Семинар сабақтары оқытудың белсенді формаларының бірі болып


  тақырып.  Қазақстан  Республикасының  тұрақты  дамуын



Pdf көрінісі
бет15/19
Дата02.01.2022
өлшемі0.66 Mb.
#453155
түріСеминар
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
ӘСБМ әлеуметтану саясаттану семинар тапсырмалары (1)

14  тақырып.  Қазақстан  Республикасының  тұрақты  дамуын 

қамтамасыз ететінстратегиялары мен модернизация бағдарламалары  

Қазақстанның  стратегиялық  даму  жоспары  және  елді  жүйелі 



жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру. 

Институционалды  және  нормативті  реформаларды  жүргізу  –



Қазақстанды  заманауи  және  дамыған  мемлекет  ретінде  жаңғырту 

стратегиясын жүзеге асырудағы басым бағыт. 

Цифрлік  технологияларды  енгізу  және  Қазақстанның  әлеуметтік-



экономикалық дамуының түбегейлі жаңа траекториясына өту. 

 



Сабақтың  мақсаты:  мемлекетті  жүйелі  жаңғырту  бағдарламасын 

жүзеге  асыру  және  елдегі  саяси  тұрақтылықты  күшейтуге  негізделген 

Қазақстанның стратегиялық даму жоспарының негізгі бағыттарын қарастыру. 

Негізгі  түсініктер:қоғамды  жаңғырту,  елдің  даму  стратегиясы,  саяси 

тұрақтылық,  Ұлт  жоспары,  институционалды  және  нормативті  реформалар, 

Қазақстан-2050 Стратегиясы. 

 

Әдістемелік нұсқау. 



Бірінші сұрақ бойынша: 

-  «Қазақстан-2030»  және  «Қазақстан-2050»  даму  Стратегияларын 

негізгі  қағидаттары  мен  ережелері  өзара  үндестік  тапқан  және  бір-бірін 

толықтыратын  өзара байланысты бағдарламалары ретінде қарастырыңыз;  

-  Қазақстанның  стратегиялық  даму  жоспарларында  елде  жүргізілетін 

реформалардың 

мақсаттары 

мен 


қағидаттарының 

жан-жақты 

негізделгендігіне,  саяси-экономикалық  және  әлеуметтік-мәдени  салалардағы 

қайта  құрулардың  басым  бағыттарының  айқындығына,  болжамды 

жоспарларды  жүзеге  асырудың  нақты  әдіс-тәсілдерінің  белгіленгендігіне 

назар аударыңыз; 

- Қазақстанның стратегиялық даму бағдарламаларының елді жан-жақты 

жаңғырту  және  әлемнің  дамыған  елдерінің  қатарына  енуі  үшін  қажетті 

институционалдық  және  құрылымдық  жағдайларды  қалыптастыруды 

көздейтіндігіне назар аударыңыз. 



Екінші сұрақ бойынша: 

-  Қазақстанның  стратегиялық  даму  бағдарламаларында  белгіленген 

мақсаттарға  қол  жеткізудегі  негізгі  фактор  -  тиісті  институционалдық  және 

нормативтік  механизмдерді  құру  және  олардың  тиімді  қызметі  болып 

табылатындығына талдау жасаңыз;  

-  Қазақстанның  стратегиялық  даму  жоспарларын  жан-жақты  зерделей 

келе,  елдің  жүйелі  жаңғыруына  негізделген  бұл  бағдарламалардың 

қабылдануын  ішкі  және  сыртқы  сипаттағы  сын-тегеуріндерге  ерекше  жауап 

ретінде қабылдаған жөн;  

-  реформаларды  жүзеге  асырудың  стратегиялық  жоспарларын 

қарастыра  келе,  олардың  жүйелі  сипатқа  ие  екендігіне,  мемлекеттік  аппарат 

қызметін реформалауды көздейтіндігіне, заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін 

кешенді  шараларды  ұсынатынына,  жаңа  индустрияладыруды  жүргізуге 

мүмкіндік  беретіндігіне,  біртұтас  қазақстандық  бірегейлік  пен  азаматтық 

қауымдастықтың қалыптасуына жол ашатындығына назар аударыңыз. 

Үшінші сұрақ бойынша: 

-  Қазақстан  ұлттық  экономикасының  даму  қарқынын  жеделдетуді 

қамтамасыз  ету  мен  цифрландыруды  белсенді  енгізу,  халықтың  өмір  сүру 

деңгейін көтеру арасындағы өзара байланысты анықтаңыз;  

-  Қазақстан  экономикасының  секторларына  цифрландыруды  енгізуде 

қандай қағидаттарды негізге алған дұрыс және оны жүзеге асыруда қаржыны 

халық  шаруашылығының  қай  салаларына  бөлген  тиімдірек  болатынды 

туралы ойланыңыз; 




-заманауи 

цифрлік 


технологияларды 

жаппай 


енгізу 

туралы  


мемлекеттік  бағдарламалардың  Қазақстан  экономикасының  дамуына  оң 

ықпалы,  осы  бағыттағы  туындауы  мүмкін  кедергілер  мен  проблемаларға 

талдау жасаңыз. 

 

Бақылау сұрақтары. 

1. Қазақстанның  стратегиялық  даму  жоспарында  қандай  негізгі 

мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу көзделген? 

2. Қазақстанда 

қоғамдық-саяси 

жаңғырту 

саясатының 

қандай 

бағыттарына басымдық берілген? 

3. Қазақстанның 

стратегиялық 

дамуын 

жүзеге 


асыруда 

институционалды реформалардың рөлі қандай болмақ? 

4. Елді 

жүйелі  реформалау  бағдарламаларын  жүзеге  асыруда 

нормативті факторлардың мәні неде? 

5.  Қазіргі  заманның  ең  дамыған  мемлекеті  деген  ұғымның  мәні  мен 

мазмұнын ашыңыз.  

 

Студенттерге арналған өзіндік жұмыс тақырыбы. 



1. 

«Саяси  модернизацияның  үлгілерін таңдау  шарттары  мен  негізгі 

факторлары»  (таңдау  бойынша  бір  мемлекеттің  мысалында)  тақырыбында 

дәлелді эссе жазу. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет