15-семинар: Оқу және білімдік жетістіктер - жеке тұлғаның дамуының факторы
Білімді бақылап тексерудің түрлері мен әдістері
ЖОСПАР
Оқушылардың білім деңгейін бағалау жолдары
Ағымдық, аралық іс-әрекетті бақылау
Оқушылардың білімін тексеріп бағалау - педагогикалық үрдіске қатысты мәселені жинақтап қорыту болып табылады. Өйткені оқыту нәтижесінде оқушының меңгерген білім, білік дағдысы қандайлық дәрежеде екендігін айқындап, олардың алған білімін тәжірибеде қолдана білу міндеттерін шешуге бағыттай алу үрдісін бақылап бағдарлаудағы негізгі сала екені белгілі.
Бағалау - оқушының меңгерген білім сапасы мен даму деңгейінің көрсеткіші. Әрине, оқушының дамуындағы сапалық деңгей өлшеуішке салып дәлді ажыратуға келмейтін күрделі мәселе екені рас, солай болғанымен де оны есепке алып, тексеріп бағалау оқыту саласындағы басты істердің бірі болып саналады.
Дидактикадағы ежелден бері белгілі дәстүрлі бақылап, бағалаудың бірнеше түрі бар. Орта оқу орындарында ағымдағы бақылау, кезендік және қорытынды бақылау деп жіктеледі. Ағымдағы бақылау нақты сабақ барысында өткен тақырып бойынша меңгерген нәтиже тексеріліп бағаланады. Кезеңдік бақылауда оқылатын пәннің арнаулы тараулары бойынша, немесе тоқсандық, жарты жылдық көлемдегі білім, білік дағдыларын меңгеруі бағаланады. Қорытынды бақылау оқушыны сыныптан сыныпқа көшіру қарсанында өткізіледі және мұндағы басты мақсат - оқушының алған білімін жинақтап, меңгергенін, алған білімін келешекте ілгері жалғастыру бағдары өзектілігі көзделеді.
Білімді бағалау әдісі - бақылау арқылы және ауызша, жазбаша тексеріледі, сондай-ақ сауалдамалық тест, тәжірибе жолымен жүргізіледі.
Бақылау әдісінің міндеті оқушының күнделікті жұмыс үрдісінің нәтижесін байқап, даму жүйесін кадағалап, білім деңгейінің дәрежесін айқындау болып саналады. Бақылаудың көрсеткіші ресми құжаттарға түсіріліп, мұғалім жинақтап жалпы баға қоюда есепке алынады.
Бағалауды ауызша өткізу оқушының сабақ барысында, емтиханда, сынақта мұғалім тарапына қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы жүзеге асырылады. Сабақтың барысында жүргізілетін сұрақ және оқушыға, топқа, тұтас сыныпқа қою арқылы өткізіледі. Тәжірибелі мұғалімдер сұраудың жолдарын түрлендіріп үлестірмелі карточка, ойын, техникалық құралдарды қолдану арқылы да ұйымдастырады.
Жазба түрде бақылау бүгінде сипатын кеңейтіп, оқушының білімін байқаудан мәнін зорайтып және онын тиімділігін арттыра түсуде. Қазіргі дидактикада техникалық құралдардын мүмкіндігі артқан сайын оның қолданыс аясы да өрістей түсті де, автоматтық бақылау, перфокарта, баспа материалдарын пайдалану, басқа да сұрақтарға жауап беру, сұрақты өзінше талдап жазу т.б. жолдары өрістеуде.
Бағалау оқушының білім деңгейін айқындаумен қатар тәрбиелік мәні зор болғандықтан қай кезде де оған жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Дәстүрлік бағалаудағы бес баллдық жүйемен қатар пәннің белгілі тараулары мен тақырыптары немесе тұтас курс бойынша сынақ (зачет) тапсыру, яғни шәкірттің тиісті мәселені меңгеруі тұрғысындағы еңбегіне бақылау тұжырымдама жасалатын. Ал оның қорытынды көрсеткіші емтихан арқылы - бес баллдық мәндегі өте жақсы, жақсы, орташа, нашар, өте нашар деген атаулармен жинақталатын.
Соңғы он жылдықтар кезінде әсіресе, жоғары дәрежелі мектептер мен арнаулы орта оқу орындарында рейтинг жүйесі өрістеді. Рейтинг - ағылшын тіліндегі — «жетістік өлшемі» «баға» деген мәнде болса, оқу үрдісінде шәкірттің таным сапасын, нәтижесін бақылап, тексеріп қол жеткен табысын ілгері жетілдірудің жол-жосығын нұсқап, олардың жауапкершілікпен белсенді түрде еңбектенуіне бағдар берілетін әдіске айналды.
Рейтинг жүйесіндегі модульдік құрылым оқу материалын логикалық тұрғыдан бөлшектерге топтастырып немесе пәндік тараулар негізінде блоктарға біріктіреді. Модульдің саны оқу пәнінің мазмұнына қарай және оның көлемдік мөлшеріне лайық белгіленеді. Сондай-ақ модульдік құрылым оқу материалының белгіді бір кесегі, бөлшегі порциясы болса, оқушы мұнда көрсетілген тапсырысты міндетті түрде орындап, жүзеге асыруға тиіс. Ал оны бақылау, тексеріп бағалау:
а)күнделікті немесе ағымдық іс-әрекетті бақылау тұрғысында;
ә) аралық (рубеждік) бақылау түрінде;
б)қорытынды мәнде аттестациядан өтеді.
Бұл жүйені тарамдай айтсақ мәні мынау:
Күнделікті немесе ағымдағы іс-әрекетті бағалау белгіленген модуль бойынша атқарылған жұмыстын барысы мен бағдары қарастырылып, тиісті тапсырыстың нақты орындалуы жөнінде ұйымдастырылған жоба, жоспардың жүзеге асуына мән беріледі.
Аралық бақылау әрбір модуль аяқталған кездегі коллоквиум, реферат қорғау, өзіндік жұмыстардың нәтижесін байқау тұрғысында жүргізіледі немесе тестілік сауалдама өткізіледі.
Қорытындылық бақылауда - ағымдағы, аралық бақылаудың жесін жинақтай отырып сынақ, емтихан өткізіледі немесе тестілік сауалдама арқылы шәкірттің білім, білік, дағдысы жинақталып бағаланады.
Тестілік сауалдамаға Қазақстан Республикасында ерекше беріліп, мемлекеттік тұрғыдағы бақылау бағалау денгейіне дейін көтеріліп, 2004 жылы орта оқуын бітірушілерге ұлттық біріңғай тестілеу (ҰБТ) өткізілді. Білімнің сапасын сараптауға арналған ҰБТ-ге - 179 223 оқушы қатысты.
Педагогика ғылымындағы тест терминінің кеңірек қанат жаюы соңғы жылдарда болғанымен де бұл термин психология саласында XIX ғасырдың орта кезінен бастап орныққан атау.
Тест сөзінің төркіні ағылшын тіліндегі бақылау, сынау деген мәнді білдірсе, бүгінгі ұғымдық мағынасы - іекерлікті, дағдыны, қабілетті, ынтаны анықтайтын көрсеткіш деген түсінікке де айналып отыр. Сонымен қатар оқыту үрдісіндегі білім, білік, тәрбие, дамуындағы деңгейді сипаттайтын көрсеткішке де саналуда. Әдетте, тест - ойлау мен әрекеттену уақыт шапшаңдығын және күш-жігердің шамасы мен қарқынын байқауда қолданылады.
Тестті орындалуға тиісті тапсырма нысанасына қарай бірнеше нұсқа ұсынылады. Оқушы ойда көрсетілген дұрыс жауапты айқындайды немесе нұсқалған сауалдаманы шешеді. Келтірілген нұсқада дұрыс, қате, ауытқу түріндегі жауап келтіріледі. Сол тұжырымдамаларды ажыратуы керек. Тестіні орындаушыға баға қойылмайды, нәтиже алдын ала белгіленген ұпай бойынша жинақталады. Тестінің жасалуы да, қолданылуы да, шешілуге тиісті қойылған мақсатқа лайықты етіп құрастырылады.
Сонымен тест білімнің нәтижесін, дәреже деңгейін есепке алып, статистикалық мәліметтер арқылы жинақтаудың тиімді жолы деп саналуда.
Орта оқу орындары мен жоғары мектептерде білім беру мәселесінде сабақтастық болуы керек екендігі ескерілуге тиіс. Бірақ бұл саладағы ағаттық мынада болып отыр - орта оқу орындарындағы мұғалімдердің абырой-даңқын көтеру мен білім, білік деңгейі оның неше шәкіртті жоғары оқу орындарына түсе алғандығымен өлшенетін көрсеткішке айналып, олар келсін-келмесін сабақ жүргізудегі әдістер мен тәсілдерін жоғары оқу орындарына икемдеуге бейімдеп алған. Мұнда әкетіп бара жатқан ауытқу жоқ деп қарағанымызбен де, негізгі мақсаттан ауытқудың зияны да аз емес. Атап айтқанда, жалпы білім беретін орта оқу орындарындағы мақсат - шәкіртті оқи білуге, тиісті деректі талдап, талқылап, өзінше ізденіп пайымдау жасай алуға, ойын дәлелді айтып, сауатты жаза білуге қалыптастыпу болса, жоғары оқу орындарының басты міндеті - тиісті саладан маман дайындап, өндірістер мен қоғамдық ғылымдарды дамытуға бағытталған кәсіби маман даярлау екендігін терең ажыратып, нақты түйіндеу жасау екені басты бағдарда ұстануға тиіс. Мұны дәлді ажыратпай ұрандатқан көрсеткішті малдану оқыту мен білімдендіру саласында педагогикалық қағидаларды орындауға бөгет жасаған басқа пайданы шамалы, танымдық түсінік екенін берік тұтыну әрбір ұстаздың парызы.
Мысалы, информатика пәнінің когнитивті сабақтарында оқушылардың білімін бағалау тәсілдері.
Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті болуы шарт. Ол сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды яғни, этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеру қажет. Ғаламдасуға байланысты «интернет» жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары, жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болуы қажет. Осыған қарап ХХІ ғасырда мұғалімге қойылатын талаптар зор екенін көреміз. Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан, жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту үдерісінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады. Осындай технологияландыру мұғалімнің шығармашылығымен іске асырылады. Мұғалімнің шығарма-шылығымен, ізденпаздығымен білім беру барысында қалыптасқан жаңа сабақ түрлері төмендегі түрде ұйымдастырылып өткізіледі:
1. Оқушыға жеке дара білім беруде оны өз бетінше жұмыс жүргізуге баулиды.
2. Ізденіс іс-әрекетіне баулу жолдары арқылы оқу жұмыстарын ұйымдастыру формаларын өңдеу және оқу барысы мен сабақ беру кезінде жаңа әрекеттерді ұйымдастырады.
3. Қажетті ұстанымдарды ізденіс іс-әрекеті теориясында пайдалану тәртібі оқушылармен сабақ өту барысында жобаланып, сабақ кезінде өңделіп қоданылады.
4.Оқушылардың ізденіс іс-әрекетін қалыптастыру әдісінің ең маңыздысы жеке тұлғаның оқу барысы кезінде қалыптасқан дағдыларды меңгерту және пәннің мазмұнын ғана емес, ғылыми өзектілігін, сонымен бірге оқу міндеті жүйесінде қалыптасқан оқу,білім алу іс-әрекеттерінің орындалу мақсатына талап қоя білу қажет.
Осындай шығармашылықпен ұйымдастырылған сабақтарды информатика сабағын өту барысында қарастырып өтуге болады. Информатика сабағында когнетивті сабақ түрлерін мұғалімнің шығармашылығымен ұйымдастырып өткізудің әдіс-тәсілдерін төмендегідей қарасырып өтемін. Когнитивті сабақ дәстүрлі емес сабақтың түрлеріне жатады. Когнетивті сабақ – қазіргі кездегі когнитивті схемалармен жаңа ақпараттық тәсілдерге бағытталып ұйымдастырылған сабақ. Когнитивті үлгідегі сабақтың түрлері: тәжірибе сабақ; бақылау сабақ; объектіні зерттеу сабағы; ізденіс сабағы; зертханалық-практикалық сабақ; проблема қою және оны шешу сабағы; түсініктерді құрастыру сабағы (ережені, заңдылықтарды, болжамды); теорияны құрастыру сабағы; интегративті сабақ; пәнаралық сабақ; Информатика пәні бойынша сабақ түрінің сабақ жоспарын ұсынып отырмын:
Достарыңызбен бөлісу: |