Үсенбекова А. Е кестелі биология



бет18/55
Дата02.07.2024
өлшемі212.97 Kb.
#502853
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   55
Кестелі биология

Гүлдің пішіні

Гүлдер пішіні бойынша екіге бөлінеді – дұрыс гүл және бұрыс гүл.
Дұрыс гүл – гүл жазықтығына бірнеше сығық жүргізгенде теңдей бөлікке бөлінеді, яғни сәулелі симметриялы. Мысалы, мақта, қызғалдақ, итмұрын, алма, түймедақ, т.б.
Бұрыс гүл – гүл бөлімдеріне теңдей бөлу үшін бір ғана сызық жүргізуге болады, яғни екі жақты симметриялы. Мысалы, сәлбен, соя, асбұршақ, т.б.



Қос жынысты гүл

Бір гүлде аталық пен аналықтың бірге болуы.

Дара жынысты гүл

Бір гүлде тек аталық немесе тек аналық болады.

Жыныссыз гүл

Аталық және аналық мүшелері дамымайтын гүлдер. Оған гүлкекіре, күнбағыстың себет гүлшоғырының шетіндегі гүлдер жатады.

Гүлдің өсімдікте орналасуы

Өсімдіктер гүлдерінің орналасуы бойынша 2 түрлі болады:
а)Бір үйлі өсімдік. Аталық гүлдер мен аналық гүлдердің бір өсімдікте болуы. Олар – жүгері, орман жаңғақ, асқабақ, қайың.
ә)Екі үйлі өсімдік. Аталық гүлдер бір өсімдікте, аналық гүлдер екінші өсімдікте болады. Мысалы, қарасора, қалақай, тал, терек.

Гүл формуласы

Гүл бөліктерін бас әріптермен белгілеу, символикалармен көрсету және сан арқылы қанша екенін жазу. Мысалы: аталық гүл ♂, аналық гүл ♀, дұрыс гүл * немесе +, бұрыс гүл ↑. Егер гүл бөлімдері біріккен болса () – ға алынады, көп болса ∞ белгі жазылады. Тостағанша, күлте, аталық пен аналықтар санын сандармен көрсетеді. Халықаралық атауда тостағанша Са (Саlyx), күлте Со (Corolla), жай гүлсерік Р(Periqonium), аталық А(Androeceum), аналық G (Gynoeceum).
Мысалы: Асбұршақ гүлінің формуласы: Са(5)Со3+(2)А(9)+1 G1
Қазақша атауда тостағанша -Т, күлте - К, Аталық – А, аналық – Ж(жатын). Мысалы:
Қызғалдақ гүлінің формуласы:
К3+3А3+3Ж(3)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет