Семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі Сабақ жоспары


Тақырып бойынша бақылау сұрақтары



бет15/26
Дата26.03.2023
өлшемі282.73 Kb.
#471129
түріСеминар
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
Оқу әдістемелік нұсқаулық (семинар)

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары

  1. Эмоция мен сезімнің жалпы сипаттамасы қандай?

  2. Күрделі эмоциялардың қандай түрлерін білесіз?

  3. Адам эмоциясының жануарлар эмоциясынан айырмашылығы қандай?

  4. Стресс, аффеккт дегеніміз не?

  5. Қарапайым эмоцияларға нелер жатады?



Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Енекеев М.И. Основы общей и юридической психологии, М., 1996., 161-185б.

  1. Годфруа Ж. Что такое психология М., «Мир», 1996ж., 1том -370с., -2том, - 490с.

  2. Жарықбаев.Қ Психология негіздері, Алматы 2005ж, 293-302б.

  3. Тәжібаев.Т Жалпы психология, Алматы, «Қазақ университеті», 1993ж., 212- 217б.

  4. Намазбаева.Ж.М. Психология ,Алматы 2005ж., 227-240б.

  5. Рувинский Л.И., С.И. Хохлов, Ерік пен мінез қалай тәрбиелеу керек, Алматы

  6. , «Мектеп» , 1989ж., 139-141б.

  7. Крысько В.Г. Психология и педагогика схемы и комментарий, М., 1989г., - 315с.


11 апта. Тақырыбы: Еріктік іс-әрекет
Жоспар:
1. Еріктік іс-әрекет
2. Іс-әрекетті еріктік реттеудің құрылымы.
3. Тұлғаның еріктік қасиеттері.
Өмірде біз адамның қалай жұмыс істейтінін, оқитынын, тынығатынын, сүйікті ісімен шұғылданатынын байқаймыз. Біз оның белгілеген мақсатқа жету жолында ұзақ уақыт талпынатынын, күш-жігер, ақыл-ойын жұмсайтынын, көптеген кедергілерден өтетінін, шаттық пен қанағат әкелмейтін, бірақ қажетті іс үшін кейбір жағымды жайттардан бас тартатынын көреміз. Мұның бәрінде де адам еркі көрініс береді.Алдыңа қойған мақсатқа жету үшін ішкі немесе сыртқы кедергілерді, адамда туатын күштің арқасында жеңіп өтудегі психологиялық процесс - ерік деп аталынып жүр.Адамның жеңіп өтетін сыртқы кедергілері деп - сол істің өзінің объективтік қиындықтарын оның күрделілігін, әр қилы бөгеттерді, басқа адамдардың қарсылықтарын, жұмыс жағдайындағы қиыншылықтарды т.б. есептейді.
Ішкі кедергілер - бұлар адам өзіне жұмыс істету қиынға соғатын, жалқаулық, шаршап-шалдыққандық, алдында тұрған міндетке ешқандай қатысы жоқ басқа бірдеңелермен шұғылдануға құштарлық ететін, белгіленген мәселелерді орындауға кедергі жасайтын субъективтік, жеке ниеттен туатын кедергілер. Ішкі кедергіге құштарлық, тілек сияқты жат әдеттер жатады. Адамдар олардан ерік күшінің арқасында құтылады.
Ал «ерік» терминімен жеке адамның қасиетін де, қиындықтарды жеңе отырып табандылықпен және мақсатқа жету үшін әрекет жасау қабілетін де белгілейді.
Адамды әрекетке итермелейтін негізгі мотив-оның түрлі қажеттері. Адам өз қажетіне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Ол мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс - амалдар қарастырады. Өйткені адам сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын тек танып, не оған өзінің қатынасын білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге, оны қажетіне орай өзгерткісі келеді. Бұл үшін ол қимыл-қозғалысқа, іс-әрекетке түсіп отырады. Адамда қимыл-қозғалыстар есепсіз көп. Бұларды үлкен екі топқа бөлуге болады. Оның бірін еріксіз қозғалыстар (яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар: көздің жұмылуы, жөтелу шашалу, түшкіру т.б.), екіншісін ерікті қозғалыстар деп атайды. Мәселен, жерге түсіп кеткен нәрсені көтеріп алу қозғалыстың соңғы түріне жатады. Кез келкен қозғалыс арқылы сыртқы ортаны өзгертуге, оған ықпал жасауға болмайды. Бұл үшін мақсатқа бағытталған қимыл-қозғалыстар жасау қажет. Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл-қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды. Сонымен ерік дегеніміз адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті.

Адамның еркі алдын ала қойылған мақсатқа сай орындалатын әрекет қылықтардан көрініп отырады. Бірақ жүру, көбейту кестесі көлеміндегі ауызша есеп, жақын, туыс адамдармен сөйлесу тағы сол сияқтылар ерікті қажет ететін әрекеттерге жатпайды. Еріктік әрекеттер максаттың және сол сиякты, оларды орындау барысында кездесетін кедергілердің, қиындықтардың болуымен сипатталады.


Еріктік әрекеттер қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайымы мақсат қою және орындау деген буыннан тұрады. Оларда бір буыннан соң екінші буын аралық буынсыз келіп отырады. Күрделі еріктік әрекетте мақсатты аңғару, жоспарлау және орындау деген үш буыннан тұрады.
Мақсатты аңғару. Адам мінез-құлқының стимулдары сан алуан. Мұндайлар: ашығу, шөліркеу сияқты физиологиялық қажеттіліктер, ауа жұту, дем алу, ұйықтау қажеттіліктері, басқалармен араласу, білімге, көңіл көтеруге құмарлық тәрізді қажеттіліктер бола алады. Қажеттіліктің арта түсуіне қарай құштарлық тілекке – айналады. Бір нәрсені тілеу дегеніміз - не мазалайтынын, қандай мұқтаждық бар және оны қалай қанағаттандыруға болатынын білдіру. Тілек дегеніміз - мұрат түрінде өмір сүретін қажеттілік мазмұны. Қажеттілікке сай мақсатты аңғарған адам бір шешімге келеді.
Жоспарлау. Күрделі ерік әрекетінде шешім қабылдаудан соң қойылған міндетке жету жолдарын жоспарлау басталады.
Орындау. Жол мен тәсілдер белгіленіп болысымен, адам қабылданған шешімдерді жүзеге асыруға кіріседі. Белгіленген мақсаттың жүзеге асуы кедергілерді игерумен ұштаса жүреді. Оларды зат, материалдық процестер, адам, уақыт, кеңістік туғызады. Сол сияқты, шаршау, ауру, білімнің, дағдының аздығы тәрізді кедергілер де болуы мүмкін.
Еріктік әрекет азды-көпті қиналу жағдайында өтеді. Осындай жағдайда ерік күші көрініс береді. Ол мақсатты орындауға немесе одан бас тартуға жұмсалған қуат көлемімен сипатталады. Мысалы, бір оқушы үшін математикадан үйге берілген тапсырманы орындауға үлкен күш жұмсамауы мүмкін, ал екінші оқушыға тапсырманы орындау үшін біраз еңбектеніп,
«терлеуге» тура келеді.
Ерік күшінің мықтылығы темперамент типіне де байланысты. Холерик, сангвиниктер үлкен шиеленісті жағдайда да төзе білсе, меланхоликтерде мұндай ерекшеліктер шамалы.
Ерік күші қиыншылықтардың, ауыртпалықтардың пайда болуы және артуына қарай туып, күшейіп, отырады. Бірақ кейде адамға әрекетті бастау қиын. Ол күдіктен арыла алмайды. Мұндай жағдайда белгілі бір сигналды қолданудың пайдасы тиеді. Мәселен, спортшы жарыс бәсекесін үшке дейін санап, қолын көтеріп, өзіне өзі бұйрық бергеннен кейін бастайды.
Ерік күшін реттеу іштей немесе дауыстап сөйлеп қостау көмегімен жүзеге асырылады. Адам өзіне өзі кеңес береді, бұйырып, мадақтайды, колдайды.
«Батылдау бол», «Жасқанба» деген сөздерді қолданады. Оларды адам өзіне өзі ете қиын минуттарда, жағдай әбден шиеленіскен кезде айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет