Серік Мырзалы философия оқу құралы


Н.Макиавеллидің саяси және моральдық философиясы



Pdf көрінісі
бет98/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   422
Н.Макиавеллидің саяси және моральдық философиясы
Н.Макиавелли көбінесе өзінің саясат жөніндегі толғаныстарымен 
тарихта қалған. Оның негізгі себебі феодалдық-қауымдық қоғамның 
ыдырап, оның орнына ерте капиталистік қатынастардың келе бастауы 
еді. Егер саясат осыған дейін діннің қолдауында болып, моральдық 
тұрғыдан әрқашан ақталып отырса, ол, негізінен, «ақсүйектердің ісі» 
болса, енді жаңа заманда төменгі қабаттардан шығып, аз уақытта 
сауда-саттық жасау арқылы байып, билікке ұмтылған адамдар пайда 
болды. Мұндай жағдайда саясат моральдық-діни шеңберден бірте-
бірте шығып, өзінше дербес әлеуметтік құбылыс ретінде өзін көрсете 
бастады. 
Н.Макиавеллидің көрегендігі – саясаттың дербес құбылыс ретінде 
үлкен қоғамды өзгертуші құрал екенін анықтау, оның моральдық 
құндылықтардан бөлек табиғатын ашу, саяси билік үшін күресін, 
содан кейін оны ұстап тұру әрекетін (қазіргі тілмен айтқанда, саяси тех-
нология) жасау болды. 
Енді бұл арада біз макиавеллизм деген ұғымнан Н.Макиавеллидің 
шынайы көзқарастарын бөліп алып қарауымыз керек. Макиавелизм 
ұғымы бүгінгі таңда саясаттың арсыз, барып тұрған опасыздық түрін 
көрсетеді. Саясат құбылысында кездесетін: екіжүзділік, алдап-арбау, 
қорқыту, күш жұмсау, айдап салу, сатып кету т.с.с. барын макиа-
веллизм дейді. Яғни саясаттың толық моральдық шеңберден шығып 
кетуін, оның талаптарын аяққа басуды біз Н.Макиавеллидің атымен 
айтамыз. 
Алайда мұндай көзқарас дұрыс болар ма екен, мүмкін, мұның 
өзі шынайы Н.Макиавеллидің өзінің шығармашылығынан туатын 
көзқарасқа сай келмеуі де ғажап емес болар. 
Осы бағалау тұрғысынан алып қарағанда, біз расында да, үлкен 
қайшылықты байқаймыз. Әрине, Ортағасыр шеңберіндегі саясат жөнін-
дегі түсінік қайта қаралды, саясаттың моральдан дербес, өзінше қажетті 
құбылыс екені анықталды, ал сонымен қатар Н.Макиавелли қайсыбір 
саясаткердің зорлық-зомбылығын, опасыз іс-әрекетін ақтаудан, әрине, 
аулақ болды
Н.Макиавеллидің ойынша, мемлекет пен саясаттың қоғамдағы негізгі 
қызметі әртүрлі таптардың, әлеуметтік топтардың басын біріктіріп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет