Серік Мырзалы философия оқу құралы


д) сана және кибернетикалық құралдар



Pdf көрінісі
бет295/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   422
д) сана және кибернетикалық құралдар
Электрондық-есептеу құралдары пайда болысымен-ақ, оларды 
адамның миымен салыстыру, олардың бір-бірінен айырмашылығын 
зерттеу үдерістері басталып кетті. Бұл сала өте тез қарқынмен дами 
бастаған сайын, бұл мәселе де философиядағы өзекті салаға айналды. 
Бүгінгі таңда неше түрлі роботехника пайда болып, тіпті толығынан 
адамның қатысуынсыз жұмыс істейтін автоматизацияланған цехтар, 
тіпті зауыттар дүниеге келді. Бүгінгі таңдағы адам электрондық әуенді 
тыңдай алады, жобалау институттарын компьютерлік жабдықтарсыз 
көзге елестету өте қиын. «Genіus» деген өте күрделі компьютер әлем 
чемпионы Г.Каспаровтың өзін жеңіп кеткені бүкіл адамзат қауымын 
таңғалдырған болатын. Аса күрделі компьютерлік бағдарламаларда 
шығармашылық тұрғыдан ізденіс жасай алатын жасанды интеллектіні 
де байқауға болады. Американдық фантаст-жазушы А.Азимов бола-
шақта адамның өзіне парапар роботтар дүниеге келіп, адамға қарсы 
көтеріліс жасап, өз еркіне көндіру әрекетін жасауы мүмкін деген қиял 
айтады.
Олай болса, мәселе тікелей қойылып, жасанды интеллект алдағы 
уақытта адамның өзін ауыстыруы мүмкін бе деген ашық сұрақ пайда 
болады.
Әрине, адамның миы – бүгінгі таңдағы ашылған ең күрделі 
биік дәрежеде ұйымдасқан материя. Ол кванттық деңгейде жұмыс 
істейтін өте нәзік ойлау құралы. Сонымен қатар электрондық есеп-
теу құралдары да – жартылай өткізгіштердің негізінде жұмыс істейтін 
сандық құрылымдармен байланысты материалдық үдеріс. 
Міне, осы жақтарынан ми мен компьютерді салыстыруға болады. 
Ақпараттық қабылдаулар мен байланыстар, басқару мен бақылау 
жүйелерінің заңдылықтары тірі организмдер мен автоматикалық 
құралдарда сандық жағынан алып қарағанда ортақ болуы мүмкін. 
Мысалы, компьютердегі мәліметті қабылдау, өңдеу және жауап қайтару 
мидың түйсіктер арқылы деректер алып, оларды өңдеп жауап беруіне 
өте ұқсас. Әрине, тірі организмде болып жатқан нәзік физикалық-
химиялық үдерістерді өлі табиғаттағымен толығынан тепе-тең салыс-


446
тыру мүмкін емес. Бірақ, соған қарамастан, олардың ұқсас жақтары да 
болғандықтан, математика ғылымының негізінде оларды модельдеуге 
болады.
Бүгінгі таңда компьютерлік техниканың (жасанды интеллектінің) 
мүмкіндіктері жыл сайын өсуде. Мүмкін, болашақта адамның миын 
толығынан модельдеуге де жетерміз. Дегенмен де жасанды интеллект 
адамның көмекшісі ретінде кеңінен пайдаланылса да, оны толығынан 
ешқашанда ауыстыра алмайды деген үзілді-кесілді пікір айтуға бола-
тын сияқты. Енді осы пікірімізді дәлелдеп көрелік.
Бүгінгі таңда кибернетикалық құралдар өте күрделі өндіріс 
жүйелерін басқаруға көмектеседі. Бірақ сол басқару бағдарламасын 
компьютердің «жасанды санасына» енгізетін сол адамның өзі емес пе? 
Компьютер миллиондаған ақпараттан ең тиімдісін бірнеше секундта 
таңдап алып, адамға ұсынады. Ол адамның миын тұрпайы есептеу 
үдерістерінен босатып, оның шығармашылық мүмкіндіктерін іске 
асыруға жағдай тудырады. Әрине, кейбір аса күрделі компьютерлік 
бағдарламаларда шығармашылық ізденістердің элементтері енгізілген. 
Дегенмен де жасанды интеллект шынайы шығармашылық ізденіс жасай 
алмайды. Бұл мәселеге толығырақ тоқталайық.
Шығармашылық ізденіс шабыттың, сезімдік толғаудың негізінде 
пайда болатыны сөзсіз. Адам тек қана ойлай алатын пенде емес, соны-
мен қатар ол сүйінеді, күйінеді, шабыттанады, ізгілікке, әсемдікке 
ұмтылады т.с.с. Осы факторлардың бәрі келіп адамның шығармашылық 
ізденісін тудырады. Жалғыз ғана салқын ой шығармашылықты, 
нақтылы қол астындағы болмысты аттап өтіп, жаңа көкжиекті 
тудыруы екіталай. Олай болса, кибернетикалық құралдарды адами 
шығармашылық деңгейге көтеру үшін, олардың бағдарламасына сезім 
толқындарын енгізу қажет: олар адам сияқты сүюі, ренжуі, шаттануы, 
ізгілік пен әсемдікке ұмтылуы керек. Ол үшін оның санасына бүкіл 
адамзат өткен жолды енгізу қажеттігі туындайды, ал ол мүмкін емес.
Еркіндік негізіндегі шығармашылық – адамның өзіне ғана тән тектік 
қасиеті. Егерде ол компьютерге берілсе, онда адам не істемек? Ол іске 
асқан жағдайда, расында да, адам өз-өзін терістеп, тарихтың соңғы 
беттері жазылып бітер еді. Әрине, ол ешкімге керек емес.
Соңғы кездерде компьютерлік техника мен жаңа білім беру техно-
логиялары мектептер мен жоғары оқу орындарына кеңінен енгізілуде. 
Қанша қиындықтар болса да, жас мемлекет қомақты қаржы шығарып, 
жастардың компьютерлік бағдарламаларды меңгеруіне жағдай туғызуда. 
Оның, әрине, маңызы өте зор. Сонымен қатар бұл істе асырасілтеушілік 
те жоқ емес. Ауылдық жерлерде мектептерге әкелінген компьютерлік 
техника энергия қуаты болмағаннан кейін істемей, шығарылған қаржы 


447
ақталмай жатыр. Екінші жағынан, дарыс беретін мамандар да аз. Көп 
жағдайларда компьютерлер «қымбат ойыншық» ретінде пайдаланы-
лып, оның мүмкіндіктері толығынан іске аспай жатыр. Кейбір 
жоғары оқу орындарында студенттердің білімін тексеру толығынан 
компьютерлік тестілерге жүктелуде, жүздеген жылдар бойы сынаудан 
өткен бұрынғы дарыс әдістемелері жалаң терістелу жолында. 
Бұл арада біз бір нәрсені ойдан шығармауымыз керек. Ол – білім 
беру мен тәрбие жүйесіндегі оқытушының тұлғасының рөлі, оны 
ешқандай компьютер ауыстыра алмайды. Ол әрқашанда негізгі үлгі 
болып қала беруі керек. Адамға білім беру дегеніміз – оның тұлғасының 
қалыптасуына жан-жақты әсер ету деген сөз. Жалаң ақпарат қанша көп 
болса да, адамның моральдық қасиеттерін қалыптастыра алмайды, ол 
тек технократизмге ғана әкеліп тіреуі мүмкін. Ал ол болса – адамзатты 
бүгінгі рухани дағдарысқа әкелген жол. 
Батыстың білім беру жүйесіндегі көп жетістіктерімен қатар
үлкен кемшілігі – біржақты бейімделген, тек өз мамандығын ғана 
меңгерген «бірөлшемді» адамды (Г.Маркузе) дайындауы. Оның сал-
дары ретінде «дүниеқуушылық», «сезімдік ләззатқа ұмтылушылық», 
адамдардың бір-бірінен жаттануы, материалдық байлық қанша өссе де, 
өмірдің рухани жағының азғындауы, соның нәтижесінде «әлеуметтік 
ауытқушылықтардың» (нашақорлық, ішімдікке салыну, қылмыстық 
т.с.с.) өсуін айтсақ та жеткілікті. Бұл айтылған ойлардан компьютерлік 
білім беру жүйесінің керек еместігі туындамайды. Ол, әрине, қажет. 
Бірақ оның мүмкіндіктері асыра бағаланбауы керек. Ол бұрынғы 
дәстүрлі білім беру жүйесін толықтыру, оның тиімділігін арттыру және 
өмірде кеңінен қолдану үшін қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет