Стандарт №1 Конвульсиялық синдром



бет1/4
Дата11.09.2023
өлшемі0.97 Mb.
#477151
  1   2   3   4
Стандарты чс


Стандарт №1 Конвульсиялық синдром орталық жүйке жүйесі патологиялық импульстардың әсерінен туындайтын және синкоппен жүретін бұлшықеттердің еріксіз қысымы деп саналады.

Құрысу-тырысу кезінде көмек көрсету
Мейірбике әзірлейді: диазепам, туберкулин (1 мл) шприцтер, дәкелік сүлгілер, шпатель.

  1. Анасын жайландыру.

  2. Баланы қатты, тегіс жерге жатқыныз.

  3. Қысып тұрған киімдерден босатыныз.

  4. Таза ауамен қамтамасыз етініз.

  5. Тілін шайнап тастамас үшін мақтамен немесе бинтпен оралған шпатель немесе дәкелік сүлгілерін ауызына салыныз.

  6. Құрысу-тырысуға қарсы туберкулин шприцке диазепам дайынданыз.

  7. Ампуладан туберкулин шприцке баланың жасына қарай диазепамді сорып алыныз, содан соң инені алып тастаныз.

  8. Шприцті бұлшықетке 4-5 см теренділікке салып, диазепам ерітіндісін енгізініз.

  9. Баланың бөксесін бір неше минутқа қысыныз.


Ескерту: дәрігерге хабарланыз.




Диазепам бұлшықетке
10 мг/2мл ерітіндісі

Паральдегид бұлшықетке



Жасы/ салмағы

Мөлшері 0,1 мл/кг

Мөлшері 0,1 мл/кг

2 апта-2 ай (4 кг)

0,3 мл (1,5 мг)

1,0 мл

2-4 ай (4 - 6 кг)

0,5 мл (2,5 мг)

1,6 мл

4- 12 ай (6-10 кг)

1,0 мл (5 мг)

2,4 мл

1-3жас (10-14 кг)

1,25 мл (6,25 мг)

4 мл

3-5 жас (14-19 кг)

1,5 мл (7,5 мг)

5 мл

Ескерту: ерте жастағы балаларды құрысуда, алғашқы көмектен кейін ауруханаға тасымалдау!

Стандарт №2 Алгоритм:Коллапс,естен тану кезінде балаларға жедел көмек көрсету.
Анықтамасы:Естен тану-бұл бас миының өтпелі ишемиясы салдарынан кенеттен қысқа уақытқа есті жоғалту.
Себебі:психикалық жарақат,ауырсыну тітіркендіргіші,қапырық бөлмеде ұзақ уақыт болу,уланулар,жұқпалы аурулар.
Іс-әрекер алгоритмі:
1.Аяқ жағын 40-50 градус бұрышта көтеріп жатқызыңыз.
2.Қысып тұрған киімдерін шешіңіз,терезені барынша ашыңыз немесе баланы таза ауаға шығарыңыз.
3.Бетіне салқын су шашыңыз немесе бетін салқын сумен суланған сүлгімен сүртіңіз.
4.Қоздыратын дәрілерді иіскетіңіз:мүсәтір,уксус.
5.Егер естен тану 3-5 минуттан ұзаққа созылса денені ысқылап,жылытқыштармен жылытыңыз ,тері астына 10% кофеин бензоат натрий 0,25-1 мл енгізіңіз.
6.Гипотония мен брадикардия кезінде тері астына 0,1% атропин ертіндісін 0,25-1 мл енгізіңіз.
7.Естен тану ұзаққа созылса ауруханаға жатқызыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет