важные, но не самые главные качества для диктора. Главное – в
совершенстве владеть своей профессией, быть высокообразованным
человеком, разбираться в вопросах политики, экономики, в музыке и
литературе, верно и честно служить своей профессии».
Ал қазіргі заманғы тікелей эфирде диктордың оқуын, журналист
мамандардың пікірінше, журналистің жүргізуі алмастырады. Бұл жөнінде
В.Л.Цвик: «Жүргізуші — журналистің тікелей эфирдегі табысы – кәсіби
шеберліктің, айрықша қабілеттің, тамаша тапқырлықтың жемісі» – дейді].
М.Барманқұловтың айтуынша, «эфирдегі даралық келе-келе дикторды
комментатордың ауыстыруына алып келді. Алайда комментатор диктордың
функциясын атқаратын болса, онда жаңалықты оқуды неге қайтадан диктор
қолына бермеске. Ол техникалық-шығармашылық жағынан комментаторға
қарағанда, оны әлдеқайда әсерлі әрі мазмұнды етіп жеткізер еді».
Шынында да, диктор қызметін кез келген журналист атқара алмайды,
керісінше, диктор болу шеберлігін кәсіби тұрғыда меңгерген адам
журналистика саласындағы басқа да бірнеше қызметті қатар атқара алады.
Достарыңызбен бөлісу: