92
еді. Денелер бөлінбейді және тұрақты (атомдар), және солардан әртүрлі
заттар құрылған.
Ғарыштың көлемі шексіз – атомдар мен денелер жағынан да; кеңістік
жағынан алғанда да, Ғарыштағы дүниелердің саны шексіз.
Оқырманның байқағанындай, мұндай көзқарас Демокриттің іліміне
өте жақын. Тек Эпикурдың көзқарасының айырмашылығы – атомдарға
көлемі мен бітімінен тыс салмақ қосылады.
Екінші негізгі Эпикурдың
жасаған жаңалығы – өзінің салмағы арқылы кеңістікте құлдырап бара
жатқан
атом алғашқы бағытынан ауытқып кетеді.
Олай болса,
бұл Демокриттің дүниеде тек қана қажеттілік пен себеп бар деген
көзқарасына үлкен соққы болды. Атомдардың ауытқуын Эпикур оның
ішкі қасиеттерінен шығады деп түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: