Семинар сабақтары Студенттердің өздік жұмысы



бет5/7
Дата11.06.2016
өлшемі0.59 Mb.
#128378
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7

Шаруашылық қызметiнiң кеңеюiмен бiрге мұхиттар мен теңiздердiң ластану деңгейi де артты. Көптеген танкердлердiң апатқа (аварияға) ұшырағаны, теңiз түбiндегi мұнай құбырларының тесiлгенi мәлiм. Мәлiметтерге сүйенсек, танкерлерден теңiздерге барлық тасымалданатын мұнайдың 1%-на дейiн мұнай төгiледi екен.

Мұнай ең қатерлi суды суды ластаушылардың бiрi. 1 т мұнайдың өзi теңiздегi тiршiлiк иелерiне терiс әсер етедi: мұнай қабыршағы күн сәулесiн өткiзбейдi әрi суда оттектiңқалыптасуын бәсеңдетедi. 1967 жылы «Тори Каньон» супертанкiлерi англияның жағалауында апатқа ұшырап, 130 мың тонна мұнай теңiзге төгiлдi, 1967 жылы «Эри» танкерiнен 6 мың тонна мұнай төгiлсе, 1976 жылы «Олимпик» супертанкiлерi Францияның жағалауында су астындағы тасқа соғылады.

Мұнай өнiмi мұхитқа кемелер апатқа ұшырағанда және салмағы ауыр су құйылғанда, теңiз қайраңдарында мұнай мен газды өңдеу барысында және ластанған суды өзен арқылы шығарғанда төгiледi.

Мұнаймен ластау – Бүкiл әлемдiк мұхиттың өмiрiне қауiпт төндiретiн фактор. Әсiресе, мұнай температураның төмен болуына байланысты ыдырамай, «мұзға» айналатын аса ауқымды судың мұнаймен ластануы айрықша қауiптi, сондықтан да мұнаймен ластанған су Арктика мен Антарктиданың қоршаған ортасына орасан зор зиян келтiруi ықтимал.

Ғалымдардың ой пiкiрiнше, теңiз бен мұхит муларында шамамен 0,5 млн тонна ДДТ (дус) шоғырланған әрi бұл көрсеткiш жыл сайын 45 мың тоннаға артып отыр. Теңiздердiң ластануы газдарды ерiтiп жiбере алатын судың айрықша өзiнгдiк қасиетiнне де әсерiн тигiзiп отыр. Теңiздерге жыл сайын жауын-шашын арқылы 20мың тонна қорғасын, 1 млн т көмiрқышқыл (құрамында автокөлiктердiң газы бар) және 5 млн т сынап (жанар-жағар майға қосылатын және қағаз өндiрiсiне қолданылатын) түседi екен.

Мұхиттар мен теңiздерде мекендейтiн мұхит ағзаларында (организм) қорғасын мен сынап көбейiп келедi.

Радтоактивтi изотопты жою немесе залалсыздандыру мүлдем мүмкiн емес. Белгiлi болғандай, дамыған елдер 10-15 жыл бойы радиоактивтiлiгiн жойматын радиоактивтi заттар арқылы өңдейтiн контейнерлермен мұхиттардың түбiне қоймалар қойды. Олардың iшiндегi ең қауiпсiз – биологиялық циклге қатысатын стронция –90 болып табылады.

Жерорта теңiзi – Жер шарындағы ең лас теңiз. оның суын өнеркәсiптердiң қалдықтар мен тұрмыстық қалдықтар көп ластап отыр, бұл қалдықтардың 90%-ы тазаланбайды екен. Итальяндық ғалымдардың мәлiметiне сүйенсек, 1980 жылы 1 км2 су кеңiстiгiне 500 л-ге дейiн мазут келедi екен, Тибра сағасындағы ауру тудыратын бактериялардың мөлшерi қалыпты нормадан 200 есе асып кеткен.

Ливорно өзенiнде орналасқан фабриканың титан өндiрiсi бойынша жыл сайынғы өзен суына тастайтын «порциясында» 920 тонна мыс тотияйыны және 2400 тонна күкiрт қышқылы бар.

Балтық теңiзiне жағалауына алпыстан астам аса iрi өнеркәсiп қалалары орналасқан суы лай 200 өзен құяды екен. Копенгаген және Данияның басқа да қалалары Балтық теңiзiне канализация суын алдын-ала тазалаудан өткiзбей ағыса салады.

Индонезиялық ғалымдардың пiкiрiнше, Ява теңiзi планетамыздағы ең көп ластанған теңiздердiң бiрi. Джакарт шығанағында теңiз өсiмдiктерi өсiп-өнуден қалған әрi хайуанаттар әлемi толық жойылған. Мексика шығанағының ластауын АҚШ-тың оңтүстiгiндегi әйгiлi пляжына кауiп қатер төндiредi. Қытайдың өзен жағалауындағы елдi мекендер, әсiресе Сары теңiздi және Шығыс-Қытай теңiзiн көп ластап отыр.

Аса ғажайып Женева көлiнiң де халi бiртiндеп нашарлап барады. Онда балық атаулы жоқ десе де болғандай. Женева көлiне байланысты микробиологтардың мынадай көңiлсiз әзiлi бар: «Оның суы iшуге тым қоймалжын, ал жердi суаруға тым сұсұйылтым!»

Рейн - Батыс Еуропаның мыңызды күретамыры. Жыл сайын Рейн өзенiнде 120 т темiр, 85 т сынап, 100 т мышьяк, 1500 т қорғасын «тасымалданады». Ұлыбринатиядағы Темза өзенiнiң төменгi ағысы 1800 жылдың өзiнде-ақ Лондонның арық суынан ластанып, 1949 және 1954 жылдары 25 адамның өмiрiн қиған жұқпалы тырысқақ iндетiнiң жайылуына себеп болды. 1858 жыл «сасық тiс жайлаған жыл» деген атпен белгiлi; өзен жағалауындағы ағылшын парламентiнiң ғимаратындағы перделер арнайы құраммен жасалып, бiрiңғай ақсүйектреден (аристократ) тұратын мәжiлiсмендердi (парламентари) мүңкiген сасық иiстен қорғады. Астаналық өзендердiң бiрi – Мәскеу өзенiнiң 60-шы жылдары жақдайы нашар болды. Қаладағы көптеген кәсiпорындар тазаланбаған суды осы өзенге ағызды. Бiр ғана Лихачев атындағы автозауыты Рязань секiлдi қала халқы тұтынатын судың мөлшерiндей болатын 120 мың м3, тазаланбаған суын осы өзенге төктi: қаладағы өзеннен балықтар ұшыраспайтын болды, ал өзен суы жағымсыз иiс шығарып, көбiктенiп, мұнай дақтарынан сұрғылт қоңыр тартты.

Мәскеу қаласын электр энергиясымен жабдықтау үшiн Волж су қоймасында Конаковтың ГРЭС – аса қуатты қазiргi заманғы жылу электр станциясын салды.

Суды жылытып ластайтын оның агрегаттары су қоймасындағы сумиен салқындатылатын едi. Бұл су саласының дамуына жол ашты: Мәскеу қаласындағы су жүргiзетiн құбырларға су осы қоймасы арқылы келедi, ал оны тазалауға жұмсалатын кәсiпорындардың шығыны күрт артып кеттi.

Судың өзiндiке ерекшелiктерi, оның таусылмайтындай көрiнген, емiн-еркiн пайдалануға жететiн молдығы, ерiтiндегi химиялық реакциялардың барысы тарихи тұрғыдан өнеркәсiптердiң кез келген саласында, ауыл шаруашылығы мен коммуналдық шаруашылыққа «ылғалды» технологияларды тудыруға ықпал еттi. Нәтижесiнде түпкi өнiмнiң бiр тоннасы үшiн әдетте 10-1000 есе көп ластанған су «өндiретiн» болды.

Радиоактивтi қалдықтар мұхитты ластаушылардың iшiндегi ең қауiптiсi болып табылады. Осы уақытқа дейiн радиактивтi қалдықтардың ондаған мың контейнерлерi мұхиттардың бiрнеше түпкiрiне көмiлдi.

Әлемдiк мұхит бүгiгi таңда сұйық және қатты қалдықтар тасталатын қоқыс жәшiгiне айналды. Оған бүкiл тазаланбаған ағынды сулар кеп құяды. Мұхитқа айрықша улы химикаттары бар контейнерлер мен қоқыстар тасталатын болды. Өзеннiң ластануы туралы сөз болғанда әдетте олардың барлығы да мұхиттарға барып құйылатыны және антропогендiк тектегi ластаушы заттарды таситын ұмыт қалады.

Мұхиттар тек өзендер арқылы ғана ластанбайды, сондай-ақ оны түтiндi, газды, шаң-тозаңды, қаракүйенi таситын ауа ағындары да ластайды. Солтүстiк, Жерорта, Ирланд, Балтық теңiздерiнiң эвтрофикациялары мен ластану жолақтары бар мұхиттың аса iрi акваторийi пайда болып үлгередi. Солтүстiк теңiзiнiң жағалауында 30 млн адам өмiр сүредi әрi көптеген кәсiпорындар орналасқан. Онда жүздеген және мыңдаған шаршы шақырымды мұнай дақтарымен ластаңған алаң алып жатыр. Алайда осылардың iшiнде ең көп ластанған теңiз – Жерорта теңiзi.


Қазақстанның су ресурстары.
Қазақстан Республикасы жер үстi өзен суы ресурстарының ҚР Мемлекеттiк су комитетiнiң мәлiметi бойынша бiр жылдағы сулулық орта есеппен алғанда – 100,9 млрд м3. Оның 56,5 %-ы – Қазақстанның өз территориялардан келетiн өзен суы құрайды (ҚХР. Өзбекстан Республикасы, Қырғыстан Республикасы және Ресей Федерациясы).

Қазақстанның су ресурстары бұрыңғы кеңес Одағы ресурстарының 2,1 %-ын құрайды. Бiздiң елiмiз сумен қамтамасыз етiлу деңгейi бойынша бұрыңғы одақтас республикалардың iшiнде соңғы орынды иеленiп отыр. Сумен қамтамасыз етiлудiң үлесi шаршы шақырыммен алғанда 36,4 мың м3-ке тең, ал жан басына шаққанда жылына 6,0 мың м3-тi құрайды.

Жер үстi су ресурстары территория бойынша бiркелкi емес әрi жылдар аралығында жйне жылдың iшiнде ауытқып тұратындықтан республика облыстарының сумен қамтамасыз етiлуi бiр келкi болған емес. Сумен ең көп қамстамасыз етiлген облыс – Шығыс Қазақстан – 1 шаршы шақырымға 290 мың м3-тан келедi, ал сумен ең көп қамтамасыз етiлген Атырау, Қызылорда, әсiресе, Маңғыстау облысында – 1 шаршы шақырымға 0,36 мың м3-тан келедi.

Алайда ағында өзен ресурстарын халық шаруашылығы үшiн толық пайдалану мүмкiн емес, өзендердiң төменгi сағасынган (Ертiс, Сырдария, Жайық, Iле, Тобыл, Есiл) мiндеттi түрде жiберiлетiн (босатылатын) судың, республикамыздан тыс өңiрлерге ағып кететiн өзен суының, су қоймаларында және өзен арналарында ысырап болатын судың жиынтық мөлшерi жылына шамамен 54,8 млрд м3-ты құрайды. Жердiң үстiнгi жағындағы сулылығы орташа есепппен алғанда 45,9 млрд м3 мөлшерiнде бағаланып отыр.

Ертiс, Тобыл және Есiл өзендерiнiң суын қорғау әрi олардың пайдалануын реттеу Ресей федерациясымен келiсiп орындалады. Бұл бассейiндегi кешендi пайдаланылатын орташа және iрi бөгендер (водохранилища) гидроэнергия, ирригация, кеменi жүздiру, балық шаруашылығы және т.б. үшiн қажет. Жыл сайын Бұқтырма және Шульба бөгендерiнен Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының территориясындағы Ертiс өзенiнiң жайылмасын (пойма) толтыру үшiн ирригациялық (жердi суландыратын) су жiберiледi. Жiберiлген судың мөлшерi – 2,5-5,0 км3. 1993 жылы 5,2 км3 су жiберiлiп, жайылмадағы 354,5 мың гектар шабындық пен көлдетiп суарылатын жер суға толтырылды.

Сырдария өзенi суының мол болуы нәтижесiнде Арал теңiзiне құйылатын су 1989 жылы 4,3 км3-тан 1994 жылы 7,4 км3-қа дейiн артты.

Сырдария өзенiндегi су ресурстарын пайдалану бойынша мемлекеттер арасында келiсiмнiң болғанына қарамастан 1993-1994 жылдары қыс мерзiмiнде Қырғыстан және Өзбекстан республикалары электр энергиясын өндiру мақсатында суды артық пайдаланады. Бұл Қызылорда облысының территориясындағы аталмыш өзеннiң төменгi сағасында жағымсыз салдарды тудырды. Оның үстiне, арнасай ойпатына қажетсiз жиналған судың мөлшерi 2,5 км3-тi құрады.

Каспий-Жайық бассейiнi су ресурстары мүлдем таусылған аймақты қамтиды, бұл аймақтағы судың тапшылығы шамамен алғанда 6 км3 мөлшерiнде болады. Теңiз, Қарашығанақ және басқа да мұнай-газ химиялық кен орындарын игере отырып, бұл аймақты қосымша көздерсiз, яғни Едiл-Жайық каналының құрылысынсыз одан ары дамыту мүмкiн емес.

Соңғы бес жыл iшiнде Жайық өзенiндегi судың мол болуы нәтижесiнде адамдар мен ауыл шаруашылығы үлкен зиян шектi (нормадан 150 % артық).

Соңғы жылдардың iшiнде Шу өзенiнен су жiберу (босату) есебiнен Оңтүстiк Қазақстан облысындағы Созақ ауданын сумен қамтамасыз ету бойынша шара жүзеге асырылды.

Балқаш көлi бассейiннiң суы өз нормасының шегiнде қалды және Iле өзенi бойынша 18,4 км3-ты құрады. Қапшағай бөгенiнен жiберiлген судың табиғи тасқынмен ұштасуы (14,0 км3) Балқаш көлiнiң деңгейiн 341,0 метр және одан да көп метрге дейiн сақтауға мүмкiндiк бередi.

Республикада тұтынылатын судың негiзгi үлесiн ауыл шаруашылық өндiрiсi құрап отыр: жалпы мөлшердiң 77-80%-ын құрайды. Суармалы жерге су ағызылатын бас тоған 1985 жылы жердiң ауданы 123,0 гектарға кемiдi, ал бiр гектарға шаққанда тұтынылатын судың үлесi 1985 жылы гектарына 10354 м3- тан 1993 жылы гектарына 9156 м3-қа дейiн ауытқыды.

Коммуналдық-тұрмыстық қажеттiлiктi өтейтiн бас тоғанның көлемi 1985 жылы 1,1 км3 -тен 1998 жылы 1,49 км3-ке дейiн өстi. Жан басына шығындалатын судың үлесi соңғы бес жылда 1989 жылы тәулiгiне 210 литрден 1998 жылы тәулiгiне 245 литрге дейiн өстi.

Өнеркәсiптiң қажетiн өтейтiн бас тоғанның көлемi 1998 жылы 6,4 км3-ты құрады, бұл көрсеткiш белгiленген лимиттен 0,87 км3-ке кем. Экономика жағдайының нашарлануынан, өндiрiстiң құлдырауынан, республикамыздағы бүкiл кәсiпорындар бойынша өнеркәсiп қажетiне тұтынылатын судың мөлшерi 1986 жылмиен салыстырғанда 1,2 км3-қа кемiген. Әсiресе, түрлi-түстi металлургия, химия және ауыр өнеркәсiптерi кәсiпорындарының суды тұтынуы кемiген. Сонымен бiрге, көптеген кәсiпорындар бойынша өнiм бiрлiгiне шығындалатын таза судың үлесi айналыммен қайталанып пайдаланылатын судың мөлшерiн кемiтудiң есебiнен жоғары болып тұр.

Соңғы жылдары айналыммен қайталанып пайдаланылатын судың мөлшерi күрт кемiп кеттi.

Республикамыздың территориясында су айнасының ауданы 2 шаршы шақырымнан да көп болатын шамамен 4 мың көл және су айнасының ауданы 100 шаршы шақырымнан асып түсетiн 17 көл бар. Көлдердегi судың жалпы мөлшерi – 190 млрд м3, оның 10%-ын суы тұщы көлдер құрайды. Тұщы көлдердiң суы негiзiнен сумен қамтамасыз етуде және мал суаруда пайдаланылады. Су қоры елеулi ауытқуға ұшыраған бұл ұсақ су қоймаларының көп бөлiгi жылдық құрғақ немесе ылғалды (жауын-шашынды) болуына қарай кемiп немесе артып отырады. Сол себептi де бұл көлдерге кепiлдiктi сумен қамтамасыз етудiң көзлерi ретiнде сенiмдiлiкпен қарауға болмайды.

Республикамыздағы Геология және қазба байлықтары қорғау министрлiгiнiң мәлiметi бойынша 1995 жылы жер асты суының болжам жасалған пайдаланылатын қоры жылына шамамен 41-42 млрд м3-ты құрайды, ал бекiтiлген, барланған жер асты суының қоры 17,3 млрд м3-қа тең.Алайда, пайдаланылып жүрген жер асты суының мөлшерi 2,6 млрд м3 аспайды.

Жер үстi суы сапасының өзгеру сипаттамасы

Сапа класы


Жер үстi суы сапасының сипаттамасы

СЛИ шамасы


1

Өте таза

СЛИ ≤ 0,3

2

Таза

0,3 < СЛИ ≤ 1

3

Аздап ластанған

1,0 < СЛИ ≤ 2,5

4

Ластанған

2,5 < СЛИ ≤ 4,0

5

Лас

4,0 < СЛИ ≤ 6,0

6

Өте лас

6,0 < СЛИ ≤ 10

7

Шыктен тыс лас

СЛИ > 10



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет