Семинар сабақтары оқытудың белсенді формаларының бірі болып


тақырып. Саяси жүйенің қызмет ету механизмі



Pdf көрінісі
бет12/19
Дата02.01.2022
өлшемі0.66 Mb.
#453155
түріСеминар
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
ӘСБМ әлеуметтану саясаттану семинар тапсырмалары (1)

11тақырып. Саяси жүйенің қызмет ету механизмі  

Қоғамның саяси қатынастары мен саяси үдерістерін реттеудегі саяси 



жүйенің қызмет ету механизмдері. 

Саяси  институттар  мен  конституциялық-құқықтық  нормалар  саяси 



жүйеқызметініңнегізгі механизмдері ретінде. 


Саяси  жүйенің  дамуы  және  елдегі  қоғамдық-саяси  тұрақтылықты 

қамтамасыз ету проблемалары. 

 

Сабақтың  мақсаты:  саяси  жүйелер  қызметініңмеханизмдеріне  талдау 

жасап,  олардың  құрамдас  бөлімдерін  анықтау  және  түрлі  қоғамдық-саяси 

үдерістердегі қызметін сипаттау. 



Негізгі  түсініктер:  саяси  жүйе,  саяси  механизмдер,  демократия, 

диктатура, тоталитаризм, авторитаризм, саяси тұрақтылық, саяси тәуекелдік, 

билік институттары. 

Әдістемелік нұсқау. 



Бірінші сұрақ бойынша: 

-    саяси  жүйенің  құрамдас  бөлімдерін  анықтап,  қоғамның  әлеуметтік-

экономикалық  және  мәдени-рухани  салалары  мен  саяси  институттар 

арасындағы өзара қарым-қатынастың тәсілдері мен формаларын айқындаңыз; 

-  саяси  жүйелердің  ішіндегі  қосалқы  жүйе  элементтерінің  өзара 

әрекеттестігін  саяси  партиялар,  қоғамдық  ұйымдар  мен  топтардың  билік 

институттарын  бақылау  үшін  күрес  барысындағы  бәсекелестік  пен 

ынтымақтастық қатынасы ретінде қарастырыңыз; 

-  қоғамдық  үдерістерді  басқарудың  саяси  институттар  қызметінің  елде 

тәртіп 


пен 

заңдылықты 

қамтамасыз 

етуіне 


байланыстыжүзеге 

асырылатындығына назар аударыңыз. 



Екінші сұрақ бойынша: 

-  саяси  жүйенің  табысты  қызметінің  басты  шарттарының  бірі 

мемлекеттік  билік  органдарының  құрылуы  және  ел  ішіндегі  саяси  ұйымдар 

мен  мекемелердің  арасындағы  тиімді  өзара  әрекеттестікті  қамтамасыз  ету 

деген пікірді негіздеңіз; 

- саяси ұйымдардың конституциялық-құқықтық рәсімделуінің, олардың 

өкілеттіктері мен қызмет саласының нақты анықталуының қажеттілігін саяси 

жүйенің тиімді қызметінің басты шарты ретінде ашып көрсетіңіз;  

-    саяси  институттардың  тиімді  қызметі  үшін  саясат  субъектілерінің 

рөлі мен жүріс-тұрысы, тәртібі туралы жалпы ережелердің қабылдануы және 

олардың орындалуының маңызын анықтаңыз. 

Үшінші сұрақ бойынша: 

-  саяси  жүйенің  мемлекеттің  серпінді  дамуын  қамтамсыз  ету  және 

қоғамдық  тұрақтылықты  сақтау  жолындағы  қызметіне,  мемлекеттік 

аппараттың саяси үдерістердің  орнықтылығын қолдаудағы негізгі механизм 

ретіндегі рөліне назар аударыңыз; 

-  азаматтардың  ерік  білдіруі  негізінде  сайланған,  саяси  жүйенің 

құрамдас  бөлімі  болып  табылатын  биліктің  өкілетті  мекемелері  мен  жоғары 

басшылықтың  шешімімен  құрылған  мемлекеттік  билік  органдары 

арасындағы өзара әрекеттестікті қарастырыңыз; 

-  саяси  жүйенің  үшінші  құрамдас  бөлімі  болып  табылатын  жеке 

тұлғалар,  әлеуметтік  топтар  мен  халық  бұқарасының  өз  мүдделерін  билік 

органдарына  саяси  талаптарын  ұсыну,  талап  ету  арқылы  жүзеге  асыруға 

деген  ұмтылысы  мен  басқарушы  биліктің  институционалды  емес 



факторлардың  саяси  жүйеге  ықпалын  барынша  ықшамдауға  деген  әрекетіне 

талдау жасаңыз. 

 

Бақылау сұрақтары. 

1. Саяси жүйе қандай құрамдас бөлімдерден құралады? 

2. Саяси  жүйенің  қоғамда  өзгерістер  жасау  және  елдегі  тұрақтылықты 

сақтауға ұмтылысы арасындағы қарама-қайшылықтарды түсіндіріңіз 

3. Қоғамды  демократияландыруды  дамыту  және  саяси  бәсекелестіктің 

күшеюі жағдайындағы саяси институттардың рөлі қандай?  

4. Неге  мемлекеттік  билік  органдары  саяси  жүйелерқызметінің 

тұрақтылығын қамтамасыз ететін басты фактор болып табылады? 

5. Саяси  жүйелердің  қызметін  реттеуде  конституциялық-құқықтық 

нормалар қандай функциялар атқарады? 



 

Студенттерге арналған өзіндік жұмыс тақырыбы. 

1. ҚР стратегиялық құжаттарын зерттеу негізінде) «Қазақстанның саяси 

жүйесінің даму келешегі» тақырыбына жоба дайындау 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет