Семинарлар 1-семинар. Зерттеуші және психология мен педагогикадағы зерттеу әрекеті


-кесте. Оқығандықтың өлшемдері мен көрсеткіштері (тарих пәні бойынша)



бет64/103
Дата30.11.2023
өлшемі0.81 Mb.
#485019
түріСеминар
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   103
СЕМИНАРЛАР-1

16-кесте. Оқығандықтың өлшемдері мен көрсеткіштері (тарих пәні бойынша)



Компоненттері

Өлшемдері

Көрсеткіштері



Танысу

оқушылардың негізгі фактілерді, түсініктерді, ұғымдарды меңгеруге дайындығы

  • тарихи түсініктерді, заңдылықтарды, тәсілдерді меңгеруге белсенділігі;

  • тарихи фактілерді игеру барысындағы ынтасы;

  • тарихи құбылыстарды ұғынудағы операцияларды орындауы

Түсіну

оқушылардың тарихи материалға түсініктеме беруі, тарихи даму үдерісінің себептерін түсіндіре алуы

  • тарихи білімнің көлемі;

  • тарихи құбылыстардың заңдылықтарын түсіндіріп дәлелдеп беру қабілеті;

  • тарихи материалды игеру барысында негізгі оқу әрекеттерін орындауы

Қолдану

оқушылардың алған білімдерін жаңа фактілерді талдау кезінде пайдалануы

  • бұрын игерген білімін таныс жағдайларда пайдалана білуі;

  • тарихи материалдарды талдау бағытын өзгерте білуі;

  • міндетті шешудің бір тәсілінен басқасына ауысып, тарихи білімін пайдалануы;

  • ақыл-ой әрекеттерінің түрлерін қолдана білуі

Тасымалдау

оқушылардың негізгі фактілерді, түсініктерді, ұғымдарды еске түсіріп, жаңа жағдаятта жүзеге асыруы

  • ешкімнің көмегінсіз тапсырма шарттары мен мақсатын, оны шешу тәсілдерін білуі;

  • іс-әрекетті дербес орындауы;

  • тарихи құбылыстарды түсіндірудің дұрыстығын тексеру және фактілерді салыстыру әдістерін білуі

Оқығандық деңгейінің модельдерін құру кезінде жалпы меңгерілген білім көлемі мен қалыптасқан білік деңгейі ескерілуі және пән мұғалімінің педагогикалық диагностика жүргізуін оңтайландыру көзделуі тиіс. Сондықтан тарих пәні бойынша оқушылардың оқығандығын стандартта белгіленген тарихи білім мазмұнының негізгі элементтерін меңгеру деңгейін тексеруге болатын үш деңгейге бөліп қарастырамыз. Олар: фактологиялық деңгей, операциялық деңгей және аналитикалық деңгей (кесте 17).


Бірінші фактологиялық деңгей оқушылардың базалық тарихи материалды меңгеруі: тарихи уақытты, тарихи фактілерді (өткен жері, жағдаят, оқиғаның қатысушылары); түсініктер мен терминдерді; оқиғалар мен құбылыстарға тән белгілерді; оқиғаның себебі мен салдары туралы пікірлер; бірегей фактілер мен жалпы құбылыстар арасындағы байланысты түсінуімен сипатталады. Бұл деңгейдегі оқушылар қызметі дербес емес, берілген үлгі бойынша көшіріп алу іс-әрекеттерін көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет