Үсенбекова А. Е кестелі биология


Тірек ұлпасы (механикалық ұлпа)



бет7/55
Дата26.03.2024
өлшемі219.56 Kb.
#496583
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   55
кестелі биология

Тірек ұлпасы (механикалық ұлпа)

Жасушала қабығы қалың, қатты. Сабақта, жапырақта, жемісте болады, беріктік қасиет береді. Мысалы, алмұрт, шетен, беже жемістеріндегі қиыршық жасушалар. Шие, өрік шабдалы жемістеріндегі қатты сүйегі.

Өткізгіш ұлпа

Қоректік заттарды тасымалдайды: 1.Жапырақтың сүзгілі түтіктері органикалық заттарды тасымалдайды.
2.Сүзгілі түтіктер қабықта топтасып органикалық заттарды тасымалдайды.
3.Сүректің өткізгіш ұлпалары минералды заттарды тасымалдайды. Ал, күзде сүзгілі түтіктер уызды затпен бітеліп, көтемде еріп, жолы ашылып, органикалық заттар бір мүшеден екінші мүшелерге жеткізіледі.

Бөліп шығарушы ұлпа

Екі түрі бар: Ішке және сыртқа бөліп шығарушы ұлпалар.
1.Затты ішке бөліп шығарушы ұлпа – шайыр жолы, эфир майы өзегі, сүт жолдары.
2.Затты сыртқа бөліп щығарушы ұлпалар – домалақ басты түктер, жабысқақ (безді) түктер, шірнеліктер, жабысқақ (безді) қабыршақтар.
Домалақ басты түктер өңнен пйда болған, олар хош иісті эфир майын бөледі. Мысалы, қазтамақ (пеларгония).
Жабысқақ безді түктер мен безді қабыршақтар көп жасушалы, ұшқыш эфир майын бөледі. Мысалы, мандарин, апельсин, лимон қабықтары, эвкалипт, шайқурай, дәмжапырақ (лавр), магнолия, шұйіншөп.
Шірнеліктер тостағанша, күлте түбінде, жатын қабырғасында, гүлтабанда орналасқан.

ІІІ Бөлім
Гүлді өсімдіктердің мүшелері, жемістер мен тұқымдар


Тұқым

Тұқым

Ашық тұқымды және жабық тұқымды өсімдіктердің көбею және таралу мүшесі. Ол жатынның тұқым бүршігінен дамиды. Тұқым құрылысына қарай екіге бөлінелі: Қос жарнақты және дара жарнақты.
Құрылысы: тұқым қабықтан, ұрықтан, қор жинайтынэндоспермнен, жарнақтан тұрады. Қабығы кеуіп кетуден, мезгілсіз өнуден, шіруден сақтайды.
Ұрық – алғашқы тамырша, алғашқы сабақша және бүршікшеден тұрады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет