Семинарлар 1-семинар. Зерттеуші және психология мен педагогикадағы зерттеу әрекеті


-сурет. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігін негіздеудің логикалық тізбегі



бет37/103
Дата30.11.2023
өлшемі0.81 Mb.
#485019
түріСеминар
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   103
СЕМИНАРЛАР-1

2-сурет. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігін негіздеудің логикалық тізбегі

Ғалым ғылыми зерттеудің бұл бөлігіне мынандай анықтама береді: «Зерттеудің көкейкестілігі» – ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға (белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру үшін) сұраныс пен қазіргі уақыттағы ғылым мен практиканың бере алатын тұжырымдары арасындағы алшақтық дәрежесін сипаттайтын ғылыми зерттеулер сапасын бағалау өлшемі. Оның тұжырымдауынша, көкейкестілік өлшемі үнемі қозғалыста, дамиды, уақытқа, нақты шарттар мен айрықша жағдайларға тәуелді болып келеді. Тақырып бүгін көкейкесті, ертең ол соншалықты өзектілігін жоғалтып алуы мүмкін, ауыл мектебі үшін маңызды мәселе қала мектебі үшін қатардағы сұраққа жатуы да ықтимал; педагогикалық қызметін жаңа бастаған мұғалімді ойландыратын мәселелер тәжірибелі, жоғары білікті педагогқа мәнді болмай шығуы да заңды. Көкейкесті зерттеулер білім беру жүйесінің даму деңгейімен, еліміздің экономикасымен, оның ғылыми әлеуетімен, осы тарихи сәтте алға қойылатын және шешілетін міндеттермен тығыз байланысты. Ғалымдар тақырыптың көкейкестілігін негіздеуге ерекше көңіл аударады және тақырыптың ғылыми және практикалық көкейкестілігін бөліп қарастырады.


Тақырыпты зерделеу практиканың салмақты маңызды талабына жауап береді, ал алынған нәтижелер ғылымдағы кемшіліктердің орнын толтырады. Дегенмен, көкейкесті тақырыпқа зерттеу жұмысын орындау ең анық, сенімді жаңа ғылыми нәтиже алынғанының кепілі емес. Көкейкесті тақырыптар санатына енетін тақырыпқа барынша жетілдірілген әдістеме ұсыну, арнайы эксперимент жасау арқылы жаңа, көптеген ақпараттар тобы қолданылған зерттеу жүргізу барысында нәтиже алуға болады. В.В. Краевский зерттеу тақырыбын негіздеудің мынадай өзіндік логикалық тізбегін ұсынады: бағыттың көкейкестілігін негіздеу - зерттеу тақырыбының практикалық көкейкестілігін негіздеу-тақырыптың ғылыми көкейкестілігін негіздеу. Сөйтіп, зерттеудің көкейкестілігі бұл -

  • Зерттеудің нысанын анықтау объективтік дүниенің жүйесі ретінде;

  • зерттеудің пәнін анықтау;

  • проблеманы, сәйкессіздігін, қарама-қайшылығын айқындау;

  • зерттеу тақырыбын нақтылау;

  • зерттеудің көкейкестілігін айқындау.

Тақырыптың дұрыс таңдалуы көбіне оның орындалуының сапасы мен нәтижесін анықтайды. Кезкелген зерттеу тақырыбы белгілі бір ғылыми бағыттар аясында орындалады. Тақырып таңдаудың негізгі кезеңі тақырыпты құжат ретінде негіздеу түрінде көрініс табады. Зерттеу тақырыбын негіздеуді болжалынған зерттеудің көкейкестілігін ғылыми дәлелдеу құрайды және төмендегідей айырықша жалпы логикалық-мазмұнды алгоритмнен тұрады: проблеманың мәні - әлеуметтік мүдде - практикалық қажеттілік - ғылыми сұраныс - проблеманың кеңінен ашылуы - зерттеу идеясы - зерттеу стратегиясы - зерттеу тактикасы.
Ғылыми немесе диссертация тақырыбын дұрыс таңдау үшін:
- зерттелгелі отырған мәселе бағытында ғылыми әдебиеттермен және осы мәселе туралы практикалық мәліметтермен танысу;
- осы проблема туралы қорғалған диссертацияларды қарау, олардың республикалық, ведомстволық, шетел кітапханаларында, сақталған авторефераттарымен танысу, оларды зерделеу;
- ұқсас, іргелес ғылымдардағы жаңа зерттеулер нәтижелерімен танысу;
- зерттеудің қазіргі бар әдіс-тәсілдері мен амалдарын зерделеу және қолдану мүмкіндігін бағалау;
- жинақталған материалдарды жинақтау және талдау;
- тақырыптың аталуы, жұмыстың мақсаттары, көкейкестілігі және болжамды нәтижелер туралы ғылыми жетекшіден немесе осы саладағы мамандардан кеңестер алу;
- келесі ережелерді басшылыққа алу: ҒЗИ (жоғары оқу орнының) ғылыми тақырыбына сәйкестілігі; тақырыптың өзектілігі; тақырыптың жаңашылдығы; оны орындаудың тиімділігі мен маңыздылығы; берілген мерзімде тақырыптың жүзеге асырылу мүмкіндігі; зерттеу нәтижелерін қорытындылау және жүзеге асыру; зерттеудің міндетін шешуге қажетті қолда бар жағдайлар мен құралдар; жаңа нәрсе жасауға қажетті сәйкес әдістеме немесе мүмкіндік; зерттеу тақырыбының болашағы;
- проблеманың деңгейін анықтау (жоғары және төменгі рангтерге сәйкес ғылыми проблемалар арасындағы орны) және бұл проблеманың бұрын зерттелмегеніне және жаңа болатынына көз жеткізу;
- ғылыми тақырыптың көкейкестілігін анықтау негізінде педагогика ғылымының дамуына сұраныс пен практикаға мұқият жүйелі талдау жүргізу.
Бұл жағдайда біз В. М. Полонскийдің тұжырымдамасының бағытын ұстанамыз. Ғалым ғылыми зерттеудің бұл бөлігіне мынандай анықтама береді: «Зерттеудің көкейкестілігі» – ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға (белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру үшін) сұраныс пен қазіргі уақыттағы ғылым мен практиканың бере алатын тұжырымдары арасындағы алшақтық дәрежесін сипаттайтын ғылыми зерттеулер сапасын бағалау өлшемі. Оның тұжырымдауынша, көкейкестілік өлшемі үнемі қозғалыста, дамиды, уақытқа, нақты шарттар мен айрықша жағдайларға тәуелді болып келеді. Тақырып бүгін көкейкесті, ертең ол соншалықты өзектілігін жоғалтып алуы мүмкін, ауыл мектебі үшін маңызды мәселе қала мектебі үшін қатардағы сұраққа жатуы да ықтимал; педагогикалық қызметін жаңа бастаған мұғалімді ойландыратын мәселелер тәжірибелі, жоғары білікті педагогқа мәнді болмай шығуы да заңды. Көкейкесті зерттеулер халыққа білім беру жүйесінің даму деңгейімен, еліміздің экономикасымен, оның ғылыми әлеуетімен, осы тарихи сәтте алға қойылатын және шешілетін міндеттермен тығыз байланысты. Ғалым В.М. Полонский ғылыми айналымға «зерттеулердің көкейкестілігін бағалау өлшемі» түсінігін ендірді. Зерттеулердің көкейкестілігін бағалау өлшемі – ғылыми-педагогикалық зерттеулердің жоспарланған немесе алынған белгілілер тізімі.
Сондай-ақ, М.Т. Громкованың дәлелденуінше, зерттеудің көкейкестілігінің мазмұнынына төмендегілер енеді:
а) зерттелетін жүйедегі сәйкессіздіктерді анықтау;
б) сәйкессіздіктердің дәрежесін көрсету: қайшылық, мәселе, қақтығыс, дау-дамай, апат;
в) мәселелердің ішкі көздерін анықтау (қандай ұғымдар арасында мәнді сәйкессіздіктер бар?):
– зерттелетін жүйенің табиғи ахуалы жағдайындағы қажеттіліктер, нормалар арасында (сезінілмеген мәселе);
– жүйенің рефлексивтік (білімдік) ахуалы жағдайында мақсат, мазмұн, әдістер арасында (сезінілмеген мәселе);
– жүйенің әрекеттік жағдайында әрекеттің өлшемдері, тәсілдері, өзін-өзі анықтауы арасында (әрекеттегі қиындықтар);
г) сыртқы сәйкессіздіктерді табу және олардың зерттелетін жүйеге әсері;
д) зерттелетін жүйенің мәселелерінің жоғары деңгейлеріндегі жүйелерге әсерін зерделеу («тіке байланыстар»);
е) зерттелетін жүйенің мәселелерінің түрлі деңгейлеріндегі жүйелерге әсерін зерделеу («көлденең» байланыстар);
ж) зерттелетін мәселені шешуде интеграциялық тұғырларды пайдалану.
Осы белгілер әрі зерттеудің көкейкестілігін бағалаудың өлшемдері бола алады.
Сонымен, зерттеу тақырыбының көкейкестілігінің құрамында өзектендірудің келесі әрекеттері көрініс табады: объективті дүниенің жүйесі ретіндегі зерттеу нысанасын бөліп көрсету; сәйкессіздіктерді, қарама-қайшылықтарды, мәселелерді айқындау; зерттеу тақырыбын нақтылау, зерттеу көкейкестілігін анықтау.
Жұмыстың атауы оның негізгі проблемасының мазмұнын қамтиды және соңғы нәтижені және зерттеу нысанын көрсетеді. Жұмыстың атауы анықтық, дәлдік, тұтас мазмұндық, бейнелілік және барабарлық талаптарға сәйкестігінен құралады. Зерттеудің атауы мен мазмұнында барабарлықтың болмауы елеулі кемшілік болып табылады. Сипатына қарай зерттеудің атауы зерттеушінің алатын негізгі нәтижесін ашып тұруы қажет.
Ғылымды дамыту үшін жұмыстың жаңашылдығын анықтау, көшірмеден сақтандыру, неғұрлым маңыздырақ болып табылады. Ұсынып отырған ғылыми-педагогикалық зерттеулер нәтижелерінің жаңашылдығын бағалау әдістерін практикаға енгізу әрине, бір жолға ғана акт болып табылуы мүмкін емес. Ол үшін белгілі бір ұйымдастырылған қайта құру, зерттеу нәтижелерін рәсімдеуге қойлатын талаптар енгізу, педагогика ғылымының әр түрлі саласы бойынша қолда бар тұжырымдардың эталондарын жасау қажет. Мұндай өзгерістер зерттеу жұмыстарының сапасы мен тиімділігіне, педагогика ғылымы мен практиканы дамытуға оң көзқарасты танытады.
Педагогикалық зерттеудің сапасын бағалауға мүмкіндік жасайтын он бір сипаттамасын бөліп қарауға болады: мәселе, тақырып, көкейкестілігі, зерттеу нысаны, оның пәні, мақсаты, міндеттері, болжамы және қорғауға ұсынылатын қағидалары, жаңалығы, ғылым үшін маңызы, тәжірибе үшін маңызы.
Мәселені қою дегеніміз -бұрын оқып-үйренілмегеннің ішінен нені жөндеу керек деген сұраққа жауап беру деген сөз. Ғылыми мәселені міндеттен ажырату керек. Мәселеде ғылыми білімдегі ақаулар көрініс табады. Зерттеу тақырыбын құрастыра отырып, келешекте айналысатынымыз қалай аталады? Тақырыпта ескі білімнен жаңа білімге қарай ұмтылыс болуы керек, яғни сұраққа жауап іздейміз, теорияда бір кең ұғымдармен және мәселелермен сәйкестендірілуі тиіс.Міне осыған қол жеткізу қажет.
Зерттеудің көкейкестілігін негіздеу, яғни бұл мәселені осы кезде неге зерттеу керек екендігін түсіндіру. Практикалық және ғылыми көкей кестілікті зерттеу керек. Зерттеуді бұлар сәйкестегенде ғана бастаудың мәні болады. Қазіргі ғылымда шешілген, бірақ белгілі себептермен ғылымда алынған еңбектер практикаға жетпей қалуы ықтимал. Бүгінде бар ғылыми еңбектерге тағы ұқсас тағы біреуін жазудың қажеті жоқ. Қайта зерттелген мәселеге қайта күшті жұмылдырудың орнына мәселенің ғылыми шешімін практикалық қолдануға жеткізу дұрыс болып табылады.
Зерттеу объектісін (нысанасын) анықтау дегеніміз - зерттеудің нені қарастырып жатқанын білу, анықтау. Болжам мен қорғалатын қағидалар зерттеушінің объектіде анық көрінбейтін, басқалар байқамағанды көргені туралы түсінікті ашып көрсетеді. Болжам - фактілер негізінде объектінің бар екендігі, құбылыстардың байланыстары мен себептері туралы тұжырым жасалатын алдын ала болжау. Бұл ретте тұжырым толық дәлелденген деп есептеуге болмайды. Болжам шынайы емес, ықтимал білім. Оның шынайылығы мен шынайы еместігі әлі анықталмаған. Болжамның шынайылығы немесе шынайы емес екендігін анықтау - таным үрдісі.
Әдіснамалық мәдениетті қалыптастыру мәселесіне қатысты қорғалатын қағидалардың біреуі мынадай: "Болашақ мұғалімнің әдіснамалық мәдениетін қалыптастыру үшін қажетті және жеткілікті жағдайлар мыналар болып табылады: студенттердің кәсіптік әрекеттің шығармашылық сипатын сезінуі; педагогика ғылымын практикалық әрекетті жетілдіру үшін пайдалануға ұмтылысы мен іскерлігін қалыптастыру; әдіснамалық білімдерді студенттерге ұсынылған педагогика курсына енгізу; проблемалық оқытуды ұйымдастыру". Бұл мысалда қажетті және жеткілікті жағдайлардың сипаттамасы маңызды. Дәлелденетін қағидаларда ол жағдайлармен келіспеушілікті алдын ала көру мен бұл тезистің қажеттілігін дәлелдеп қорғау қажет. Кейбіреулер келтірілген шарттарды жеткіліксіз және бұл тізімді толықтыру керек деп айтуы мүмкін. Бұған, керісінше, енді біреулер келтірілген шарттардың біреуінің қажет екендігін жоққа шығаруы мүмкін, мысалы, проблемалық оқытуды көрсетілген мақсатымен ұйымдастыру және т. б.
Типтік қате – болжамның ғылыми болжам ретінде дәлелдеуді қажет етпейтіндей түрде құрылуы. Егер көп және жақсы жұмыс жасаса, нәтижелері жақсы болады, егер "дәстүрлі жұмыс жасаса, нәтижелері нашар болады"деген ақиқатты қорғап және дәлелдеудің керегі жоқ.
Өз жұмысының қорытындыларын шығара отырып, зерттеуші алынған нәтижелерінің жаңалығы туралы айтуға мүмкіндігіне ие болады да ол, басқалар жасалмағанның ішінен не жасалынғанын, қандай нәтижелер алғаш рет алынғанын көрсетеді. Оның үстіне, зерттеу нәтижелерінің жаңалығы мен, олардың ғылымдағы маңызы арасында мәнді айырмашылық бар. Нәтижелерінің жаңалығын сипаттай отырып, зерттеуші өзі қойған міндеттер шеңберінде қалады, оларды шешу барысында, қандай жаңа білім алғанын көрсетеді. Алынған жаңа білімнің маңыздылығы болашақтағы жүргізілетін ғылыми жұмысқа қатысына байланысты анықталады.
Дегенмен, кейде зерттеудің жаңалығы мен маңыздылығын ажырата алмай, олардың сипаттамасын бір айдармен береді, екеуі бір нәрсе деп есептейді. Бұл дұрыс емес. Зерттеудің ғылыми маңыздылығын ажырату оны бағалауда үшін шешуші мағынаға ие болады. Біздің жұмысымыз ғылым үшін маңызы жоқ деп есептетейік. Онда оны ғылыми жұмыс деп атауға болмайды. Бұл айырмашылықты мұғалім міндетті түрде есіне сақтауы керек. Кейде оған жаңа тәсіл немесе бір жаңа нәрсені білімдік үдеріске енгізсе, ол өте мәнді болып көрінуі мүмкін. Бұл олай емес. Кез келген жаңалық - ең жақсы балама емес. Бұл жаңаның ғылым мен практика үшін жағымды маңызын арнайы дәлелдеу қажет. Жүргізілген ғылыми жұмыстың практика үшін маңыздылығы туралы ойластыра отырып, зерттеуші мына сұраққа жауап береді: "Практикалақ педагогикалық әрекеттің қандай нақты кемшіліктерін зерттеуде алынған нәтижелер арқылы жөндеуге болады? ".
Диссертация мәтінімен жұмыс істеу зерттеудің ғылыми аппаратын сипаттайтын ізденістің негіздемесін дайындаудан басталады. Бұл аппарат қысқа, ғылыми негізделген көзқарасты білдіреді. Негіздеме болашақ зерртеу жұмысының траекториясын жасақтап, негізгі бағыттарын айқындауға, зерттеу жұмысының толық сұлбасын көруді қамтамасыз етуге және авторлық рефлексия жасауға көмектеседі. Жақсы жасалған негіздеме болашақта "Кіріспеге" айналып, ізденушінің жұмысына пікір берушілердің (оппоненттер, рецензенттер, эксперттер) жағымды ой-пікірлерін және дайындық деңгейіне оң көзқарастарын қалыптастыруға ықпал етеді.
Негіздемеде зерттеушінің көзқарасы негізінен төмендегіше ретпен ашылады:
- Зерттеудің көкейкестілігі;
- Ғылым мен практиканың талабы мен мәселенің қазіргі жағдайының арасындағы қарама-қайшылық;
- зерттеу проблемасы;
- Тақырыптың аталуы;
- Зерттеудің мақсаты;
- Зерттеудің нысаны;
- Зерттеу пәні;
- Зерттеудің болжамы;
- Зерттеу міндеттері;
- Зерттеудің жетекші идесы;
- Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері;
- Зерттеу әдістері;
- Зерттеу базасы;
- Зерттеу кезеңдері;
- Зерттеудің жаңалығы;
- Зерттеудің теориялық мәні;
- Зерттеудің практикалық мәні;
- Зерттеу нәтижелерінің анықтығы және негізділігі;
- Қорғауға ұсынылатын мәселелер;
- Зерттеу нәтижесін апробациядан өткізу және енгізу;
- Диссертацияның құрылымы.
Негіздеме жазу зерттеушінің алғашқы үлкен интеллектуалдық жұмысының нәтижесі болып табылады. Бәрінен бұрын зерттеу аймағын таңдау негізделеді, яғни көптеген маңызды шешімдерді қажет ететін мәселелері жинақталып қалған болмыстың аясы (біздің жағдайымызда - дидактикалық). Зерттеу нысанын таңдау көкейкестілік, шешілмеген мәселелердің болуы, ғылыми ізденістегі жаңалықтар мен келешек дамуы сияқты көрсеткіштер негізінде айқындалады. Субъективтік факторлардың қатысының да мәні аз емес: базалық білімінің болуы, өмірлік тәжірибесі, ғылымға икемділік, зерттеуге қызығушылық, оның практикалық жұмысына байланысты бағыттардың зерттеуге сұранып тұруы, белгілі бір тақырыпқа бағдарланған ғылыми ортада жұмыс істеуі және т.б.
Белгілі әдіснамашы В.В.Краевский зерттеу тақырыбының көкейкестілігін негіздеудің өзіндік логикалық тізбегін ұсынады (жоғарыда 1-суретте). Сөйтіп, зерттеу тақырыбының көкейкестілігінің құрылымы өзектендірудің мынадай қадамдарынан көрінеді: зерттеу нысанының пайда болуы объективті дүниенің жүйесі ретінде; зерттеу проблемасының көрінуі; сәйкессіздіктің, қарама-қайшылықтың, проблеманың байқалуы; зерттеу тақырыбының нақтылануы; зерттеу көкейкестілігінің айқындалуы.
Қорытындыда айтарымыз, барлық әдіснамалық сипаттамалар бір-бірімен байланысты, бірін-бірі толықтырады және түзетеді. Мәселе зерттеу тақырыбында ғылымда жеткен жетістіктерден алға жылжу қозғалысы түрінде көрініс табады, ескі мен жаңаның қақтығысын көрсетеді. Өз кезегінде, алға қойылған мәселелер мен тақырыптарды құрастыру зерттеудің көкейкестігін анықтау мен негіздеуге сүйенеді. Зерттеу объектісі зерделеуге қажетті саланы, ал пәні - зерделеу қырын көрсетеді. Сонымен тізілген сипаттамалардың барлық элементтері біріне - бірі сәйкес, бірін-бірі толықтыратын жүйені құрайды. Осы келісулердің дәрежесіне қарай зерттеу сапасын бағалауға болады. Жалпы танымдық ой ғылыми жұмыстың типіне бағынышты емес. Студенттің дипломдық жұмысы және магистрлік диссертация, әрине, көлемі, зерттеудің объектілік саласы, іргелілігі, талдау тереңдігіне және т. б. байланысты ажыратылады да, бірақ барлық өлшемдер мен ғылымның сипаты және танымның жалпы қисыны бойынша ұқсас болады. Бұл ретте әдіснамалық сипаттамалар жүйесі оның сапасының жалпылама көрсеткіші болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет