Қарастырылатын сұрақтар: Жібек жолы: Қазақстан – Шығыс пен Батысты байланыстырушы ретінде. Ортағасырдағы түркі мәдениеті. Философия мен ортағасырлық ғылым мен медицинаның дамуы. Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар: Қарахандар кезеңінің материалдық, қалалық мәдениеті. Моңғолдық кезең және ортағасырлық Қазақстандағы түркі халықтары мәдениетінің дамуына ықпалы. Түркілердің мәдени құндылықтары мен дүниетанымына суфизмнің әсері.
4 модуль. Қазақ мәдениетінің қалыптасу тарихы
Тақырып №5
Қазақ мәдениетінің қалыптасуы
Қарастырылатын сұрақтар: Қазақтардың эпикалық мәдениеті. Қазақ халқының мифтері мен аңыздары. Ақын-жыраулардың музыкалық шығармашылығы. Мәдени құндылықтар және батырлар этикасы. Қазақ сәндік-қолданбалы өнері. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің этикалық құндылықтары. Қазақ халқының дәстүрлері, рәсімдері, салттары Халықтық мерекелер. Наурыз. Халық әндері. Дәстүрлі билер. Ұлттық музей-қорық жобалары: Ботай, Сарайшык, Бекет Ата мәдени объектісі, Ақсу Жабағлы.
Тақырып №6
XVIII ғ. – ХIХ ғ. соңы аралығындағы қазақ мәдениеті
Қарастырылатын сұрақтар: Дәстүрлі дүниетаным дағдарысы. Қазақ Ағартушылығы феномені. Қазақ мәдениетіндегі «Зар заман» феномені. Қазақтың қоғамдық ойы және XIX-XX ғғ. аралығында қазақ әдебиетіндегі негізгі бағыттар. Қазақ зиялыларының өкілдерінің негізгі идеялары: Сакральды (қасиетті) қазақ мәдениеті. Қазақстан аума- ғындағы сакральды мәдениет ескерткіштері. «Мәдени мұра» бағдарламасы. Қазақ өнерінің негізгі құндылықтары. XVIII-ХIХ ғғ. қазақ философиясының негізгі жетістіктері.
5 модуль. XX –XXI ғасырдың басындағы қазақ мәдениеті
Тақырып №7
ХХ ғасырдағы қазақ мәдениеті
Қарастырылатын сұрақтар: Кеңестік кезеңдегі қазақ мәдениеті. Тоталитарлық-әкімшілік жүйе және ұлттық мәдениет. Елдің индустриалзациясы. Қазақстандық ғылымның, білім және мәдениет институттарының қалыптасуы мен дамуы.
Достарыңызбен бөлісу: |