Басқа тілден енген сөздерді кірме сөздер дейміз. Өз тарихында қазақ халқы көптеген елдермен қарым-қатынас жасап, аралас-құралас болғаны мәлім. Соның нәтижесінде араб, парсы, моңғол, орыс тілдерінен қазақ тіліне көптеген сөздер енген. Керісінше, қазақ тілінен де көптеген сөздер енді. Мысалы, араб және парсы тілінен енген адам, әлем, ғылым, қоғам, мектеп, тарих, әдебиет, мәдениет, емтихан т.б.сөздер бар.
Моңғол тілінен ел билеуге байланысты ұлыс, нөкер, жасақ, аймақ, жарлық сөздері енген.
Ал орыс тілінен қазақ тілінен жәшік, тәрелке, керуерт, бөтелке, бәтеңке, кәмпит, сөмке т.б.
Латын тілінен: лекция, республика, министр, операция.
Неміс тілінен: орден, штурм, рота, кран.
Француз тілінен: жюри, батальон, дуэль, гарнизон.
Ағылшын тілінен: бокс, вагон, вокзал, митинг.
Соңғы жылдары кірме сөздердің біразы қазақшаға аударылды:
Самолет –ұшақ, вертолет –тікұшақ, коллектив –ұжым т.б.
1 тапсырма. Өз мамандығыңызға қатысты мәтіннен кірме сөздерді теріп жазыңыз.
2-тапсырма. Қазіргі тілімізге басқа тілден енген сөздердің көпшілігі компьютер мен экономикаға қатысты 10 сөзге қосымша жалғап, сол сөздермен сөйлем құраңыздар.
№6сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
Өлеңді жаттап алыңыз, түсінгеніңізден жазбаша мәлімет беріңіз.
Өнер – білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды
Айшылық алыс жерлерден
Көзді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды
Білімді жиды жалықпай
Суда жүзді балықтай
Біз болмасақ, сіз барсыз
Желкілдеп өскен жас ұрпақ
Сіздерге бердім батамды-ай. Ы.Алтынсарин
рактикалық сабақ №7
Фразеологизмдер.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №7
Сабақ мақсаты:
Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:
-
. Лексикалық мәтінге толық талду жасаңыз, жаңа сөздерді жаттап алыңыз;
-
Фразеологизмдерден өткенді қайталау, берілген тапсырмаларды орындау.
Әдістемелік нұсқау
Грамматикалық тақырып.
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР
Фразеологизмдер – тұрақты тіркескен, құрамындағы сөздердің орындарын ауыстыруға болмайтын, лексикалық толық мағына беретін сөз тіркестерінің бір түрі. Фразеологизмдер сөздің көркемдік мәнерін арттырады. Сондықтан көркем әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Мысалы, ұзын құлақ – хабар (молва, весть, слухи), құлақ салу – тыңдау (слушать), құлағым сізде – тыңдап тұрмын (слушаю Вас), он саусағынан өнер тамған – шебер (мастер на все руки), қой аузынан шөп алмас – момын немесе жуас (тихий, мухи не обидет), қас пен көздің арасында – жылдам, лезде, тез (мгновенно, быстро) т.б.
Мақал-мәтелдер
Мақал-мәтелдер тұрақты тіркестер сияқты аз сөзбен көп мағына білдіреді. Мақал-мәтелдер сөйлеу барысында жасалмай, бұрыннан қалыптасқан даяр қалпында қолданылады.
Мақал – тәрбиелік мәні бар, ақыл-нақыл сипатында айтылатын сөздер тобы.
Мәтел – ой-пікірді бейнелеп, тұспалдап, ишаралап тұратын сөздер тобы. Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.
Мақал мен мәтелдің айырмашылығы мынада:
Мақалдың мазмұнында себебі мен салдары қатар айталады, ал мәтелде істің салдары айтылып, себебі айтылмай қалып қояды.
1-тапсырма. Достық, сыйластық туралы айтылатын 10 мақал жазыңыз.
2-тапсырма. Жаттап алыңыз, ситуациялық жағдаят құрыңыз.
Ақ сөйле – говори правду, ақылынан адасу – сходить с ума, ала ауыз болу – быть в разногласии, алып қашты сөз – слухи, арзан қол – дешевый, ат құлағында ойнау – лихо скакать на коне, атар таң көрер күн жоқ – невыносимые условия жизни, ат басын тіреу – остоновиться для отдыха, ата жау – кровный враг, аталы сөз – слово-назидание, атам заманнан – издавна, аты жер жару – стать очень знаменитым, қол ұшын беру – оказывать помощь, аузы ауызына жұқпау – говорить очень быстро, ауызы ауыр – неразговорчивый, аузы берік – держать язык за зубами, аузына қарату – завоевать, всеобщее уважение, аяғын аспаннан келтіру – побеждать в споре, ашса алақанында, жұмса жұдырығында – добиваться полного подчинения, ауызыңа май, астыңа тай – да сбудутся твои слова.
3-тапсырма. Тұрақты сөз тіркестерін тауып, сұхбатты аударыңыз.
-
Қайрат, сен өзің ақылыңнан адасқансың ба?
-
Неге олай дедің ?
-
Жолдастарыңмен ала ауыз болып не көрінді?
-
Кімнен естідің ?
-
Бәрі айтып жүр ғой.
-
Оның бәрі алып қашпа сөз, сенбе. Алмат, аталы сөз бар емес пе? Көзің жетпейінше ешкімді кінәлауға болмайды.
-
Қайрат, рас айтасың.
-
Мен аузым берік адаммын, болған істі ешкімге айтпаймын. Ал олар айналасын ауызына қаратқысы келеді, ашса алақанында, жұмса жұдырығында болса деп ойлайды. Бұл – үлкен қателік. Олар дұрыс жолмен жүрсе игі еді. Мен ешкімге жаманшылық тілемеймін. Қайта қиыншылықта қол ұшымды берсем деймін.
-
Дұрыс, Қайрат. Сендей кешірімді адамдар көп болса екен!
4-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.
Вожак — самый авторитетный член группы, обладающий даром внушения и убеждения. На других членов группы он влияет словом, жестом, взглядом. Греки во времена Гомера считали, что вожак должен обладать мудростью Нестора, справедливостью Агамемнона, хитростью Одиссея и энергичностью Ахилесса. На протяжении XX в. проводились многочисленные исследования индивидуальных качеств преуспевающих руководителей. Так, американский исследователь Р. Стогдилл предложил следующий перечень качеств руководителя — вожака:
1) физические качества — активный, энергичный, здоровый, сильный;
2) личностные качества — приспособляемость, уверенность в себе, авторитетность, стремление к успеху;
3) интеллектуальные качества - ум, умение принять нужное решение, интуиция, творческое начало;
4) способности — контактность, легкость в общении, тактичность, дипломатичность.
* * *
Тәрбиелік мәнін ашыңыз.
Бір елдің бас әкімі өзіндей бір баймен жолығысып сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы кедей өтеді. Ол өтіп бара жатып иіліп бас ұрып сәлем берді. Оған қарсы әлгі үлкен онан да төменірек иіліп сәлем алады.
Қасындағы бай:
-
Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, қайдағы бір кедейге неге сонша иілдіңіз? – деп сұрапты.
Сонда әкім:
-
Ешбір ілім үйренбеген кедей сонша иіліп әдептілік көрсеткенде мен онан да әдепсіз болып қалайын ба ? – депті.
№7 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
Мақалдарды қазақшадан орысшаға аударыңыз.
Құс патшасы – бүркіт
Аң патшасы – арыстан
Сөздік
Құс-птица
Аң – зверь
Жалқаулық – жаман ауру
Сөздік
Жаман ауру – скверная болезнь
Жігіт адамға жетпіс өнер де аз
Сөздік
Өнер – ремесел
Жігіт көркі – өнер
Сөздік
Көркі – честь
Білімнің басы – бейнет, соңы – зейнет.
Сөздік
Бейнет – трудный
Зейнет – сладкий
Ұстаздан шәкірт озар
Сөздік
Сыйла – почитай
Күш – білімде, білім – кітапта
Сөздік
Күш – сила
Кітапта – в книгах
Орысшадан қазақшаға аударыңдар
Если и золото нашел, пересчитай
Сөздік
Нашел – тапсаң
Пресчитай – санап ал
И вода счет любит
Сөздік
Счет любит – сұрауы бар
Умный честь свою оберегает,
Скупой скот свой оберегает
Сөздік
Оберегает –қорғайды
Умный –ақылды
Скупой- сараң
Скот-мал
Многословие – көп сөз
Молчание – золото
Сөздік
Многословие – көп сөз
Молчание – аз сөз
Говори редко, но метко
Сөздік
Редко –аз
Метко-саз, діл
Молчание от самой большой беды оберегает
Сөздік
Молчание – үндемеген
Большой беды- үйдей пәледен
Избавляет - құтылады
Практикалық сабақ №8
Көнерген сөздер мен неологизмдер.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №8
Сабақ мақсаты:
Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:
-
Көнерген сөздердің анықтамасын жаттап алыңыз, берілген тапсырмаларды орындаңыз.
Грамматикалық тақырып.
КӨНЕРГЕН СӨЗДЕР МЕН НЕОЛОГИЗМДЕР
Қоғам дамуына орай тіліміздегі қолданыстан шыққан сөздер көнерген сөздер деп аталады. Көнерген сөздер мағынасына қарай екі түрге бөлінеді:
-
Тарихи сөздер – қолданылған дәуірі өтіп, ескі заманның өзімен бірге көнерген тарихи атаулар. Тарихи сөздерге ел басқарумен байланысты атаулар: хат, патша, уәзір, би, аға сұлтан т.б. қазір пайдаланылмайтын қару-жараққа қатысты сөздер: садақ, жебе, найза т.б.
2.Архаизмдер – халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт-сана, әдет-ғұрпына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп кеткен сөздер. Мысалы: сәукеле, кебеже, күпі т.б.
Кейбір көнерген сөздердің қайтадан жаңаратын кездері де болады. Мысалы, кеңес дәуірі кезінде қолданудан шығып қалған діни сөздер: имам, мешіт, ораза, айт, құран т.б.
Сөздік қорға жаңадан енген сөздер неологизмдер деп аталады. Жаңа сөздердің тууының екі түрлі себебі бар:
-
қоғамның дамуымен бірге енген жаңа ұғымдарға сай жаңа сөздер пайда болады;
-
тілдің қолданыс аясының кеңеюіне байланысты тілімізде бұрыннан қалыптасқан кірме сөздердің орнына жаңа аталымдар қолданылады. Мысалы, космос, космонавт деген сөздер алғаш пайда болған кезде жаңа сөздер болатын. Кейін бұл сөздер ғарыш, ғарышкер болып жаңа сөздер болып есептеліп жүр.
1-тапсырма. Газет-журнал беттерінен жаңа сөздерді теріп жазыңыздар.
2-тапсырма. Төмендегі сөздермен сөйлем құраңыз.
Қиял, зейін, үнтаспа, мешіт, жолсерік, зейнетақы, жеделхат, дәрісхана, сәукеле.
Әдістемелік нұсқау
1. Мәтінді оқып, қысқаша мазмұнын айтып беріңіз.
-
Мәтінді азат жол бойынша мағыналық топтарға бөліп,
жоспар құрыңыз.
-
Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып диалог
құрастырыңыз.
Тақырыбы: "Астана қаласына сапар".
Сапар, жолсерік, кешендер, құрылыс, Есіл өзені, тарихи
маңызды, кең әрі түзу көше, сәулетті ғимарат.
Креативтілікті зерттеудегі негізгі теоретикалық бағыттар (мамандық бойынша мәтін)
Ғылыми әдебиеттерді ториялық талдау негізінде біз екі категорияны бөлдік: шығармашылық және креативтілік. Нәтижесінде мынадай мәселе пайда блды: біздің диссертациялық зерттеудің негізгі құрамын шығармашылық немесе креативтілік қайсысы құрайды? Сол себепті біз шығармашылық және креативтілік категорияларының мінін талдауға, олардың ғылыми әдебиеттегі табиғатын зерттеуді шештік.
Шығармашылық мәселесі ғасырлар бойына ғалымдардың назарын аударған мәселе болып табылады. Антикалық кезеңнен бастап ғалымдар шығармашылық механизмдерін ашуға ұмтылды, философиядағы (Платон, Декарт, Спиноза, Лейбниц, Шелер, Шеллинг, Бергсон және т.б. ); өнер және әдебиет тарихында (А.А. Потебня, Д.Н. Овсянико - Куликовский, Б.А. Лезин, А.Н. Веселовский және т.б ); физиология және психопатологияда (В.М. Бехтерев, Ч. Ломброзо, В.Ф. Чиж, В.В. Савич және т.б.); математикада (Д. Пойя, Ж.Адамар, В.Асмус және т.б.); педагогикада да (Дж. Брунер, З.И. Калмыкова, И.С. Якиманская, Л.Н. Анцыферова және т.б.) және басқа әр түрлі ғылымдарда да шығармашылық мәселесі маңызды болып табылады.
Әр түрлі ғалымдардың шығармашылық мәселесіне деген көззқарастарын қарастырайық. Платон адамдардың индивидуальды айырмашылықтарының анықтылығына сенімді болды. Ол құдай адамдарды жарата отырып, "негізгі материалға" топырақты не темірді не алтынды араластырды және адамдарға осыған сәйкес икемді адам, берік күрескер, тамаша ойшыл сияқты рөлдерді бөліп береді деп санады. Бірақ өмірлік шындық әрқашан құдаймен алдын - ала жазылғанмен сәйкес келе бермейді. "Жан аристократының" билігіне шыға отырып, Платон тәрбиені толығымен мемлекет қолына беруді ұсынды, соның ішінде қабілетті балаларлы жеке оқытуды айтты. Платонның ойы бойынша, адамға пайдалы болу үшін қоғам "ең жақсы табиғи болмысты зерттеуі" керек .
Платонға дейін жүз жыл бұрын осындай көзқарасты Қытайда адамзат тарихындағы бірінші философтардың бірі - Конфуций айтып кеткен. Ол өте дарынды балаларды қарқынды дамытуды ұсынды. Конфуцийдің ілімі кең тарала бастады. Ерекше дарынды балалар оның үйінен білім ала бастады. Шығармашылық фантазиялардың барлық түрі, соның ішінде тақпақ және роман жаза алу қабілеті ерекше бағаланды. Оның айтуынша, бұл балаларда қатесіз есте сақтау мен өте жоғары дамыған ойлау қабілеті болды. Олардан болашақ ұлттық байлықтардың кепілін көрді және оларды өте жоғары бағалады.
XV ғасырда, яғни 2000 жыл өткен, Ұлы әмірші Сулеймен Түрік империясына таланттарды іздеушілерді жіберді. Дарынды балаларды арнайы мекемелерге орналастырды, оларға онда жаратылыстану ғылымдары, философия және әр түрлі өнер түрлерінен сабақтар өткізілді. Барлық таланттар табиғи туа берілген дарындылық ретінде белгігі бір орынға ие.
Шығыс және Батыс мәдениеттерінде шығармашылық мәселесіне деген көзқарастарға талдау жасай отырып, айырмашылық барын айта кеткен жөн. Батыс мәдениетінде шығармашылық адам жанының ең жоғарғы көрінісі ретінде бағаланады, бірақ санадан тыс ойлау белсенділігіне жеткілікті назар аударылмаған.
Шығыс мәдениетінде екі түсінік қалыптасқан, біреуі тар, екіншісі кең. Біріншісі өмір жағдайларына анық емес қызық шешімдер табу деңгейімен сәйкес. Екіншісі - рухани жарықтану түсінігі. Бұл көрінулерде шындықтың бөлшегі бар, шығармашылық процесс шынында да ақпараттардың санадан тыс өңделуін құрайды.
Жаңа заманның революциялық идеяларында ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық иерархияны қайта қарау тенденциясы көрінді. Барлық құрылулар теңдікте жүзеге асырылды, идеологиялық негізі Д. Локк пен К. Гельвецийдің еңбегі болды.
Философиялық илеялар XVII - XIX ғасырлардағы педагогикалық жаңалықтарға түрткі болды. XIX - X X ғасырлар аралығында арнайы зерттеулер шығармашылық психологиясы аясында бастала бастады.
Шығармашылық мәселесімен айналысушы философтардың жұмысының көпшілігі шығармашылық процесінің интуициялық жарығы болып табылады, олар оны тек зерттеудің психологиялық пәні сапасында көрсетеді. Шығармашылық процестің жалпы жүйесін көрсетуге ұмтылу негізінен өзіндік ғылыми ашылулардың дамуын бақылауға сүйенді. Бұндай өзіндік есептер құнды, онда шығармашылық процесінің субьективті жағы көрсетілген.
Қоғамның, философиялық және психологиялық ғылымдардың дамуымен шығармашылық мәселесіне қатысты көзқарастар құрылып, өзгерді. Әр түрлі психологиялық мектептер шығармашылық феноменін, ойлау мен шығармашылық қабілеттерді зерттеуге өзіндік ұсыныстарын ұсынды.
Адамның психикалық өмірінің жалпы заңдылықтары туралы алғашқы көрінулер ассоциация принципімен байланысты, яғни, көрінулер арасындағы байланыстардың белсенділігі мен құрылуы (Т. Рибо, Т.Цигенғ А. Бэн). Бұл зерттеушілер фантазия бейнелерінің пайда болуын жарияланған түсінік принципі арқылы түсіндіреді, адам шығармашылығы - бұл мәселені шешу процесіндегі алыс ассоцияларды таба білу қабілетінің нәтижесі. Психологиядағы ассоциативті бағыт біз зерттеген мәселеге жеткілікті, бірақ А. Бэн және Т. Рибо құрған түсініктілік принципі бір жағынан психология ғылымындағы үлкен табыс болса, екінші жағынан шығармашылық психологиясын зерттеудегі болашақ бағыттардың бірі. Ассоциативті психология бағыты тұрғысынан (С. Медник, Т.В. Галкина, С.В. Алексеева және т.б.) шығармашылықтың пайда болуы үшін ол құралатын жеке элементтерін, бөліктерін тани білу қажет.
Шығармашылық процесін зерттеуге үлкен үлес қосқан гештальтпсихология үшін (К. Дункер, М. Вертгеймер, А. Секей) біртұтас бейне өзіне ғана тән спецификаға ие. Берілген бағыттың өкілдерінің санауынша адамның әрекеті мен шығармашылық мінезі мәселелі жағдайдың элементтерінің құрамын қалай көреді сонымен анықталады. Шығармашылық акте гештальтпсихология біріншіден екінші құрылымға өзгерулерді көреді және оларды мына түсініктермен сипаттайды: "инсайт", "жарықтану", "қарау". Бірақ та бұл өзгерулердің табиғаты, мәселелі жағдайдың жаңа фокустарын табу түсініксіз болып қалады.
К. Дункер шығармашылық мәселесін өнімді ойлау позициясы тұрғысынан қарап, шығармашылық әрекеттің негізгі көзі - мәселелі жағдайлар деп анықтады. Ол "Дункерлік тапсырма" деп аталатын экспериментальды процедураның ерекше типін ұсынды. Бұл тапсырма бірнеше қабаттардан тұрады, көрінудің әр түрлі жолдары жорамалданады, соның ішінде біреуі ғана адекватты. Бұл тапсырманы шешу үшін оның ішкі құрылымына ену керек, сонда ғана шешу процесі жүзеге асады. Эксперимент жағдайын түсіну мәселенің шешімін табуға әкеледі. Тапсырма шарттары мен оның талаптары арасында келіспеушілік туындайды, ол тек кенеттен түсінуге, жарықтандыруға, инсайтқа байланысты ғана шешілуі мүмкін.
М. Вертгеймер шығармашылықты өнімді ойлау тұрғысынан қарастырды. Ол зейінді мынаған аударды, егер мәселені немесе жағдадй анық түсінуге ұмтылу оның шешіміне алып келеді.
А. Секей өз эксперименттерінде шығармашылық мәселесімен жмыс істей отырып, мәселелі тапсырмаларды шешуде ойлау мен білімнің өзара қатынасының ерекшеліктерін анықтады, сонымен қатарол заттарда сол немесе басқа затты тұрақты сипаттайтын күшті қасиеттер және зерттелуші үлкен еңбекпен табатын жасырылған әлсіз қасиеттер барын көрсетті. Ол бұл факті жарықпен орындайтын тапсырмаларда көрсетті. Оның нұсқаларының біреуінде зерттелінуші алдында үстелде таразы, шырақтар, сіріңкелер және кішкентай затар қатары араластырылған. Нұсқауда заттарды қандай да бір уақыттан соң ешқандай араласусыз тепе - теңдік бұзылатындай етіп теңестіру ұсынылған. Дұрыс шешімді табудың қиындығы мынада: басқа заттарға қарағанды шырақтар өздерінің күшті қасиеттеріне енеді: салмақты теңестіру түрінде және жарық көзі ретінде. "Латындық шырақ сөзі - жанған кезде салмақты жоғалту" және бұл тапсырманы шешу.
Классикалық психоанализде (З. Фрейд, К. Юнг, А. Адлер және т.б.) шығармашылық шығармашылық энергияның құрылуы және шығармашылық әрекет мотивациясы арасында тұрады.
З. Фрейд бойынша шығармашылық белсенділік сексуальды инстинктердің сублимациясының нәтижесі болып табылады, яғни энергияның қарапайым, дифференцияланбаған, ұнамсыз импульстардың жоғары, мәдени, рухани, дифференцияланған энергиямен алмасуы. З. Фрейд айтуынша, ол ұсынған шығармашылық энергияның құрылу механизмі батыс ғылымы мен мәдениетіндегі ұлы жетістіктердің негізі түрткісі болды.
К. Юнг шығармашылықта тұлға құрылымындағы терең қабат - "ұжымдық санадан тыс " көрінуін қарастырды. К. Юнгтің болжауынша, "ұжымдық санадан тыс" жатқан идеялар немесе есте сақтауды шығармашылықтың негізгі көзі .
А. Адлердің жұмысында "шығармашылық" ұғымы "Креативті Мен" идеясы арқылы ашылады, адам өз тұлғасын өзі жасайды, өз тағдырының қожайыны өзі, кім болады және өзін қалай ұстайды баріне өзі жауап береді. Креативті Мен - бұл әрбір адамды индивид қылатын шығармашылық күш.
Фрейдистердің көзқарасы өздерінің индивидуалды спецификасын ала отырып, шығармашылықтың негізгі көзі адамдардың санасында және санасынан тыс жатыр деген ойды айтады. Адамдағы шығармашылық жағтың приоритетін мойындау гумандық психологияның мәнді концепциясы болып табылады (Г. Олпорт, А. Маслоу, К. Роджерс, Н. Роджерс және т.б.).
А. Маслоу бойынша креативтіліктің бастапқы көзі - өзін - өзі шыңдауға деген қажеттілік: өз талантарын, қабілеттерін, тұлғалық потенциалын толығымен пайдалану. Бұл туралы ол былай дейді: "Адамдар олар кім бола алады сол болуы керек. Олар өз табиғатына адал болуы керек". Тұлға өзін - өзі белсендіруде өзіне жақын болмысқа сай мүмкіндіктерін ашады.
К. Роджерс және Г. Олпорттың санауынша, тұлғалық мотивация адамдардың үлкен қиындықтар бағытында дамуға ынталандырады. К.Роджерстің белсендіруші тенденция концепциясы өзіне келесілерді біріктіреді: мотивация, қысым, қажеттілік, сонымен қатар креативтілік. Шығармашылық өнімдері (идеялар, жобалар, әрекеттер) және шығармашылық өмір бейнесі жақсы өмірмен тұратын адамдарда көрінеді. Жақсы өмір бұл тұрмыс емес, ол процесс. Бұл тағайындау орны емес, ол бағыт.
Тұлғалық - мотивациялық бағыттың өкілдері шығармашылық мәселесін талдай отырып, оны тұлғалық шығармашылық мәселесіне жинақтайды: ерекше шығармашылық қабілеттер жоқ, тек анық мотивация мен белгілерге ие тұлға бар деп есептейді. Психоанализде де шығармашылық сублимация түрінде (З. Фрейд); сапасы толық емес кешен компенсациясы (А. Адлер), тұлғаның "мінсіз Менге" көтерілуі (Р. Ассаджиоли); ұжымдық санадан тыс архетиптердің көрінуі (К. Юнг). Гуманистикалық психологияда шығармашылық қанағаттанудың гомеостатикалық принципіне бағынбайтын тұлғалық өсідің мотивациясы ретінде ұсынылған (Г. Олпорт), өзін - өзі шыңдауға деген қажеттілік, өзінің қабілеттерімен және өмірлік мүмкіндіктерін еркін және толық жүзеге асыру (А. Маслоу).
Шетелдік зерттеушілер жұмыстарында шығармашылық қабілет мағынасында қолданылады. Отандық зерттеушілер жұмыстарында (Д.Б. Богоявленская, Я.А. Пономарев, В.Н: Дружинин) берілген түсінік ынталылық деген тағы бір мағына қосады.
Психологиядағы іс - әрекет теориясын ұсынушылар (А.В. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, О.К. Тихомиров, В.Н. Пушкин, А.М. Матюшкин, И.М. Жукова, Л.Л. Гурова және т.б.) шығармашылық процесті талдау іс - әрекет категориясы арқылы өтеді. Шығармашылық іс - әрекет бұл субьекттің бейнеленген әрекетті жүзеге асырып, шынайы әрі жаңа нәрсе құруымен түсіндіріледі. Осы мектептің зерттеушілерінің көзқарасы бойынша шығармашылық әрекеттің негізгі көзі - мәселелі жағдай. А.М. Матюшкинмен жасалған мәселелі жағдайлардың классификациясы психологияның барлық бағытында қолданылады. Осы классификацияға сәйкес келесі тапсырмалар ұсынылады:
1. Мінез - құлықтық тапсырмалар (типтік мысал ретінде бихевиористер кең қолданатын манипулятивті тапсырмалар - бас қатырғыштар)
2. "Құрылымдық" мәселелік жағдайлар (гешталтьпсихология)
3. Ықтималды тапсырмалар (тапсырманы шешу "ия не жоқ" принципі бойынша шешіледі )
4. Ақпараттық - семантикалық тапсырмалар ("жеткіліксіз ақпараттар" тапсырмасы).
"Мәселелі жағдайдың психологиялық құрылымы өзімен индивидтің білімімен және тапсырмалар арасындағы қатынасты емес, индивид белгісізді табу үшін субьект пен оның әрекетінің шартары арасында қатынас құруды енгізеді".
Д.Б. Богоявленскийдің экспериментальды зерттеуі қызығушылық тудырады, онда шығармашылық берілген мәселе шегінен шығуда көрінетін жағдайлық - ынталандырылмайтын белсенділік түрінде көрінеді. Бұл механизмнің операциальды - психологиялық толуы "интеллектуальды белсенділік" түсінігімен ашылады. Интеллектуальды белсенділіктің өзі үш кезеңнен тұрады: стимульды - өнімді (репродуктивті, пассивті), эвристикалық, креативті.
Богоявленскийдің ойынша, белсенділіктің стимулды - өнімді кезеңіне зерттелушінің мынадай әрекеттері жатады: олар қандай да бір ішкі стимулдың әсерінен ғана әрекет етеді. Бұл әлеуметтік индивидумның әркет кезеңі. Жалғыз адамдарда бұндай жағдайда жаңа әрекеттің өзі қызығушылық шақырып, қанағаттанушылық тудырады, басқаларда - әрекет қызығушылық тудырады, бірақ әлі жаңа әрі қиын, бір қалыпты болған кезде олардың қызығушылығы азаяды, олардың интеллектуальды әрекеті ештеңені бейнелемейді.
Екінші кезең - эвристикалық. Бұл кезеңнің зертелінушілері интеллектуальды белсенділіктің сло не басқа деңгейінің көрінуімен ерекшеленеді. Жеткілікті, сенімді шешу жолдарын иелене отырып зерттелуші өз әрекетінің құрамын, құрылымын талдауды жалғастырады, жеке тапсырмалар қояды, жаңа неғұрлым тиімді шешу жолдарын қарастырады. Шектеу мынада жаңа шешу жолдары тек сырттан қойылған міндеттер үшін ғана іздестіріледі.
Үшінші кезең - креативтілік. Зерттелінушімен табылған эмпирикалық заңдылық ол үшін өзіндік мәселе болып табылады, сол үшін ол эксперименттегі әрекетін тоқтатуға дайын. Осы кезеңге жататын зерттелуші өз бетімен мәселелерді қояды.
№8 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
-
Өз мамандығыңызға қатысты тақырыпта шағын эссе жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |