Үсенбекова А. Е кестелі биология


Эволюция бойынша пайда болуы



бет35/55
Дата02.07.2024
өлшемі212.97 Kb.
#502853
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   55
Кестелі биология

Эволюция бойынша пайда болуы

Девонда пайда болған

Өкілдері

Қарағай, самырсын, арша, балқарағай, секвоя, туя, самырсын, жатаған шырша (Шренк шыршасы), Зеравшан аршасы, қос масақшалы қылша,(эфедра), сауырағаш (кипарис), т.б.

Қарағай



Тіршілік ортасы

Орманда да, ашық жерлерде де өседі.

Жер шарындағы түр саны

100-ге жуық түрі бар.

Сипаттамасы

Бірүйлі көп жылдық ағаш.
Сабағы дің деп аталады, оның қабығы, сүрегі бар және нашар жетілген өзегі болады. Сүрегінде өткізгіш ұлпалар 90 – 95%-ды құрайды. Қабығында және сүрегінде шайырлы өзекшелер орналасқан. Тамыры кіндік тамыр және микориза түзеді. Қылқанының тіршілік ұзақтығы - 3-6 жыл, ол 3 қырлы, қысқарған өркенде қос – қостан орналасқан. Бұтағында аналық және аталық бүрлері болады.

Бүрлері

Аналық бүр қызғылт түсті, жас өркен ұшында көктемде пайда болады, ол өзекше мен сыртқы және тұқымдық қабыршақтан тұрады. Тұқымдық қабыршақта 2 тұқымбүршік бар.
Аталық бүр өркен түбінде дамып, жасылдау сары түсті болады, онда 2 тозаңқапшығы бар. Аналық бүр ашық тұрады, оған желмен аталық тозаң түседі. Одан соң шайырмен қабыршақтары желімденеді. Осы сәтте әлі жұмыртқажасуша жетілмеген. Аналық бүр ұлғайып, жасылдау түске ауысқанда тұқымбүршікте эндосперм пайда болып, жұмыртқажасуша түзіледі. Оған 1 жыл керек, яғни ұрықтануға 1 жыл уақыт кетеді. Ұрықтанған соң зигота пайда болып, ұрық дамып тұқым түзіледі. Аналық бүр қоңыр түске ауысады, піскен тұқым шашылу үшін тағы 1 жыл керек.

Маңызы

1.Сүрегін химиялық өңдеп жібек жіп тәрізді жасанды талшық (вискоза) алады.
2.Бағалы құрылыс материал, т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет