Үсенбекова А. Е кестелі биология



бет31/55
Дата26.03.2024
өлшемі219.56 Kb.
#496583
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   55
кестелі биология

Плаунтәрізді өсімдіктер



Тіршілік ортасы

Негізінен қарағайлы ормандар.

Жер шарындағы түр саны

200-500 түр

Сипаттамасы

Споралы, көп жылдық, мәңгі жасыл, шөп текті, тең және әр түрлі споралы өсімдіктер.
Ағаш түрлері жойылып кеткен.
Сабағы айырлана тармақталған, жерге төселіп өседі.
Өкілі - Шоқпарбас плаун. Күзде тік өскен сабағының ұшында екіден кейде 3-5 спорасы бар масақ дамиды.
Сабағының сыртын астында тірек ұлпалы қабық қабаты бар өң жабады. Сабақ ортасында шеңберлі шоқ орналасқан.

Жапырағы

Жапырақтары өте ұсақ, үшкір.

Көбеюі

Өсімді, жыныссыз, жынысты.
Өсімді көбею төселіп өскен өркен үзінділері арқылы болады. Ағашқа жабысып өсетін түрлерінде өркен ұшындағы бүршік арқылы өсімді көбейеді. Ондай бүршік жылына 1 рет түзіледі.
Жыныссыз көбею – споралар арқылы болады. Сары түсті споралары өркен ұшындағы үш бұрышты, ұшы үшкір бүйрек тәрізді спорангиі бар спорофилде дамиды, жетілген соң шашылады.
Жынысты көбею – жерге түскен споралардан басталады. Спора өнуінің 2 типі – жер үсті және жер асты типі бар.
Жер үсті типі. Споралар жерге түскен соң жер үсті өскіншелерін береді. Ол өскіншелер жерге еніп, жартылай сапрофитті және саңырауқұлақтың жіпшумағы (гифалары) арқылы микориза түзіп қоректенеді. Өскінше қос жынысты, ұзындығы 20мм. Оның үстіңгі бетінде аналық және аталық жыныс мүшелері бар. Гаметалары қосылып ұрықтанады. Ұрықта тамыр, сабақ, жапырақ бастамасы болады да, одан плаун өсімдігі жетіледі.
Жерасты типі. Споралары 6-15 жылда саңырауқұлақ жіпшелерімен селбесіп, қос жынысты өскіншеге айналады. Ұрықтанған жасушадан жас плаун өсімдігі пайда болады.

Маңызы

Спораларынан дәрі-дәрмек жасайды. Шөбін қайнатып, тұнбасын несеп айдайтын, өт тазартатын дәрі ретінде медицинада қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет