240
Медеу СӘРСЕКЕ
Барлау көлемін бұрынғыдан да өсіру шарт. Ендігі мақсат –
бұрғылау қондырғыларын молайту емес, өнімділігін арттыру.
Себепсіз тоқтауды тыйып, әрбір бұрғылаушының өнімді жұмыс
істеуіне жетіп, шеберлік шыңдау. Бұл үшін жаздың әрбір күні
тиімді пайдаланылсын. Бұрғылау қыста да тоқтамайды. Қыстай
жүрген былтырғы он станок қанағат тұтар меже емес. Биылғы
мұрат – ең кемі он бес агрегат! Одан соң жиырма!..
Барлау тобы бұл қарсаңда түпкілікті қа
лып
тасып, келуші
болмаса – кетушісі жоқ тұрақты да берік ұжымға айналған.
Олар енді темірдің бір басын ұстағанына мәз болып, су мен май
тасығанына ризалық білдірген, жұмысқа сылбыр, аңқау тобыр
емес – әрбірі дербес станокқа ие, өзара бригадаға ұйымдасқан
кәнігі бұрғылаушылар. Келе-келе олардың іші нен шынайы ше-
берлер – бұрғылау озаттары шыға бастады. Солардың бірі – Егізек
Байсалбаев. Бурабайға ауысқанға дейін ауылда ұста болған жігіт.
Содан ба, станоктың бүге-шігесін көп тұрғыласынан тезірек
меңгерді. Терең бұрғылау шебері Александровтың тәжірибесін
үйренген алғашқылардың бірі де осы Егізек еді... 1931 жылы
Қаныш Имантай ұлы оны Ащысай кенішіне жұмсайды. Байсалбаев
онда екі ай болып, оңтүстіктегі өн
діріске сонау Америкадан
келген шетелдік шеберден алмаз кескіштерді қайта ұштауды
үйреніп қайтады. Келе-ақ орталық шеберханада «Алмазшылар
мектебін» ашады. Келесі жылы Егізек
өзіндей озат бұрғылаушы
Бекенесовпен бірге қиырдағы Бакуге аттанды. Әрине, жер көріп
қайту емес, әзірбайжан мұнайшыларынан терең бұрғылау техни-
касында жұмыс істеуді үйрену үшін...
АХМЕДИЯ ТӨЛЕКБАЕВТЫҢ ауызекі әңгімесінен:
«Қанекеңнің ғажап бір қасиеті, жерасты сырын ғана емес,
адам мінезінің бұқпа астарын жақсы біліп, жұмысқа жарата
біл уінде... Бір күні ол, қасында қаба сақал, шегір көз, жатағандау
орыс шалы бар, бурабайға келіп:
– Жігіттер, мына кісіні әкеңдей сыйлаңдар. Өзгеше өнерлі
адам! Геннадий Ильичті барлық станоктардың прорабы, былай-
ша айтқанда, «сырқатын» тауып, емдеп жазатын «дәрігері»
етіп тағайындадым, – деді.
Жігер-қайратымыз мол болғанмен қабілетіміз шамалы, бура-
байдың жұмысына көндікпеген мақау кезіміз. Мақұл десіп қуанып
қалдық... Бабаилов ағылшын тұ сында да біздің елде істепті.