Серік Мырзалы философия оқу құралы


бір ғаламдық мәселелерді шешудің мүмкін еместігі



Pdf көрінісі
бет279/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   422
бір ғаламдық мәселелерді шешудің мүмкін еместігі. Олай болса, 
реформа барысында мәдениет пен білімнің, жалпы руханияттың даму-
ына көбірек көңіл бөлінуі қажет. 
§ 10. Қозғалыс пен даму
Жоғарыдағы көрсетілгендей, дүние өне бойы қозғалыста, барлық 
заттар мен құбылыстар бір-бірімен шытырман байланыста, бір нәрсе 
пайда болып, екіншісі кетіп жатыр, зат бір сападан сандық өзгерістердің 
негізінде екінші сапаға секіріп өтуде, оның бәрінің қайнар көзі ішкі 
қайшылықтың шешілуі арқылы жүреді екен. 
Енді осы арада екінші заңды сұрақ пайда болады: шытырман 
қозғалыстағы дүние ешқандай тәртіп жоқ хаос па, әлде ол ретке 
келтірілген өзгерістер ме? Әрине, оқырман өз тәжірибесінің негізінде-ақ 
дүниеде белгілі бір заңдылықтардың барын мойындайды. Оны филосо-
фияда даму санаты арқылы көрсетеді.
Даму деп дүниедегі заттар мен құбылыстардың өз ішкі қайшы-
лығынан туындайтын белгілі бір заңдылықтардың негізінде ретке 
келген, күрделену үстіндегі, қайта оралмайтын, өзіне тән бағыттағы 
өзгерістерін айтамыз. 
Енді жоғарыда көрсетілген анықтамаға түсініктер берейік. Қайсыбір 
даму үдерісіндегі зат, я болмаса, құбылыс өз ішкі қайшылықтарының 
шешілуі арқылы дамиды. Сыртқы ықпал дамуды тездетуге, я болмаса 
баяулатуға әсер етуі мүмкін. Мысалы, қайсыбір тіршілік формасы өз 
ішіндегі генетикалық (тұқым қуушылық) бағдарламаға сәйкес айнала 
қоршаған ортамен зат, энергия, ақпарат алмасуына түсіп, өсіп-өнеді. 
Егерде сыртқы ықпал теріс болса (қуаңшылық, қатты аяз т.с.с.), онда 


402
даму үдерісі баяулап, я болмаса тіпті сол тіршілікті құртып жіберуі 
мүмкін. Соңғыны даму деп айтуға, әрине, болмайды.
Адамның білімі мен мәдениетінің дамуы өне бойы ішкі (білген мен 
білмегеннің арасындағы) қайшылықтарды шешу арқылы іске асады. 
Егер адамның білімге деген ішкі ынтасы болмаса, онда оны Оксфорд 
пен Гарвардта оқытсаңыз да, еш нәтиже ала алмайсыз. Сонымен қатар 
ішкі оты, орасан ынтасы бар адам өз талпынысы мен дайындалуының 
негізінде білімді азамат болып шығуы мүмкін. 
Екіншіден, даму үдерісі белгілі бір заңдылықтардың негізінде 
іске асады. Заңдылық деп даму барысындағы қажетті, тұрақты, 
қайталанатын ішкі байланыстарды айтамыз, соның арқасында барлық 
үдерістер рет-ретімен өзара байланысты түрде шындықта өтіп жатады. 
Мысалы, И.Ньютонның ашқан дүниежүзілік тартылыс заңына сәйкес 
Күн жүйесі өмір сүреді. Энергияның сақталу заңына сәйкес, ол өзінің 
бір түрінен екіншісіне ауысқанмен, жоғалмайды. Биологиядағы табиғи 
іріктелу заңына сәйкес дүниеге келген жаңа организмдегі өзгеріс оның 
қоршаған ортаға бейімделуіне сәйкес болып шықса, сақталып қалады.
Үшіншіден, қайсыбір даму заттың ары қарай күрделенуіне байла-
нысты. Ол заттың ішкі құрылымының толығуымен қатар, ұйымдасу 
деңгейінің өсуіне әкеледі. Мысалы, қазіргі реформа барысында 
мыңдаған жаңа құрылымдар пайда болып, олардың бір-бірімен байла-
ныс деңгейі күшеюде. Қоғамның инфрақұрылымында компьютерлік 
технологияларға негізделген оқу жүйесі, статистикалық жүйелер, адам 
қажеттіліктерін өтейтін салалар т.с.с. тез дамып келеді.
Төртіншіден, даму үдерісі өткен сатыларға ешқашанда қайтып орал-
майтынын айту керек. Сәбилік кезеңнен өткен жасөспірім сол шағына 
қайта орала алмайды. Жасына келген адам жастық шағын қанша арман-
даса да, оны қайтара алмайды. Бүгінгі экологиялық дағдарыстың шешу 
жолдарын «антитехнократтық» бағыттағы кейбір ғалымдар «ғылыми-
техникалық үдерісті тоқтату», «табиғатқа қайта оралу» керектігінен 
көреді. Ал ол мүмкін емес. 
Бесіншіден, даму үдерісі белгілі бір бағытта іске асады. Ол болма-
йынша, заттың даму барысындағы өзгерістердің қорлануы іске аспай, 
өзара байланысқан ішкі бағытынан айырылып қалар еді. Дамудың 
бағыты уақыттың шеңберінде ғана жүреді, ал ол өзінің бірбағыттығы 
мен қайталанбайтындығымен сипатталады.
Қозғалыс пен дамудың байланысы жөнінде ғылымда, негізінен, 
екі қарама-қарсы пікір бар. Бірінші, кеңінен таралған пікір: даму – 
әрқашанда қозғалыс, ал кейбір қозғалыс даму емес. Расында да, біз 
қолымыздағы сағатты шешіп, столға қойсақ, ол қозғалыста болды. 
Бірақ ол туралы «сағат дамыды» деп айту қиынырақ болар.


403
Екінші пікір дамуды қозғалысқа қарағанда іргелі есептейді. «Егер 
объективті шындықты біртұтас ретінде қарасақ, онда оның ішіндегі 
барлық үдерістердің жиынтығын даму ретінде қарау керек» (қараңыз: 
Материалистическая диалектика., т.1., М., 1981, 231-б.). 
Соңғы пікір бүгінгі таңдағы ғылымда бірте-бірте өз өрісін өсіруде. 
Астрофизикада ХХ ғ. 20 жылдары «кеңею үдерісіндегі ғарыш» бол-
жамы жасалып, 40 жылдардағы «алғашқы жарылыс» жөніндегі болжам 
70 жылдарда «Ұлы жарылыс» (grand explosіon) теориясына ауысты. 
Осыдан 13 млрд. жыл бұрын материяның «сингулярлық» ахуалының 
негізінде (көлемі атомның көлеміндей, қысымы 10-94-ші дәрежедегі 
грамм 1 шаршы см.!!!) осындай, іс жүзінде көзге көрінбейтін нәрседен 
«Ұлы жарылыс» пайда болып, бүгінгі таңдағы орасан зор ғарышты 
тудырды. Бұл ғылымда жасалған «коперникандық төңкеріспен» бірдей, 
өйткені мыңдаған жылдар бойы ұлы ойшылдар ғарыш мәңгілікті өмір 
сүріп жатыр деген пікірде болатын. Енді ғарыштың өзі «тарихи оқиға» 
болып шықты, өйткені оның уақыт шеңберіндегі бастамасы бар. Олай 
болса, ол өзгерісте, дамуда. Оның болашақта соңы да болады. Осы 
13 млрд. жылдың шеңберіндегі ғарыштың өткен сатыларын зерттеп, 
ой-өрісімізде қайта құруға болады. Сөйтіп, ХІХ ғ. Ч.Дарвиннің жасаған 
биология ғылымы саласындағы эволюциялық теориясы ХХ ғ. физика 
мен космологияда толықтырылды.
Енді кезек химия пәніне келіп отыр. Бұл уақыттың қойған тала-
бын химия пәні ХХ ғ. 80 жылдарынан бастап, өзінің жаңа саласы – 
«эволюциялық химия» арқылы шешуде. Оның түйіні – химия ғылы-
мының болашақтағы негізгі даму бағыты «Ұлы мәртебелі Табиғаттың» 
13 млрд. жылдың шеңберінде сан жетпейтін химиялық қосындылардан 
қандайын іріктеп алды – соны зерттеп, соның негізінде экологиялық 
жағынан зиян келтірмейтін жаңа материалдар мен қосындыларды жасау 
болмақ. Олай болса, даму идеясы химия ғылымына да кеңінен кіруде. 
Сонымен, қазіргі жаратылыстану ғылымы «Дүниедегі барлық – 
даму мен эволюция нәтижесі» деген пікірге келіп отыр.
Бұл арада мынандай өткір сұрақ пайда болады: Егер дүниедегі 
барлық даму үдерісінде болса, онда ол қалай қарай бара жатыр? 
Даму шексіз болуы мүмкін бе? Әрине, оған теріс жауап қайтаруға 
болады. Тіпті ғарышта саналы адамнан да жоғары тіршілік болса да, 
дамуды шексіз соза беруге болмайды. Дүние қаншалықты орасан 
зор болғанымен шектелген, оның бастауы бар, олай болса, соңы да 
болады. Біздің ойымызша, әлі де кеңею үстіндегі ғарыш миллиардтаған 
жылдардан кейін өзінің кері қарай серпілісін тудырып, тағы да бір 
нүктеге жиырылуы (коллапс, я сингулярлық нүкте) мүмкін. Келесі 
сатыдағы жарылыста ғарыштың бүгінгі моделіне ұқсамайтын жаңа түрі 
кездейсоқтықтың нәтижесінде дүниеге келмек. 


404
Бүгінгі ғылымның нәтижелеріне сүйене отырып, ғарыштағы жүріп 
жатқан екі үдерісті айтсақ та болғаны.
Біріншіден, термодинамикадағы (әртүрлі энергияның бір-біріне 
өту заңдылықтарын зерттейтін ғылым) 2-ші бастамаға сәйкес, 
дүниеде ыдырау, жылы зат энергиясының айнала қоршаған ортаға 
тарауы (энтропия) өтіп жатыр. Ол – біржақты үдеріс. Бұл заңдылықты 
ашқан Р.Клаузиустың тұжырымы бойынша, «Жылылық өз-өздігінен 
суық денеден ыстық денеге тарамайды». Керісінше, ыстық денеден 
суық денеге ғана өтеді. Бұл заңдылық ашылған уақытта неше түрлі 
пессимистік көзқарастар пайда болды. Мысалы, ғарыш ең соңғы саты-
сында толығынан ыдырап, хаосқа айналады деген пікір де айтылды.
Алайда мұндай көзқарас адамдардың санасында келесі сұрақты 
тудырды: егерде ғарыш хаосқа қарай өтуге бағытталса, онда бүгінгі 
таңдағы биік дәрежеде ұйымдасқан дүние тәртібі қалай пайда болды? 
Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы өсімдіктер мен жануарлар 
әлеміндегі өне бойы тарихи созылған күрделенуді, ұйымдасу деңгейінің 
өсуін, энтропияға қарсы бағытталған күш-қуатты көрсетті. 
Философия саласында бұл сұраққа өзінше жауап берген ұлы фран-
цуз ғалымы Пьер Теяр де Шарден болды. Өзінің «Адам құбылысы» 
деген еңбегінде ол дүниенің екі бастамасы бар дейді. Оны бірі – 
тангенциалдық, яғни физикалық, заттық болса, екіншісі – радиалдық, 
яғни рухани энергия. Дүниені күрделендіріп, оның біртұтастығына 
жауап беретін соңғы радиалдық күш болмақ. Ал оның қайнар көзі 
Құдайда деген пікірге келеді (қараңыз: П.Т. де Шарден., Феномен чело-
века. М., Прогресс, 1998, 165-б.)
Ал материалистік бағыттағы философия өзінің басынан-ақ 
материяның өзіндік дамуға деген қабілетін мойындаған болатын. 
Бірақ ол жалпы болжам ретінде мыңдаған жылдар бойы өмір сүріп, 
нақтылы мазмұнға ие болған жоқ-ты. Тек қана ХХ ғ. 70 жылдарынан 
бастап, бельгиялық ғалымдар Г.Хакен мен И.Пригожин жаңа ғылым 
саласын – синергетиканың негіздерін жасап, жоғарыдағы көрсетілген 
материалистік постулатқа жаңа тыныс береді. Синергетика (cіnergіa – 
грек сөзі, бірігіп іс-әрекет ету деген мағына береді) – өзіндік ұйымдасу 
теориясы. Оның негізгі идеялары:
А) ғарышта бір-бірімен байланысты екі үдеріс бар. Оның бірі – 
қирау, құру, ыдырау болса, екіншісі – қайта құрылу, күрделену, ретке 
келу болмақ.
В) жасампаз үдерістің (күрделену мен ретке келтірудің өсуі) қандай 
жүйе болса да бірегей алгоритмі бар. Ол үшін: 
– дамитын жүйе ашық болуы керек, яғни ол айнала қоршаған 
ортамен зат, энергия, ақпарат алмасуына түсуі қажет;
– жүйе термодинамикалық теңдіктен алшақ болуы қажет. 


405
Іс жүзінде дүниедегі кездесетін жүйелердің бары де осындай. 
Классикалық физикадағы бөлініп қаралатын жабық жүйелер – жасанды 
және идеализацияланған.
Оның тікірінше, синергетика ғылымы ашық та тұрақтанбаған 
жүйелерде даму үдерісі күрделену мен ретке келудің өсуімен таны-
лады. Алғашқы сатысында даму үдерістері бірте-бірте, алдын ала 
болжауға болатын салдарлар әкелуі мүмкін. Бірақ жүре келе, дами-
тын жүйе өзінің тұрақсыздық, аумалық (бифуркация) жағдайына келіп 
тіреледі. Міне, осы сәтте секіріс арқылы зат өзінің жаңа, бұрынғыдан 
да гөрі күрделенген, ретке келу деңгейі өскен сатысына ауысады. 
Тек бұл арада назар аударатын нәрсе – зат өзінің аумалы, тұрақсыз, 
бифуркация нүктесіне келген кезде, «ұлы мәртебелі кездейсоқтық» 
арқасында көп мүмкіндіктердің біреуі ғана іске асады. Олай болса, 
бұл жүйелердің дамуын алдын ала болжау мүмкін емес. Әрине, 
қазіргі компьютерлік есептерге сүйене отырып, әртүрлі нұсқалардың 
мүмкіндігін шығаруға болады. Бірақ олардың қайсысы жеңеді, оны тек 
кездейсоқтық шешеді.
Осындай күрт даму, күрделену сатысындағы жүйе айнала қоршаған 
ортадан зат, энергия, ақпарат алып пайдаланады да, оның құлдырауын, 
бейберекеттігін өсіреді. Тәртіптің деңгейін көтеру үшін оған «төлем» 
жасалуы қажет: энергия мен ақпараттың өсуі осыған байланысты. 
Мысалы, АҚШ – өте қатты дамыған, ары қарай күрделену жолындағы 
ел. Ал оны қамтамасыз ету үшін жыл сайын энергия қажеттіктері өсіп, 
сонау мыңдаған шақырым алыстағы Парсы шығанағын, соңғы кезде 
Каспий теңізін олар «ұлттық мүдделілік» аймағы деп отыр.
Белгілі бір биік ұйымдасу дәрежесіне көтерілген зат, я болмаса 
құбылыс айнала қоршаған ортадағы неше түрлі үдерістердің ықпалында 
болып, оған қарсы «шаралар» қолданады. Бірақ оның мүмкіндіктері 
шектелген, ал айнала қоршаған ортадағы үдерістер шексіз. Сондықтан 
ертелі-кеш қандай биік дәрежеде ұйымдасқан нысан болса да сыртқы 
ықпалдарға қарсы тұру мүмкіндіктерін сарқыған кезде, құлазып, 
соңынан хаосқа айналады. Бірақ хаостың шеңберінен тағы да тұрақты, 
ұйымдасқан, күрделенген заттар мен құбылыстар дүниеге келіп жатады 
да, соңынан хаосқа қайта өтеді. 
Сонымен, синергетика ғылымы дамуды тек тіршілік әлеміне 
ғана жатқызбай, бүкіл әлемдегі өлі және тірі табиғат, қоғам, рухани 
өмір – бары де өзара даму мен хаосқа айналу үдерісінде деген 
тұжырымға келеді. Бұл үдерісте «кездейсоқтықтың» мәні күрт өсіп, 
ешкім, ешқашанда дүниенің болашағын анықтай алатын болжамдар 
жасай алмайды. Дүние ешқашанда өзінің кемеліне келмейді, соның 
арқасында ол өне бойы даму мен ыдырау үдерісінде. Оны қазақ халқы 
«жалған», «арман» деген сияқты ұғымдармен сезінген. 


406


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет