Семинарлар 1-семинар: Білім беру мақсатын сипаттау


-семинар: Білім беру – құндылық. Білім беру мемлекеттік, қоғамдық және жеке тұлғалық құндылық



бет3/46
Дата01.04.2024
өлшемі0.85 Mb.
#497157
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Тұлғаның дамуына арналған білім беру .Семинар

2-семинар: Білім беру – құндылық. Білім беру мемлекеттік, қоғамдық және жеке тұлғалық құндылық.

Құндылық бағыттары – адамгершілік сананың өте тиянақты және терең көрінісі, ол тек жекелеген іс-қылықтары мен себеп-салдарында ғана емес, мінез-құлық пен іс-әрекеттің бүкіл барысында көрініп, сананың жалпы бағыттылығында жеке тұлғаның бастапқы өнегелілік ұстанымын іске асырады. Мақсат пен міндеттерге сәйкес барлық тәрбиелік ықпалдардан тұратын болғандықтан құндылық бағыттарды жеке тұлғаның тәрбиелілігінің интегралды көрсеткіші.


Психологтар “құндылық” ұғымымен қоғамға қатысты әлеуметтік-тарихи мағынасы мен іс-әрекеттің белгілі бір құбылыстарының жеке тұлғалық мәнісін сипаттайды. Олар құндылық деп, біріншіден, өнегелілік, жеке тұлғаның (адамдар тобының, коллективтің) және оның іс-әрекетінің нәтижесін; ал екіншіден, “құндылық” санаға қатысты адамгершілік пен арман-мұраттары, жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен бақыт ұғымдары сияқты түсініктерді айтады.
Адамның құндылық бағыттары мінез-құлқының ең маңызды қозғаушысы болып табылады, оның іс-әрекетінің себеп-салдарын анықтайды. Адамның құндылық бағыттары мен мотиві арасындағы байланысын адамның қажеттілігін қанағаттандыруға, оны “заттандыруға”, яғни қажетті объектіні табуға ұмтылысы арқылы түсіндіруге болады.
Құндылық дегеніміз, біріншіден, объектіге деген когнитивті қатынасқа, яғни көңіл-күйі басымырақ, субъектінің бойында құндылық сана мен жалпы әлеуметтік мәдени факторлар әсерінен қалыптасқан, мақсат-мүддеден, ұнатудан, нұсқаулардан, тұратын қатынас. Екіншіден, ол – сананың ішіндегі құндылық бағыттары, яғни логикалық-әдіснамалық параметрлер, олардың негізінде көзқарас, дәлелдің, білімді ұйымдастырудың формалары мен тәсілдері таңдалып алынады. Үшіншіден, санадағы құндылық – объективті шынайы заттық білім, ол дәл осы шынайылық, дұрыстық, ақпараттыңарқасында қоғам алдында маңыздылық пен құндылыққа ие болады.
Дүниетаным тек дүние туралы жалпы мағлұматтардың жиынтығы ғана емес. Ол, сонымен қатар, қоғамның саналы мақсат-мүдделері мен адамгершілік, әлеуметтік, гуманистік құндылықтар – өмірдегі мінез-құлықтың бағытын таңдауды, оның қоғам мен өз өзіне деген жауапкершілікті қатынасын анықтауы.
Жеке тұлғаның дүниетанымның қалыптасуы, педагогикалық процесс ретінде, объективті түрде әдіснамалық идеялардың реттелген жиынтығын оқушылар игілігіне айналдыруды талап етеді. Оқушылар материалистік диалектиканың мынадай заңдары мен категорияларын игерулері қажет: дүниенің материалдығы мен танымдылығы; қозғалыс – материяның өмір сүру формасы ретінде; материяның бірінші, сананың екінші болуы; қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі; себепті байланыс – болмыстың жалпы заңы; сандық өзгерістердің мөлшерден шығып кетуі мен олардың сапалық өзгерістерге айналуы; дамудың толассыздығы мен толасуы; себеп пен салдар диалектикасы; құбылыс – мәнділіктің көрінісі ретінде; мүмкіндік пен шындық; практика – таным негізі, ақиқат критериі.

Жаңа нарықтық қатынастардың өмірге келуіне байланысы оқушылардың танымдық әрекеттерін әлеуметтік маңызы бар өзекті мәселелерідің қатарына жатқызамыз. Себебі, қазіргі кезде қоғамда болып жатқан түбегейлі өзгерістер, жаңа әлеуметтік – экономикалық қатынастардың қалыптасуы біздің қоғамның әрбір мүшесі үшін маңызы зор құбылыс болып табылады.


Мектептің міндеті – оқушыларға құндылықтар жүйесін дарытудың процесі кезінде танымдық іскерлікт оқушының талабына сай қалыптастырып, олардың мектеп қабырғасында ғылыми танымның әдістемелері туралы мағлұмат алуларына жағдай жасап, осы бағытта оқұу-тәрбие процестерін ұйымдастыру.
Егер оқушылар жеке тұлғаның құндылық бағдарының мәнін маңыздылығын ұғынса, білсе, жеке тұлғаның құндылық бағдар процесінің ерекшеліктері мен заңдылықтарын, компоненттерінің маңыздылығын, жеке тұлғаның құндылық бағдарын меңгеруге қажетті іс-әрекеттердің маңыздылығын түсініп, соны меңгеруге қажетті білім негіздерін игерсе, онда танымдық іс-әрекеттің тиімділігінің артқаны. Бұл оқушыларға өздерінің болашағы туралы, болашақ мамандығы туралы, бастапқы мағлұматтар алып, өз мүмкіндігі пайдалана білуіне, білімнің пайдасы мен маңызын саналы түрде ұғынып, түсінуіне көмектеседі. Білімді меңгерудің басты көрсеткіштері оқушылардың алған білімдерін жалаң түрде қайталап айтыпберулерімен анықталмайды, сол алған мазмұнына орай өз пікірлерін ортаға салып, ойларын ашық білдіруді, жалпы өзінің көзқарасын анық батыл түрде білдіріп, өз бағасын беруі болып табылады.
Жеке тұлғаның құндылық бағдарының танымдық саласы тек құндылықтар туралы түсініктердің жиынтығымен ғана емес, сонымен брге белгілі бір объектіні немесе құбылысты құндылық ретінде ұғынумен де анықталады. Осы құндылықтар арқылы және солардың негізінде жеке тұлға өзін адамгершілік, өнегелі сапаларды таратушы санайды.
Құндылықтар теориясында жалпы адамзаттың моральдық интероризация процесінің мәнін жете ұғыну өте маңызды орын алады.
Көрнекті кеңес психолог- ғалымы а.Н.Леонтьев: «Мен өмірімде нені меңгердім, ал нені меңгере алмадым, соны ұғына алдым ба, жоқ па, егер ұғынсам, меңгерсем, қаншалықты, қандай дәрежеде ұғындым. Оның мен үшін, менің жеке тұлғам үшін маңыздылығы қандай …» деп, психология ғылымында «мән» және «маңыз» деген ұғымдардың түсініктемелерін зерттегн. Білімді меңгеру процесінде бағалау мен бағаның алатын орны ерекше. Себебі баға объективті қасиеттерді танып білулердің негізінде беріледі және бағалау өз алдына таным болып табылады. Мектеп іс-тәжірибесінде білімді формальды түрде, яғни ненмқұрайлы меңгеру жиі кездеседі. Оқушы ғылыми фактіні біле тұра, оны саналы түрде түсініп, ұғынбайды, ғылым оқушы үшін бұл жағдайда жеке тұлғалық мәнге ие болмайды, жай құбылыс ретінде қалып қояды. Білім мен оны саналы түрде сезінудің арасындағы мұндай алшақтық білімнің маңыздылығын, яғнт құнын түсіреді, білімнің маңыздылығы оның абстрактілі күйде болуының салдарынын пайда болады. Оқушы білімді жай, уақытша қажеттілік деп санаса, онда білімнің маңыздылығы төмендейді. Ал егер де оқу әрекетін басқа іс-әрекеттермен (Шығармашылық, болжапмдық, танымдық қырым-қатынас, бағалау) байланыстырса, онда «білсем», «маған керек», «маған қажет» сияқты мотивтерге ұласатыны сөзсіз
Оқушылардың құндылық бағдарының қалыптасуының жоғарғы деңгейден көрінуі олардың құндылық бағдарды қалыптастыруға, құндылық бағдарды анықтайтын білімдерді саналы түрде меңгеріп, ұғынуына байланысты. Сайып келгенде, мұндағы ең басты нәрсе білім болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет