135
заттардың пайда болуы. Қажеттіліктен артық өңдіру қымбат бағалы
заттарды тудырып, соған ие болуға тырысуды әкеледі.
Қымбат киім,
тәтті тағамдар, әсем сарайлар пайда болады. Ал соңғылардың өзі
қолөнерді
ары қарай дамытуға, оның жаңа түрлерінің пайда болуына
әкеледі (теріні өте нәзік өңдеу және бояу, моншақтардың әр түрін жасау,
алтынды, қымбат бағалы тастарды өңдеудің жаңа түрлерін ашу т.с.с.).
Сонымен қатар молшылық ой еңбегінің кәсіби түрін тудырып,
ғылым тез дами бастайды, кітаптар шығарылады т.с.с.
Ибн-Халдун жоғарыда көрсетілген ойларымен шектеліп қоймай,
мәселенің екінші жағын көрсетеді. Ол –
алғашқы салыстырмалы
теңдіктен толық теңсіздікке көшу мәселесі. Бұл үдерісті ол екі ұғыммен
(қосымша) береді. Олар – «асабийя» және «мульк». Бұл ұғымдар арқылы
ойшыл қоғамның әлеуметтік-саяси деңгейіне көтеріледі.
«Асабийя» ұғымының этимологиясын ғалымдар «рух», «бірігу»,
«ұлттық сезім» ретінде сипаттайды. Бұл ұғым екі сөзден құрылған.
Біріншісі – «асаба» (топ) және «асаб» (байлау). Ибн-Халдун бұл ұғымды
«ру бірлігі», «тайпа бірлігі» ретінде қолданды. Екінші мағынасы – сол
белгілі әлеуметтік топтағы адамдарды бір-бірімен қосатын байланы-
стар.
Ибн-Халдун алғашқы әлеуметтік байланыстардың рулық-қандық
екенін мойындағанмен, оның сыртындағы
материалдық қажеттіліктер
қауіп-қатерден сақтанудың маңызын көрсетеді. Сондықтан әлеуметтік
топтардың құрамы рулық,
туысқандық шеңберден шығып, әртүрлі
сипатта болуы мүмкін. Мысалы, белгілі бір руға басқа жерден келген
адам қабылдануы мүмкін, кейбір топтар сол тайпаның қарамағына
бассауғалап, жан сақтап кіруі мүмкін т.с.с.
Алғашқы сатыдағы
адамдардың қарым-қатынастары теңдікке
негізделген, өйткені онда материалдық игіліктерді бөлу мәселесі
Достарыңызбен бөлісу: