Семинарлар 1-семинар. Зерттеуші және психология мен педагогикадағы зерттеу әрекеті



бет77/103
Дата30.11.2023
өлшемі0.81 Mb.
#485019
түріСеминар
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   103
СЕМИНАРЛАР-1

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Инновациялық білім беру мәселелерін зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі туралы

әдебиеттерге шолу жасаңыз.

  1. Қазақстандағы университеттердің инновациялық әрекетінің сипатына қарай 4 топқа

бөліну өлшемдерін негіздеңіз.

  1. Қазақстанда инновациялық білім беру және инновациялық инфрақұрылымның даму

үрдістерін негіздеңіз.


11-семинар. Дипломдық жұмыс бойынша алынатын нәтижелерді анықтау жолдары.
Дидактикалық зерттеудің мазмұнын ашатын өзекті ұғымдар "зерттеу нәтижесі", "зерттеу сапасы", "зерттеу сапасын бағалау критерийі" болып табылады. Зерттеу нәтижесі білім беру саласындағы жаңа білім немесе ақпараттық тасымалдаушыда жазылып қойылған ғылыми және (немесе) ғылыми-әдістемелік қызметтің өнімі ретінде сипатталады. В.М. Полонский педагогикалық зерттеудің тақырыбы мен нәтижелерін сипаттайтын негізгі компоненттерді төмендегіше жіктейді:

  • нысандық компонент жұмыстың нәтижесінде алынған зерттеудің пәндік-категориялық өнімін сипаттайды. Бұл - тұжырымдама, әдіс, жіктеу, кепілдеме, алгоритм және т.б. Ғылымның саласы мен бағытына тәуелділікке байланысты нысандық компонент жалпығылымилық, жалпыдидактикалық немесе нақты-дидактикалық деңгейде әртүрлі білім түрінде болуы мүмкін;

  • өзгермелі компонент нысандық бөлімде не жасалғанын көрсетеді: нақтылау, анықтау, жасау және т.б.;

  • нәтиженің айқындау компоненті дидактикалық зерттеу нәтижесінің нақты бөліміндегі түрлендірудің әртүрлі шарттарын нақтылайды.

Зерттеу нәтижесі ретінде «алгоритм»; «ықтималдық»; «болжам»; «доктрина»; «заң»; «заңдылық» ұғымдары ұсынылады. Тіпті «идея»; «жіктеу»; «тұжырымдама»; «әдіс»; «модель» де қорытынды (нәтиже) болуы мүмкін. Бұдан басқа - «көрсеткіш»; «түзету»; «постулат»; «жіберу»; «ереже»; «қабылдау»; «ұстаным», сонымен қатар «жоба»; «рәсім»; «үдеріс»; «ұсыныс»; «қасиет»; «жүйе»; «құрал»; «тенденция» оған қоса «теория»; «термин»; «талқылау»; «факт»; «сипаттама» және т.б. жатады.
Центральным является Ғылыми өнімнің тұтыну құнының мәні ретіндегі «дидактикалық зерттеудің сапасы» негізгі (орталық) болып табылады, ол әртүрлі категориядағы тұтынушылардың көзқарасы бойынша қоғамдық пайдалы сапаларын анықтаушы маңызды көрсеткіш ретінде сипатталады. Педагогикалық зерттеулердің сапасы біліктілігі мен жұмыс жағдайын ескере отырып, барлық қызығушылық танытатындар үшін жаңалық, көкейкестілік, теориялық және практикалық мәнділік болып табылады. Тұтастай алғанда, зерттеу қорытындылары (нәтижелер) - жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес алынған жаңа идеялар, теориялық және практикалық қорытындылардың жиынтығы. Териялық нәтижелер оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, амалдар мен тәсілдерін, идеяларын, болжамдарын, заңдылықтарын, тенденцияларын, жіктеулерін, ұстанымдарын қамтиды. Қорытындыға, сонымен қатар, практикалық ұсыныстар да жатады (жаңа әдістеме, ереже, алгоритмдер, ұсыныстар, нормативтік құжаттар, бағдарламалар, бағдарламаға түсінік хаттар).
Зерттеу нәтижелерін демонстрациялаудың көбіне ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп, дидактика бойынша ғылыми мақалалар, дидактикалық тақырыпқа баяндама, әдістемелік ұсыныстар, монография жән т.б. түрлері қолданылады.
Дидактикалық жұмыстың нәтижелілігінің басты критерийлері ретінде оның көкейкестілігі, теориялық және қолданбалы тұрғыдағы мәні, жаңалығы, ғылыми еңбектің нәтижесінің қолдануға және енгізуге жарамдылығы алынады.
Зерттеудің сапасын бағалау аясында, бәрінен бұрын, оның ғылыми аппаратының жағдайы қаралады. Зерттеушілердің көбіне жіберетін қателіктері зерттеу проблемасын дәл қоя алмау, түсінік-терминологиялық аппаратының сүреңсіздігі, белгілі зерттеу әдістемесін таңдаудағы стандарттылық, міндетті, болжамды анықтаудағы, қорытындыларды рәсімдеудегі қисынсыздық жиі байқалады.
Сын пікір берушілер мен оппоненттер міндетті түрде зерттеудің көкейкестілігінің критерийін пайдаланады. Көкейкесті зерттеулер білім беру жүйесінің даму деңгейімен, елдің экономикасымен, оның ғылыми әлеуетімен, қазіргі тарихи кезеңде алға қойған және шешілуі тиіс міндеттерімен тығыз байланысты. Іргелі зерттеулердің көкейкестілігін бағалау критерийлері тақырыптың теориялық мәні, проблеманың ғылымдағы қаншалықты зерттелгендігі, күтілетін нәтижелердің осы саладағы қазіргі теориялық жағдайға ықпалы болып табылады.
Қолданбалы зерттеулердің көкейкестілік критерийлері тақырыпты таңдауға қойылатын практикалық талаптар, проблеманың практикада шешілу дәрежесі, енгзіудің әлеуметтік және экономикалық алдын-ала болжанған тиімділігі болып табылады.
Көкейкестілік диссертацияға сәйкес екі аспектіде қарастырылады: зерттеу тақырыбын зерттеу тақырыбын тұжырымдауда және жұмыс барысында алынған нәтижелердің қатынасында. Соңғы жылдары ол оның жаңашылдығымен, кешенділігімен және практикалық мәнділігімен тығыз байланыста қарастырылады.
Сонымен бірге республикада, жақын және алыс шетелдерде бұрын жүргізілген осыған ұқсас зерттеулерден ерекшелігі байқалады. Зерттеу жұмыстарының көкейестілігін бағалау - көкейкестілігі жоғары, көкейкесті, көкейкестілігі төмен, көкейкесті емес болып өсуі тиіс (13 кесте).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет