Диктор сөзі іштей бірнеше бөліктерден тұрады:
1. Алдымен диктор көрерменмен амандасып, өзін таныстырады.
Мұны ұйымдастыру бөлігі деп атауға болады. Бұл бөлімде диктор өз
сөзін сөйлесудің диалогтік сипатына тән ерекшеліктерге негіздеп,
монологтік типте жеткізеді. Мұндайда диктор дауысы салтанатты
түрде шығады. Осыған орай, ұйымдастыру бөлігінің мәтінін лепті
сөйлемдер құрайды. Олар көтеріңкі дауыспен, ерекше интонациямен
айтылады.
Экран алдындағы әрбір диктордың көрермен қауыммен амандасуында, сөз
бастауында өзіндік ерекшелік байқалады:
Қымбат Досжан сөзді: «Кеш жарық, құрметті көрермен! «Хабар»
арнасының ақпараттар қызметі тікелей эфирде деп бастаса, Зейін
Əліпбек: « Ассалаумағалайкүм, қадірлі əлеумет! Тікелей эфирде «Жеті күн»
ақпараттық сараптама бағдарламасы. Біз бүгін мына жайттарға
тоқталмақпыз» деген жолдармен бағдарламаны жүргізуді бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |