Семинарлар 1-семинар: Білім беру мақсатын сипаттау



бет30/46
Дата01.04.2024
өлшемі0.85 Mb.
#497157
түріСеминар
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   46
Тұлғаның дамуына арналған білім беру .Семинар

Ойындық оқыту технологиясы белсенді оқыту технологияларының бірі. Ойындық оқыту әдісі имитациялық және имитациялық емес болып бөлінеді.
Имитациялық емес әдіске проблемалық лекция, дөңгелек үстел, лекция – конференция, алдын – ала жасалған конспект бойынша лекция, шолу лекциясы, коллоквиум, бағдарламалап оқыту, семинар, тақырыптық дискуссияға арналған көшпелі сабақ, топтық консультация, олимпиада жатады. Имитациялық әдіс ойындық және ойындық емес болып екіге бөлінеді.
Ойындық имитациялық әдіске тиімді шешім таңдаудың көп нұсқалылығы, «миға шабуыл», іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, жеке технологиялық үдерісті ойын арқылы жобалау, ал ойындық емес имитациялық әдіске ситуациялық шешімдер, жекелеген міндеттерді шешу, сабақтың қорытындысын шығару және оқытушының бағалауы, ұсынылған нұсқаларды талқылау, семинар өткізу, жеке тренажер жатады.
Оқытудың белсенді имитациялық әдістерінің ішінде ойын әдісі кең тараған. Іскерік ойындар әдісі 1930 – шы жылдардың басында Мәскеу, Ленинград, Харьков т.б. қалалардағы жоғары оқу орындарында пайдаланылды.
Іскерлік ойынның негізі – басқару нысаны және басқару жүйесінен тұратын модель. Педагогикалық мақсатта қолданылатын іскерлік ойындар педагогикалық құрал ретінде қолданылады. Ойынның педагогикалық мақсаты маманның кәсіби біліктілігін қалыптастыру бағытындағы білім беру және жұмысқа, қоғамға және өзіне деген қарым – қатынас жүйесін қалыптастыру бағытындағы тәрбиелік болып келеді.
Ойынның міндеттері маман дайындау мазмұнын және мамандықтың сипаттамасын ескере отырып, ойын барысында маманнан талап етілетін кәсіби құзыреттілік белгілері байқалатындай тұрғыда анықталады. Оларды орындау модельде көрсетілгендей маман ретіндегі білік, дағды және тұлғалық сапалар қалыптастырады. Іскерлік ойын өткізілгеннен кейін оны міндетті түрде талдау қажет, себебі талдау кезінде оның барысында кездескен қиыншылықтар, қатысушылардың пікірлері, қорытындылардың пайдасы мол. Іскерлік ойындар шешім қабылдау техникасына үйретеді, теориялық білімді практикада қолдана білуге машықтандырады.
Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы студенттерімен өткізілетін іскерлік ойындар көбіне бастауыш сыныптағы пәндерден сабақ беру әдістемесіне арналады. Студенттер өздері дайындаған тақырып бойынша кезектесіп минисабақ өткізіп, қалғандары оқушының рөлінде отырады. Сабақтарда (іскерлік ойын кезінде) бастауыш оқытуда қолданылатын оқыту әдістері, технологиялар, сабақтың түрлері, білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттардың орындалысы т.б. мәселелердің көрініс беруі қадағаланады, студенттерде кәсіби-дидактикалық құзыреттіліктің қалыптасуына ықпалы тиетіндей етіп ұйымдастыруға назар аударылады.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің қалыптасуының бір көрінісі-оның сабақтарда оқытудың технологияларын қолдана білуі. Сондықтан оны меңгерту «Бастауыш сыныпта оқытудың қазіргі технологияларын қолдану» арнайы оқу курсы арқылы, 2006 жылғы мемлекеттік стандарт қабылданғаннан кейін 7 семестрдегі «Қазіргі педагогикалық технология» пәні негізінде жүргізілді.
шағын жинақталған мектептерде информатика сабағында
интерактивті тақтаны қолдануды мысалға алайық. Интерактивті тақта білім беру мәселесін шешуде тиімді құрал болып саналады. Тақта арқылы материалдарды көрсете отырып, сыныптағы оқушылардың зейінін аударуға, ақпаратты тиімді жеткізуге болады. Сонымен бірге сабақ барысында тақтаға арналған арнайы бағдарлама арқылы қолдан жазылған жазбаны терілген жазба мәтініне айналдыруға, экран пернетақтасының көмегімен жазбаны қосуға, мәтіндер және объектілермен жұмыс жасауға, алдын ала жасалған файлдарға сілтеме қосуға, суреттерді немесе графиктерді, мәтіндерді жасырып, қажет уақытта көрсетуге, анимациялық роликтер жасауға, өтілетін сабақ файлдарын сақтап, ашуға, өзгертулер енгізуге мүмкіндік береді. Интерактивті тақта сабақтан тыс уақытты жоспарлауға, сондай-ақ сабаққа дайындалуға, оқушылардың зейінін аударуға және ынталандыруға, ақпараттарды көрсетуге, уақытты тиімді пайдалануға өте қолайлы. Ең алдымен мұғалім арнайы бағдарламамен қамтамасыз етілген интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін толық меңгеруі тиіс. Сонда ғана сабақ барысын тиімді, қызықты өткізуге мүмкіндік болады. Көрнекілік материалдар оқушыларға алған білімдерін ұғынуға және қорытуға көмектеседі, сабақ барысындағы тапсырмаларға белсенді түрде қатысады.
Интерактивті бағдарламаның мүмкіндіктерін сабақта қолдану мұғалімнің уақытын үнемдеп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра түседі. Интерактивті тақтамен жұмыс жасаудың маңызды бөлімі сабақ беруді жоспарлаудан тұрады. Төменде интерактивті тақтаны информатика сабағында қолданғандағы сабақтан тыс сабақтың жоспары келтірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет