Семинарлар 1-семинар. Зерттеуші және психология мен педагогикадағы зерттеу әрекеті


З.А. Малькова мен Б.Л. Вульфсонның «Салыстырмалы педагогика» ғылыми мектебі



бет20/103
Дата30.11.2023
өлшемі0.81 Mb.
#485019
түріСеминар
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   103
СЕМИНАРЛАР-1

З.А. Малькова мен Б.Л. Вульфсонның «Салыстырмалы педагогика» ғылыми мектебі.
Ғылыми мектепке Ресей Білім академиясының академиктері Зоя Алексеевна Малькова мен Борис Львович Вульфсон жетекшілік етті. Ғылыми мектептің елу жылдан астам уақытта елде қоғамдық дүниетанымдық хал-ахуал, идеологиялық қағидалар, мен ғылыми ойлар терең өзгерістерге ұшырады. 1980-жылдардың ортасына дейін салыстырмалы педагогикалық зерттеулердің нәтижелері бір-біріне идеологиялық қарсы қоғамдық-саяси жүйеге әсері күшті болды. 1980-жылдардың аяғынан бастап педагогикалық білімнің жаңа саласы – педагогикалық компаративистика дамыды. Осы салада салыстырмалы педагогиканың әдіснамалық негіздері, шетелдік және отандық әдебиеттерді зерделеу әдістері, оларды жіктеу мен рангілеудің ұстанымдары, зерттеуші құбылыстар мен нысандар туралы мәліметтердің шынайылығын дәрежесін анықтау тәсілдері құрастырылды.
1980-жылдардың соңынан осы уақытқа дейін салыстырмалы-педагогикалық зерттеулерде негізінен Европа елдері мен АҚШ-тың және Кеңес Одағының білім беру жүйелерінің қалыптасуы тәжірибесі мен дамуының жағымды және жағымсыз қырларына объективті сыни талдау жасалуда.
Компаративистика негізінен салыстырмалы түрде жаһандық деңгейде және түрлі геосаяси аймақтардағы білім берудің дамуының жағдайы, бағыттары мен заңдылықтарын талдайды, жалпыға ортақ үрдістер мен оқыту-тәрбие практикасындағы ұлттық ерекшеліктерді ашып көрсетеді: салыстырмалы педагогика мәселелері педагогика тарихтың зерттеу пәндерінде де орын алады, салыстырмалы педагогика замануи құбылыстар мен үдерістерді қарастырады.
Ғылыми мектептің теориялық және әдіснамалық негіздері.
1. Салыстырмалы педагогика – саясаттану, әлеуметтану, демография, экономика, психология, тарих және т.б. ғылымдардың қағидаларын қолданатын ғылыми білімнің пәнаралық саласы.
Салыстырмалы-педагогикалық зерттеу нәтижелерін де басқа ғалымдардың мамандары да өздерінің мәселелерін тереңірек зерттеуде пайдаланатын ғылыми білімнің пәнаралық саласы.
2. Салыстырмалы педагогиканың басты теориялық-әдіснамалық мәселесі-жаһандық пен ұлттықтың арақатынасы. Білім беру жүйесінің ұлттық өзіндік ерекшелігі-мемлекеттік тәуелсіздігі мен кез келген елдің мәдени өз құрылымы.
3. Мәселелерді зерделеудің кешендік сипаты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет