Үйсіндер ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін мекендеген. Олар – Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі. Үйсіндер Жетісу мен Тянь-Шаньда, Қытайдың солтүстік-батыс өлкесінде, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай тау бөктеріндегі далалы өңірде өз ізін қалдырған. Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тайпалар қатарына жатады. Үйсін атауы Қытай жазбаларында б.з.б. 2 ғасырдан бастап кездеседі.
Үйсін мәдениеті деп аталатын ескерткіштер негізінеен Жетісуда шоғырланған.
Археологиялық ескерткіштері Ақтас қорымы (Алматы), Қарғалы тау шатқалы (Қарғалы диадемасы).
Үйсіндер тау бөктеріндегі тұрақты үйлерінде тұрған. Қыста шикі кірпіштен және тақтатастан балшық лай құйып қаланған үйлерде тұрған.
Үйсіндер мал шаруашылығымен айналысқан, төрт түлік мал баққан, егіншілікпен шұғылданған. Қолөнер, зергерлік бұйымдар жасау, қыш ыдыстар жасау, кен өндіру кәсібімен шұғылданған.
Үйсіндер о дүниеде тіршілік жалғасады деп түсінген, жаратушы кңүшке сенген, сол жаратушы күшке арнап құрбандықтар шалып отырған. Үйсіндердің салт-дәстүрлері туралы ғылыми деректер жоқтың қасы. Үйсіндер түркі тілінде сөйледі деп кесіп-пішіп айту қиын. Түркі тілінің түп тегі қайдан және қай мың жылдардан басталатыны – ғылымда басы ашылмаған мәселе.
Қаңлылар.
Қаңлы тайпаларының негізгі атамекені Сырдария өзенінің орта ағысында орналасқан. Жазба деректерде қаңлылардың Арыс, Талас жағалауларында, Сырдарияның төменгі ағысында өмір сүргені айтылады.
Қаңлылардың материалдық мәдениеті шартты түрде Қауыншы, Ақтөбе, Жетіасар және Отырар-Қаратау мәдениеті деп аталады. . Бұл қоныстарды мекендегендер көлдетіп суару егіншілігімен және мал шаруашылығамен айналысқан. Ең ірі ескерткішінің бірі – Алтынасар қала жұрты.Қаңлы тайпалары мекендеген аудандардың бәрінде де қоныстарының қасында қорым болған. Бейіт құрылысы жер үстіне үйілген обалар, жерден қазылған қабірлер болып келеді. Қабірлерге ас құйылған ағаш, қыш ыдыстар қоятын болған. Ер адамдарды қару-жарақтарымен бірге көмген. Әйелдерді әсемдік бұйымдарымен бірге жерлеген.
Қаңлылар күнге, отқа, айға, жұлдыздарға табынған. Ата-баба аруағына сыйынған.Табиғаттан тыс құдіретті күштерге табынып, оларға арнап үй малдарын құрбандыққа шалып отырған. Б.з 1 мыңжылдықта киіммен жерлеу дәстүрі пайда болған.Тұрғын үйлері шикі кірпішпен қаланып, балшықпен сыланған. Үй кәсіптерінің ішінде ұсталық кәсіп, керамикалық ыдыстар, зергерлік бұйымдарын жасау және тастан, сүйектен бұйымдар жасау кеңінен дамыған. Қаңлы мекендерінен сәулетті сарай ғимараттарының, үй қабырғаларындағы әдемі ою- өрнектердің табылуы ежелгі қаңлдыларда мәдениеттің жоғары болғанын әйгілейді.
Қаңлылар жылқы, қой, ешкі, сиыр малдарын өсіріп, мал шаруашылығымен және егін шаруашылығымен айналысқан. Сонымен қатар аң аулау, балық аулау кәсібімен айналысқан.
Достарыңызбен бөлісу: |