді туризм саяхаттың медициналық және профилактикалық тұрғыдан қамтамасыз етілуі
Жоспар

1. Саяхат басталмас бұрынтуристер мен қызмет көрсету персоналдарының дәрігерлік тексеруден өтілуінің қажеттілігі

2. Белсенді туризм саяхатына тән аурулар мен жарақат түрлері.Аурудың алдын алудың негізгі жүйелері.

3. Белсенді саяхат кезіндегі жұмыс жасау мен дем алудың негізгі ережелері.



4. Аяқ-киімге, киімге және саяхат құрал-жабдықтарына қойылатын талаптар. Саяхат кезіндегі туристердің жеке бас гигиенасы


  • Жорықта суқоймалары айтарлықтай қауіп келтіреді, себебі олар туристерге таныс емес. Шомылуға арналған орындарды алдын ала зерттеу қажет, қауіпті жерлерге белгілер қою, шомылу уақытын қатаң түрде сақтау, қауіпсіздік бойынша кезекшілер тағайындалу қажетті. Егер туристер көп болса, топтарға бөлініп жеке-жеке шомылу қажет, шомылғаннан кейін топ мүшелерін санап қою керек.

  • Жүрістен кейін бірден, өте күйген қалыпты шомылуға болмайды. Суық өзенде шомылмаған жөн болады.

  • Өткірленген балта және оқталған қаруды дұрыс қолдана алмаған кезде ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін. Балтаны қолдана білмейтін туристерге жорық алдында қолдануды үйрену қажет. Балтамен шабу кезінде балтаның басы немесе сабы ұшып кетіп, аяққа немесе басқа жерге соғылмайтындай етіп шабу керек. аяқты кең қып ашып, соғу бағытында қоймау керек.

Балтамен шабу адамдардан едәуір қашықтықта болу керек. балтаны рюкзакқа қапсыз сала салуға болмайды, себебі қозғалыс кезінде ол шығып кетіп аяқты жаралауы мүмкін. Балтаны рюкзакқа қатты орап, кесіп өтпейтіндей етіп салу қажет.

  • Қаруды адамдарға ешқашан бағыттамайды, қажеті болмаса, ататын жерінен ұстамау керек. Аң аулаудан кейін бірден оқтаудан алып тастаған дұрыс. Қаруды қайыққа отырғанда, шыққанда сақ болу керек.

  • От жалыны, шелектегі ыстық су (көже, шай) қатты күйдіруі мүмкін. Отта дайындағанда денені қорғайтын киімсіз дайындауға болмайды. Отты үрлегенде отқа бетті жақындатпау керек. Отқа басқа бір затпен желдеткен дұрыс. От үстінде тұрған шелек, ыдыстарды қолға қолғап киіп немесе бірдеме орап алу қажет.

  • Ыстық тамақпен ыдысты ешқашан адамдар арсында (әсіресе, қараңғыда) қоймайды.

  • Құрғақ ағаштарды кесу және бөренелерді тасу кезінде бөрене астына түсіп жарақат алу қаупі бар. Ағаштарды құлату кезінде адамдарды ағаштың биіктігінен артық радиусқа келтіру керек, құлаған ағашты қарап тұру керек. Тасыған бөренелерді тастай салуға болмайды, ақырын жерге қою керек. Қозғалтқан бөрененің астына әсіресе сақ болу керек, бөрененің астына қолды салмау керек. Бөренені арқанмен тасу қажет[

Әдебиеттер тізімі: (1, 4.)

7. Тәжірибелік сабақтардың мазмұны




р/с

Тақырыптың атауы

Мазмұны

Орындау мерзімі (апта бойынша)

Аббревиатура

1

2

3

4

5

1

Кіріспе.Туризмнің белсенді түрінің негізгі әдіс-тәсілдері

Белсенді туризм түрлерінде тәсілдік анықтамаларды құрудың мазмұны мен әдістемесі

1

Т1

2

Белсенді туристік саяхаттың отандық және шетелдік жүйеленуі

Кіріспе (саяхаттың желісін таңдауына байланысты)

2-3

Т2

3

Белсендісаяхат түрлерінде тәсілдік өңдеуді құрудың тәсілі мен мазмұны

«Нитка» желісі және оның негізгі физико-географиялық пунктері және табиғи кедергілер (өзендер, көлдер, асулар, мұздықтар, батпақтар т.б.)

4-5

Т3

4

Белсенді туристік саяхатта дұрыс тамақтануды ұйымдастыру

Әрбір күннің жолына арналған бастапқы және соңғы аялдамалар желісінің кестесі, жолдың ұзындығы км., жорық тәсілімен

6

Т4

5

Белсенді саяхат қызметінде физикалық дайындық

Желіні күн мен сағатқа бөлу,негізгі көзқарас профильдік суреттер назар аударған жөн

7

Т5

6

Белсенді туристік саяхатқа арналған құрал-жабдықтардың жалпы анықтамасы

Желінің қосымша және апаттық варианттары

8

Т6

7

Саяхатпен шұғылданудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Желінің «Никасымен» карго – жүйесі, түнеу орындары

9

Т7

8

Белсенді туризм саяхатының медициналық және профилактикалық тұрғыдан қамтамасыз етілуі

Желідегі клиенттердің саны мен олардың физикалық және техникалық дайындығының төменгі көрсеткіші, қажетті құрал-жабдықтар тізімі мен киімдер

10

Т8

9

1-2 қиындық дәрежедегі қиындық бойынша таулы саяхатта ұйымдастыру мен өткізу ерекшелігі

Алып жүру тобының құрамы, адамдардың қызметі, олардың физикалық және техникалық дайындық деңгейі, қажетті киімдер, құрал-жабдықтардың тізімі

11

Т9

10

1-2 қиындық суда саяхат жасауды саяхатты ұйымдастыру мен өткізу ерекшелігі.


Азық-түлік, олардың мөлшері, жалпы салмағы және әрбір тамақтану кезіндегі мәзірдің калориялылығы

12

Т10

11

1-2 қиындық дәрежесінде жаяу, шаңғымен және велосипедпен саяхат жасауды ұйымдастыру мен өткізу ерекшелігі

Алып жүру тобының және клиенттерге арналған құрал-жабдықтардың жалпы салмағы және олардың тізімі

13

Т11

12

1-2 дәрежесіндегі белсенді туристік саяхатқа арнайы топтарды ұйымдастыру мен әзірлеу ерекшелігі

Алып жүру тобы мен клиенттерге арналған дәрігерлік қорапшадағы дәрілердің саны мен тізімі

14

Т12-13

13

3-6 қиындық дәрежесіндегі белсенді туристік жорықтарды ұйымдастыру ерекшелігі және тау шыңдарына шығу

Жорықты әзірлеу мен өткізуге арналған жалпы нұсқаулар

15

Т14-15

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағында берілген жоспар бойынша қысқаша, түсінікті, дәптерге қарамай жауап беру. Семинар сабағында туындап жатқан сұрақтар болса, оқытушыға немесе жауап берушіге сұрақ қоюға болады. Егер де жауап беруші жоспар бойынша берілген сұраққа толық жауап бермесе, онда тыңдап отырған студенттер толықтырып, жауап бере алады (жауап беруші мен толықтырған студенттің жауаптары бағаланады).

Әдебиеттер тізімі: (1,2, 3, 4.)
8. Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар

р/с

Тақырыптың атауы

Мазмұны

1

2

3

1

Белсенді туристік саяхаттың отандық және шетелдік жүйеленуі

Белсенді туристік саяхаттың отандық және шетелдік жүйеленуін сызба нұсқа түрінде тапсыру

2

Белсендісаяхат түрлерінде тәсілдік өңдеуді құрудың тәсілі мен мазмұны

Белсенді туристік саяхаттың туристік топтары мен материалдық техникалық қамтамасыз ету (аяқ-киім, құрал-жабдық, дәрі-дәрмек) бригадасы.Саяхатты жүргізу мен оны дайындаудың жалпы анықтамасын беру керек

3

Белсенді туристік саяхатта дұрыс тамақтануды ұйымдастыру

Саяхат кезіндегі азық-түлікті орау,сақтау,тасымалдау және азықты өлшеу ерекшелігін анықтау. Ормансыз жерлерде азық дайындаудың ерекшелігін сипаттау. Тамақтануды ұйымдастырудың жалпы анықтамаларын дәптерге жазу.

4

Белсенді саяхат қызметінде физикалық дайындық

Туристік жүйеде менеджерлерінің кәсіби физикалық дайындығының негізгі мазмұнын сипаттау. Денсаулықты сақтау және бас гигиенасының ережелерін дәіптерге жазып келу.

5

Белсенді туристік саяхатқа арналған құрал-жабдықтардың жалпы анықтамасы

Саяхатпен шұғылдану кезіндегі қауіпсіздік туралы жалпы ұғым. Маршруттың қиындығына байланысты және туризмнің түрлеріне орай қайғылы жағдайлардың орын алу себептері.

6

Саяхатпен шұғылданудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Баяндама жазу - берілген тақырыптар: Құтқару мен бақылау тобының мемлекеттік апаттық құтқару қызметімен ара қатынасы, Саяхатпен шұғылданудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары

7

Белсенді туризм саяхатының медициналық және профилактикалық тұрғыдан қамтамасыз етілуі

Белсенді саяхат кезінде дәрігерге дейін жасалатын алғашқы жедел көмек.Саяхат кезінде алғашқы көмекті уақытында жасаудың маңызы.Жарақат алған спортшы-туристердің емделу ерекшелігі.

8

1-2 қиындық дәрежедегі қиындық бойынша таулы саяхатта ұйымдастыру мен өткізу ерекшелігі

Қазақстанның таулы аймақтарына саяхат жасаудың негізгі тәсілдік жүйесін анықтау

9

1-2 қиындық суда саяхат жасауды саяхатты ұйымдастыру мен өткізу ерекшелігі.


Суда саяхат жасау барысында кездесетін табиғи бөгеттер, олардың элементтері мен пайда болуы. Қозғалу мен басқарудың негізгі тәсілдері. Суда саяхат жасауды ұйымдастыру және судағы жорықтың негізгі айла-тәсілдерін анықтау.

10

1-2 қиындық дәрежесінде жаяу, шаңғымен және велосипедпен саяхат жасауды ұйымдастыру мен өткізу ерекшелігі

Веложорығында кездесетін табиғи бөгеттерге сипаттама беріп, олардан өту айла-тәсілдерін табу. Веложорығының әдіс-тәсілдеріне ауызша сипаттама беру керек.

11

1-2 дәрежесіндегі белсенді туристік саяхатқа арнайы топтарды ұйымдастыру мен әзірлеу ерекшелігі

Тәсілдік және жалпы физикалық жаттығу түрлері,алып жүру топтарының мүшелерін дұрыс іріктей білу. Маршрутта кездесетін апаттық жағдайлардың алдын алу.Құрал-жабдықтарға, азық-түлікке және дәрі-дәрмекке қойылатын басты талаптар. Маршруттық құжаттарды әзірлеу.

12

3-6 қиындық дәрежесіндегі белсенді туристік жорықтарды ұйымдастыру ерекшелігі және тау шыңдарына шығу

Алыс шет елдердің таулы аймақтарына белсенді туристік жорықтар жасауды ұйымдастыру проблемалары.






9 СОӨЖ кеңес кестесі (СОӨЖ-сы СӨЖ-ның 25% құрайды)




Сабақ түрі

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

Дәріс сабақтарының сұрақтары бойынша кеңес беру













12.35

13.25





2.

Семинар сабақтары бойынша кеңес







12.35

13.25











3.

СӨЖ бойынша кеңес
















12.35

13.25


4.

Тест тапсырмаларының сұрақтары бойынша кеңес

12.35

13.25


















11. Студенттердің білімдерін тексеру кестесі

Дәріс және тәжірибелік (семинар, зертханалық) сабақтар 0-100 баллмен бағаланады



Пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесі




Жұмыс түрі

Тапсырма тақырыбы, мақсаты және мазмұны

Ұсынылған әдебиет

Орындау ұзақтығы

Бақылау формасы

Тапсыру уақыты

1

2

3

4

5

6

7

1

Реферат

Планетаға дейінгі материядан Жер мен Күн жүйесінің пайда болуы туралы гипотезалар.




2 жұма



2-ші жұма

2

Картамен жұмыс

Географиялық атауларды (номенклатураны) жатқа айту.

Атлас мира

Семестр бойы




семестр бойы

3

Аралық бақылау

Жоспар бойынша алғашқы 4 тақырып







коллоквиум

8-ші жұма

4

Тақырыптың белгілі бір тақырыпшасы бойынша презентация дайындау

Халықтың нәсілдің құрамы




2 жұма




9-шы жұма

5

Баяндама

Берілген тақырыптар тізімі бойынша




2 жұма




14-ші жұма

6

Аралық бақылау

Жоспар бойынша 5-8 тақырыптар







коллоквиум

15-ші жұма

Ескерту:

1. Реферат СӨЖ тапсырмаларында берілген тақырыпқа сай жазылуы тиіс.

12. Студенттердің білімін бағалау критериилері


Пәнді оқуту жыл бойы алған білімдері бойынша, тестілеу формасындағы емтиханмен аяқталады. Бағдарламада берілген барлық тапсырмаларды орындау, емтиханға жіберудің міндетті критерииі болып табылады.

Әр тапсырма 0-100 баллмен бағаланады.



14. Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1 Мырзақұлова Г. Р. География ғылымдарының тарихы: оқу құралы. Алматы, 2009. – 99 б.

2 Достай Ж. Д. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірістерінің негізі. Оқу құралы. А., 2008. – 122 б.

3 Қожахмет М. Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясы. Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2006. – 480 б.



Қосымша:

4 Царегородцева А. Г. және т.б. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Картография, геоэкология, геология, география. Павлодар: С. Торайғыров ат.ПМУ, 2002, – 78 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет