Сенім Банк АҚ қызметінің айқындығьн арттыру мәселелері бойынша ынтымақтастық және өзара әрекеттесу туралы



жүктеу 65.87 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі65.87 Kb.
«Сенім - Банк» АҚ қызметінің айқындығьн арттыру мәселелері бойынша ынтымақтастық және өзара әрекеттесу туралы

меморандум

Алматы қ. « 19 » маусым 2006 ж.


Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (осы жерде және бұдан былай «Агенттік» деп аталады) және «Сенім - Банк» акционерлік қоғамы (осы жерде және бұдан былай «Банк» деп аталады), бұдан былай бірлесе Тараптар деп аталатындар,

  • Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа ала отырып;

  • республиканың банктік жүйесіне деген қоғамдық сенімнің одан да жоғары деңгейін қамтамасыз етуге тырыса отырып;

  • Қазақстанның банк жүйесінің айқындығын арттыру ісінде мемлекет пен банктердің күш жігерін біріктіру қажеттілігін түсіне отырып;

  • халықаралық тәжірибені және корпоративтік басқару тәжірибесін ескере отырып, мына төмендегілер жайында осы меморандумды жасады:

1. Банк белгіленген мерзімде Агенттікке мынадай ақпараттық ашу 6ойынша шараларды колға алады:

Тікелей және/немесе ірі қатысушылар болып табылатын жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды қоса алғанда, Банктің нақты меншік иелері туралы, оның ішінде Банктің акционерлері болып табылмайтын, бірақ Банк қабылдайтын шешімдерге әсер ететін тұлғалар туралы (01.01.2008ж. дейінгі мерзімге);

еншілес және тәуелді ұйымдарды иемденуге Агенттіктің тиісті рұқсатын алу арқылы осындай ұйымдарға өз қатысуын нысанға келтіре отырып, қызметі Банктің бақылауы астында болып отырған немесе қызметіне Банк шарт күшіне орай немесе өзге тәсілмен елеулі ықпал ете алатын ұйымдардың тізбесі туралы (01.01.2007ж. дейінгі мерзімге);

Банктің Директорлар кеңесінің кұрамындағы акционерлердің өкілдері және тәуелсіз директорлары туралы (01.01.2007ж. дейінгі мерзімге);

Банктің аффилиирленген тұлғалары және олармен жасалатын мәмілелер туралы (қолданыстағы заңнамаға сәйкес);

Банк бизнесін таяу арадағы 5 жылға дамыту стратегиясы және Банк қызметінің басым бағыттары туралы (01.07.2007 ж. дейінгі мерзімге);

  1. Банк мынадай ақпаратты жұртшылыққа ашу бойынша шараларды колға алады (01.01.2008ж. дейінгі мерзімге);

жеке тұлғаларға дейін Банктің ірі катысушылары туралы;

тәуелді ұйымдар туралы;

бизнесті дамыту стратегиясы және Банк қызметінің басым бағыттары туралы;

тәуелсіз директорларды көрсете отырып, Банктің Директорлар кеңесінің кұрамы туралы.

3. Банктің Интернет желісіндегі веб-сайтында жарғының мәтіндері мен оған түзетулерді, акцияларды шығару проспектілерін; аудиторлық қорытындыларды, акционерлердің мүдделерін қозғайтын елеулі өзгерістер туралы ақпаратты, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналыстарын өткізуге және директорлар кеңесінің маңызды деген шешімдеріне қатысты ақпаратты орналастыру арқылы әлеуетті инвесторлар, клиенттер мен басқа да мүдделі тұлғалар үшін Банктің қызметіне қатысты ақпараттың қол жетімділігін және сенімділігін қамтамасыз ету бойынша шараларды қолға алады.

4. Осы Меморандум Банкке қатысты шектеулі ықпал ету шарасы болып табылмайды және ерікті түрде жасалған.

5. Осы Меморандумға қол қоятын Банктің уәкілетті тұлғасы осы Меморандумның ережелерін орындау үшін барлық өкілеттіктерге ие екендігіне кепілдігін береді.

6. Осы Меморандум заң күші бірдей мемлекеттік тілде екі дана етіп және орыс тілінде екі дана етіп жасалған, әр Тарапқа екі данадан және Тараптар оған қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

7. Осы Меморандумның барлық өзгерістері мен толықтырулары қосымша келісіммен ресімделеді және оған қоса Тараптың уәкілетті өкілдері қол қояды.

8. Осы Меморандум кез келген Тараптың бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, әрі ол бұл туралы басқа Тарапты бұзу күніне дейін кемінде бір ай бұрын хабардар етуі тиіс.
Агенттіктің атынан Банктің атынан

Төраға Директорлар кеңесінің төрағасы

А.Ғ. ДУНАЕВ А.М. АЛҒАЗИЕВ

(қолы) (қолы)




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет