Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет352/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   422
Технопессимизм (Г.Маркузе, К.Лоренц, Д.Гудмен т.б.) қазіргі қоғам 
адамдарды ғылым мен техниканың құлына айналдырады деген пікір 
айтты. К.Лоренц ҒТР адамдарды мыңдаған жылдар бойы бейімделген 
табиғи қоршаған ортадан жұлып алып, «тастан жасалған джунглиге» 
қамады. Кейбір адамдар жылдар бойы табиғатқа шыға алмайды. Авто-
маттар адамдарды ауыр қара жұмыстан босатқанмен, оның жүйкесін 
анағұрлым тез тоздырады. Қиындығы жоқ жеңіл өмір адамның күшті 
сезімдерін, өмірге деген жігерін әлсіретіп, зерігуге әкеледі. Іші пысқан 
адам не істерін білмей, өз өміріне қанағаттанбай, есірткімен әуестене 
бастайды…
Технопессимистер тәндік-сезімдік өмір бағдарламасынан бас тарту, 
тойымсыздық пиғылды жою, қанағатқа келу мәселелерін көтерді.
Батыста, Рим қаласында, 1968 ж. көрнекті ғалымдар «Рим клубын» 
құрып, адамзат алдында тұрған орасан зор қиын мәселелерді зерт-
теуге кірісті. Нәтижесінде «жарылған бомбадай» дүниежүзілік қауымға 
әсерін тигізген «Өсудің шегі» (The Lіmіt of Growth) деген баяндама 
1972 ж. дүниеге келді. Бұл баяндамада табиғат байлықтарының 
шектелгені, ары қарай жаңа өндіріс кешендерін салудың экологиялық 
теңдікті жойып, адамзатты апатқа әкелуі мүмкіндігі баса айтылды. 
Осы клубтың бірінші президенті А.Печчеи адамзатқа ең керекті нәрсе
руханияттылық, әсіресе адамгершілік деп, тек сонда ғана қорланған 
мәселелерді шешуге болатыны туралы пікір айтты. Орыстың ұлы 
ғалымы Н.Моисеев: «ХХ ғ. адамзатқа ескерту жасады. Егер ХХI ғ. ол 
оған мойын бұрмаса, құрып кетуі мүмкін», – деген ой тастайды.
Әрине, бүгінгі таңдағы ұлы ғалымдар алаңдаушылығының терең 
себептері бар. Уақытында ағылшын ойшылы лорд Честертон айтқандай, 
байлық адамды аздырады. Өкінішке қарай, материалдық байлықтың 
өсуі көп жағдайда соншалықты рухани өрлеуге әкелмейді. Керісінше, 
рухани құлдырау байқалады. Оны бүгінгі таңдағы өз өмірімізден-ақ 
көріп жатырмыз. Бұл қайшылықты жою адамзаттың қолынан келер ме 
екен? Болашақ өмір оны көрсетер деген ойдамыз.


581


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет