Үсенбекова А. Е кестелі биология



бет41/55
Дата02.07.2024
өлшемі212.97 Kb.
#502853
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   55
Кестелі биология

Шіріту бактериялары

Ғаламшар тазалаушысы, олар өсімдік қалдықтарымен және жануарлар өлекселерімен қоректеніп, қоршаған ортаны тазартады.
Топырақта қарашірік түзеді

Топырақ бактериялары

Өсімдікке қорек дайындайды. Топырақтағы қарашірікті минералды заттарға айналдырады.

Түйнек бактериялары

Асбұршақ, беде, жоңышқа шеңгел, сиыржоңышқа, соя өсімдіктерінің тамырында селбесіп тіршілік етіп, түйнектер түзеді. Олар ауадан бос азотты сіңіріп, өсімдікті азотпен қамтамасыз етеді.

Бактериялар арқылы адамда туындайтын ауру түрлері

Оба, сіреспе, туберкулез, іш сүзек, баспа, топалаң, көкжөтел, қызамық, құздама, қантышқақ, сарып, ботулизм, сальмонелла т.б.

Бактериялар арқылы өсімдіке туындайтын ауру түрлері

1.Бактериоз ауруын туындатады. 2.Мақтада гоммоз (шайыр ағу) ауруы.

Халық шаруашылығындағы маңызы:



1.Нан пісіру, ірімшік жасау, тері илеу, сүрлем даярлау, сүт тағамдарын ашыту үшін, мата, былғары жасауда қолданылады.
2.Суды улы заттардан тазартады.
3.Нейлонды ыдырататын бактериялар табылды.

Зерттейтін ғылым

Микробиология (гр. «mikros» - кішкене, «logos» - ғылым.

Табиғатта кездесуі

Барлық жерде ауада, суда, тағамда, топырақта (бір шымшым топырақта 100 млн), өлі денелер мен тірі ағзаларда кездеседі. Арктика, Антарктидада және 800С ыстық қайнарда, жер асты суларда, Сахара шөлінде де кездеседі.
Әр гектар егістікте 2-7 тонна бактериялар бар. Бір тамшы суда 50 млн-дай.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет